Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Инфильтрационды жансыздандыруСодержание книги
Поиск на нашем сайте
*** Бала 5-жаста, тілінің қысқалығына, бойынша ота жасатуға келді. 1% тримекаин ерітіндісін 1,5 мл жасағаннан соң, қозғалып, мазасызданды, құсқысы келді, іші ауырды. Объективті: есі сақталған, бет, мойын терісі қызарған, тыныс алуы жиілеген, қиындаған, пульсі жиі, шаншулар. Сіздің тактикаңыз:// 25% кордиамин ерітіндісін бұлшық етке еңгізу// 10% кофеин ерітіндісін тері астына еңгізу// денеге горизонталды қалып беруге// +0,1 % адреналин ерітіндісін тері астына еңгізу// 24% эуфиллин ерітіндісін бұлшық етке еңгізу *** 8-жастағы баланың ауыз қуысын сауықтыруда 1.1,2.1, 3.1,4.1 тістердің вестибулярлы бетінің кесу қырында және шайнау жақ бетінде 1.6, 2.6, 3.6,4.6 тістерінің шайнау бетінде ақ дақтар байқалған. КПЖ +кп =8. Гигиеналық индексі=1, Нәресте сары аурумен, пневмониямен ауырған.Осы аурудың патогенезіндегі негізгі фактор болып табылады:// Дисминерализация// +Қалыптасу ақауы// Деминерализация// Кіреуке ақуызы мен көмірсуларының бұзылулары// Реминерализация *** 10 жастағы бала көшедегі төбелестен ауыз қуысының түбін бізбен зақымдап алды. Объективті қарағанда: кішкентай ену тесігі, ауыз түбі жұмсақ тінінің аздаған ісінуі байқалады. Мүмкін болатын асқынуды атаңыз:// Обтурациялық асфиксия// Аспирациялық асфиксия// Дислокациялық асфиксия// +Клапандық асфиксия// Стенотикалық асфиксия *** 11-айлық баланы кеңес алуға бағыттаған. Анасының айтуынша, қатты таңдайының шырышты қабатында жара бар. Бала мезгіліне жетпей туған, жасанды тамақтанады. Ауыз қуысында қатты таңдайдың жұмсақ таңдайға өту жерінде терең жара көлемі 1,2* 0,6 см., жара беті сары-сұр қақпен жабылған. Сіздің диагноз:// Жедел ұшықты стоматит// Жедел саңырауқұлақ стоматиті// +Созылмалы жарақаттық стоматит// Созылмалы қайталана беретін ұшықты стоматит// Жаралы-некротикалық стоматит *** Мезофарингоконстрикция- бұл:// Үлкен таңдай тесігінен шығатын ағза-жүйке түйінен босату// Шырышты сүйек бетіндегі қиықты қабаттап бөлу// +Жұтқыншақтың ортаңғы бөлігінің тарылуы// Таңдай жырығын тарылту// Қанаттәрізді өскіннің күршегін негізгі сүйектің қанаттәрізді өскінінен айыру *** Бала 14 жаста. Клиникаға төменгі сол жақ сүйегінің өсуі кідіргеніне және жақ деформациясына шағым айтты. Сау жағындағы ауыз бұрышы төменге ығысқан. Тістесуі айқасқан. Төменгі жақтың қозғалуы шектелген. Сіздің диагноз:// Үйреншікті шығып кету// Остеоартрит// +Деформациялайтын жасөспірімдік артроз// Анкилоз// Созылмалы жарақаттық артрит *** С П С 55 54 53 52 51 61 62 63 64 65 85 84 83 82 81 71 72 73 74 75 П 0 С 5 жастағы балада тісжегінің интесивтілігі тең:// 2// 3// 4// +5// *** Бала тістерінің шыға салысымен косметикалық ақауға шағым айта келді. Қарағанда тістері қалыпты көлемде, пішінде, түсі де қалыпты. Барлық тістерінің кіреуке бетінде жүлгелер хаотикалы орналасқан, әр түрлі қырлы болып көрінуі. Рентген көріністе тіс қуысы мен түбірлерінде өзгеріс жоқ. Сіздің диагноз:// Жүйелі гипоплазия, жүлгелі түрі// Флюороз, штрихты түрі// Аяқталмаған амелогенез, І вариант// +Аяқталмаған амелогенез, ІІІ вариант// Аяқталмаған дентиногенез *** 7 жасар балада 3.6, 4.6 тістерінде терең интактілі сызаттары бар: соқыр шұңқырларын жабу үшін СИЦ қолдану мүмкін бе:// +Мүмкін, өткені материал тіс тінімен химиялық байланысқа түседі// Мүмкін емес, өйткені материал тіс тінімен нашар байланысады// Мүмкін емес, өйткені мықтылығы аз// Мүмкін, тек тіс түбірлері толығымен қалыптасқан болғанда// Мүмкін емес, өйткені иономерлік цементтер жоғары токсикалы *** 10 жасар баланың жарақат кезде 1.1 тістің деффекті диагностирленген, ұлпа камерасы жалаңашталған, рентегнограммада апикалды 1/3 түбірі қалыптасқан. Бала жиі аурады, педиатрдың бақылауында тұрады. Сіздің емдеу тактикаңыз:// Сауыт ұлпасын виталды келте кесу// +Тірідей экстирпация әдісі// Ашылған ұлпаға одонтотропты паста қойып және қорғайтын сауыт салу қажет// Ортодонтиялық сауыт даярлау// Ұлпаны терең келте кесу *** 2-жастағы бала жедел ауырды. Дене қызуы 38°С –қа көтерілді.. Объективті: халі орташа ауырлықта, бала әлсіз, жылай береді. Ауыз аймағының бет терісінде және қызыл ерінде топталған көпіршіктер. Жақасты аймағында, екі жағында да едәуір ұлғайған тығыз, ауырсынатын лимфа түйіндері. Лимфа түйіндері бетіндегі тері жамылғысы қызарған, қатпарға жиналады. Флюктуация анықталмайды. Болжам диагноз:// Жедел серозды одонтогенді лимфаденит// +Жедел серозды стоматогенді лимфаденит// Абсцесстелген лимфаденит// Жақасты аймағының аденофлегмонасы// Жақасты аймағының аденоабсцессі *** Бала бір жарымда, 2-апта бұрын жедел респираторлық аурумен ауырған, екі күннен бері дене қызуы 39°С көтеріліп, құсады. ЖРВИ-деген диагноз қойылды. Қарағанда жақ асты лимфатүйіндерінің лимфадениті, сілекей ағу, алқызыл еріндерінің шырышты қабатында, тіл ұшында, ұртында көптеген ойықтар фибринозды қақпен жабылған. Қызыл иек ісінген, қансырайды. Жергілікті емі үшін қолданылатын негізгі препарат:// +Вирусқа қарсы// Ыстық түсіретін// Ауырсынуды басатын// Антисептикалық// Иммунитетті стимулдайтын *** 14 жастағы бала ас ішкенде пайда болатын ауырсынуға, күю сезіміне, қызыл иектің қансырауына шағым айтады, ауызы құрғап, күю сезімі болған. Объективті: науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жоғарғы және төменгі жақтағы тістерінде тіс қақтары, тіс түзілістері бар. Тіс аралық қызыл иек емізікшелері қызарған, ісінген, ойылған, некротикалық қақпен жабылған, ауыздан жағымсыз иіс сезіледі. Жақ асты лимфа түйіндері ісінген, ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. Осы ауруда микробтардың қай түрі басым болады:// Қарапайым ұшық вирусы// Стрептококктар, стафилококктар// Кандида саңырауқұлақтары// Желшешек вирусы// +Венсан спирохетасы, фузобактериялар *** 12 жастағы баланың жарақаттан соң қарағанда 2.1 тісі қысқарған, ығысқан, рентгенограммада периодонталды тесік жоқ. Сіздің тактикаңыз:// Тісті жұлу, протездеу// Алып, тісті тесіп, ұлпасын алып, пломбалап, орнына реплантация жасау// Салмақ түсірмей, бақылап (рентгенограмма, ЭОД), көрсеткіші бойынша эндодонтиялық ем// +Орнына қойып, бекітіп, рентгенологиялық бақылау және ЭОД// Дефектті имплантантпен жою *** Ер адам 56 жаста, ауыз қуысында бір апта бұрын байқалған қызыл дақтың болуына шағымданады. Объективті: оң жақ ретромолярлы аймақтың шырышты қабатында шектелген зақымдану ошақ, көлемі 2 x 1,5 см, бархатты беткейлі қою қызыл түсті анықталады. Ошақ сәл төмен түсіп тұрады, беткейінде гиперкератоз аймағы анықталады. Гистологиялық: әлсіз айқындалған гипер- және паракератоз, акантоз, базальды қабат сақталған; тікенек қабатта– тікенек жасушаларының полиморфизм. Қандай диагноз болуы мүмкін?// +Боуэн ауруы// Қызылжегі, эрозивті түрі// Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті түрі// Лейкоплакия, эрозивті түрі// Жалпақ жасушалы мүйізделуші обыр *** Науқас Д., 67 жаста, төменгі еріннің қызыл жиегінде механикалық және химиялық тітіркендіру кезінде ауырсынатын бір эрозия пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: төменгі ерінде эрозия кезеңді пайда болады, тез эпителизацияланады және төменгі еріннің дәл сол бөлікте қайтадан пайда болады. Қарау кезінде: төменгі ерін қызыл жиегінің орталық бөлігінде беті тегіс, сопақ пішінді эрозия. Пальпация эрозия ауырсынусыз. Айналасындағы шырышты қабат қабынбаған. Гистология: эпителий жасушасының дегенеративті өзгеріс. Сіздің диагнозыңыз?// Кейер эритроплазиясы// Боуэн ауруы// Қызыл жиегінің сүйелді обыралды// Шектелген обыралды гиперкератоз// +Абразивті канцералды Манганотти хейлиті *** Науқас Р., 20 жаста, бір апта бұрын тәтті тағамнан пайда болған ауырсынуға шағымданады. Зерттеу кезінде 3.6 тістің мойын маңының артқы жанасу беткейінде кең көлемде эмаль және дентиннің сыртқы қабаты деңгейінде тіс жегі қуысы байқалды. Зондтағанда тісжегі қуысын қабырғасы ауырсынбалы. Тісжегі қуысын егеп-тазалаудың ерекшеліктерін атаңыз?// +Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды шайнау беткейі арқылы жүргізеді// Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды мойын маңы аймағы арқылы жүргізеді// Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды 3.7 тіс арқылы жүргізеді// Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды көрші қуыс 3.5 тіс арқылы жүргізеді// Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан апроксимальды беткейін трепанациялау *** Тек қана еріннің қызыл жиегінде қабыршақтануымен жүретін созылмалы ауруы. Зақымдалуы элементі қабыршақ түрінде, ортасы маңайындағы тіндермен тығыз байланысты. Құрғақ және жалғақты түрін ажыратады. Бұл қандай ауру// Экзематозды хейлит// +Эксфолиативті хейлит// Атопиялық хейлит// Гландулярлы хейлит// Метеорологиялық хейлит *** Науқас Ф., 40 жаста ерін өлшемінің ұлғаюына, сөйлеу кезінде ерінде сілекейдің пайда болуына шағымданады. Объективті: ерін қалыңдаған, кеңейген сілекей безі өзегінің тесігі көрінеді, одан сілекей тамшысы бөлінеді («шық» симптом). Пальпация кезінде ерін қалыңдығында ұсақ «бұршақ» - безді тіндердің гипертрофиясы анықталады. Өзгеріс өтпелі аймақта орналасады, яғни еріннің қызылжиегі және ауыз қуысының шырышты қабаты арасындағы аймақта. Сіздің болжамды диагнозыңыз?// Актиникалық хейлит// Эксфолиативті хейлит// +Гландулярный хейлит// Экзематозды хейлит// Метеорологиялық хейлит *** Науқас А., 34 жаста, ерін құрғауына, тартуы сезіміне, қабыршақтануына шағымданады. Нақты аурудың дамуы: аллергологиялық анамнезі теріс, науқастың мамандығы ұзақ уақыт суық ауада болуына байланысты. Объективті: төменгі еріннің қызыл жиегі гиперемияланған және инфильтрленген, ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ерін маңының шырышты қабаты және терісі патологиялық өзгеріссіз. Көптеген тісжегі қуысы, борпылдақ тіс шөгінділері анықталады. Берілген клиникалық жағдайда қандай болжамды диагноз?// Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі// +Метеорологиялық хейлит// Гландулярлы хейлит// Контактты аллергиялық хейлит// Актиникалық хейлит *** Науқас 43 жаста, тағам қабылдау кезіндегі ауырсынуға, күйдіру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде: екі жақ ұрттың өзгермеген шырышты қабатында папоротник суреті ретінде көптеген папулалар анықталады, түсі ақшыл-сұр, қырғанда алынбайды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?// Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті-жаралы түрі// +Қызыл жалпақ теміреткі, типті түрі// Қызыл жалпақ теміреткі, гиперкератотикалық түрі// Қызыл жалпақ теміреткі, экссудативті-гиперемиялық түрі// Қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі *** Ер адам Б., 59 жаста, ауыз қуысында күйю сезіміне, кейде тағам қабылдау уақытында термиялық тітіркендіргіштерден күшейетін ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде тістердің түйісу сызығы бойында шырышты қабат үстінде түзіліс түрде қосылған түйіншектер (бляшк анықталады. Зақымдалу ошағы тығыз, қатпарға жиналмайды. Зақымдалған аймақ түсі – сүт – ақ жылтырмен. Кератоз аймағы айналасының шырышы өзгермеген. 4.4, 4.6 тістер алтыннан жасалған сауыттармен қапталған, 4.5, 4.7 тістер болаттан жасалған сауыттарымен қапталған. Гистологиялық анализ дәнді және мүйізді қабаттың өсу арқасында қалыңдауын көрсетеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз?// Эрозивті-жаралы лейкоплакия// Жұмсақ лейкоплакия// Таппейнер лейкоплакиясы// Жалпақ лейкоплакия// +Веррукозды лейкоплакия *** Ер адам 32 жаста тісінің қозғалғыштығына, қызыл иегінің қанауына, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Объективті: қызыл иек қызарған, ісінген, болбыр, пародонтальды қалталардың терендігі 6 - 8 мм, ішінен іріңді жалқық бөлінеді. Қызыл иек асты және үсті тіс тастары бар, тісінің қозғалғыштығы ІІ-ІІІ дәрежелі. Рентгенде: альвеола арасындағы сүйегінің 1/2-2/3 түбір ұзындығына дейін горизонтальді және вертикальді резорбция. Қандай кюретаж жасау керек?// +Ашық кюретаж жасау керек, себебі операция жүргізуде пародонтальды қалталар грануляциялармен тіс тастарынан тазаланады.// Жабық кюретаж жасау керек, себебі операция жүргізуде пародонтальды қалталарындағы грануляциялармен тіс тастарын күйдіреді.// Жабық кюретаж жасау керек, себебі тіс мойынының және одан төмен орналасқан тіс тастары, қақтары тазаланады// Ашық кюретаж жасау керек, себебі сүйек тіндерін шетін кесіп егеп тастау керек// Жабық кюретаж жасау керек себебі операция жүргізуде, визуальді контроль қажет *** Науқас Н., 47 жаста қызыл иегінің қанауына, ауызынан жағымсыз иістің шығуына шағымданды. Анамнезінен бұндай белгілер бұрыннан болған, бірақ емделмеген. Объективті: ауыз қуысы санациядан өтпеген, ауыз қуысының гигиенасы төмен. 4.5, 4.6, 4.7, 3.5, 3.6, 3.7 тіс аймағында пародонтальді қалта бар, терендігі 3-4 мм. Сіздің нақты диагнозыңыз?// Жедел катаральды гингивит// Жайылмалы пародонтит, II дәреже// +Жайылмалы пародонтит, I дәреже// Жайылмалы пародонтит, III дәреже// Пародонтоз, III дәреже *** Ер адам 23 жаста тісін тазалағанда, қатты тағам жегенде қызыл иектің қанайтынына шағымданды. Объективті: төменгі жақтың алдыңғы тістер аймағындағы қызыл иегі қызарған, ісінген, пальпация кезінде қанайды. Ауыз қуысының шырышты қабығының басқа аймақтар өзгеріссіз. Тістесу терең. 4.1 және 4.2 тістер І дәрежелі қозғалғыш, басқа тістер қалыпты. Рентгенограммада: 4.1, 4.2 тістер маңындағы альвеола аралық сүйегінің 1/3 түбір ұзындығына дейін резорбциясы. Сізідң диагнозыңыз?// Жайылмалы пародонтит, бастапқы дәреже// Жайылмалы пародонтит, І дәреже// Катаральды гингивит// +Ошақты пародонтит, І дәреже// Пародонтоз, І дәреже *** Науқас В., 43 жаста, тілдің ерекше түріне, тітіркендіргіш тағамды қабылдау кезіндегі ауырсынуына, күйдіру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: тілдегі суреттің кезеңді ауысуын науқас байқайды. Қарау кезінде: тіл арқасының оң жақ аймағында және бүйір беткеінде ақ-сұр және қызыл түстес ошақтар байқалады. Ошақтар сопақ пішіндес болады, бір суретке қосылғанда географиялық картаны еске түсіреді. Осы клиникалық жағдайда қандай болжамды диагноз?// +Десквамативті глоссит// Ромбтәрізді глоссит// Қатпарлы тіл// Шашты тіл// Глоссалгия *** Науқас 50 жаста қызыл иегінде қышу сезіміне, тістердің тактильді және химиялық тітіркендіргіштерге аса тым сезімталдылығына шағымданады. Қарау кезіңде қызыл иек тығыз, ақшыл – қызыл түсті. Тістерде сына тәрізді ақаулар бар. Тіс түбірлері 2/3 ұзындығында жалаңаштанған, тістер қозғалмалы емес. Рентгенографиялық горизонтальді тіс аралық перделердің деструкциясы (атрофия) 2/3 ұзындығында. Болжамды диагноз қойыңыз?// ІІ дәрежелі пародонтоз// ІІ дәрежелі пародонтит// атрофиялық гингивит// ІІІ дәрежелі пародонтит// +ІІІ дәрежелі пародонтоз *** Нуқас 20 жаста, жоғарғы жақтың оң жағында тісжегі қуысының болуына шағыданады. Объективті: 1.6 тісте терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан, зондтау ашылған нүктеде ауырсынусыз. 1.6 тісте перкуссия әлсіз ауырсынбалы. Қызыл иекте 1.6 тіс түбір проекциясының маңында жыланкөз бар. Диагноз қойыңыз// +Созылмалы гранулирлеуші периодонтит// Созылмалы фиброзды периодонтит// Созылмалы гранулематозды периодонтит// Жедел серозды периодонтит//
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2016-07-14; просмотров: 532; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.58.61.176 (0.007 с.) |