Мектептегі сыныптан тыс спорт, 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мектептегі сыныптан тыс спорт,



көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру

Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі – сыныптан тыс өткізілетін спорт-көпшілік, спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті, сондықтан да қазіргі кезде осы көпшілік спорт жұмыстары түрлерін ары қарай жетілдіру мектеп дене тәрбиесі ұжымының алдындағы ең негізгі бір міндет болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). Дене тәрбиесі мұғалімдері арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан, теориясы мен әдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт түрлерінен, мектепке жұмысқа орналасқан кездерінен бастап секция жұмыстарын ұйымдастырады, жаттығулар жүргізеді.

2. Мектептегі жаттығулар ұйымдастырылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар.Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар және т.б. жарыстар.

3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. Президенттік сынама жұмысына жеке жоспар құрылып, комиссия құрамы бекітілуі керек.

4. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыстан спорт түрінің жарыстарына дайындық жасап және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. Жас ерекшелік топтарына байланыстымектепішілік жарыстарды ұтқан оқушылар ары қарай аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға қатысады, спорттық разрядтар нормаларын орындайды.

5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары.

6.Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әр түрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру және т.б. жорық дағдыларын меңгереді.

7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтарын нығайту, дене дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар.

8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмыстарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.

 

1.2. Мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

 

Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. Осы екі бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі.

Спорт түрлерінен спорт секцияларын ұйымдастыру жұмыстары.

- спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды шақыру, іріктеу, секцияда жаттығушылар құрамын, жаттықтыру кестесін бекіту;

- спорт секцияларында спорт түрлерінен спортшыларды даярлау жоспарын жасау;

- секцияларда, командаларда, топтарда жиналыстар өткізу, жалпы жоспармен, жаттығу кестесімен таныстыру, староста, команда капитанын сайлау.

Спорттық жарыстарға дайындалу, өткізу.

- сыныптарда, сыныптардың құрама командаларын спорт түрлерінен өтетін жарыстарға дайындау,

- спорттық жарыстарға алдын ала дайындалу: мәлімдеме - өтініш құрастыру, бекіту, тарту, спорт төрешілерін тағайындау, сұраныстар дайындау;

- спорттық жарыс алдындағы дайындық: спорт залды дайындау, әнұран, ту, дыбыс-жабдықтарын, жеңімпаздар шығатын баспалдақ, марапаттау қағаздарын т.б. дайындау;

- мектеп басшыларын, қонақтарды қатыстырып, жарысты жоғары деңгейде өткізу;

- аудандық, қалалық жарыстарға, мектеп құрама командасының мүшелерін іріктеу, дайындау, қатысу.

Президенттік сынама сынақтарына дайындық және тапсыру:

- оқу сыныптарын Президенттік сынама нормаларымен таныстыру, дайындау;

- Президенттік сынама жарыстарына дайындау, дәрігерлік қамтамасыз ету, өткізу;

- жарыс құжаттарын толықтыру, есеп беру.

Ұйымдастыру және есепке алу жұмыстары:

Спорт түрлерінен жаттықтыру құжаттарын толтыру;

- спортшылар орындаған разряд пен атақтарының құжаттарын толтыру, жоғары тұрған мекемелерге ұсыну, бұйрық шығару;

- оқу-жаттықтыру жұмыстарының барлық бақылау және есепке алу құжаттарын, жұмыстарын жүргізу;

- жоғарғы көрсеткіштер мен разрядтар, Президенттік сынама тапсырушылар кітабын жүргізу.

Мұғалімдер арасында денсаулық топтарын ұйымдастыру:

- спорт ойындарымен айналысатын топтар: волейбол, баскетбол, футбол т.с.с. Спорт ойындарымен айналысатын топтардағы жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе мұғалімдер арасынан разряды бар адамдар жүргізеді;

- жүгіруді жақсы көрушілер тобы. Бұл топ жаттықтыру уақытында мектеп спорт залында жиналып, мектеп стадионында немесе мектеп маңындағы орман, тау, жазық жерлердің соқпақтарымен жүгіреді. Жүгіру әдістемесін, жүктеме мөлшерін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері белгілеп береді;

- жалпы дене қуатын дамыту топтары. Бұл топ дене қыздыру жаттығуларынан кейін мектеп спортзалдарындағы стандартты емес снарядтарда, штанга, гир, батпандармен жаттығады. Дене жаттығулары кешенін мектептің дене тәрбиесі мұғалімі құрастырады;

- әйелдердің жаттығуына арналған: аэробика, шейпинг, у-шу, әр түрлі гимнастикалық топтар. Жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе осы спорт түрлерінде тәжірибесі бар басқа пәннің мұғалімдері жүргізеді;

- мұғалімдер арасындағы аудан, қала, облыстық жарыстарға команда дайындау, қатысу.

Көп адам қатысатын көпшілік спортты насихаттау түрлері:

- туристік жорықтарға дайындалу, бару;

- спорт мерекелерін өткізу;

- көп адамдар қатысатын кростық жарыстарды, шаңғы жарыстарын өткізу.

 

Сыныптан тыс спорт -

көпшілік жұмыстарын жоспарлау

Сыныптан тыс спорт – көпшілік жұмыстарын жоспарлаудың негізгі құжаты - көпшілік-спорт шараларының жылдық күнтізбелік жоспары. Ол жоспар төмендегідей бөлімдерге бөлінеді:

1. Көпшілік қатысатын жарыстар: шаңғы, жеңіл атлетика, кростар, Президенттік сынамалар жарысы, әр түрлі конкурстар, көңілді старттар («Ал қане, жігіттер»).

2. Мектептегі кең тараған спорт түрінен жарыстар.

3. Басқа мектептермен өткізілетін жолдастық кездесулер.

4. Аудан, қала біріншіліктері.

5.Спорт түрлерінен іріктеу жарыстары.

6. Спорттық мерекелер, көрнекі орындаулар (насихаттау) түрлері.

Бұл жоспарды құрастырған кезде ауданның, қаланың жоспарын есепке ала отырып жасау керек. Жоспарды құрастырғанда оқу жылының басындағы қыркүйек айында өткізілетін жарыстардан бастап оқу жылының аяғы мамыр айындағы қорытынды спорт мерекесіне дейінгі барлық спорттық шаралар қамтылуы қажет. Спорттық шаралар рет-ретімен өздерінің жүргізілетін кезеңдеріне байланысты құрастырылады. Көпшілік спорт шараларының үлгі ретінде ұсынылып отырылған жылдық күнтізбелік жоспары:

 

1кесте

 

№ р/с Спорт шараларының атауы Өткізілетін уақыты Қатысатын адамдар Өткізуге жауапты адамдар
         

 

1.4 Оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі -

сауықтыру шаралары

Оқушылармен оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесі-сауықтыру шаралары: сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер, ұзартылған үзіліс кезіндегі дене тәрбиесі жаттығулары мен қозғалмалы ойындар.

Бұл жұмыстарды атқару мынандай міндеттерді орындауға көмектеседі: оқушылардың қозғалыстары белсенді болады, денсаулықтары нығайтылады, қимылдары жетіледі, әдемілендіреді, жаттығулардың керектігін ұғынады, ақыл-ой және ағзаның жұмыс қабілеттіктері жақсарады, тәртіпке және ұйымшылдыққа деген дағдылары қалыптасады.

Осы жұмыстардың мазмұнын ойластыру, әдістерін белгілеу, ұйымдастыру үшін төрт түрлі мәселені шешу, ескеру керек:

1. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дене дайындығы деңгейін ескеру.

2. Күні бойы орындалатын оқу, жұмыс, қозғалыс сипатын ескеру.

3. Орындалатын жаттығулардың ағзаға әсерін ескеру.

4. Жаттығуларды орындайтын жерді, уақытты, оқушылардың киім түрін.

Төмендегідей жағдайларды дұрыс ойластырғанда ғана оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесі – сауықтыру шаралары оқушы ағзасын сауықтырады, педагогикалық тиімді әсер береді:

- өткізілетін жер санитарлық-гигиеналық талапқа сай болғанда;

- мектептің педагогикалық ұжым мүшелері ұйымдастыру жұмыстарына көбірек қатысқанда;

- сабақтан жаттығуларға, жаттығулардан қайта сабаққа ауысу физиологиялық заңдылықтарды есепке ала орындалғанда;

- жаттығу дұрыс көрсетілсе, қысқа дұрыс түсіндірілсе, оқушылар ұғатын терминдер қолданылса;

- сауықтыру шараларының қозғалыс тығыздығы,жүктемесі дұрыс орындалса;

- оқушыларды қызықтырып,еліктіріп әкететін әсерлі жаттығулар, қозғалмалы ойындар ойналса.

Күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шараларына жеке-жеке тоқталып, оқушылармен орындау сипатын, тәртібін түсіндіре кетейік.

Сабаққа дейінгі гимнастика. Күнделікті бірінші сабақтың алдында 8-10 жаттығудан құрастырылып, төменгі сыныптарда 4-6 минут, жоғарғы сыныптарда 12-15 минут уақыт ұзақтығында жүргізіледі.

Міндеттері: а) оқу күнін ұйымшылдықпен бастау; ә) оқушылардың ағзасын оқу жұмысына белсенді дайындау; б) сабақта жақсы, дұрыс, көңілді, сергек отыруға дайындау негізінде орталық жүйке жүйесіне жақсы әсер ету.

Жаттығу жасайтын топтарды ұйымдастырғанда жас ерекшеліктеріне байланысты 1-2, 3-4, 6-8, 9-11 сыныптар деп, жастары жуық сыныптардың оқушыларын бірге топтастырған жаттығулар 2-3 жеті орындағаннан соң балалар жалығып кетпеуі үшін өзгертіліп отырылуы керек.

Сергектік сәттері. 3, 4-ші теориялық сабақ өткізіліп жатқан кезде, 4-6 жаттығулардан тұратын, 2-3 минутте орындалатын қимыл-әрекет түрлерін сергектік - сәттері деп атайды.

Міндеттері: а) шаршаған оқушы ағзасын белсенді ету; ә) оқу қызметін ары қарай жалғастыруға жұмыс қабілеттілігін жоғарылату.

Сабақ өтіп жатқан кезде, 20 минут пен 30 минут аралығында, сабақ ортасында жүргізіледі. Жаттығулар парталардың ортасындағы аралықта орындалады. Бір-бірлеріне қолдары, аяқтары тиіп кетпеу үшін қимыл амплитудасы азырақ жаттығулар беріледі. Оқушылар жалығып кетпес үшін жаттығулар түрлерін өзгертіп отыру керек.

Ұзартылған үзілістегі дене тәрбиесі жаттығулары мен қозғалмалы ойындар.

Бұл жаттығуларды, қозғалмалы ойындарды үлкен үзіліс кезінде ашық алаңда, күн жаңбырлы кезде, суық түскенде мектептің дәлізінде, кең жерлерде өткізеді.

Міндеттері: а) ағзаның жұмыс қабілеттілігін жоғарылату үшін белсенді қозғалу; б) сыныппен бірге белсенді қозғалысқа деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру; в) белсенді демалыс қимыл-қозғалыс дағдысын, білімін жоғарылату; д) оқушы санасын тәртіптілікке тәрбиелеу.

Жаттығулар мен қозғалмалы ойындар сипаты төмендегідей болып келеді:

1. Қозғалмалы ойындар: тышқан-мысық, ине-жіп, шеңберде, қарама-қарсы тұрып ойналатын, спорттық құралдармен ойналатын әр түрлі ойындар.

2. Оқушылардың өз таңдаулары бойынша жаттығулар: орнынан ұзындыққа секіру, секіртпемен секіру, допты көздей лақтыру, допты алып жүру.

3. Ойын сипатындағы жаттығулар: пионербол, қызыл ту, аңшылар мен үйректер т.б. ойындар.

 

 

2.МЕКТЕП ТЫС ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

МЕН СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫ

21. Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының

түрлері

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық білім беру бөлімдері, басқармалары ұйымдастырады.

Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әр түрлі ұжымдарда мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерьлері, еңбек-сауықтыру лагерьлері, стадиондар, дене сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрған жерлердегі аула спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:

- жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту;

- оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру;

- дене тәрбиесі саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру;

- нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына машықтандыру.

Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінің жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтер құрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.

Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:

1. Арнайы бағыт. Ол бағыт – спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар құрамымен жұмыс істейді. Ол мекемелер:

- балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ);

- олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОСМ);

- жоғары спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ);

- спорттық мектеп-интернаттар.

2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:

- жазғы сауықтыру лагері;

- еңбек сауықтыру лагері;

- стадиондар, су станциялары;

- жас туристер станциялары;

- мәдениет үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері;

- мәдени демалыс парктері;

- аула клубтары.

 

 

2.2. Жазғы демалыс лагерьлеріндегі

спорттық-сауықтыру жұмыстары

 

Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік қозғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.

Ата-аналар жаз уақытындағы ең ұзақ демалыс кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол – көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалардың демалыс-сауықтыру лагеріне баланы жіберу.

Балалардың жаздық сауықтыру лагерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері құрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындары, мекемелері көп қала жанындағы лагерьлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерьлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагерьі ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерьге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерьлер жабылып жұмыс істемей қалды да, жалпы орта білім беру мектептерінің жанынан еңбек-сауықтыру лагерьлері ұймдастырылады. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерьлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктерін, біз өзіміздің кітабымызда ары-қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз.

Балалар демалыс лагерьлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрама: аға тәрбиеші, ұстаз-тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суда жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.

Мектептегі секілді лагерьдегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагерьдің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлық мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.

Оқушылар лагерьге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз-тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагерьдегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз-тәрбиеші дене тәрбиесі және спрт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.

Лагерьде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене тәрбиесі кеңесі құрылады. Дене тәрбиесі кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру қабілеті бар оқушылар сайланады. Оның құрамы лагерьдегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерьлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол бөлінген жұмыстары бойынша лагерьдің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:

- сауықтыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттығулары;

- лагерьдегі спорттық шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт шараларына бақылау жасау;

- отрядтардағы спорт ұйымдастырушылары жұмыстарын ұйымдастыру;

- лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен көрсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын құру. Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиена ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режімдері туралы әңгімелер өткізу;

- лагерьдегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал-жабдықтарды сақтау, жөндеу.

Лагерьдегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.

Демалыс лагеріндегі жүргізілген көп жылдық жұмыс тәжірибесі өзіндік бір тексеруден өтілген дене тәрбиесі жұмыстарының жүйесін құрайды. Сол тәжірибеден өткен жүйе бойынша демалыс лагерінде төмендегідей дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының түрлері жүргізіледі.

Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі шаралары. Күн тәртібінде деп аталатын себебі ол шаралар күнделікті, міндетті түрді орындалатын жұмыстар құрамына кіреді. Оған жататындар: таңертеңгілік гимнастика, күн және ауа ванналары, суда жүзулер.

Отрядтардағы дене тәрбиесі жұмыстары. Олар: отряд ішінде жүргізілетін әр түрлі жаттығулар; лагерьлік жарыстарға, конкурстарға дайындықтар; дене тәрбиесі тақырыбында өткізілетін әр түрлі тақырыптардағы әңгімелер; серуендер; аралаулар (экскурсия); жорықтар; жер жағдайына байланысты ойындар.

Көпшілік спорт жұмыстары. Бұл түрге жататындар: спорттық конкурстар, әр түрлі спорт түрлерінен жарыстар, қозғалмалы, ұлттық қозғалмалы және спорттық ойындар, көпсайыс жарыстары, ұлттық спорт түрлерінің жарыстары, стол үсті теннисінен, бадминтоннан, городкиден, тоғызқұмалақтан, шахматттан,дойбыдан өткізілетін турнирлер, жолдастық кездесулер, спартакиадалар.

Әр түрлі спорт түрлерінен өткізілетін үйірмелер, оқу-жаттығу сабақтары. Жазғы демалыс кезінде спорт мектептерінде, мектеп секцияларында спорт түрлерімен жаттығатын оқушылар өздерінің жаттығуларын үзе тұруға мәжбүр болады. Демалыс лагерьлерінде осы спортшыға және дене дайындығы жақсы балаларға арнап спорт нұсқаушылары мен тәрбиешілер әр түрлі спорт түрлерінен үйірмелер, жаттығулар ұйымдастырады. Ол жаттығулар жазғы сауықтыру лагерінің спорт базасына, спорт құрал-жабдықтарына байланысты жүргізіледі.

Еңбектің қоғамдық қажет түрлері. Көптеген лагерьлер белгілі бір жерге салынып, орнын өзгертпей ондаған жылдар сол жерде тұра береді. Ол лагерьлер жыл сайын әр түрлі спорттық құрылыстар салып өздерінің материалдық базаларын жетілдіре береді. Көптеген жұмыстарға оқушылар да қатыстырылады. Балалардың ол жұмыстарға қатысуы, өз қолдарымен көптеген жұмыстарды істеуі олардың келешек өміріне, еңбек тәрбиесіне, әр түрлі қасиеттерінің қалыптасуына пайдасы зор.

Үгіт-насихат жұмыстары. Қазіргі кездегі оқушылар қоғамдық, өнеркәсіптік жұмыстардың механикаландырылған, техникалық прогрестің дамыған кезінде өмір сүргендіктен, олар қимыл тапшылығы (гиподинамия), салауаты өмір салты, дене жаттығуларының адам ағзасына әсері туралы жақсы білуі тиісті. Олармен қазақтың батырлары, мықты спортшылары, олимпиада ойындарының жеңімпаздары, спорт жаңалықтары, тұрақты, жүйелі дене жаттығуларын орындаудың ағзасына пайдалы әсері туралы әңгімелер, дәрістер өткізіп тұрудың пайдасы зор. Спорт тақырыбына плакаттар, қабырға газеттер шығару, спорт шеберлерімен кездесулер өткізу, спорт тақырыбына викториналар өткізу, осының бәрі үгіт-насихат жұмыстарына жатады.

Балалар демалыс лагерінде осы жоғарыда айтылған барлық дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жүргізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері, мектеп директорлары барлық қолдан келген мүмкіншіліктерін, жағдайларын жасап осы жұмыстардың бәрін ұйымдастырса оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға үлкен пайдалы әсері болар еді.

Сауықтыру лагерінде жүргізілетін жұмыс құжаттары:

1. Сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының жоспары;

2. Көпшілік спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспары;

3. Отряд жетекшілерімен өткізілетін семинар жоспары:

- көпшілік спорт күнтізбелік жоспарымен танысу;

- дене тәрбиесі және спорт белсенділерін тағайындау;

- суға түсу және қауіпсіздік ережелерімен танысу;

-саптық жаттығуларға үйрету;

- қозғалмалы ойындарды ойнауға үйрету;

- жарыс ережелерімен таныстыру;

- жарақат алған жағдайда алғашқы көмек көрсету әдістерімен таныстыру.

4. Спорт түрлерінен төрешілер семинарының жоспары:

- жарыс ережелерін үйрету;

- жарыс құжаттарын толық білуге үйрету;

- хаттамаларды толтыра білуге үйрету;

- жарысқа төрешілік етуге үйрету;

5. Есепке алу құжаттары:

- жүргізілген шараларды тіркеу жорналы;

- Президенттік сынама тапсырушылардың көрсеткіштері жазылған жорнал;

- денсаулықтары нашар оқушыларды есепке алу жорналы.

 

2-кесте - Жазғы сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі мен спорттан жүргізілетін шаралардың жоспары.

 

Күні Уақыты Жүргізілетін әр түрлі шаралардың мазмұны
  күні бойы Келу, қарсы алу, орналастыру, топтарға бөлу
  түске дейін Топтардағы әңгіме, спорт түрлерімен айналысушыларды білу
  түске дейін Жүгіру, секіру, ойындар, жаттығулар өткізу
  түстен кейін Спорттық ойындардан қысқа жарыстар, жолдастық кездесу өткізу
  күні бойы Лагерьдің ашылу салтанаты, әр түрлі жарыстар өткізу
  түске дейін Серуендеу, лагерьдің тұрған жерінің айналасын көру, қозғалмалы ойындар ойнау
  түске дейін Топтардағы жаттықтыру, суға түсу, жүзу
  түстен кейін Секіруден және лақтырудан жарыстар өткізу
  түстен кейін Спорт ойындарынан жарыстар өткізу
  таңертең, кешке Кезекті жаттығулар, спорттық жаттықтыру жұмыстары
  таңертең, кешке Саяхатқа шығу, суға түсу. Спорттық КВН
  таңертең Суда жүзуден жарыс өткізу
  таңертең Бүкіл лагерблік жергілікті қозғалмалы ойын өткізу
  кешке Лагерь біріншілігіне эстафеталық жарыстар өткізу
  таңертең, кешке Кезекті спорттық жаттықтыру жұмыстарын жүргізу
  күні бойы Жеңіл атлетикадан, спорттық ойындардан жарыстар өткізу
  күні бойы Туристік жорыққа шығу
  күні бойы Туристік жорыққа шығу
  таңертең Суда жүзуден лагерь біріншілігін өткізу. «Су перісінің» мерекесі
  кешке Кешкі спорттық мереке, спорттық викторина өткізу
  кешке Жүгіруден, кростан жаттықтыру өткізу
  түстен кейін Кростан лагерьдің біріншілігін өткізу
  түстен кейін Суда жүзуден топтар арасында жарыстар өткізу
  түстен кейін Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындардың ақтық жарыстарын өткізу
  күні бойы Спорттық мереке, лагердің салтанатты жабылуы, алау жағу (костер)  
  таңертең Марапаттау, бөлмелерді тәртіпке келтіру, үйге қайтуға жиналу, үйге қайту

 

2.3. Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі

спорттық жаттығу дайындықтары

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филалдары) ауылдарда оқушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүгізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты – оқушылармен жаттықтыру, тәрбие жұмыстарын жүргізу, спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету.

Міндеттері: оқушылардың денсаулығын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен қабілеттерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанының намысын қорғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау.

Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойындары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің бағыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді.

Спорт мектептері «Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастырудың тәртібі туралы ереже-регламент» бойынша жұмыс істейді. Ол ережеде спорт мектептерінің құрылымы, оқу топтарындағы сағаттар мен балалар саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу тәртібі, дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен есепке алу, есеп беру түрлері жазылған.

Қазақстан мемлекетінің туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2003 жылы 15 шілде айындағы № 06-2-2 бұйрығымен бекітілген спорт мектептерінің ереже-регламенті бойынша оқу топтары мен оларға жүргізілетін бір апталық сағат сандары төмендегідей болып белгіленген. Оны келесі беттен көруге болады.

Спорт мектебін директор басқарады. Директор мамандар мен қызметкерлерді іріктеу мен қабылдауға, мектепті мамандармен, оқу топтарымен қамтамасыз етуге, жаттығу – тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру мен сапасына, спорт мектебіндегі барлық жұмыстарға жалпы басшылық етеді.

Спорт мектебінде жұмыс істеушілер құрамына: оқу жұмысының меңгерушісі, әдіскер-нұсқаушы, спорт түрлерінің жаттықтырушылары, дәрігер, шаруашылық меңгерушісі жатады.

Мектептің оқу жұмысының меңгерушісі оқу топтарының толықтығына, жоспарлауға, оқу құжаттарына, жаттығу кестелеріне, күнтізбелік жарыс жоспарларына, оның орындалуына, жаттығу сабақтарының сапасына, бапкерлердің білім көтеру курстарының уақытында өтуіне жауап береді. Әдіскер- нұсқаушы оқу-тәрбие жұмыстарының дұрыс жүргізілуін бақылайды, әдістемелік, ұйымдастыру нұсқауларын береді.

 

Спорт мектептерінің оқу топтарын,

топтардағы жаттығушылар санын,

оқу-жаттықтыру жұмысының тәртібін бекіту

Кесте

Жаттығу топтары   Жаттығу жылдары Оқу топтары мен оқу-жаттықтыру жұмыстарының тәртібі (аптадағы сағат саны) Оқу топтарының саны
Спорт түрлерінің топтары
       
1. Спортшы оқушыларды спорт мектептерінің әр түрлі кезеңдеріне дайындау
Жоғары спорттық шеберлік Барлық уақытқа 32(36)        
Спорттық жетілдіру 1 жыл 2 жыл 2 жыл- дан жоғары          
Оқу-жат- тықтыру 1 жыл 2 жыл 3 жыл 3 жыл- дан жоғары          
Алғашқы дайындық 1жылдан жоғары          
Спорттық сауықтыру Барлық уақытқа          
2. Жаттығушыларды дене тәрбиесі және спорттық мекемелерде дайындау
Спорттық секциялар Барлық уақытқа          
Спорттық сауықтыру Барлық уақытқа          
               

Жаттықтырушылар өз спорт түрлерінен жүргізілетін жаттығуларға, жоспарлау, есепке алу құжаттарының дұрыс сауатты толтыруларына, балалардың спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, спорттық дәрежелері тұрақты жоғары өсіп отыруларына, жоғары спорттық жетістіктеріне жетуіне жауап береді.

Спорт мектептеріндегі спорт түрлерінің жаттығу сабақтарына денсаулықтары мықты, дәрігердің, ата-анасының, мектеп директорының рұқсатын алған оқушылар жіберіледі. Оларды іріктеу жұмыстары мектептің дене тәрбиесі сабақтарында, жарыстарында, мектептің жаттықтыру секцияларында жүргізіледі. Жалпы білім беретін мекте



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-01-25; просмотров: 4126; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.17.5.68 (0.12 с.)