Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Картопқа қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау
Содержание книги
- Білім жӘне Ғылым министрлігі
- Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы
- Тыңайтқыштарды қолдану деңгейі
- Тыңайтқыштарды қолдану деңгейі
- Тақырыбы: Өсімдіктердің химиялық құрамы және өнiм сапасы
- Тақырыбы: Өсімдіктердің қоректенуi
- сімдіктердің тамыр арқылы қоректенуі
- Тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі кейбір химиялық элементтердің физиологиялық рөлі
- Тақырыбы: Өсімдіктердің әр түрлi даму кезеңiнде қоректену ерекшелiктерi
- сімдіктердің қоректену диагностикасы
- Тақырыбы: Өсімдіктерге қажетті қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау
- Түйінді сөздер: Жетіспейтін қоректену, индикатор-органдар,симптомдар
- Картопқа қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау
- Тақырыбы: ӨсімдіктердіҢ Қоректенуi мен тыҢайтҚыш ҚолдануҒа байланысты топыраҚ ҚасиеттерiнiҢ Өзгеруi
- Түйінді сөздер: Топырық құндылығы,потенциалды (жасырынды) ,эффективті
- Түйінді сөздер: Ылғалдылық, гранулометриялық құрам, азот тыңайтқыштары
- Азот тыңайтқыштарының құрамы мен қасиеттері
- Тақырыбы: ФОСФОР ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ
- рамы мен қасиеттері және қолдану ерекшеліктері
- Түйінді сөздер: Хлоркалий-электролит, калий тыңайтқыштарын жіктеу.
- Калий тыңайқыштары, оларды алу жолдары, қасиеттері және қолдану
- Тақырыбы: МИКРОТЫҢАЙТҚЫШТАР
- Микротыңайтқыштардың сипаттамасы
- Кешенді тыңайтқыштар туралы түсінік, оларды жіктеу және құрамы
- Тақырыбы: Органикалық тыңайтқыштар
- Сабанды тыҢайтҚыш есебінде пайдалану
- БАКТЕРИАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР
- сынылатын өзіндік сабақтарының тізімі
1.Картопқа қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау
Азоттың жетіспеуі
Түсінің өзгеруі жапырақтың басынан және шеттерінен басталып, біртіндеп барлық жапырақтардың жасыл түсі ақшылданады, кейін жапырақтар түсі ақшыл-сары түске айналады. Азоттың қатты жетіспеу жағдайында төменгі жапырақтардың шеттері хлорофиллден айырылып, қайырылады, кейде «күйікке» шалдығады. Өсуі тоқтатылып, жапырақтары түседі.
Фосфордың жетіспеуі
Жапырақтары жиырылған, күңгірт-жасыл. Фосфордың қатты жетіспеуі жағдайында төменгі жапырақтардың түсі күлгінденеді. Өсімдіктер қатты, түзу болып келеді. Жапырақтардың діңі және шеттері жоғары қарай қайырылады. Жапырақ пішіні тостағантәрізді болып келеді. Жапырақтар тиісті шамасына жетпейді. Фосфордың қатты жетіспеуі өсімдіктің өсуін бәсеңдетеді. Түйнектерде датты-қоңыр дақтар пайда болады.
Калийдің жетіспеуі
Өсімдіктердің пішіні қисықтанған, буынаралығы қысқарған, жапырақтардың түсі кәдімгі түсіне қарағанда күңгірттеу, жапырақтары жиырылған, ұсақтау болып келеді. Кейіннен кәрі жапырақтар сәл сарғыштана бастайды. Алдымен жапырақтың басы және шеттері, кейінінен өсімдік толығымен қола түсіне ие болады. Вегетация кезеңінің соңында өсімдіктерге паразит ағзалары зиян келтіреді.
2. Көкөніс дақылдарына қоректенуэлементтерінің жетіспеушілігін анықтау
Азоттың жетіспеуі
Өсімдіктердің өсуі бәсеңдейді. Сабақтары жіңішке, талшықты және қатты болып келеді. Жапырақтарда ірі сарғыш-жасыл дақтар пайда болады. Азоттың қатты жетіспеу жағдайында бүкіл өсімдік сарғайып кетуі мүмкін. Басында тамыр жүйесі жер бетіндегі органдарына қарағанда жақсылау дамығанымен, азоттың жетіспеушілігі күшейген сайын тамырлардың өсуі тоқтап, түсі қоңырланып, өледі.
|