Бөлім. Өз елді-мекеніңдегі қабірді зиярат жасауға рұқсат етіледі ме? 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бөлім. Өз елді-мекеніңдегі қабірді зиярат жасауға рұқсат етіледі ме?

Поиск

      1-Бөлім. Өз елді-мекеніңдегі қабірді зиярат жасауға рұқсат етіледі ме?

Өз елді-мекеніңдегі қабірді зиярат етуге байланысты ғалымдардың арасында төрт түрлі пікір бар:

1. Бұл құпталмайды (Ибн Сириннің, Ибраһим ән-Нәха’идің, әш-Шә’бидің т.б. пікірі).

2. Бұл кұпталады, тіпті өмірде бір рет болса да бару міндетті (Ибн Хазмның пікірі).

3. Бұл рұқсат етілген (кейбір ханафилердің пікірі[1], кейбір мәликилердің т.б. пікірі).

4. Бұл абзал (ислам ғалымдарының көпшілігінің, олардың ішінде көпшілігі ханафи ғалымдарының[2], мәликилердің пікірі, шафиғилердің бірауызды келіскен және кейбір ханбалилердің пікірі).

Соңғы пікірдің дұрыстығына кейбір ғалымдар (мысалы, имам ән-Науауи және әл-‘Абдари) мұсылмандардың бірауызды келісімін (ижма`) жеткізген, бірақ іс жүзінде бұл мәселеде келіспеушілік бар. 

Ал дұрысы төртінші, яғни «өз елді-мекенінің қабірлерін зиярат ету абзал болады» деген пікір болып табылады. Бұған көптеген хадистер дәлел болады. Осы жерде Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинадағы әл-Бақи’ қорымын жиі зиярат еткендігі жеткілікті болып табылады. Бұл туралы жеткен хадистер сахих. Қз.: Муслим 974.

2-Бөлім. Ұзақ уақыт бойы қабірлерді зиярат етуге Исламда тыйым салынған болатын, кейін бұған рұқсат етілді

Құрметті оқырман, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламға шақыруы басталғаннан кейін ұзақ уақыт бойы адамдарға қабірлерді зиярат етуге тыйым салғанын біліңіз. Ешкім қабірлердің басына өз туған-туысқандарын зиярат етіп бармайтын. Осылайша көп уақыт Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінің соңына дейін жалғасып келді. Ал осы діннің түсірілуінің соңында Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға қабірлерді зиярат жасауға рұқсат етті, әрі өзі де Мәдинаның қабіріне баратын болды. 

Абу Хурайра былай деп баяндайтын: ”Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз анасының қабірін зиярат етті де, жылап жіберді, содан соң оның айналасында болғандар да жылады. Ол: «Мен Раббымнан анам үшін кешірім тілеуге рұқсат беруін сұрадым, бірақ Ол маған мұны рұқсат етпеді[3]. Кейін мен оның қабірін зиярат жасап тұруға рұқсат сұрадым, әрі Ол маған мұны рұқсат етті. Ендеше, қабірлерді зиярат жасаңдар, өйткені олар өлімді еске салады», - деді”(хадис сенімді (сахих);Муслим 976; Абу Дауд 3234; Нәсаи 2033; Ибн Мәжаһ 1572).

Бурайда ибн әл-Хусайб Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Мен осыған дейін сендерге қабірлерді зиярат жасауға тыйым салатынмын, ал енді оларды зиярат жасай аласыңдар». Басқа бір риуаятта: «Ал енді кім қабірді зиярат жасағысы келсе, зиярат етсін, бірақ Аллаһтың ашу-ызасын келтіретін нәрселерді айтпасын», - деп айтылған (хадис сенімді (сахих);Муслим 3/65 т.б.).

Әнас ибн Мәлик Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Осыған дейін мен сендерге қабірлерді зиярат етуге тыйым салатынмын, бірақ енді оларды зиярат жасаңдар, өйткені оларды зиярат жасау жүректі жұмсартады, көзге жас келтіреді және келесі өмір туралы ескертеді, бірақ Аллаһтың ашу-ызасын тудыратын еш нәрсе айтпаңдар» (хадис жақсы (хасан);әл-Хаким 1393; Ахмад 3/237; Қз.: «Талхыс әл-Хабир» 2/137).



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.73.72 (0.009 с.)