Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

йым мақсаты- Мақсат жиынтығы -Ұйым жүмысы- Жұмыс жиынтығы -Ұйым құрылымы)

Поиск

 3.2. Жұмысты жобалау

3.2.1. Жұмысты жобалау тұжырымдамасы.

 Жеке тұлғаны, топтың немесе ұйымның анықталған нәтижесін алу көптеген факторларға байланысты. Басты факторлардың бірі - ол жеке түлға (индивид) атқаратын жмыс болып табылады. "Жұмыс” түсінігі бүл жерде "функция" түсінігінен ерекше болады. "Жұмыс" түсінігі де ұйымның іс-әрекет ету жағын білдіреді, бірақ оны қалай жасау керек ж әне кім жасау керек деген сүраққа жауап береді. Функция мен жұмыс бірігіп кез келген учаске жүмысының көрінісін анықтап береді. Берілген процесс ұйым жұмысынығ жобасын көрсетеді. Ж үмысты жобалау жүмыстың дизайны болып табыла­ды. Ұйымның қандай да бір тапсырмасын шешу кезеңінде анықталған жұмыс  түрі пайда болады. Осы мезеттен жүмысты жобалау процесі басталады. Ұйымды басқаруда немесе жаңа процесс өркендеуі кезеңінде жүмыс дизайны өзгереді. Бүл процесс жұмысты қайта жобалау процесі деп аталады. Ұйым жетекш ісінің жұмыс дизай­ны нені жасау керек және қалай жасау керек сұрақтарын қайта қарау кезеңінде өзгеруі мүмкін. Кейбір жағ-дайда қайта қарау шектеулі болуы мүмкін. Мысалы, есептеу ж үргізу үш ін компьютер енгізу. 15-сурет осы мәселені зерттеудегі нәтижені корсетеді.Ү лгіде осы уақытта қолданылатын әр түрлі тұжырымдамалар мен терминдер көрсетілген. Осы тұжырымдамалардың бірігуі жүмыстың маңызды мінездемесін және оның ұйымның тиімділігіне тигізетін әсерін көрсетеді. Процесті жүзеге асыру кезеңінде туындайтын қиыншылықтар көрінісі осы үлгіде бейнеленген. Төмендегі тақырыпта осы үлгінің әр бөлігін талқылаймыз. 

3.2.2. Жұмысты талдау.

Жұмысты талдау мақсаты — бұл жұмыстың өзінің әділдік көрінісі, оның мазмұны, оған қойылатын талаптар ж әне оның аумағы немесе контексі.

 Кез келген ж ұмыстң аталған үш бөлігін анықтау үшін көптеген әдістер қолданылады. Жұмыс мазмұны берілген аум ақ та орындалаты н жұмыс әрекетін қамтиды. Жұмысты талдау әдісіне бай­ланысты оның мазмұны кең ж әне map аумақта болуы мүмкін. Ж ұмыс мазмұнына қатысты берілген  көзқарас жұмысты функционалды талдау деп аталады (ЖФТ).

Оған мынадай мінездемелер кіреді:

• қызметкер өзге қызметкерлерге және басқа жұмысқа қатысты не істейді?

• қандай өдістер мен операцияларды қолдануға болады?

• берілген жұмысты орындау үшін қандай машина мен жабдықтар қолдануға болады? қандай өнім (қызмет) жүмыс процесінде шығарылады?

Алғашңы үшеуі жүмыс әрекетіне байланысты болса, төртіншісі - жұмыс нәтижесіне қатысты. Ж Ф Т жұмыс  бейнесін қамтамасыз етеді. Берілген әдіс төжірибеде кең нен қолданылады (штаттың кесте дайындау кезеңінде). Жұмысқа қойылатын талаптар. Жеке тұлғаның мінездемесі көп әсер етеді. Мысалы, мынандай талаптар қою: қабілеттілік, білімі, тәжірибесі, денсаулығы, тәрбиесі жөне басқа да индивидтік сапалар. Осы талаптарға тізім жасау үшін лауазымды аналитикалық сұрақ(тізбе) әдісі қолданылады.Бұл өдістің алғышарты — келесі жұмыс мөлшерін тал­ ау бойынша ж оғары да көрсетілген ж еке тұлғаның мінездемелерін суреттеу:

 • жұмысты орындау үшін маңызды ақпарат көздері;

• жұмысты орындау үшін жинақталған ақпарат және шешім қабылдау;

 • жұмысты орындау үшін физикалың қабілеті мен өрекеттер;

• жұмыс үміт ететін өзара жеке қарым-қатынас мінезі;

• жұмыс шартына деген индивидтік реакция мінезі.

Берілген әдіс жұмыстың кез келген түрінде қолданылады, сонымен қатар басқару жұмыс орындарында да. Бұл әдіс біліктілік анықтамалар дайындау кезеңінде базалық шарт боп есептеледі. Жұмыс контпексі. Жұмысқа әсер ететін сыртқы факторлар (физикалы к, өлеуметтік) жөне құқықпен жауапкершілік — осылардың барлығы жұмыс контексін біріктіреді. Осы әдіс берілген жұмыстың ұйым үшін қаншалықты қажеттілігіне жауап береді. Жұмыста аумақты ескеретін көптеген талдау әдістері қолданылады. Адамдар өз жұмысын әр жерде атқарады. Негізінен, оны екі түріне бөлуге болады: 1) фабрика немесе зауыт; 2) кон­тор немесе офис.

Жұмысты талдау тарихы бойынша фабрика алғашқы. Өндірістік төңкеріс кәсіпорынның қабілеттілік процесін арттырады. Қазіргі кезде ғалымдар пікірі бойынша, конторлық жұмыс адам факторына көп көңіл бөлу керек екенін айтады. Мысалы, компютермен жұмыс жасаған кезде адам денсаулығына тигізетін әсері.

3 .2 .3 . Ж ұ м ы с    м ө л ш е р і.

Жұмыс мөлшерін талдау нөтижесі негізінде анықтай-мыз. Жұмыс мөлшеріне масштаб (көлем), күрделілік және қарым-қатынастар жатады. Жұмыс масштабы (көлемі). Жауапкершілікті алған қызметкер міндетті түрде тапсырма санын немесе опе­рация санын орындау қажеттілігін көрсетеді. Жұмыс қаншалыңты көп болса, сонша уақыт керек етеді. Жұмыс күрделілігі жұмыс мөлшерімен бірге сапалы мінездемені көрсетеді. Тәжірибеде жұмыс күрделілігі атқарушының өзіндік деңгейімен және шешім қабылдау берілген құқықпен байланысты. Ұйымда бір лауазымда, бірақ күрделілігі өр түрлі деңгейдегі жұмысты атқаратын адамдар жиі кездеседі. Бір ұйымда, сонымен қатар, әр түрлі ұйымдарда жүмыс көлемі мен күрделілігі бойынша бір жұмысты басқа жұмыстан айыруға болады.

Сонымен, ЖОО деканы немесе аурухана бөлімінің меңгерушісі бір уақы тта профессор немесе терапевт бо­ луы м үмкін, біраң бірінші аталған қызметкерлерде жұмыс көлемі ірі болып саналады, себебі мамандың бойынша міндеттермен бірге басқару функцияларын қосады .

Тар мамандандырылған жұмысшарда жұмыс күрделілігі төмен болады, жұмыс масштабы (көлемі) да төмендейді. Кең мамандандырылған жұмыстарда осы мөлшерлер керісінше болады. Үлкен ұйымдарда жүмыс түрінің екі жағы арасындағы бөлінуі өте үлкен рөл атқарады. Жұмыс масштабы мен жұмыс күрделілігін дұрыс анықтау үшін жетекшілерге үйымның нақты белгіленген миссиясы, мүдделер мен мақсаттар көмек көрсетеді. Жұмыс жобалау кезеңінде пайда болатын қатынастар дегеніміз - жұмыс атқарушы және басқа қызметкер арасында түлғааралық байланысты орнату процесі. Қатынастарды жұмыс жобалауда мөлшер ретінде қарастыру — ол ұйым құрылымын қалыптастыру үшін көпір саналады.

Функциялардың өзара байланысы,анығырақ айтсақ, ұйым жұмыстарының арасындағы өзара қатынастары ұйым құрылымының негізі болады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.178.122 (0.009 с.)