D) Ацикловир 50 мг\кг тәулігіне 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

D) Ацикловир 50 мг\кг тәулігіне

Поиск

D) Ацикловир 50 мг\кг тәулігіне

E) Дифлюкан 5 мг 1 кг дене салмағына

 

$$$1475

2 апталық қыз бала. Емшек емген кездегі мазасыздыққа шағымданады. Анасы антибиотик қабылдаған. Объективті: ұрттың, тілдің, қатты таңдайдың, еріннің шырышты қабатында гиперемия фонында ірімшікті, кейбір жерлері пленкалы жабындымен байқалады.

Келтірілген зерттеу әдістерінің қайсысы ең маңызды?

A) Жалпы қан анализі

B) BL аңқадан жағынды алу

C) Райт бойынша жағындыны бояу

D) +++Бактериологиялық себінді

E) Иммунофлюоресцентті зерттеу

 

$$$1476

6 жасар ұл бала. Дене қызуының 38˚С дейін көтерілуіне, тамақ ішкендегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: ұрттың, тілдің, қатты таңдайдың, еріннің шырышты қабаттары қызарған, ісінген, бірен-саран папула мен көпіршіктер, еріннің шеткі жиектерінде қою қоңыр түсті массивті қабыршықтар көрінеді. Гиперсаливация айқын, ауыз бұрышы мацерацияланған.

Келтірілген дәрілік заттардың қайсысын қолданған жөн?

A) Калий перманганаты ерітіндісін сыртқа

B) +++Ацикловир 0,25х 4 ішке

С) Итмұрын майы 3 рет сыртқа

D) Флуконазол 5мг/кг ішке

E) Преднизолон 2мг\кг ішке

 

$$$1477

Төменде келтірілген температура қисықтарының қайсысы безгекке тән?

A) Тұрақты (febris continua)

B) Қалжырататын (febris hectica)

C) Ремиттеуші (febris remittens)

D) Ауыспалы (febris itermittes)

E) +++Қайтпалы (febris recurrens)

 

$$$1478

13 жастағы қыз бала. Дене қызуының жоғарлауына, қалтырауға, түндегі тершеңдіккке, буындардағы ауырсынуға шағымданады. Қарап-тексергенде: дене қызуы 39,20С, терісі ылғалды, қолтық асты лимфа түйіндері ІІІ-ші дәредеге дейін ұлғайған, геморрагиялық бөртпелелер анықталады. Жүрек тондары тұйыұталған, ритмі дұрыс емес, апикальды шу, пульсі 102 рет минутына, артериальды қан қысымы 85/60 мм.с.б.б. Іші оң жақ қабырға астында ауру сезімді, бауры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы.

Келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ?

А) +++Инфекциялық  эндокардит

В) Ревматикалық қызба

С) Вирусты гепатит

D) Геморрагиялық васкулит

E) Лимфогранулематоз

$$$1479

11 жастағы қыз бала. Екі күн бойы дене қызуының жоғарлауына, жұтыну кезіндегі тамақтағы күрт ауырсыну сезіміне шағымданады. Қарап-тексергенде: дене қызуы 390С , таңдай бадамша бездерінің айқын гиперемиясы мен ұлғаюы, аралшықтары сары-ақ түсті, бадамшалар борпылдақ жабындымен жабылған, ауру сезімді, склералары инъецирленген, артериальді қан қысымы 85/60мм.с.б.б., пульсі 102 рет минутына.

Келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ?

А) Аңқа күлі

В) +++Лакунарлы баспа

С) Симановский баспасы

D) Паратонзиллярлы абсцесс

Е) Инфекционды мононуклеоз

 

$$$1480

12 жасар ұл бала. Қатты басының аурына, құсуга, көздің жасауратуына, тітіркенгіштікке шағымданады. Бір апта бұрын респираторлы инфекцияны өткерген. Қарап-тексергенде: делсал, тері жабындылары ыстық, денесінің барлық бөлігінде жұлдызшалы геморрагиялық бөртпелер бар, дене қызуы 39,8°С, фотофобия, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский белгілері оң. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, қан қысымы 80/60мм.с.б.б.

Келтірілген болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ?

А) Энцефалит

B) +++Менингококцемия

C) Геморрагиялық  васкулит

D) Инфекционды эндокардит

E) Идиопатиялық  тромбоцитопениялық  пурпура

 

$$$1481

3 айлық қыз бала. Шағымдары: дене қызуының 39,3оС дейін жоғарлауына, ұйқышылдық, тамақ жеуден бас тарту, енгтігу, мазасыздық. Қарап-тексергенде: тері жабындылары бозғылт, мәрмәр суретімен, аяқ-қолдары құрғақ, суық. Тыныс алу жиілігі 67 рет 1 минутына, пульсі 120 рет 1 минутына. Өкпесінде әлсіреген тыныс, жергілікті крепитацияланатын сырылдар. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,5х1012/л, гемоглобин 105 г/л, лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын ЕҢ АЛДЫМЕН жүргізу қажет?

A) +++Рентгенография 

B) Электрокардиография

C) Компьютерлі томография

D) Бронхография           

E) Қанның газдық құрамын анықтау

 

$$$1482

12 жастағы ұл бала. 1 ай бұрын төменгі жақтың операциясын өткерген. Шағымдары: дене қызуның жоғарлауы, ентәігу, түнгі тершеңдік, көруі нашарлаған. Қарап-тексергенде: арықша келген, тері түсі «сүт қосылған кофе» тәрізді, алақан және табанда қызыл дақтар. Дене қызуы 39,3оС . Жүрек тондары тұйық, аритмді. Артериальды қан қысымы 90/60 мм.с.б.б. Окулисттің қарауы: көз түбінде торлы қабыққа ақ орталығы бар қан құйылу ошақтары бар.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын ЕҢ АЛДЫМЕН жүргізу қажет?

А) +++Бактериологиялық себінді

В) Коагулограмма

С) С- реактивты белок

D) Жалпы зәр анализі

E) Жалпы қан анализі

$$$1483

9 айлық ұл бала. Шағымдары: аяқ қолдарының тырысулық тартылыстары. Қарап тексергеде: балада психомоторлы даму артта қалған, микроцефалия.Терісі толық дермит элементтерінен айырылған, науқастан тышқан иісі шығады. Аяқтарында еріксіз тырысулар байқалады .

Келтірілген болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ?

А) Эпилепсия

B) Галактоземия

C) +++Фенилкетонурия

D) Гликогеноз 1 типті

E) Перинатальді энцефалопатия

 

$$$1484

5 айлық ұл бала. Шағымдары: жылаған кезде бетінің тырысуымен басталып,денесі мен аяқ-қолдарына тараған тырысулар.Объективті: айқындалған маңдай және шүйде төмпешіктері қабырғалардағы таспиықтар. Үлкен еңбегі 2,5-2,5 см, шеттері тығыз.Кеуде қуысы төмеңгі бөлімдерінде бұрылған. Биохимиялық қан анализінде: кальций 1,2 ммоль/л, фосфор 0,9 ммоль/л.

Төменде келтірілген болжамалы диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?

А) +++Рахит

B) Эпилепсия

C) Спазмофилия

D) Фосфат-диабет

E) Гипервитаминоз

 

$$$1485                        

6 айлық қыз бала.Шағымдары: Кенеттен пайда болған қиындатылған шулы тыныс.Объективті: бала үрейленген,ашық ауызбен «ауаны ұстайды».Терісі цианозды,беті мен денесінде суық тер.Маңдай және төбе төмпешіктері шамалы айқындалған,қабырғаларында таспиықтары бар.

Төменде келтірілген болжамалы диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?

А) Рахит

B) Эпилепсия

C) +++Спазмофилия

D) Фосфат-диабет

E) Гипервитаминоз Д

 

$$$1486

Өмірінің 2 айында иектің треморы,клонико тоникалық тырысулар пайда болды.Зерттеу кезінде Феллинг сынамасы оң.

Төменде келтірілген болжамалы диагноздардың қайсысы ең дұрыс?

А) Жарақат

B) Эпилепсия

C) Спазмофилия

D) Ми ісігі

E) +++Фенилкетонурия

 

$$$1487

1 жас 5 айлық ұл бала.Шағымдары:АКДС-4 егуінен кейін пайда болған қысқа мерзімді клонико тоникалық тырысулар .Алдыңғы егуге ондай реакция болмаған.Объективті: дене қызуы 390С,маңдай және төбе төмпешіктері, қабырға таспиықтары шамалы айқындалған.Өкпесінде пуэрильді тыныс.Пульсі 140 рет минутына.

Төменде келтірілген болжамалы диагноздардың қайсысы ең дұрыс?

А) +++Фебрильді тырысулар

B) Гипервитаминоз Д

C) Спазмофилия

D) Эпилепсия

E) Рахит

 

$$$1488         

 2 жастағы ұл бала. Жедел ауырды. Шағымдары: қайталамалы құсу,қысқа мерзімдік тырысулар,ес жоғалту.Объективті: бала ұйқышыл,басын артқа шалқайтумен мәжбүрлі қалыпта,ыңырсиды. Температура 390С. Терісі сұр түсті, кеудесінде,ішінде,аяқ қолдарында мөлшері 3тен 7 мм дейін геморрагиялық бөртпелер бар.Өкпесінде қатаң тыныс . Пульс- 130 рет минутына.Іші жұмсақ,бауыры қабырға доғасынан І см шығып тұр.

Келтірілген диагностикалық зерттеудің қайсысы маңызды ?

А) Жалпы қан анализі

B) Стернальді пункция

C) +++Жұлын пункциясы

D) Серологиялық зерттеу 

E) Бактериологиялық зерттеу

 

$$$1489

9 айлық ұл бала. Дене қызуының 38,80С дейін көтерілуіне, жөтел, мұрыннан шырышты бөліністерге шағымданады. Объективті: дене қызуы 38,20С дейін жоғарлаған. Дауысы қарлыққан. Аңқасы айқын емес гиперемияланған. Тыныс алу жиілігі 60 рет минутына. Өкпесінде қатаң тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульсі минутына 130 рет. Кеуде қуысының рентгенограммасында: тамырлық сурет күшейген.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

А) Қызылша

B) Грипп

C) +++Парагрипп

D) Реовирусты инфекция

E) Аденовирусты  инфекция

 

$$$1490

4 жасар ұл бала. Дене қызуының 390С дейін жоғарлауына, құсу, тәбеттің болмауына шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, жақасты лимфа түйіндері үрмебұршақ мөлшеріндей. Аңқасы гиперемияланған, аңқаның артқы қабырғасы ісінген, дәнді. Қабағы ісінген, көз конъюнктивасы гиперемияланған іріңсіз фолликулдармен. Тыныс алу жиілігі минутына 35 рет. Өкпесінде қатаң тыныс. Пульсі минутына 120 рет. Жүрек тондары тұйықталған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

А) Паратұмау

B) Қызылша, продромальды кезең

C) Реовирусты инфекция

D) Тұмау, катаральды форма

E) +++Аденовирусты инфекция

 

$$$1491

Балабақшадағы жүзу бассейніндегі жаттығулардан үш күннен кейін бірнеше балалар ауырып қалды. Барлығында субфебрильді температура, тұмау, жөтел, конъюнктивит бар. Екі балада қабақ ісінуі, көзден іріңді бөліністер, қабақтағы тығыз ақ-сұр жабынды байқалады.

Келтірілген зерттеу әдістерінің қайсысы ең маңызды?

А) Жалпы қан анализі

B) Биохимиялық қан анализі

C) ВL аңқа мен мұрыннан бак себінді алу

D) +++Иммунофлюоресценции реакциясы

E) Көздің іріңді бөліністерін микроскопиялау

 

$$$1492                 

7 айлық ұл бала. Жөтел, тұмауға шағымданады. Объективті: дене қызуы 38,30С, қабағы ісінген, конъюнктива гиперемияланған. Төменгі қабақтарында оңай алынатын ақ жабын бар. Аңқаның артқы қабырғасындағы миндалина мен фолликулдар ұлғайған, аңқасы гиперемияланған. Мұрынмен тыныс алу қиындаған. өкпесінде қатаң тыныс, өткізгішті сырылдар. Жүрек тондарының ритмі дұрыс. Пульс 132 рет минутына. Кеуде клеткасының рентгенограммасында: өкпе суретінің күшеюі.

Бұл жағдайда ең дұрыс емді таңдаңыз?

A) Амброксол 2,5 мл х 3 ішке

B) Амоксиклав 25 мг\кг х2 ішке

C) Эхинацея сироп 5 тамшы х 3 ішке

D) +++Көп мөлшерде жылы сұйықтық, парацетамол 0,025 х3 ішке

E) Гриппке қарсы иммуноглобулин 400 АГЕ\мл

 

 

$$$1493

5 жасар қыз бала. Шағымдары: құрғақ жөтел, іштегі ауырсыну сезімі, қайталамалы құсу. Объективті: дене қызуы 400С . Бет, мойын терісінде петехиальды бөртпелер, склералары инъекцияланған, мұрыннан шамалы шырышыт бөліністер. Аңқасы қызарған, тыныс алу жиілігі 48 рет минутына. Өкпесінде бірен-саран құрғақ сырылдар. Қан анализі :  эритроциттер 3,5х1012/л, гемоглобин 120г/л, лейкоциттер 7,0 х109/л; таяқшаядролылар 3%, сегментядролылар 41%, эозинофилдер 2%, лимфоциттер 45%, моноциттер 9%, ЭТЖ - 10 мм/сағ.

 Қай лабораторлық зерттеулер ең маңызды?

А) Риноцитоскопия

B) жалпы қан анализі

C) Лейкоциттердің цитохимиясы

D) Биохимиялық қан анализі

E) +++Иммунофлюоресцентті реакция

$$$1494

 5 жасар ұл бала тұмаумен ауыруда. Алтыншы күні қайтадан дене қызуы 39 градусқа жоғарлаған, жалпы жағдайы нашарлаған, бас ауруы, құсу, тырысулар пайда болған. Жалпы қан анализінде:  эритроциттер 3,2х1012/л, гемоглобин 120г/л, лейкоциттер 3,0 х109/л; таяқшаядролылар 1%, сегментоядролылар 23 %, эозинофилдер 2%, лимфоциттер 66%, моноциттер 8%, ЭТЖ 6 мм/сағ.

Қандай зерттеулер ең маңызды?

А) Риноцитоскопия

B) +++Жұлын  пункциясы

C) Лейкоциттердің цитохимиясы

D) Вирусологиялық зерттеу

E) Иммунофлюоресцентті реакция

$$$1495

Төменде көрсетілген қай ауру тұрмыстық заттар жұғады?

A) Гименолепидоз

B) Трихинеллез

C) Тениоз

D) Дифилоботриоз

E) +++Описторхоз

$$$1496

7 жасар ұл бала. Мектепке рәсімдеу үшін емханаға келді. Шағымдары жоқ. Тері жабындылары таза, түсі қалыпты, аңқасы өзгеріссіз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, ритмі дұрыс. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,5х1012/л, гемоглобин 105 г/л, лейкоциттер 6,7х109/л, ЭТЖ 15 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 0,033%о, жалпақ эпителий 1-2 көру алаңында, лейкоциттер  2-3 көру алаңында , оксалаттар ++. Үш қайта перианальді жағынды-.

Келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ?

A) Тениоз

B) Аскаридоз

C) Описторхоз

D) +++Энтеробиоз   

E) Гименолепидоз

 

$$$1497

9 жасар ұл бала. Шағымдары: тәбетінің төмендеуі, мезгілмен бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну, кейде құсу, мерзімді іштің тұйық және сыздап ауруы. Қарап-тексергенде: баланың дене қалпы астеникалық, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систоликалық шу. Іші жұмсақ, кіндік аймағында шамалы ауырсыну сезімі, бауыры қабырға доғасынан 1,0 см шығыңқы. Нәжісі сұйық, шырышпен. Нәжіс анализінде- ергежейлі цепень жұмыртқасы.

Қандай ем тағайындаған ЕҢ тиімді?

A) Феносал

B) Вермокс

C) Декарис

D) Асқабақ тұқымы

E) +++Укроп тұқымы

 

 

$$$1498

8 жасар қыз бала мен анасы жанұялық дәрігерге келді. Шағымдары: арықтау, бас ауруы, бас айналу, көп мөлшерде сілекейдің бөлінуі, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі, нәжісінің тұрақсыз болуы және іштегі ауырсыну сезімі. Қарап-тексергенде физикалық дамудың артта қалуы, көзге көрінеітн шырышты қабаттар мен тері жабындылары иктериялық, теріде бөртпелер, шамалы геапатомегалия байқалады. Нәжіс анализінде-кошачья двуустка жұмыртқалары.  

Төменде берілген қандай дәрілік заттарды тағайындаған ЕҢ тиімді?

A) Хлоксил

B) Пирантел

C) +++Мебендазол

D) Никлосамид

E) Немозол

$$$1499

10 жасар қыз бала. Бөртпеге, дене қызуының жоғарлауына, жөтелге, дисфагияға, дауысының қарлығуына, іш ауруына, сұйық нәжіске шағымданады. Қарап тексергенде: терісінде папулезді, домалақ пішінді қасу іздері бар эритематозды бөртпелер. Өкпесінде қатаң тыныс, әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Іші кепкен, ауру сезімді. жалпы қан анализінде: : эритроциттер 3,6х109/л, гемоглобин 90 г/л, эозинофилдер 40%.

Келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ?

А) Энтеробиоз

В) +++Анкилостомидоз

С) Трихинеллез

D) Гименолипедоз

Е) Аскаридоз

$$$1500

4 жасар қыз бала. Артқы өтіс аймағындағы және аралықтың қышуына, ұйқысының бұзылысына, тісін «қайрауына», тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Балабақшаға барады.

Қарап-тексергенде: аралықтың терісінде қасыну іздері бар. Нәжісі сұйық, шырышпен.

Төменде келтірілген қандай зерттеулер жұғуды ЕҢ жақсы анықтайды?

А) Перианальды қатпарлардың жағындысы

В) Тампон әдісі

С) Тырнақ асты пластинасынан жағынды алу

D) Нәжісті құрт жұмыртқасына зерттеу
Е) +++Жабысқақ мөлдір таспаны салу

 

 

 

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.76.250 (0.014 с.)