Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мамандандырылған хирургиялық көмек.

Поиск

Мамандандырылған хирургиялық көмек емханаларда, травматологиялық пункттерде, аудандық және қалалық хирургиялық, травматологиялық бөлімдерде дәрігер хирургтар мен травматологтар арқылы жүзеге асырылады. Ең бірінпгі кезекте көмек шок, қан кету, жедел қан жоғалту, асфиксия белгілері бар науқастарға көрсетіледі. Мысалы, егер бет-жақ аймағының ірі қан тамырларынан қан кетуді тоқтату мүмкін болмаса, сыртқы ұйқы артериясын байлап таңады. Мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету кезеңін 3 топқа бөледі.

1 — тек хирургиялық көмекті қажет ететіндер (жұмсақ тіндер жарақаты, I—II дәрежелі күйіктер, бет үсігі);

2 — арнайы көмекті қажет ететіндер (жүмсақ тіндер мен сүйек жарақаты, III—IV дәрежелі күйіктер, бет үсуі) көмек көрсетілгеннен кейін стоматологиялық стационар бөлімдерге жіберіледі.

3 — тасымалдауға келмейтін және дененің басқа аймағы, зақымдануы кезінде (әсіресе ми жарақаты)

Жақ сынықтарының емдеу тәсілдері жергілікті және жалпы деп бөлінеді.

Жергілікті емнің өзі уақытша (транспорттық) және тұрақты (емдік) емге бөлінеді. Тұрақты емнің ортопедиялық және хирургиялық түрлері бар.

Шеңдеуіштердің көмегімен көрсететін ортопедиялық ем үш топқа бөлінеді:

· тістік

· тіс-қызыл иектік

· қызыл иек үстілік.

Шендеуіштерге қойылатын талаптар:

1. Шендеуіш сынықтарды мықтап ұстап түруы;

2. Құрылысы қарапайым болуы;

3. Қолда бар заттардан оңай дайындалуы;

 4. Ағза қызметіне кедергі келтірмеуі керек.

Тістік шеңдеуіштер. Бұл шеңдеуіштердің ішінде кеңінен тараған алюминий сымынан жасалған Тигерштедтің, Васильевтіц таспалы стандарты шеңдеуіштері. Тістік шеңдеуіштер тек тістергс бекітіледі, сондықтан олар тістер жеткілікті болса ғана қолданылады. Бұл шеңдеуіштерді орыс әскерінің тіс дәрігері Тигерштедт С. С. (1915) қолдануды ұсынған. Оны дайындау үшін диаметрі 1,8—2,0 мм алюминий сымы, 0,5—0,6 мм қола-алюминий сымы және аспаптар жиынтығы (крампон қысқышы, анатомиялық пинцет, қан тоқтатқыш қысқаш, егеу) қажет.

                                  Төменгі жақтың шығуы

Төменгі жақтың шығуы жарақаттан және туа пайда болған, жедел және үйреншікті, алдыңғы және артқы, бір және екі жақтық болып бөлінеді.

Төменгі жақ екі жағынан шығып кеткен кезде ауызды жабу мүмкіншілігі болмауынан науқас шағымдарын дәрігерге жеткізе алмайды. Тек ымдау, бет қимылдары арқылы ауыру сезімі бар екенін, көп мөлшерде сілекейдің ағуын түсіндіреді. Қарап тексергенде бет конфигурациясы оның төменгі бөлігінің үзаруынан және иектің алға жылжуынан өзгерген. Тіл құрғақ, бірақ ауыздан көп мөлшерде сілекей бөлініп тұрады. Меншікті шайнау еттері кернелген. Құлақалды аймағындағы тіндер ішке енген, ал бет доғасы астында (екі жақта бірдей) саусақпен басып тексергенде буынды өсіндінің буын басы анықталады.

Сыртқы құлақ жолында буын басының қозғалыстары анықталмайды. Ауыз қуысы ішінен сипап тексергенде төменгі жақ сүйегінің тәжді өсіндісінің алға жылжығанын айқын анықтауға болады. Тістесуі ашық, тек үлкен азу тістер ғана түйіскен. Бүйір проекцияда жасалған рентгенограммада төменгі жақ сүйегінің буын басының, буын төмпешігінің алдыңғы бүйіріне орналасқаны анықталады. Буын шүңқыршасы бос.

Екіжақты буынның шығуын жақтың буынды өсінділерінің сынықтарынан ажырата білу қажет. Сынықтар кезінде иек артқа қарай жылжыған, құлақалды аймағында тіндердің ішке енуі сирек кездеседі. Рентген суретте сүйек бүтіндігінің бүзылысын, сынық сызығын анықтауға болады.

Төменгі жақтың біржақты шығуы кезіндегі науқастар шағымының жоғарыда айтылған шағымдардан көп айырмашылығы жоқ. Иектің алға және сау жағына жылжуынан бет әлпеті өзгерген. Қалған белгілер жоғарыда берілгендей, тек бір бетінен анықталады. Тістер бір-бірімен түйіспеген, орталық сызық сау жағына жылжыған. Төменгі жақтың бір жағынан шығуын, буындьі өсіндінің бір жағынан сынуынан ажырату керек. Бул кезде орталық сызықтың сынық жағына жылжуы анықталады. Сыртқы есту жолында саусақпен баса отырып буын басының буын шұңқыршасындағы қозғалыстарын анықтауға болады. Сынық орналасқан жағындағы тістер тығыз түйіскен.

Төменгі жақтың артқа шығуы өте сирек кездеседі, иекке бағытталған соққының әсерінен пайда болады. Буынды өсіндінің басы артқа қарай жылжиды, бұл буын қапшығының зақымдануымен және есту жолының сүйек қабырғаларының сынуымен жүруі мүмкін, осының әсерінен кейде құлақтан қан ағуы байқалады.

Төменгі жақтың үйреншікті шығулары. Үйреншікті шығу ол жалпақ буын басы немесе буын төмпешігінің жалпақ болуынан, буын байламдарының әлсіздігінен, тістесулердің әртүрлі аномалиялары мен жақ сүйектерінің ақаулары кезінде пайда болуы мүмкін. Осы жағдайларда есінеу, жақ сүйекке аз күш түсіру, жөтелу немесе түшкіру кезінде шығулар пайда болу мүмкін. Дәрігердің көмегінсіз өзінен-өзі орнына тусуі тән.

                                                                     Емі.

Гиппократ тәсілі. Жақты орнына салу үшін науқасты төменгі жақ суйегі дәрігердің шынтақ буыны деңгейімен бірдей қалыпта отырғызу қажет. Дәрігер бас бармақтарын төменгі азу тістердің шайнау бетіне орналастырып, қалған саусақтарымен жақ сүйекті орай ұстайды. Орнына түсетін буын басы, буыннан шыққан жолын, керісінше қайталау қажет, яғни төмен, артқа және жоғары бағытта. Бүл үшін дәрігер бас бармақтарымен ақырын төмен басып күшті біртіндеп күшейте түседі. Бұл шайнау етінің талшықтарын ауыру сезімісіз созуға көмектеседі. Ал тістерге тез күш түсіру шайнау етінің рефлекторлы түрде жиырылуын шақырады және қатты ауыру сезімін тудырады. Біраз уақыт өткеннен соң иекті жоғары көтере отырып төменгі жақ сүйегінің артқы бөлігін бірге төмен басу керек, Осы қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарды үйлестіре отырып, буын басын төмен түсіруге болады. Сонымен бірге төменгі жақ сүйегін артқа жылжыта оның бұрыштарын жоғары көтеру керек.

45-сурет. Самай төменгі жақ буынының шығуы; а) алдыңғы шығуы; б) артқы шығуы; в) Гипократ тәсілімен төменгі жақты орнына салу

 

Буын басының буын төмпешігінің алдыңғы құрамасынан, буын шұңқыршасына түсуі тістердің қатты тістесуімен аяқталады. Сол үшін дәрігер бас бармақтарын көп қабатты дәкемен орап алғаны және дер кезінде саусақтарын альвеола өсіндісінің вестибулярлы бетіне ауыстырғаны жөн. Шыққан буынды орнына салған соң иек астынан таңғыш қойғаны дұрыс. Науқасқа сұйық тамақ ішуге, ауызды 7—10 күндей қатты ашпауға кеңес беру керек. Біржақты буынның шығуы кезінде орнына салу жоғарыда берілген тәсіл бойынша бір жағынан жүргізіледі.

Алдын ала 3—5 мл 2% новокаинді ерітіндісін латеральды қанатша етке жіберу буынды орнына салуға қолайлы жағдай туғызады, себебі латеральды қанатша еті буын басын басқа орында ұстап тұрады және контрактура дамиды. М. Д. Дубов бойынша жансыздандыру жасау үшін шыққан буын басын саусақпен сипап тексеру арқылы анықтап, инені буын басының алдыңғы жағынан бет доғасы астынан төменгі жақ ойығы арқылы 2—2,5 см тереңдікке шаншып, ерітіндіні жібереді.

Г. Л. Блехман тәсілі. Ауыздың кіреберісімен дәрігер төменгі жак, сүйегінің тәжді өсіндісінің орналасуын анықтап алады. Дәрігер сұқ саусақтарымен тәжді өсідіні артқа және төмен басады. Осының әсерінен шайнау етінің босауы және буын басының орнына түсу мүмкіншілігі туады.

Буынның үйреншікті шығуларында консервативті және хирургиялық жолмен емдеуге болады. Консервативті ем самай-төменгі жақ буынының патологиясын шақырған негізгі дертті емдеуге (подагра, полиартрит) және буын қапшығьгмен байламдарын күшейтуге бағытталған. Ортопедиялық аппараттар немесе шендеуіштер көмегімен буындағы қозғалыстарды шектеудің үлкен маңызы бар.

Петросов аппаратыауыздың ашылуын, буын басының буын төмпешігінен аспайтын деңгейде шектейді. Ол жоғарғы және төменгі тістерге кигізілетін жасанды сауыттардан және шектегіш шарнирден турады.

Төменгі жақтың буын өсіндісінің амплитудасын азайту мақсатымен қолданылатын Бургонскийдің, Ходоровичтің аппараттары мен Ядрованың шеңдеуіштері бар.

Емдеудің оперативті тәсілдері буын төмпешігінің биіктігін жоғарлатуға, буын шұңқыршасын тереңдетуге, төмпешік алдына қосымша тірек қоюға, буын қапшығы байламдарын қүшейтуте бағытталған.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 21; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 100.28.231.85 (0.006 с.)