Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Шектелген рак алды гиперкератозыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
*** 56 жастағы науқас тістер арасындағы саңылаудың болуына, кейде қызыл иектің қанағыштығына, тістердің қозғалғыштығына, ыңғайсыздық сезімге шағымданады. Объективті: көп көлемді тіс шөгінділері анықталады, зондтағанда қызыл иек оңай қанайды, қызыл иек жиектері және бүртіктерінің тегіс емес атрофиясы, тіс түбірі ұзындығының 1/3 бөлігіне дейін жалаңаштануы, 3.1, 1.6 тістердің 1-2 дәрежелі қозғалғыштығы анықталады. Пародонтальды қалталардың тереңдігі 5 мм-ге дейін.Келтірілген клиникалық белгілері қай ауруға тән деп ойлайсыз:// Созылмалы жайылмалы пародонтит, ауыр дәрежесі// Жеңіл дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі// Созылмалы жайылмалы пародонтиттің жеңіл дәрежесі// Гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі// +Орташа дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтит *** 27 жастағы науқас ауыз бұрышындағы ұзақ уақыт бойы жазылмайтын тілікке шағымданады. Көп темекі шегеді. Тексергенде: ауыздың сол жақ бұрышындағы тілік пальпациялағанда ауырмайды, негізінде тығыз шеміршек тәрізді инфильтрат бар. Ұрт кілегейінде-беті ақ тырналған, диаметрі 1,0 см-ге дейін ірі папулалар. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді:// Стрептококты ұшық// +Екіншілік мерез// Қызыл жалпақ теміреткі// Кандидозды ұшық// Таппейнер лейкоплакиясы *** 55 жастағы науқас төменгі жақ тістер сауыттарының ақауына шағымданады. Объективті: 3.6, 3.5, 3.4, 4.4, 4.5, 4.6 тістер вестибулярлы бетінің мойын аймағында дентин деңгейінде қабырғалары бұрыш түзетін ақаулар бар. Ақау беттері тегіс, жалтырланған. Зондтпен шұқығанда ауырмайды. Келтірілген клиникалық белгілері қай ауруға тән деп ойлайсыз:// +Сына тәрізді ақау// Тіс қатты тіндерінің эрозиясы// Беткейлік кариес// Орташа кариес// Тіс қатты тіндерінің өліеттенуі *** Тіс дәрігері түбір өзегін эндодонтиялық өңдеу үшін түбір өзегінің қабырғасына декальцинация әсері бар ерітіндіні қолданды. Дәрігер қандай препаратты таңдап алды:// 0,6% хлоргексидин ерітіндісі// 10% кальций глюконат// 3% сутегінің асқын тотығы// 37% ортофосфор қышқылы ерітіндісі// +10% ЭДТА ерітіндісі *** Науқастың орта тісжегіні емдеуде тісжегі қуысы егеп тазаланды, медикаментозды өңделді, аралық төсем қойылды, адгезия жүйесі жағылды, жарықпен кептірілді, қуыс тұрақты пломбалық материалмен жабылды. Пломбылық материалдың әр бір қабаты галогенді сәулемен кептірілді, тегістелді, өңделді. Емдеу барысында қай кезең орындалмады:// емдік төсемнің қойылуы// +кондиционерлеу// праймер жағуы// адгезив жағуы// фторлак жағуы *** 36 тістің шайнау бетінде үлкен көлемді, терең тіс жегі қуысы бар, тереңдігі 4-5мм. Тіс дәрігер тіс жегі қуысты егеп тазалады, медикаментозды өңделді, табанына емдік төсем, сосын аралық төсем қойылды, эмаль және дентин кондиционерленді, адгезия жүйесі жағылды, сәулемен кептірілді, тұрақты пломбылық материалды бір порциямен апарып қуысты жапты, тегістеді, өңделді. Дәрігер емдеу барысында қай кезеңді дұрыс орындамады:// аралық төсем тіс жегі қуысының қабырғасына қойылмады// емдік төсемді қоюдың қажеті жоқ// праймер жағылмады, кептірілмеді// адгезия жүйесі жағылмады, кептірілмеді// +пломбылық материал бірнеше порциямен апарылмады *** Науқастың жасы 37. Төменгі жақ тістің сыздап ауратынына шағымданады. Ауру сезімі тістегенде күшейе түседі. Бір апта бұрын тісте мышьяк қойыртпағы қалдырылған, екі күннен кейін қабылдауға келмеді. Қарап тексергенде 4.6 тісте уақытша пломба сақталған, қағып тексергенде ауру сезімі бар, тіс аймағындағы шырышты қабат аздап ісінген, қызарған. Тісті емдеу барысында түбір өзектерін медикаментозды өндеу үшін және мақта білігін өзек ішіне қалдыру үшін қандай препараттарды қолдану қажет:// сутегінің асқын тотығының 3% ер-сі// 1% трипсин ер-сі// +1% иодинол ер-сі// 10% ЭДТА ер-сі// 5% гипохлорид ер-сі *** Науқастың жасы 32, дәрігерге 3.6 тісінің температуралық тітіркендіргіштердің әсерінен ауыратынына шағымданады. Клиникалық тексерулерден кейін науқасқа 3.6 тісінің терең тіс жегіcі диагнозы қойылды. Тіс дәрігер терең тіс жегіні емдеу барысында аралық төсем ретінде құрамында фтор ионы бар материалды қолдануды дұрыс көрді.Дәрігер қандай материалды таңдап алуы тиіс:// +Кавитан// Силицин// Фосфат-цемент// Дайкал// Белацин *** Тіс дәрігер тіс түбір өзегін пломбылау кезінде пломбалық материалды түбір ұшы тесігінен шығарып жіберді. Бұл асқынуға не себеп болды:// өзек қабырғасы перфорациясы// өзекте құралдың сынып қалуы// тіс қуысы табанының перфорациясы// тіс қуысының толық ашылмауы// +анатомиялық тесіктің шамадан тыс кеңейту *** Тұрақты пломбаның ұзақ мерзімді сақталуына үлкен ықпалын тигізетін тіс жегісін емдеудің ең маңызды кезеңі:// +Тіс жегі қуысын пішіндеу// Тіс жегі қуысын ашу// Тіс жегі қуысын кеңейту// Аралық төсем қою// Тіс жегі қуысын жуу *** Тіс дәрігер 3.6 тісті ұлпа қабыну диагнозымен емдеу үшін жансыздандырылу жасалды, егеп тазалады, тіс қуысын ашты, сауыт ұлпасын алды, медикаментозды өңдеу жасалды. Сосын емдік пен аралық төсем, тұрақты пломбасы қойылды. Ұлпа қабынуын қай әдіспен емделді:// девитальды экстирпация// +витальды ампутация// консервативті// аралас// Витальды экстирпация *** Науқастың 3.5 тісте гранулематозды периодонтит, тістің түбір ұшында сүйек деструкциясы байқалады (гранулема). Түбір өзегін пломбылау үшін қандай пломбылық материалды таңдайсыз:// +Биокалекс // фосфат цемент// цинк эвгенол пастасы// резорцин формалин пастасы// Антибиотик негізінде *** Науқас Н., 36 жасар сол жақ төменгі жақ аймағында жылан көзі барына, ірің бөлініп тұратындығына шағымданып емханаға түскен. Анамнезден: 2 ай бұрын зақымдану алған, көмекке қаралмаған. Төменгі жақ асты аймағында ауыру сезімін байқап 2-3 аптадан кейін өздігінен қайтқан. Объективті: сол жақ төменгі жақ асты аймағында жылан көз байқалады, грануляцияға толы, ірің бөлініп тұр. Аузын ашуы қалыпты. Ауыз қуысында: 36-37 тістер аралығындағы қызыл иекте тыртықталған жара. 36-37 тістер аралығындағы сүйек қозғалғыш. Болжамалы диагноз:// төменгі жақ асты абсцесі// төменгі жақ асты флегмонасы// жақтың жедел остеомиелиті// жеделдеу остеомиелит// +созылмалы остеомиелит *** Науқасты қарағанда 25, 26 тістер аралығында қатты таңдайда шар тәріздес ісік бар,ортасында флюктуация анықталады. Болжамалы диагноз:// +жоғарғы жақтың іріңді приоститі// жедел іріңді периодонтит// жоғарғы жақтың жедел остеомиелиті// жедел үсті остеомиелит// өршіген созылмалы периодонтит *** 35 жасар науқас А. жол танспорттық апаттынан кейін жедел жәдем көмегімен жеткізіліп бет-жақ хиругиясына шұғыл ретте жатқызылған, шағымдары бетінің ауыру сезімі, ісуі, ауызын шектеулі ашуы. Бас ауру және бас айналу, лоқсу мен құсу. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Екі жақтық пароорбитальды гематомасы. Диагностикалық қарауда: басты игенде мұрыннан сұйықтық ағуының күшеюі байқалады. Қандай ем анағұрлым қолданылады:// Васильев шендеуіші// Порт шендеуіші// +Збарж аппараты// Тигерштедт шендеуіші// Остеосинтез *** Науқас Б., 32 жасар бет-жақ хиругиялық бөлімшесіне қаралған, шағымдары ауыру сезімінің жұтыну кезінді пайда болуы, ауызының шектеліп ашылуы, тістесуінің бұзылуы, ас шайнай алмауы. Анамнезден белгісіз адамдар соғып-сабап кеткен. Есін жоғалтпаған, лоқсу мен құсу болмаған. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Ауыз ашуының шектелуі II дәрежелі. Жақ бұрышында "басып тексеру" симптомы оң нәтиже береді. Анағұрлым қолданылатын тексеру әдісі:// мұрын қосалқы қуыстары рентгенографиясы// +бет қаңқасы сүйектерінің рентгенографиясы// жақтың аксиалды проекциясындағы рентгенографиясы// компьютерлік томография// Эхоэнцефалография *** Науқас Б., 32 жасар бет-жақ хиругиялық бөлімшесіне қаралған, шағымдары ауыру сезімінің жұтыну кезінді пайда болуы, ауызының шектеліп ашылуы, тістесуінің бұзылуы, ас шайнай алмауы. Анамнезден белгісіз адамдар соғып-сабап кеткен. Есін жоғалтпаған, лоқсу мен құсу болмаған. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Ауыз ашуының шектелуі II дәрежелі. Жақ бұрышында "басып тексеру" симптомы оң нәтиже береді. Анағұрлым қолданылатын емдеу әдісі:// Померанцев-Урбанская шендеуіші// Збарж шендеуіші// Фальтин- Адамс бойынша бекіту// +Тигерштедт шендеуіші// Тікелей емес остеосинтез *** Науқас М., 23 жасар сол жақ бетінің тұрақты, қиналтып, ашытып ауыру сезіміне шағымданып түскен. Анамнезінен: 2 сағат бұрын ыстық будан күйген. Объективті: сол жақ бет терісінің қызаруы байқалады, шеттерін таза-сары сұйықтығы бар көпіршіктер қоршаған. Ауыру сезімі сақталған. Анағұрлым қолданылатын емдеу әдісі:// +жегілікті ем// антибактериалды ем// дезинтоксикациялық ем// сенсибилизацияға қарсы ем// Гемодиализ *** Науқас С., 21 жасар бет аймағының ауыруын, ұйып қалу сезіміне, ісінуіне, оң көзінің екі еселеніп көруіне және аузының шектеліп ашуына шағымданып түскен. Анамнезінен: 2 күн бұрын соққы алған, есін жоғалтпаған. Объективті: бет аймағы жұмсақ тінінің ісінуінен бет асимметриясы байқалады, терісі қалыпты. Саусақпен басып тексергенде ауырады, көз ұяшығының төменгі қырының біркелкілігі бұзылған. Ауызының шектеліп ашылуы 2,5см-ге дейін. Бұл ақауда анағұрлым қолданылатын оперативтік емдеу әдісі:// остеосинтез// екі жақтық шендеу// Адамс бойынша ілу// +суйектер репозициясы// қанқалы орнына тарту *** Науқас М., 72 жасар мұрынының бір жақ бетінде ұзақ жазылмайтын жарасын шағымданып емханаға қаралған. Анамнезден: жарасының пайда болғанына 3-4 жыл болған, бәсең ұлғайған, ертеректе қабылдаған консервативтік емнен оң нәтиже болмаған. Объективті: мұрынының оң жақ үстіңгі бетінде эрозия бар, ортасы суланған, кей жерлерінде қабыршақтанған. Эозия кеңінен таралған, инфильтрация белгілерінсіз. Анағұрлым қолданылатын емдеу әдісі:// химиялық терапия// +сау тіндер аумағында кесіп алу// сәулелі терапия// дермобразия// Консервативтік емдеу *** Науқас Н., 36 жасар сол жақ төменгі жақ аймағында жылан көзі барына, ірің бөлініп тұратындығына шағымданып емханаға түскен. Анамнезден: 2 ай бұрын зақымдану алған, көмекке қаралмаған. Төменгі жақ асты аймағында ауыру сезімін байқап 2-3 аптадан кейін өздігінен қайтқан. Объективті: сол жақ төменгі жақ асты аймағында жылан көз байқалады, грануляцияға толы, ірің бөлініп тұр. Аузын ашуы қалыпты. Ауыз қуысында: 36-37- тістер аралығындағы қызыл иекте тыртықталған жара. 36-37 тістер аралығындағы сүйек қозғалғыш. Анағұрлым қолданылатын қосымша тексеру әдісі:// УЗИ- диагностика// +рентгендік әдіс// диафоноскопия// компьютерлік томография// магниттік- резонанстық томография *** Жедел одонтогенді іріңді лимфаденит кезінде анағұрлым қолданылатын емдеу әдістері:// лимфа түйіні орналасқан аймақтың терісін кесу, бактерияға қарсы терапия// себепші тісті жұлу, лимфа түйіні пункциясы, бактерияға қарсы терапия// +себепші тісті жұлу, іріңді ошақты ашу, бактерияға қарсы терапия// лимфа түйіні орналасқан аймақтың терісін кесу және антибиотиктерді эндолимфатикалық енгізу// себепші тісті жұлу, лимфа түйіні айналасына 0,5% новокаин ерітіндісін енгізу *** Дәрігер тістерді жұлу үшін анағұрлым қолданылатын жансыздандыру әдісі:// аппликациялық жансыздандыру (лидокаин, новокаин, ультрокаин және т.б.)// обтурациялық жансыздандыру// +өткізгіштік жансыздандыру// паранефральды жансыздандыру// Бифокальды жансыздандыру *** Науқас К., 20 жасар сол жақ бет аймағының ісінуіне, осы жердің оқтын-оқтын ауруына шағымданып қаралған. Анамнезден: 2 күн бұын іріңдікті сыққаннан кейін домбығу байқалған. Объективті: сол жақ бет аймағы жұмсақ тіндеінің домбығуы салдарынан бет асимметриясы, бұл жердегі тері қабаты қызарған, қатпарға жиналмайды. Ісік ортасында іріңді төмпешік бар. Саусақпен тексергенде 2х3см. мөлшерде инфильтрат анықталып, оң «флюктуация» симптомы байқалады. Анағұрлым көрсетілетін оперативтік ем:// абсцессті ашу// флегмонаны ашу// +шиқанды ашу// көршиқанды ашу// Лимфаденитті ашу *** Науқас К., 18 жасар сол жақ бет аймағының ісінуіне, осы жердің оқтын-оқтын ауруына шағымданып қаралған. Анамнезден: 2 күн бұын іріңдікті сыққаннан кейін домбығу байқалған. Объективті: сол жақ бет аймағы жұмсақ тіндеінің домбығуы салдарынан бет асимметриясы, бұл жердегі тері қабаты қызарған, қатпарға жиналмайды. Ісік ортасында іріңді төмпешік бар. Саусақпен тексергенде 2х3см. мөлшерде инфильтрат анықталып, оң «флюктуация» симптомы байқалады. Оперативтік ем кезінде анағұрлым қолданылатын жансыздандыру түрі:// +инфильтрациялық жансыздандырумен// өткізгіштік жансыздандырумен// эндотрахеальды наркозбен// тамыр ішілік наркозбен// «жорғалау» инфильтраты әдісімен *** 28 жасар науқас Н., стационарға түскен диагнозы 48-тістен болған оң төменгі жақтың жедел іріңді остеомиелиті. Анағұрлым қолданылатын емдеу тактикасы:// Барлық қозғалғыш тістерді жұлу, физиотерапия, қабынуға қарсы терапия// Іріңді ошақтар ашу, медикаментозды терапия, физиотерапия// Консервативтік ем, физиотерапия// +Себепші тісті жұлу, іріңді ошақтарды ашу, медикаментозды терапияны тағайындау//
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2016-07-14; просмотров: 441; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.200.139 (0.007 с.) |