Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабанды тыҢайтҚыш есебінде пайдалануСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Төсенішті көң Төсенішті көң қатты‚ сұйық бөліктен және төсеніштен тұрады. Малдың жеген азығының құрамындағы органикалық заттың 40‚ азоттың 50‚ фосфордың 80 және калийдің 95 пайызы көңге ауысады. Көңнің құрамы мал түріне‚ оның жасына‚ азық түріне қарай өзгеріп тұрады. Бұл факторлар сол сияқты көңдегі қатты және сұйық бөліктердің арақатынасына да әсер етеді. Мал денесінен бөлінетін қатты және сұйық бөліктердің химиялық құрамы бірдей емес (41-кесте). Мұнда айта кететін бір жағдай - мал денесінен шығатын фосфордың барлығы жас нәжісте болса‚ азоттың 50-70 пайызы және калий зәрмен бірге бөлінеді. Құрғақ зат‚ азот және басқа элементтердің мөлшері жылқы мен қой малдарының көңінде жоғары болатындықтан тезірек шіриді. Төсеніш-көңнің сапасын жақсартатын және көң садырасы мен азоттың ысырап болуын төмендететін құрамдас бөлігі. Төсеніш ретінде сабан‚ шымтезек‚ ағаш үгіндісі т.б. материалдарды пайдаланады. Төсеніштің агрономиялық маңызы зор. Ол шаруашылықта жиналатын көң мөлшерін молайтады. Төсенішпен көң құрамына қосымша қоректік элементтер енеді. Бұл элементтер микробиологиялық процестердің әсерінен өсімдікке сіңімді күйге ауысады. Төсеніш малдың сұйық экскрементін (зәр) және пайда болған аммиакты азотты сіңіреді. Сөйтіп, бұл заттардың ысырап болуын азайтады. Мысалы‚ сабанның бір бөлігі 2-3‚ ойпатты жердің шым-тезегінің бір бөлігі 5-7‚ қыратты жердің шымтезегінің бір бөлігі 10-15 бөлік малдың сұйық экскрементін сіңіреді. Төсеніш көңнің физикалық‚ физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады. Атап айтқанда‚ көңнің ылғалдылығы азды-көпті төмендейді‚ онша тығыздалмайды және сақтағанда жеңіл ыдырайды. Төсеніш үшін сабан мен шымтезекті пайдаланғанда сапасы жақсы көң алынады. Қолданылатын төсеніш мөлшері оның түріне‚ сапасына‚ малдың түрі мен жасына‚ азықтың мөлшері мен сапасына байланысты (42-кесте).
5.2.8. КӨҢ САДЫРАСЫ Бұл тыңайтқыш мал денесінен бөлінетін сұйық заттардан тұрады. Орта есеппен оның құрамында 0‚25-0‚30% азот‚ 0‚03-0‚06% фосфор және 0‚4-0‚5% калий болады. Көң садырасы негізінен азотты-калийлі тыңайтқышқа жатады. Төсенішті көңді әртүрлі әдіспен сақтағанда бірдей мөлшерде садыра бөлінбейді. Мысалы‚ 10 тонна жас төсенішті көңді төрт ай тығыздап сақтаса 170 л‚ қопсытып-тығыздаса 450 л‚ қопсытылған күйде сақталса 1000 л садыра бөлінеді. Жас көң жылдам ыдыраған сайын бөлінетін садыра мөлшері көбірек болады. Орта есеппен жас көң массасының 10-15 пайызы садырадан тұрады. Жиналатын садыраның жалпы көлемі малды қолда ұстау мерзімінің ұзақтығына‚ төсеніш пен азықтың мөлшері мен сапасына‚ тағы басқа жағдайларға байланысты болады. Мысалы‚ ірі қарадан бір жылда (220-240 күн) орта есеппен 2-2‚5 м3садыра жиналады. Садыра құрамындағы азоттың ысыраптануын азайту үшін төсенішті молырақ пайдаланады және ұнтақ суперфосфат қосады. Мұнда садыраның аммиакты азоты суперфосфатпен әрекеттесіп ыдырамайтын тұрақты қосылыс түзіледі: Көң садырасын көбірек жинау үшін мал қорасына жақын жерден оны сақтайтын орын жасайды. Садыра үстіне машинада пайдаланылған май шашып қою керек‚ бұл азотты ысырап болудан сақтайды. Көктемде және жазда көң садырасын ауыл шаруашылығы дақылдарын үстеп қоректендіру үшін пайдаланады. Бір гектар отамалы дақыл егісінің қатар аралығының 10-12 см тереңдігіне 5-10 тонна көң садырасы еңгізіледі. Күздік егістігі мен жайылым жерлерді тырмалар алдында әр гектарға 4-5 тонна есебінен көң садырасымен үстеп қоректендіреді. Жаздық дәнді дақыл‚ картоп‚ тамыр жемістілерге гектарына 15-20 тонна‚ көкөніс егістігіне 20-30 тонна көң садырасын топырақты жыртар алдында еңгізеді. 5.2.9. ҚҰС САҢҒЫРЫҒЫ Құс саңғырығы тез әсер ететін, құнды органикалық тыңайтқыш болып саналады. Онда өсімдік оңай сіңіретін азот және күл элементтері мол (51-кесте). Бір жылда әр тауықтан 6-7 кг‚ үйректен 7-9 кг‚ қаздан 10-12 кг саңғырық жиналады. Құс саңғырығында азот негізінен зәр қышқылы түрінде болады. Олардың құрамында қоректік заттардың қоры берілетін жемнің түрі мен сапасына қарай өзгеріп отырады. Жас саңғырықта азоттың ұшуы онша байқалмайды. Алайда сақталған мерзімі ұзайған сайын аммиактың жоғалуы көбейе бастайды. Зәр қышқылы мочевинаға, ол көмірқышқыл аммонийге, одан әрі көмір қышқыл газына, суға, аммиакка ыдырап кетеді. Мысалы, 1,5-2 ай ішінде азоттың ысырап болуы 30-60 пайызға жетеді. Саңғырықты жинаудың және азотты өзінде сақтаудың ең тиімді тәсілі-құс қорасына құрғақ төсеніш төсеп тастау. Қаз бен үйректің саңғырығы сұйық болатындықтан оларға төсенішті молырақ пайдаланған дұрыс. Төсеніш ретінде шымтезек немесе ағаш үгіндісін қолданады. Сол сияқты жас саңғырықты суперфосфат немесе құрғақ, толық шіріген көңмен араластырады. Мұндай жағдайларда саңғырық құрамындағы органикалық зат пен азоттың жоғалуы онша көп болмайды. Сабанның құрамында орта есеппен 0,5% азот, 0,25% фосфор және 0,8% калий бар. Сабанда органикалық қосылыстар түрінде 35-40% көміртек болады. Сабанды тыңайтқыш ретінде қолдану үшін оны топырақ бетіне шашып тастайды. Мұның өзі топырақтағы ылғал қорын сақтауға, физикалық-химиялық қасиеттерінің жақсаруына, су және жел эрозиясынан қорғауға, топырақ құрылымының едәуір жақсаруына ықпал етеді. Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жүргізген тәжірибе жұмыстары қорытындылары бойынша әр гектарға 5 тонна сабанды шашып топырақ бетін бүркегенде, оның жыртылатын қабатындағы ылғал жақсы сақталып, жаздық бидай өнімі 2,5 центнерге жоғарылаған. Ал топыраққа сабанды жамылғы ретінде қолданғанда, фосфор тыңайтқышының тиімділігі артып, қосымша өнім гектарынан 4-5,6 центнерге ұлғайған. Сабанды азот, фосфор тыңайтқыштарымен бірге жерді жыртар алдында еңгізу топырақ құнарлылығын сақтауда шешуші рөл атқарады. Сабанды әуелі дискімен 8-10 см тереңдікке сіңіреді де одан әрі терең етіп жыртып тастайды. Азот тыңайтқыштарын сабанмен араластырып қолдану көміртектің азотқа қатынасын жақсартып, олардың ыдырауын, азотты қосылыстардың сіңімділігін тездетеді. Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдаланған танаптарға бұршақ тұқымдас немесе отамалы дақылдар сепкен дұрыс. Ғылыми мекемелердің зерттеу жұмыстары 5 тонна сабан құрамында 20-35 кг азот, 5-7 кг фосфор, 60-90 калий, 10-15 кг кальций, 4-6 кг магний, 5-6 күкірт және 28 г бор, 15 г мыс, 150 г марганец, 2 г молибден, 200 г мырыш болатынын есептеп, бұл элементтер бидай өнімін біршама арттыратынын дәлелдейді.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 13; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.224.59.107 (0.008 с.) |