Бөлім. Неліктен шариғат қабірлерді зиярат етуді тыйым салғаннан кейін қайта рұқсат етті? 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бөлім. Неліктен шариғат қабірлерді зиярат етуді тыйым салғаннан кейін қайта рұқсат етті?

Поиск

4-Бөлім. Неліктен шариғат қабірлерді зиярат етуді тыйым салғаннан кейін қайта рұқсат етті?

Имам Ибн әл-Қайим былай деді: «Шариғат қабірлерді зиярат етуді үш мақсатқа жету үшін заңдастырды:

1. Қабірлерді зиярат ету келесі өмірді еске салады, әрі ғибрат болып табылады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Енді қабірлерді зиярат етіңдер, өйткені бұл келесі өмір туралы ескертеді»,- деп айтты.

2. Осыда қайтыс болған адамға қатысты көңіл бұрудың көрінісі бар. Сондықтан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтан қайтыс болған (мұсылман) үшін кешірім, рахым және мейірімділік тілеуді заңдастырды[4].

3. Қабірлерді зиярат етуде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесу және ол орнатқан шекараларды ұстану бар. Осы арқылы адам өзіне-өзі игілік танытады». Қз.: «Иғасат ул-Ләхафан» 1/188.

5-Бөлім. Зираттағы қабірлерді зиярат еткенде не істеу керек?

1. Қайтыс болғандарға (мұсылмандарға) сәлем беру және олар үшін (Аллаһтан) кешірім тілеу.

Бұған төрт мәзһаб, соның ішінде ханафи мәзһабының өкілдері де келіскен. Қз.: «Фатх ул-Қадир» 2/150; «әл-Бахр әр-Раиқ» 2/210.

Бурайда ибн әл-Хусайб Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерді зиярат еткенде былай деп айтуды үйреткенін баяндаған: «Әссаләму `аләйкум, осы қабірлердегі мүміндер. Аллаһ қаласа, біз де жақын арада сендерге қосыламыз. Аллаһтан біз үшін де, сіздер үшін де мейірім тілеймін» (хадис сенімді (сахих);Муслим 975; т.б.).

2. Сәлемдесу және осы дұғаны айту кезінде қабірге қарау.

Бұған Ибн ‘Аббастың мына хадисі дәлел болады: ”Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдина зиратының жанынан өтіп бара жатып, оған бет бұрып: «Ассаләму аләйкум...», - деп айтты” (хадис оны бекемдететін иснадтардың болуы себепті жақсы (хасан);Тирмизи 1053; әт-Табарани «әл-Кәбирде» 12613).

Бұл пікір төрт мәзһабтың барлығына, соның ішінде ханафи мәзһабына да тиесілі. Қз.: «Фатх ул-Қадир» 3/168.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 61; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.220 (0.007 с.)