Мемлекеттік аттестация тесттері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мемлекеттік аттестация тесттері



 

 

Жалпы тесттер саны –

Күрделілігі I деңгей тесттері (жасыл түс) –;

Күрделілігі II деңгей тесттері (қызыл түс) –;

Күрделілігі III деңгей тесттері (көгілдір түс) –

 

 

Құрастырғандар: проф. Жанталинова Н.А

асс. Байзакова А.П

Кафедра меңгерушісі: Қыжыров Ж.Н.

 

 

Алматы 2017 жыл

 

Шұғыл хирургия

01

Ауру сезімінің асқазан аймағында пайда болып, бірнеше сағаттан кейін оң жақ мықын аймағына ығысуы қандай симптом деп аталады?

+А) Кохер; 

В) Ровзинг;

С) Ситковский

D) Воскресенский;

Е) Бартомье-Михельсон

 

02

Қабылдау бөлімінде дәрігер науқасты қарау барысында оң жақ бел аймағында оң бүйірлі каналда ауру сезімі бар екендігін анықтады. Құрт тәрізді өсінді қалай орналасқан жағдайда осы ауру тән болып табылады?

А) Құрт тәрізді өсінді жамбастық бөлікте орналасқан жағдайда;

В) Құрт тәрізді өсіндінің типтік орналасуы жағдайында;

С) Құрт тәрізді өсіндінің медиальды орналасуы жағдайында;

D) Құр тәрізді өсіндінің бауыр астында орналасқаны жағдайында;

+Е) Құр тәрізді өсіндінің ретроцекальды орналасуы жағдайында;

 

03

29 жастағы ер адам қабылдау бөліміне жарақат алғаннан 1 сағаттан кейін жеткізілді. Қарап тексергенде: алдыңғы құрсақ қабырғасында 1,0х1,5 см өлшемде кесілген жара бар, жара айналасы ауру сезімді. Санның жоғарғы 1/3 диаметрі 0,3 см болатын оқтың күру тесігі бар.

Осы жағдайда жарақат сипаты қандай?

A) Іштің және аяқтың оқшауланған жарақаты;

B) Іш пен аяқтың аралас жарақаты;

C) Іш пен аяқтың қосарланған жарақаты;

D) Аяқ пен іштің көптеген жарақаты;

+E) Іш пен аяқтың үйлескен жарақаты;

 

04

Төменде көрсетәлгеннің қайсысы жедел аппендицит кезінде «Жейде» симптомына сәйкес?

А) Кохер симптомы

В) Ровзинг симптомы

С) Раздольский симптомы

+D) Воскресенский симптомы

E) Щеткин-Блюмберг симптомы

 

05

Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы қабыну ошағының үстінен перкуссия жасағанда ауру сезімі пайда болады?

А) Щеткин-Блюмберг

В) Воскресенский

+С) Раздольский

D) Кохер

E) Ровзинг

 

06

Төменде аталғандардың қайсысы қабыну үрдісінің париетальды ішпердеге жайылғандығы жөнінде мәлімет береді?

А) Температураның жоғарылауы;

В) Жергілікті ауру сезімінің болуы;

С) Аурудың ұзақ уақытқа созылуы;

D) Қандағы лейкоцитоздың жоғарылауы;

+Е) Бұлшық ет кернелуінің пайда болуы

 

007

34 жасар науқаста қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтан тыс және шап байламының элементтерінен медиальді орналасқаны анықталды.

Төменде көрсетілгеннің қайсысы сипатталған интраоперациондық суретіне сәйкес?

A) Сан жарығы

+B) Тік шап жарығы

C) Бүйір жарығы

D) Спигельді сызығының жарығы

E) Туа біткен шап жарығы

 

008

26 жасар ер адамда қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтың ішінде, шап байламының элементтерімен бірге орналасқаны анықталды.

Төменде көрсетілгеннің қайсысы сипатталған интраоперациондық суретіне сәйкес?

A) Сан жарығы

+B) Қиғаш шап жарығы

C) Тік шап жарығы

D) Спигельді сызығының жарығы

+E) Туа біткен шап жарығы

009

Жедел аппендицит кезінде ең жиі немен ажырату диагностикасын жүргізу керек?

+А) Бүйректік шаншу

B) Плевропневмония

C) Миокард инфаркты

D) Геморрагиялық васкулит

E) Тағамдық токсикоинфекция

 

0010

 Төменде көрсетілгеннің асқынудың қайсысы жедел аппендицит кезінде анағұрлым қауіпсіз?

А) Құрсақішілік қан кету

+B) Аппендикулярлы инфильтрат

C) Периаппендикулярлы абсцесс

D) Жайылмалы перитонит

E) Пилефлебит

0011

Қабылдау бөліміне хирургқа 25 жасар ер адам жарақат - ішіне соққы алғаннан 3 сағаттан кейін жеткізілді. Іштегі ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданды.Қарап тексергенде дәрігер бауыр тұйықтығының жоғалуын анықтады.

Төменде көрсетілгеннің қайсысы осы симптомға сәйкес?

A) Асқазандағы газ көпіршігінің болмауының

B) Құрсақ қуысында сұйықтықтың

C) Ішектің айқынауаға толуының

D) Диафрагма күмбезінің жоғары тұруының

+E) Диафрагма күмбезі астында бос газ болуының

0012

Төмендегілердің қайсысының жедел аппендицит пен 12-елі ішектің перфоративті ойық жарасының ажырату диагностикасында анағұрлым маңыздылығы аз?

А) Бауыр тұйықтығының болмауы

B) Щеткин-Блюмберг симптомының анықталуы

+C) Анамнезінде гастрит пен ойық жараның болуы

D) Асқазан аймағында ауру сезімінің пайда болу сипаты

E) Диафрагманың оң жақ күмбезінің астында ауаны анықтау

 

0013

Төмендегілердің қайсысын жергілікті жансыздандырумен аппендэктомия жағдайында жасауға болады?

А) 10 жасқа дейінгі балаларда

B) Семіздігі бар науқастарда

C) Перитонитпен асқынғанда

+D) Асқынбаған аппендицит кезінде

E) Эмоциональді-лабильді науқастарда

 

0014

 Төменде көрсетілген ота тіліктердің қайсысы асқынбаған жедел аппендицитте қолданылады?

А) Леннандер бойынша параректальді

B) Орта-ортаңғы лапаротомия

+C) Мак- Берней нүктесі бойынша қиғаш

D) Төменгі ортаңғы лапаротомия

E) Жоғарғы ортаңғы лапаротомия

 

0015

Аппендэктомияның қай кезеңі барлық науқастарда міндетті емес болып табылады?

А) Операция тілігін таңдау

B) Құрсақ қуысының санациясы

+C) Құрсақ қуысын дренаждау

D) Құрттәрізді өсіндінің мобилизациясы

E) Құрттәрізді өсіндінің тұқылын өндеу

 

0016

32 апта жүктілігі бар 23-жасар әйел 6 сағат бойы хирургиялық бөлімшесіне жедел аппендицит күмәнімен жатқызылды.Динамикалық бақылаудағы уақыт аралығында асқазандағы ауру сезімі өзгеріссіз, жедел аппендицит жоққа шығарылған жоқ.

Осы науқасқа Сіз қандай тактиканы қолданғаныңыз анағұрлым орынды?

А) Лапароскопияны тағайындау

B) Динамикалық бақылауды жалғастыру керек

+C) Науқасқа жедел операция жасалуы тиіс

D) Босандыру және лапароскопия жасау керек

E) Жүктілікті үзу керек

 

0017

Жедел аппендициттің асқынуларына төмендегілердің қайсысы жатпайды?

А) Аппендикулярлы инфильтрат

B) Жайылмалы іріңді пенитонит

C) Құрсақ қуысының жергілікті абсцесстері

+D) Бүйрек веналарының тромбофлебиті

E) Қақпа вена тармақтарының тромбофлебиті

 

0018

Төмендегілердің қайсысы жедел аппендициттің операцияға дейінгі асқынуына жатады?

А)  Жедел пилефлебит

B) Жараның іріңдеуі

+C) Периаппендикулярлы абсцесс

D) Құрсақ қуысынан қан кету

E) Жабыспалы ішек өтімсіздігі

 

0019

Ер адам 72 жаста, хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іштің кебуіне, газ мен нәжістің шықпауына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 тәулік болды. Анамнезінде: МҚЖБ болған. Ұзақ уақыт іш қату мазалаған және салмақ жоғалтқан. Қаралмаған. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шылпыл шуылы естіледі, барлық бөлімдерде тимпанит, ішек перистальтикасы естілмейді. Дәрігер ішек өтімсіздігін байқады.

Науқастағы өтімсіздіктің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

+A) Айналма ішектің қабынуы

B) Жиек ішек дивертикулы

C) Тік ішектің ұстама процессі

D) Тік ішектің фитобезоаромен абтурациялау

E) Нейрогенді сипаты бар ішек жұмысының бұзылысы

 

0020

Төмендегілердің қайсысы жедел аппендициттің асқынуына жатпайды?

А) Құрсақ арты флегмона

B) Қақпа венасының тромбофлебиті

C) Аппендикулярлы инфильтрат

+D) Меккель дивертикулының қабынуы

E) Тікішек-жатыр кеңістігінің абсцессі

 

0021

Аппендикулярлы инфильтрат әдетте қай уақытта қалыптасады?

А) 1-2 тәулік

B) 2-3 тәулік

+C) 3-5 тәулік

D) 7-9 тәулік

E) 10-12 тәулік

 

0022

Жедел аппендициттің деструктивті түрі себебінен болған типті аппендэктомиядан кейін Дугласов кеңістігінің абсцессінің дамуының негізгі себебі?

А) Дәкелік тампонның қойылмауы

B) Антибиотикотерапияның болмауы

C) Құрсақ қабырғасын толық тігіп тастау

D) Антибиотиктерді аз мөлшерде тағайындау

+E) Құрсақ қуысының санациясын жүргізбеу

 

0023

Қандай жағдайда аппендэктомия жасалмай, тек дренаждау жасап операцияны бітіреді?

А) Абдоминальді сепсис кезінде

B) Жайылмалы перитонит кезінде

C) Науқастың жағдайы аса ауыр болғанда

+D) Тығыз аппендикулярлы инфильтрат кезінде

E) Диссеминирленген тамырішілік қан ұю кезінде

 

0024

46 жасар ер адамға жедел гангренозды аппендицит себебінен операция жасалған. Операциядан кейінгі 6 тәуліктен соң іштің төменгі жағындағы ауру сезімі, іш өту, қалтыраумен жоғарғы температура мазалай бастады, қандағы лейкоциттер 14,0х109. Науқаста қандай асқынудың дамығаны анағұрлым ықтимал?

A) Жедел пилефлебит

B) Диафрагма асты абсцесс

C) Жедел ішек өтімсіздігі

+D) Жамбастық абсцесс

E) Өсіндінің тұқылы тігістерінің тұрақсыздығы

 

0025

67 жасар әйелде оң жақ қабырға астындағы ауру сезімінен кейін 4-тәулікте тері мен көздің шырышты қабатының сарғаюы, қалтыраумен жоғарғы температура, әлсіздік пайда болды. Анамнезінде өт-тас ауруы. Қан анализінде лейкоциттер 11,4х109, жалпы билирубин 68 ммоль/л,тік билирубин – 43 ммоль/л, тік емес билирубин – 25 ммоль/л, зәрде өт пигменттері оң.

Осы науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

A) Жедел панкреатит

B) Жедел холангит

C) Өттік перитонит

+D) Перивезикальді абсцесс

E) Өт қабының перфорациясы

 

0026

 Төменде көрсетілген смптомдардың қайсысы оң жақтан бұғана үстінде төс-бұғана бұлшектінің аяқшаларының арасын басқанда аурусынудың пайда болуының себебі?

+А) Мюсси

 В) Мерфи

 С) Ровзинг

 D) Курвуазье

 Е) Воскресенский

 

0027

Төменде көрсетілгеннің қайсысы жедел холециститтің консервативті терапиясының кешенді еміне кірмейді?

А) Антибиотиктерді тағайындау

 В) Спазмолитиктерді тағайындау

 С) Бауырдың жұмыр байламының блокадасы

 D) Оң жақ қабырға асты аймағына суық басу

 +Е) Оң жақ қабырға асты аймағына жылу басу

 

0028

Постхолецистэктомиялық синдромның қай себебі бірінші болған оперативті емнің ақауымен байланысты болады?

А) Түбінен жасалған холецистэктомия

В) Шағын тілікпен жасалған холецистэктомия

+С) Жалпы өт өзегінде резидуальді тас

D) Өт кабының өзегін кетгутпен байлау

Е) Өт кабының өзегін капронмен тігу

 

0029

Қысылған жарық өздігінен қайта жазылса, хирург тактикасы қандай болуы тиіс?

A) Лапароцентез жасау

B) Тазалағыш клизма жасау

C) Науқасты емханаға жіберу

+D) Стационар жағадйында науқасты бақылау

E) Лапаротомия, құрсақ қуысының қарап тексеру

 

0030

Ер адам 28 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа іштің жабық жарақатынан 3 сағаттан кейін, іштегі ауру сезімімен жеткізілді. Іштегі ауру сезіміне шығымданды. Қарап тексергенде: келесі симптомдар анықталды: науқас мәжбүрлі қалыпта (тізесін ішіне қарай тартқан), іші кернелген, тыныс алуға қатыспайды, бауыр тұйықтығы анықталмайды.

Осы науқаста клиникалық көрініс немен шақырылған?

A) Бауырдың жыртылуымен

B) Көкбауырдың жыртылуымен

+C) Қуысты мүшенің жыртылуымен

D) Диафрагманың жыртылуымен

E) Құрсақ қуысына қан кетумен

 

0031

Әйел адам 69 жаста хирургиялық бөлімшеге механикалық сарғаю, деструкті холецистпен жатқызылды.Дайындықтан кейін операцияға алынды. Операция кезінде хирург дәрігер холецистэктомияны, холодехотомияны, 2 ірі тастарды алып тастап және проксималды бағытта холедох дренажын орнатты. 

Осы жағдайда дәрігер қандай сыртқы дренаж түрін орындады?

A) Кер

B) Долиотти

+C) Вишневский

D) Прадери-Смитт

E) Холстедт-Пиковский

 

032

Ер адам 63 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішінің ұстамалы түрде ауруына, іштің кебуіне, үлкен дәретінің болмауына шағымданды. Ауырғанына 4 тәулік болған. Өзінің ауырғандығын сүт өнімдерін пайдаланғандығымен байланыстырады. Қарау барысында: іші кепкен, ассиметриялы, перкуторлы дыбыста тимпанит жоғары, ішінде көкшіл таңбалар байқалады, ішектің перситальтикасы естілмейді.

Науқаста қандай алдын ала диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Жедел аппендицит;

B) Жедел панкреатит;

C)  Асқазанның тесілген жарасы;

+D) Ішектің тарылуы;

E) Тағамдық токсикоинфекция;

 

0033

Ер адам 67 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іштің кебуіне, нәжістің шықпауына шағымданып түсті. Ауырғанына 5 тәулік болды. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шылпыл шуылы анықталады, барлық бөлімдерінде жоғары тимпанит, перистальтика естілмейді. Науқасқа консервативті ем кешені жасалуда. Сифонды клизма жасағанда 0,5 л сұйықтықтан артық енгізу мүмкін емес.

Осы симптом автор бойынша қалай аталады?

+A) Цеге - Мантейфель

B) Спасокукоцкий

C) Скляров

D) Шланге

E) Валь

 

0034

Егде және қарт жастағы адамдарда біріншілік гангренозды холециститтің дамуы немен байланысты?

A) Қосалқы созылмалы гепатитпен

B) Қақпа жүйесінде жоғарғы қысыммен

+C) Өт қабының қанайналымының бұзылуымен

D) Гепатикохоледохтың терминальді бөлігінің бөгеті

E) Қақпа жүйесінде лимфа айналымының бұзылуымен

 

035

Қабылдау бөлімшесіне хирургқа 45 жастағы әйел адам оң жақ қабырға астының ауру сезімен, жүрегінің айнуына, және құсуға шағымданды түсті. Жедел ауырған. Анамнезінде: 3 жыл бойына калькулезды холециститтен зардап шегуде. Қарау барысында тері жабындысы қалыпты түсінде, дәрігер пальпациялау барысында өт қапшығының ұлғайғандығын анықтады.

Төменде аталғандардың қайсысы өт қабының ұлғайуына әкеп соққан?

A) Холецисто және холедохолитиаз;

B) Гепатикохоледохтың жедел топтамасы;

+C) Өт қапшығының жедел топтамасы;

D) Оң жақ бауыр өзегінің жедел топтамасы;

E) Сол жақ бауыр өзегінің жедел топтамасы

 

0036

Төменде көрсетілгеннің жағдайдың қайсысы эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография көрсетілмеген?

A) Себебі белгісіз сарғаю кезінде

+B) Паренхиматозды сарғаю кезінде

C) Бауырдан тыс өзектердің кеңеюі кезінде

D) УДЗ нәтижелері бойынша холедохолитиазға күмәнданғанда

E) Бауырдан тыс және бауыр ішілік өзектердің кеңеюі кезінде

 

0037

Науқас С. 27 жаста, оң жақ кысылған шап жарығы анықталды. Операция кезінде жарық қабында жіңішке ішектің екі ілмегі анықталды, өмірге қабілетті деп бағаланды. Екі ілмек те құрсақ қуысына енгізілді, шап каналына Жирар-Спасокукоцкий бойынша пластика жасалды.

Осы жағдайда хирург тағы не жасауы тиіс еді?

A) Ішек декомпрессиясын жасау

B) Құрсақ қуысының дренаждауын жасау

C) Шап каналының басқа пластикасын таңдау

+D) Ішектің аралық ілмегін қарап тексеру

E) Жіңішке ішектің шажырқайына новокаиннің 0,25% ерітіндісін енгізу

 

0038

67 жастағы ер адам іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш кебуіне шағымданады. Ауырғанына 2 тәулік болды. Анамнезінен: ұзақ уақыт бойы іш қату мазалайды, 10 кг-ға жүдеген. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, барлық бөлімдерінде тимпанит, перистальтикалық шулар аса әлсіреген.

Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші орында орындалуы тиіс?

A) Жедел ирригоскопия

B) Диагностикалық лапароскопия

C) Биопсиямен колоноскопия

D) Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ

+E) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

 

0039

Ер адам 64 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, жүрек айну, құсу, әлсіздікке шағымданып, жатқызылды.. Анамнезінде 1 апта бойы ауырған. Қарап тексергенде: ауру сезімі және интоксикация синдромдарына, су-электролит бұзылыстарына байланысты жалпы жағдайы ауыр. Ішті қарап тексергенде Валь, Шланге, Скляров, Спасокукоцкий симптомдары оң.

Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

A) Жедел панкреатит

B) Жедел холецистит

C) Асқазанның тесілген ойық жарасы

D) Жатырдан тыс жүктілік

+E) Жедел ішек өтімсіздігі

 

0040

Төменде көрсетілген оталардың қайсысы 12 елі ішектің тесілген ойық жарасы кезінде ең жиі қолданылады?

A) Асқазанның 2/3 резекциясы

+B) Тесілген ойық жараны тігу

C) Бағаналы ваготомия және тігу

D) Ойық жараны кесіп алу және тігу

E) Бағаналы ваготомия және пилоропластика

 

0041

43 жастағы ер адам жедел іріңді калькулезді холецистит себебінен холецистэктомия опрациясынан кейін, өт жолына сүрмеленіп 3 тәулікте қойылған дренаж бойынша өттің мол шығарылуы байқалды.

Төменде көрсетілгеннің қайсысы науқаста өттің мол шығуына себепші болған?

A) Іріңді холангиттің дамуы

+B) Өт қабының тұқылынының герметикалық еместігі

C) Операциядан кейінгі панкреонекроздың дамуы

D) Көлденең тоқ ішек қабырғасының зақымдануы

E) Он екі елі ішек қабырғасының зақымдануы

 

0042

Ер адам 56 жаста жедел деструктивті калькулезді холецистит себебінен болған операция кезінде науқаста өт қабы мойны аймағында щарбымаймен оралған тығыз инфильтрат анықталды.

Қандай операция түрі анағұрлым орынды осы жағдайда?

A) Холецистостомия

B) Холецистоэнтеростомия

+C) Түбінен холецистэктомия

D) Холедоходуоденостомия

E) Мойнынан холецистэктомия

 

0043

26 жасар ер адам ауырғанынан 4 тәулік өткенде хирургиялық бөлімшеге аппендикулярлы инфильтратпен жатқызылды. 2 тәуліктен кейін ауру сезімі күшейді, 39,70С дейін температураның жоғарлауы, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік байқалды. Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі кезінде 3,0х2,7 см сұйықтықты түзіліс анықталды.

Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым оңтайлы?

A) Қор (резерв) антибиотиктерін тағайындау

B) Инфильтрат пункциясын жасау

+C) Жедел операция  жасау

D) Плазмаферез тағайындау

E) Тымырішкілік инфузия көлемін көбейту

 

0044

 Ер адам 75 жаста лапаротомия кезінде деструктивті холецистит анықталды. Гепатодуоденальді байлам ісінген, мойын аймағындағы қабыну инфильтратына байланысты өт қабы өзегі, артерия ажыратылмайды. Операция кезінде өт қабының өзегі мен артериясын бөліп жатқанда холедохтың қабырғасы зақымданған.

Осы жағдайда төменде көрсетілгеннің қайсысын міндетті тұрде қолдану керек?

A) Кез келген жағдайда холецистэктомияны өт қабы мойнынан жасау

+B) Холецистэктомияны өт қабы түбінен жасау

C) Холецистостома салып операцияны аяқтау

D) Жалпы өт өзегін дренаждаумен шектелу

E) Өт қабы пункциясын жасау

 

0045

Әйел адам Е.; 65 жаста хирургиялық бөлімшеге ауырғанына 2 тәулік өткеннен соң перитонит клиникасымен жатқызылды. Лапаротомия кезінде науқаста бүкіл құрсақ қуысында серозды бөлініс, үлкен шарбыда, шарбы қалтасында, ұйқы безі денесінде стеатонекроздар анықталды. Ұйқы безі ісінген, көлемі үлкейген.

Ұйқы безінің осы патоморфологиялық өзгерістері немен байланысты?

A) Жедел панкреатиттің ісінген түрімен

B) Инфицирленген панкреонекрозбен

C) Геморрагиялық панкреонекрозбен

D) Панкреатогенді абсцесспен

+E) Майлы панкреонекрозбен

 

0046

56 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа ауыр жағдайда іштегі айқын ауру сезіміне, құсуға, әлсіздікке шағымданып түсті. 3 тәулік бойы ауырған. Анамнезінен: 2 тәулік бойы алкоголь қабылдаған. Қарап тексергенде: пальпация кезінде іші жұмсақ, эпигастрия аймағында қатты ауырсыну байқалады, пульс 100 соғу 1 мин., АҚ 100/70, лейкоциттер 11,0х109, температура 37,60С, диастаза 512 Бірлік, қан амилазасы 268 ммоль/л.

Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) 12 елі ішек перфоративті ойық жарасы

B) Жедел деструктивті холецистит

+C) Жедел панкреатит

D) Ішімдік сурагаттарымен улану

E) Жедел токсикалық гепатит

 

0047

Панкреонекроз кезінде полиорганды жетіспеушілік дамуы мен жүйелі гемодинамиканың бұзылуының анағұрлым ықтимал себебі қандай?

+A) Калликреин-кинин жүйесінің және цитокиндердің белсенденуі

B) Протеолиттік ферменттер белсенденуі

C) Липолиттік ферменттердің белсенденуі

D) Ішкі секреция бездерінің қызметінің белсенденуі

E) Үдемелі эндогенді интоксикация

 

0048

35 жасар ер адам хирургияның қабылдау бөліміне әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске шағымданып келді. Жағдайы нашарлағаннан 1 апта бұрын науқасты эпигастрий аймағындағы ауру сезімі мазалаған, алмагель ішкен.

Осы жағдайда төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы анағұрлым мәліметті?

A) Асқазанды зондтау

B) Диагностикалық лапароскопия

C) Құрсақ қуысының рентгенографиясы

+D) Фиброэзофагогастродуоденоскопия

E) Өңеш, асқазан және он екі елі ішек рентгеноскопиясы

 

0049

58 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа ас ішкеннен кейін құсуға, әлсіздікке, тырысуларға, дене салмағының азаюына шағымданып түсті. 12 елі ішек ойық жарасымен 18 жыл ауырады.

Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым мәліметті?

A) Қышқылдық пен рН анықтаумен асқазанды зондтау

B) Эзофагогастродуоденоскопия және толық қан талдауы

C) Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі және жалпы белокты анықтау

+D) Асқазан рентгеноскопиясы, плазманың электролиттік құрамын анықтау

E) Құрсақ қуысының рентгенографиясы және коагулограмманы анықтау

 

0050

28 жасар ер адам жуықта хирургияның қабылдау бөліміне іштің ауру сезіміне шағымданып келгенде үйіне қайтарылған.18 сағаттан кейін тесілген ойық жара, перитонит клиникасымен қайта түсті. Дәрігер ойық жарақатты тұжырымдап, бос газы бар, құрсақ қуыс рентгенографиясын тағайындады.

Перфоративті жараның қандай түрінде диагностикада қателіктер неден туындайды?

A) Бос құрсақ қуысына перфорациясы

+B) Аузы жабылған және шарбы қалтасына тесілгенде

C) Перфорацияның қан кетумен қосарланғанда

D) Перфорацияның қалтқы стенозбен қосарланғанда

E) Ойық жара перфорациясы мен малигнизациясы қосарланғанда

 

0051

Тесілген ойық жаралар ең жиі қай жерде орналасады?

A) 12 елі ішектің артқы қабырғасы

+B) 12 елі ішектің алдыңғы қабырғасы

C) Асқазанның кіші иіні

D) Асқазанның үлкен иіні

E) Асқазанның түбі

 

0052

34 жасар ер адам хирургияның қабылдау бөліміне жайылмалы перитонит клиникасымен ауыр жағдайда жеткізілді. 1 тәулік бұрын эпигастрий аймағында қатты ауру сезімі, суық тер болған, бірақ бірнеше сағаттан кейін ауру сезімі басылған. Дәрігерге бармаған.

Осы науқаста перитониттің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Жедел аппендицит

+B) Тесілген ойық жара

C) Жедел панкреатит

D) Қысылған жарық

E) Ішек өтімсіздігі

 

0053

Ішек өтімсіздігінің странгуляциялық түрінде төмендегілердің қайсысы бірінші дамиды?

A) Ішектің сіңіріп алу қызметінің бұзылуы

+B) Ішек қабырғасының қанайналымының бұзылуы

C) Ішек қабырғасының лимфа ағысының бұзылуы

D) Ішектің эвакуаторлы қызметінің бұзылуы

E) Ішек қабырғасының нервтенуінің бұзылуы

 

0054

69 жасар ер адам, хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іштің кебуіне, газ мен нәжістің шықпауына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 тәулік болды. Анамнезінде: МҚЖБ болған.Соңғы уақытта іш қату мазалаған және салмақ жоғалтқан. Қаралмаған. Жоғарыда айтылған шағымдармен стационарға келді. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шылпыл шуылы естіледі, барлық бөлімдерде жоғары тимпанит, ішек перистальтикасы естілмейді. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші орындалуы тиіс?

A) Жедел ирригоскопия

B) Диагностикалық лапароскопия

C) Ректороманоскопия

D) Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ

+E) Құрсақ қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы

 

0055

Патофизиологиялық өзгерістер ішек өтімсіздігінің клиникалық симптомдарын: шөлдеу, терінің құрғауы, АҚ түсуі, олигоурияны шақырады.

Осы өзгерістердің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Ішекте механикалық кедергі

B) Ішектің динамикалық бұзылыстары

+C) Дамыған гиповолемия және дегидратация

D) Ішек қанайналымы мен нервтенуінің бұзылуы

E) Ішек реабсорбциясының бұзылуы

 

0056

25 жасар ер адам хирургия бөлімшесіне іштегі толғақ тәрізді қатты ауру сезімі, құсу, нәжіс пен газдың шықпауы деген шағымдармен жатқызылды. Спорт жаттығулары кезінде жедел ауырған. Анамнезінде аппендэктомия. Қарап тексергенде: науқас мазасыз, түрі боз, суық термен жамылған. Пульс 100 рет 1 мин., АҚ 100/70. Іші керілген, ауру сезімді. Рентгенограммада көптеген деңгейлер мен Клойбер табақшалары. УДЗ кезінде ішектің ілмегтері ұлғайған, құрсақ қуысында 400 мл дейін бос сұйықтық байқалды.

Осы жағдайда анағұрлым оңтайлы емдік тактика қандай?

A) Асқазан-ішек жолының бариймен рентгеноскопиясын жасау

B) Сифонды клизма жасау және динамикада бақылау

+C) Операция алды дайындық және жедел операция

D) Үнемі аспирациямен асқазанды зондтау

E) Диагностикалық лапароскопия жасау

 

0057

76 жасар әйел адам, хирургиялық бөлімшеге іштегі ауру пайда болғанына 10 сағаттан кейін ауру сезіміне, ауыз кебуі мен бірнеше рет іш өтуіне шағымданып түсті. Анамнезінде: ИЖА, АГ. Қарағанда: тілі құрғақ, науқас мазасыз, акроцинозы бар, пульс минутына 110 рет, АҚ 90/60. Қан анамнезінде: лейкоциттер29,0х109. Құрсақ қуыс рентгенограммасында: тік ішекте ауа бар.

Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Жедел панкреатит; 

B) Асқазаның тесілген жарасы;

C) Тамақ токсикоинфекциясы;

D) Жедел ішек өтімсіздігі;

+E) Мезентериальді қантамыр тромбозы;

 

0058

79 жасар әйелде операция кезінде бүкіл жіңішке ішектің және тоқ ішектің оң бөлігінің ишемиялық некрозы анықталды.

Ішектегі осы өзгерістердің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Төменгі шажырқай венасының тромбоэмболиясы

B) Төменгі шажырқай артериясының тромбоэмболиясы

+C) Жоғарғы шажырқай артериясының I сегмент деңгейінде тромбоэмболия

D) Жоғарғы шажырқай артериясының II сегмент деңгейінде тромбоэмболия

E) Жоғарғы шажырқай артериясының III сегмент деңгейінде тромбоэмболия

 

0059

43 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа әлсіздікке, бас айналуға, кофе тұнбасы тәрізді құсуға шағымданып жеткізілді. Ауырғанына 1 тәулік болған.

Қан кету фактісін орнату үшін қандай зерттеу түрі бірінші кезекте жасалуы тиіс?

A) Жалпы қан анализі

B) Асқазанды зондтау

C) Коагулограмманы зерттеу

D) Альговершок индексін анықтау

+E) Тік ішекті саусақпен зерттеу

 

0060

49 жасар әйел хирургиялық бөлімшеге қатты әлсіздікке, қанмен құсуға, қара нәжіске шағымданып жеткізілді. Анамнезінде 5 жыл бойын 12 елі ішектің ойық жарасымен ауырады. Эндоскопиялық зерттеу кезінде асқазанда жаңа қан, 12 елі ішектің артқы қабырғасында өлшемдері 1,5х1,0 см болатын, сорғалап жатқан қан кетумен асқынған ойық жара.

Осы науқаста анағұрлым дұрыс емдік тактикасы қандай?

A) Асқазанға зонд қою, суық сумен жуу

B) 2 сағаттан кейін эндоскопиялық бақылау жасау

C) Гемостатикалық терапия жүргізу

+D) Шұғыл операция жасау

E) Операцияны жеделдетілген түрде өткізу

 

0061

49 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа әлсіздік, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінде: 1 апта бойы алкоголь қабылдаған. 7-тәулікте үйінде көп реттік құсу болғанын айтады. Түскеннен 3 сағат бұрын қан аралас құсу және қара нәжіс болады. 

Бұл жағдайда қанкетудің негізгі себебі болуы анағұрлым ықтимал?

A) Асқазанның немесе 12 елі ішек ойық жарасы

B) Өңештің варикозды кеңейген веналары

C) Эрозивті-геморрагиялық гастрит

+D) Мэллори-Вейсс синдромы

E) Рефлюкс-эзофагит

 

0062

Қабылдау бөліміне хирургқа 34 жасар ер адам асқазан-ішек жолынан қан кету клиникасымен жеткізілді. Шұғыл ЭФГДС кезінде жалғасып жатқан қан кету көзі ретінде өңештің төменгі үштен бір бөлігіндегі 1-2 деңгейі варикозды кеңейген веналар анықталды.

Осы жағдайда анағұрлым бірінші кезекте жасалынатын емдік тактика қандай?

A) Торакотомия, эзофаготомия, оңештің варикозды кеңейген тамырларын тігу

B) Портокавальді анастомоз салу

C) Консервативті ем жүргізу және бақылау

+D) Сенстакен-Блейкмор зондын орнату

E) Гастротомия, оңештің варикозды кеңейген тамырларын тігу

 

0063

78 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа жайылмалы перитонит клиникасымен ауыр жағдайда жеткізілді. Зерттегеннен кейін және операция алды дайындық жүргізгеннен кейін операцияға алынды. Лапаротомия кезінде 12 елі ішектің алдыңғы қабырғасында ойық жара анықталды, 1,0 см дейін перфоративті тесігі және 2 см дейін қабыну аймағы бар, жайылмалы фибринді-іріңді перитонит. Тесікті тігуге талпынғанда тігістер қиып кетті.

Осы жағдайда қандай операция түрі анағұрлым тиімді?

A) Бильрот-2 бойынша асқазан резекциясы

+B) Тесікті Поликарпов бойынша тігу

C) Тесікті бір қатар тігіспен тігу

D) Джадд бойынша пилоропластика ваготомиямен бірге

E) Гейнеку-Микулич бойынша пилоропластика, ваготомия

 

0064

48 жасар ер адам ауру басталғаннан 4 сағаттан кейін тесілген ойық жара клиникасымен түрде хирургиялдық бөлімшеге жатқызылды. Анамнезінде 3 жыл бұрын қан кету болған. Лапаротомия кезінде асқазан ойық жарасы анықталды, 0,8 см перфоративті тесігі және 2,5 см дейін қабыну аймағы бар.

Осы жағдайда қандай операция түрі анағұрлым тиімді?

A) Тесілген ойық жараны тігу

B) Антрумэктомия ваготомиямен бірге

С) Ваготомиямен бірге тесілген ойық жараны тігу

D) Ваготомиямен бірге ойық жараны кесіп алып тастау

+E) Асқазанның 2/3 бөлігінің Бильрот-II бойынша резекциясы

 

0065

44 жасар ер адамға 12 елі ішектің тесілген ойық жарасы себебінен операция жасалған. Зондты алғаннан кейін 3-тәулікте науқаста іштегі қатты ауру сезімі және перитонит белгілері пайда болды.

Осы жағдайда анағұрлым дұрыс тактика қандай?

A) Жедел лапароскопия жасау

B) Асқазанға қайта зонд қою

С) Анализдер алып, динамикада бақылау

+D) Релапаротомияны жасау

E) Инфузионды терапия тағайындау

 

0066

62 жасар әйел ауырғаннан 3 тәуліктен кейін жедел холецистит клиникасымен хирургиялық бөлімшеге түсті. Қанныі зерттеуінде: лейкоциттер 18000*89, дене температурасы 380.Өт қабының ультрадыбыстық зерттеуінде конкременттер анықталды, өт қабының қабырғасы қалыңдаған, қос қонтур пайда болған.

Осы жағдайда анағұрлым дұрыс емдік тактика қандай?

A) Диагностикалық лапароскопия жасау



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2021-05-27; просмотров: 129; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.218.48.62 (0.387 с.)