Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жақсүйектің сынуы және буынының шығуы.

Поиск

Аурудың барысы

Ауру бастапқы кезеңде екi түрге бөлiнедi. Жедел және созылмалы болатын бұл аурудың ең күрделiсi мида iрiңдi түрде болатын менингиальдық синдромы.

Аурудың алғашқы белгiлерi — ауру жұққаннан кейiн 10-12 күннен соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерiлу, дауыс қарлығып, өңi бозару секiлдi инкубациялық кезең өтiп, денеде қызғылт түстi дақтар пайда болады. Дене қызуы 40-қа жоғарылап, бұлшық еттер тырыса бастайды. Дер кезiнде емделмесе көп жағдайда сал болып қалуы да мүмкiн. Жарыққа қарай алмай, қатты дауыстан қорқып, есiнен адаса бастайды. Бұл белгi iрiңдi менингитте орын алады. Менингит — құрт ауруының түрi — науқастан әл кетiп, шаршап, тез терлеп, дене қызуы көтерiлiп ұзақ уақыт жүредi. Бас сүйек iшiндегi қан қысымы ұлғайғанда барып анықталады.

Белгілері

- Жоғары температура;

- Бастың қатты ауыруы;

- Мойынның шалқаюы.

     Баланың өңі кірмейді, сұлық жата береді, басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды. Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі (томпайып кетеді); Менингит кезінде құсу — осы ауруға тән құбылыс;

Кейде талып қалады (құрысу), немесе дене қозғалысы да бір түрлі болып өзгереді;

Емдеу жолдары

Науқасқа жедел білікті медициналық көмек керсетіңіз — бір минут та кешеуілдетіп тұрмаңыз! Мүмкіндік болса, науқасты ауруханаға жеткізіңіз. Дәрігер келгенге дейін:

әр 4 сағат сайын 500 мг апмициллин салыңыз. Немесе әр 4 сағат сайын 1 млн ед. панициллин кристаллын салыңыз. Егер мүмкіндік болса, хлорамфеникол да беріңіз;

Ыстығы жоғары болған жағдайда (40°-тан астам) оны ылғал компресспен не аспиринмен түсіріңіз;

Сондай-ақ, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен де пайда болады.

 

Төменгі жақтың сынуы.  Зақымдаушы агенттің тікелей әсерінен пайда болады.

Клиникасы: Бет әлпетінің пішінінің өзгеруі, тістестірудің өзгеруі, төменгі жақ сүйектің тістерінің жоғарғы жақ сүйектерінің тістеріне қатынасының бұзылуы. Ауру сезімі, ісінулер, жұмсақ тіндерге қан құюлар, қан кетулер, сынық аймағындағы қозғалмалылық, шайнау, жұту, сөйлеу қызметтерінің бұзылуы.

Жедел жәрдем: аспирация мен асфиксияның алдын — алуға, сүйек жарықшақтарының дөрекі ығысуын болдырмауға негізделген. Сынық аймағынан қан кетуді тоқтату үшін ығысуды жойып сүйек жарықшақтарын бір — біріне құрастыру керек.
Егер науқастың есі болып, жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай болса, онда төменгі жақ сүйегін сақпан тәрізді таңғышпен фиксациялауға болады. Егер жағдайы ауыр болса, 3 -тәрізді ауа өткізгішін қолданады. Жақ — бет хирургиясына жатқызамыз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.227.3 (0.006 с.)