Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тақырып №1. Бастың, беттің, ауыз қуысының зақымдануы.↑ Стр 1 из 4Следующая ⇒ Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Тақырып №1. Бастың, беттің, ауыз қуысының зақымдануы. Жоспар: 1. Бас аурулары мен зақымдары бар науқастарды зерттеу әдістері. 2. Бассүйек сынықтары. 3. БМЖЖ. Түрлері, клиникасы, медициналық алғашқы көмек көрсету, емдеу. 4. Жарақаттан кейін туындайтын менингит. 5. Жақсүйектің сынуы және буынының шығуы.
1.Бас аурулары мен зақымдары бар науқастарды зерттеу әдістері. Эхоэнцефалография – эхолокация феноменіне негізделген, миды ультрадыбыс көмегімен зерттеу әдісі. Миды рентгенографиялық зерттеу әдісіне краниография, пневмоэнцефалография, ангиография және компьютерлі томография кіреді. Краниографиядабастың рентген суретін контрасты заттарды жібермей – ақ алуға болады. Рентген суретінде бас сүйегі, ондағы өзгерістер мен қалыңдаулар және жарақаттан кейінгі ми қабығындағы әктенуді, бөгде денелерді көруге болады. Бас сүйегінің өсіп келе жатқан ісікпен жанасуының нәтижесінде бас қысымының өсуіне байланысты ісік жіңішкеріп, ми иіріміне “басылған саусақ белгісін” түсіреді. Бас ішілік қысым көтерілгенде, веналық қан ағыс төмендейді де, ми тамырларының суреті күшейеді. Бұл әдіс мидың органикалық зақымдалуын анықтауға мүмкіндік береді. Пнемоэнцефалография - бұл жұлын сұйықтығының бір бөлігін ауа немесе оттегімен толтырғаннан кейін миды рентгенографиялық зерттеу әдісі болып табылады. Ми қарыншалары және субарахноидальды кеңістік пневматизациясы қабынулық және спайкалық үрдістер, ісіктер, туа біткен ауытқулар кезіндегі патологияны, олардың орналасу аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Ангиография – қантамыр жүйесіне контрастылы немесе радиоактивті затты енгізу арқылы жүргізілетін мидың рентгенографиялық әдісі. Бұл әдіс ми тамырларының зақымдалуын, әртүрлі жаңа түзілістер – ми қанайналысын бұзатын ісіктерді зерттеуге мүмкіндік береді. 2. Бассүйек ми жарақаты Бассүйек ми жарақаты (БМЖ) — бұл құрамына бассүйек терісінің, бұлшық еттің, сүйектің, мидың, қантамырларының, ми қарыншықтары мен бассүйек —ми нервтерінің механикалық зақымданулары және сіңір тартылуы кіретін ұғым. Бассүйек — ми жарақатының жабықжәне ашық түрлері болады. Жабық түріне бастың тері қабатының бұзылмаған зақымдануы жатады. Ашық түріне бассүйектің, оның негізінің зақымданып сынуы, қан және ми сұйықтығының ағуымен жүретін зақымданулар тән. Оның биомеханикасында ми тініне деструктивті әсер ететін біріншілік факторлар комплексі қатысады. Олардың ішінде негізгілері:
Мидың зақымдалуы ауыр болған сайын, жалпы милық симптомдар ұзақтау болады. Басішілік қысымның (БІҚ) жоғарылауы, әдетте мидың қысылуымен, сондай-ақ, жаншылу ошақтарымен бірге жүреді. БІҚ төмендеуі, әдетте, мұрын немесе құлақ ликворреясымен болатын бас негізінің сынығымен бірге жүреді.Жалпы милық симптомдардың пайда болу себептеріне біріккен БМЖ салдарынан болған шок, ми тамырларының эмболиясы, ішкі қан кету, миокард инфаркті, массивті екі жақты пневмония, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі, сепсис, су — электролит балансының ауыр бұзылыстары жатады. Жалпы милық симптоматиканы бас ішілік іріңді — қабынулық асқынулар (жарақаттан кейінгі энцефалиттер, жайылған субдуральды гематома және т.б.) шақыруы мүмкін.
Бассүйек —ми жарақаттарында ауруханаға дейінгі кезеңде жедел жәрдем шараларының алгоритмі. Мидың шайқалуы жедел жәрдемді қажет етпейді. — 2 мл 0,5% седуксен (реланиум, сибазон) ерітіндісі енгізіледі; - ӨЖЖ - ауруханаға тасымалдау -нейрохирургия бөліміне, ауыр жағдайларда — реанимация бөліміне.
Бет сүйектерінің көптік сынықтары Жақ-бет аймағының жарақаттануы мен зақымдануының жіктелуі: 1.Бет аймағының жоғарғы, орталық, төменгі бөліктерінің жарақаттары. 1.Орналасуы бойынша: А) Жұмсақ тіндердің жақ-бет аймағындағы мүшелермен қосылып жарақаттанылуы: а) тілдің; б) сілекей бездерінің; в) ірі нервтердің; г) ірі қан тамырларының. Б) Сүйек зақымдары: а) төменгі жақ; б) жоғарғы жақ; в) бет сүйегі; г) мұрын сүйектері.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.146.65.134 (0.007 с.) |