Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Банк проводит кредитно-денежную политику.

Поиск

А. Банк ақша-кредит саясатын жүргізбек.

В. Банк ақша-кредит саясатын жүргізіпті.

С. Банк ақша-кредит саясатын жүргізгісі келеді.

Д. Банк ақша-кредит саясатын жүргізеді.

Қолданылған әдебиеттер

1. Дүйсембекова Л. Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу. Оқу құралы. Алматы, 2011.

2. Бақытжан хасанұлы. Ісжүргізу әлемі – мемлекеттік тіл қолданысының ауқымды арнасы. Оқу құралы. Алматы, 2011.

3. ЖекееваК.О., Әбдірахманова Қ. Ж., Қанафина Ф.Қ. Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы, 2010.

4. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. Кәсіби қазақ тілі. Оқулық. Алматы, 2003.

5. Р.Қалығұлова, Н. Құмар.Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. А: 2000.

6. Қ.Бектаев. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. А: 2001.

7. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында.А. «Экономика» 2005. 6,7б.

8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Нышандары. А.1993.3-7б.

9. Н.Қ.Мамыров.А.О.Мұса. Ж.Ш.Әбіш. Орысша-қазақша қазіргі экономикалық терминдердің түсіндірме сөздігі. А. «Экономика» 1999.

10. Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан-2030”бағдарлама-сы, Алматы, 1997.

11. А.О.Мусинов. “Словарь экономическихтерми-нов”, Алматы, КазГЭУ, 1992.

12. К.Б.Базарбаев. “Русско-казахский словарь эко-номических и социальных терминов”, Алматы, “Анатiлi”, 1991.

13. Қ.Бектаев. «Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік», Алматы, «Алтын қазына», 2001.

14. С.Р.Токсанбай. “Русско-казахский словарь экономической, финансово-кредитной, банковской, налого-таможенной, страховой, биржевой и предпринимательской терминологии”, Алматы, “Сөздiк-Словарь”, 1999.

15. М.Р.Насырова. “Рыночная экономика”, русско-казахский толковый словарь-справочник, Алматы, “Бiлiм”, 1995.

 

П.ғ.к., доцент м.а Молдасан Қ.Ш

14-сабақ. Іссапарда. Ойды дәлелдеу. Сөздің қисындылығы.

Тірек сөздер: заңсыз әрекет, кәсіби дағды, кіріс құжаты, құқық негіздері, лауазымдық жалақы, ресми мәлімдеу, іссапар куәлігі, қаражатты аудару, шебер сөйлеу.

 

Іссапар – еңбек құқығында жұмыс берушінің өкімімен қызметкердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде қызмет бабындағы тапсырманы орындау үшін белгілі бір мерзімге барып қайтуы. Іссапар мерзімі заңнамада белгіленген мерзімнен аспайды. Егер қызметкер басқа жерге ұзақтау мерзімге жіберілген болса, онда бұл уақытша ауыстыру болып есептеледі. Жұмыс берушінің іссапар туралы өкімі қызметкер үшін міндетті болып саналады. Тек дәлелді себептерде ғана бас тартуға болады, әйтпесе ол тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылады. Қызметкерді іссапар ға жіберу туралы басшының бұйрығы шығарылады, соның негізінде қызметкерге бірыңғай үлгідегі іссапар куәлігі және ақшалай қаражат беріледі. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің жұмыс орны (қызметі), орташа жалақысы сақталады. Тұрақты жұмысы жол үстінде орындалатын немесе жүргіншілік сипатта болып келетін қызметкерлердің қызмет бабындағы сапарлары іссапар деп танылмайды. Іссапарға жіберу бұйрығының жобасына міндетті түрде жетекшілік ететін орынбасары және қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастықтары, қызмет бастығы (іссапарға топпен шыққанда-тиісті қызмет басшылары) қол қояды. Шетелге іссапарға шығатын жағдайда, қосымша екінші арнайы бөлім бастығы қол қояды.

Қызметкерлердің іссапар мерзімін сапардың мақсатына, қабылдаушы тараптың талаптары мен шарттарына байланысты немесе онымен келісу бойынша әр нақты жағдайда мерзімі белгіленетін Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарлардан басқасын, жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша қызмет бастығы белгілейді, бірақ ол жолға кететін уақытты есептемегенде 30 күннен аспауы керек.

Іссапар кезіндегі есеп айырысу және төлеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Іссапарға шығатын қызметкерге іссапарға шығар алдында жол жүруге, тұрғын үй жалдауға және тәуліктік шығыстарын төлеуге арналған қаржы беріледі.

1-тапсырма. Көрсетілген үлгі бойынша іссапар куәлігінің орысша нұсқасын жазыңыз.

Іссапар куәлігі

№______іссапар куәлігі

_______________________________

_______________________________

_________________________ берілді.

______________________________

________________________________

______________________ жіберілді.

Іссапар мерзімі «_______» күн.

2012 ж. «» _____ дейін.

Негізі:______________________

____________________________

________________________________

___________________________________

№ жеке куәлігін көрсеткенде ғана расталады.

2-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз. Мәтін бойынша іссапар құжатына байланысты сұраққа жауап беріңіз?

 

Іссапарға қаржы қалай төленеді? Аудан орталығындағы оқу бөлімінде қызмет істеймін. Жақында жұмыс берушінің тапсырмасымен облыс орталығына іссапарға барып келдім. Бірақ маған төлемақыны Салық кодексінің 101-бабының 2-тармағында жазылғандай, тұрғын үй-жайды жалдауға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде емес, тапсырған құжаттарым бойынша жатын орныма үш күнге төлеген 20 750 теңгенің орнына бар-жоғы 11 304 теңге ғана төледі. Барған жерімде ең арзан қонақүйдің қайда екенін өзім іздеуім керек пе еді? Неге мен өз қалтамнан төлеуім керек? Бұл қаншалықты заңды? Жалпы іссапарлар кезіндегі өтемақылар қалай, қандай ережеге сәйкес есептеледі?

3-тапсырма. Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөздер мен сөз тіркесін теріп жазыңыз.

 

Қазақстан үкіметінің басшысы 24-25 қаңтар күндері іссапармен Маңғыстау облысында болды. Маңғыстау облысына Қазақстанның 5 облысы 100 млн. теңгеден қаржы бөлді.

Ақтау. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов 24-25 қаңтар күндері іссапармен Маңғыстау облысында болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Премьер-министр ең алдымен Ақтау халықаралық әуежайының концессиялық келісім негізінде салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының және қайта төселіп жатқан ұшу-қону алаңындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Терминалдың құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аяқталып, мамыр айында жаңа әуежай кешені толыққанды қолданысқа берілуі тиіс. Іссапар аясында үкімет басшысы облыста іске асырылып жатқан бірқатар инвестициялық және әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалармен танысты. Әсіресе, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылдың басына дейін барлық ауылдық елді мекендерді газ, ауыз су, электр қуаты, облыстық телехабар тарату желісі және телефон байланысымен 100 пайыз қамтамасыз етуді жоспарлағаны үкімет басшысының қолдауын тапты.

 

4-тапсырма. Берілген сөздердің орыс тіліндегі аудармасын жазыңыз.

Әдеп нормалары

Мәдениеті адам

Сөз әдебі

Бабалар мұрасы

Шығарма тілі

Қабілетті дамыту

Салмақты ой

 

5-тапсырма. Үлгі бойынша іссапарға жіберу туралы

· шетелдік құқық қорғау органдары мен халықаралық ұйымдар өткізетін ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуға;

· дөңгелек үстел өткізуге;

· семинар өткізуге;

· тәжірибе алмасуға бұйрық шығарыңыз.

 

Үлгі:

1) Іссапарға барудың негізі; Іссапардың мақсаты көрсетілуі тиіс;

2) Іссапарға жіберілетін қызметкердің аты-жөні және лауазымы; 3) іссапардың межелі орны;

4) іссапардың мерзімі;

5) Қаржы бөліміне іссапар шығыстарының төленгені туралы тапсырма беру;

Іссапарға жіберу туралы

Бұйрық №1-18 2012 жыл. 22 cәуір.

Курстарға жіберу туралы «Білім және ғылым» министрлігінің бұйрығы негізінде

Бұйырамын:

1. Қайта даярлау курсына сәйкес қазақ тілі пәні мұғалімдері Ж.М Бектұрғанова және А.Х. Ерімбетова жіберілсін.

2. Іссапардың межелі орны: Астана қаласы.

3. Іссапардың мерзімі 24-30 cәуір аралығында.

4. Іссапар шығыстарының төленуі қаржы бөліміне міндеттелсін.

5. Бұйрықтың орындалуын қадағалау оқу-әдістемелік бөлім меңгерушісі Е. Б. Болатұлына міндеттелсін.

Облыстық білім басқармасы бөлім бастығы:

Г. Ж. Рахым қолы

 

Ойды дәлелдеу. Сөздің қисындылығы.

Қазақтың шешендік дәстүрінен бастау алатын тапқырлық, ойдың

дәлдігі, әдептен аспау, сөзге тоқтай білу, аз сөзге көп мағына сыйғызу − осының бәрі жоғары мәдениеттілікті қажет етеді.Шешендік сөз- терең ойға, ұшқыр шешімге құрылады. Қазақ халқы қисынды, дәлелді сөйлеу арқылы әр уақытта сөздің парқына ерекше мән берген. Біздің мақал-мателдеріміз тұнып тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сөзін дәлелді, ойын нақты жеткізу үшін мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Асылы шешен, дәлелді, қисынды сөйлеу қазақ халқы арасында ерте заманнан дәстүрге айналған.

Сөз қисындылығы ойлауға қатысты бола отырып, тілдік категориялармен тығыз байланысты болады. Ойды жеткізуде тіл арқылы қарым- қатынасқа түскенде сөз мағынасы өзгеріске түседі. Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

1. тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

2. этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

3. коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл- күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады.

Ойды дәлелдеу, сөз қисындылығы дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс құрастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.Ой мен сөз қисындылығының сақталуы функциональдық стильдердің бәрінде орындалуы керек.Әрбір сөз белгілі бір ұғымды білдіреді. Тілсіз ойлау мүмкін емес.

Сөйлеу мен жазудағы логикалылық ой дәлдігімен тығыз байланысты. Нақтылық болмаса, ой дәлдігі айқын болмайды. Сөз мағынасындағы ойдың айқындылығы, нақтылықты сақтаудың маңызы зор. Ойды жүйелі жеткізуде, әсіресее, ғылыми зерттеу жұмысында пікірді, ойды, болжамды нақты деректер арқылы дәлелдеу ой дәлдігін талап етеді. Ғылыми еңбектер (мақала, диссертация, диплом жұмысы, баяндама) негізгі үш бөліктен (кіріспе, негізгі, қорытынды) тұрады. Сондай ақ, көпшілік алдында сөйлегенде, тыңдармандардың назарын аударуда сөз мағынасындағы ойдың айқындылығы зор мәнге ие.

Ой дәлдігінің сақталмауының себептері:

· сөздің логикалылығының сақталмауы;

· сөз және сөз тіркестерінің дұрыс айтылмауы;

· қаратпа, қыстырма сөздердің көп қолданылуы;

· сөйлем ішіндегі есімдіктердің орнымен қолданылмауы;

· ойды жеткізуде, баяндауда жүйеліліктің сақталмауы болып табылады.

Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

 

6-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

Кәсіпкер басшысы ретінде халықаралық кездесуде алғашқы сөзді неден бастар едіңіз?

Алыс жолға жалғыз шықсаңыз, не істер едіңіз?

Ұшақ бағыты ауысып кетсе, не істер едіңіз?

Жұмыстан себепсіз босатса, не істер едіңіз?

Кәсіпкерлікте жоспарларыңыз ойдағыдай болмаса, не істер едіңіз?

Ауыр сөз естісеңіз, не істер едіңіз?

 

7-тапсырма. Берілген тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіріңіз.

Ешкімнің ала жібін аттамады, егіз қозыдай, балдай тәтті, аппақ нұрдай, қаламдай қасы қиылған, балаша мәз болу, желдей есу.

8-тапсырма. Газет, журнал беттерінде кездесетін ауызекі сөйлеу стиліне тән қыстырма сөзді теріп жазыңыз.

 

9-тапсырма. Берілген сөйлемді аяқтаңыз.

Қымбатты... кәсіпорын жылына...28 миллион тонна... Болашақта... 85 миллион тоннаға... Енді осыншама мүмкіндігіміз... Неліктен 150 миллиард...қызметкерлерге..? Оның себептері.... Бірақ қарызды... үшін не істеу... деп ойлайсыз? Ойыңызды... Маған... қажет.

Ұлылардан ұлағат

10-тапсырма. Сөз өнері туралы айтылған даналық сөзді есте сақтаңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

Алмас қылыш майданда серік,

Асыл сөз майданда да, сайранда да серік.

Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.

Сөз асылы – мақал.

Сөз түбін сөз табар.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,

Тілімнен сүріндірме.

Сөзден тәтті нәрсе жоқ,

Сөзден ащы нәрсе жоқ.

Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Кімге? Қай жерде? Қай кезде? Қалай? Сөйлейтініңді біл. (Бөлтірік шешен)

 

Сөз сиқыры туралы

 

Айтар босаң, әр ойыңды қадап айт,

Бір сөзіңді мың толғамға балап айт.

 

Тілесең сен есендікте жүруді,

Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді.

 

Біліп айтқан сөз – даналық деседі,

Біліксіз сөз, қайран басты кеседі!

 

Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,

Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.

(Жүсіп Баласағұн)

Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп -тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы,

Ол ақынның білімсіз бишарсы,

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы... (Абай)

Бақылау сұрақтары

1. Тыныс белгісін қойыңыз.

Мерекең құтты болсын

2. Қыстырма сөзді табыңыз.

Сөз жоқ, қуанып тұрмын.

3. Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.

Жобаларды іске асыру керек.

Жоғалған затыңды тауып берген адамға қалай алғыс білдірер едіңіз?

Адам тәрбиесі туралы қандай даналық сөзді айтар едіңіз?

Аты аңызға айналған тұлға деп кімді айтасыз?

 

11-тапсырма. Радиода, телеарналарда берілетін хабарлардағы ой дәлдігі мен сөз қисындылығы туралы пікіріңізді айтыңыз. Тіл мәдениеті туралы сұхбат жүргізіңіз.

 

12-тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің орнын қандай сөздермен ауыстыруға болады, баламасын тауып жазыңыз.

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселесі туралы ерекше ойлаймын. Меніңше, соңғы үш жыл бойында облыс аумағында жұмыс істейтін кен игеруші кәсіпорындардың әлеуметтік жобаларға бөлетін қаражат көлемі 4 есеге өспек. Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен қосақтала отырып, 2009 жыл облыста «Ана мен бала денсаулығын қорғау» жылы деп айтылды. Соның арқасында 2009 жылы Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы ашылса, болады. Оларды заманауи құралдармен жабдықтау айтылуда. "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жалғасады. Білім беру саласында жоғары сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу, кәсіптік оқыту жүйесі мен мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту басты назарда қала бермек.

 

13-тапсырма. Берілген сөз тіркесін пайдаланып, «іскерлік ортадағы сөйлеу мәдениеті» жайында ой бөлісіңіздер.

 

Сөз құдіреті;

адам өміріндегі сөздің алатын орны;

іскер адамның бейнесі;

жастардың телефон арқылы сөйлеу мәдениеті;

іскер адамның түрлі мінезді адамдармен жұмыс жүргізуі;

іскер басшы мен бағынушының арасындағы қарым-қатынасты сөйлеу мәдениетін сақтауы.

 

СОӨЖ тапсырмасы

1. Ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері бойынша тіл мәдениті, ой дәлдігі туралы ғылыми тұжырымдарынан тезис жазыңыз.

2. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты құжаттарының дұрыс рәсімделуіне сәйкес, магистранттың шет елдік іссапарға шығуына кететін қаржылық шығындарын есептеп, іссапарға шығу жөніндегі өтінішті жазыңыз.

 

СӨЖ тапсырмасы

1. Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер туралы қандай ой айтасыз?

2. Қандай қасиет адамды биікке жетелейді?

3.Университетте өткізілетін мәдени шаралар туралы өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

 

 

Тест сұрақтары

1. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

Бұлақтың көзін ашу – игі іс.

A) Бұлақтың

Б) Көзін

C) Ашу

Д) Игі

E) Іс

 

2. Қате жазылған сөзді табыңыз.

А) Көрсетеді

Б) Жасайды

С) Орыұдайды

Д) Реттейді

Е) Жөндейді

 

3. «Должностное лицо» тіркесінің аудармасы

А) лауазымды тұлға

Б) лауазымды орын

С) лауазым

Д) лауазымды жұмыс

Е) жеке тұлға

 

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Жұмыстан босату... сұраймын.

А) –да

Б) –ды

С) –ға

Д) –ыңызды

Е) –ың

 

5. Іссапар мерзімі аяқталғанда, оны ___________________________ болмайды.

А) Жазуға

Б) Ұзартуға

С) Орындауға

Д) Реттеуге

Е) Сақтауға

 

6. Сөйлемді толықтырыңыз. Мен іссапар құжатымен ________.

А) Оқыдым

Б) Жаздым

С) Куәландырдым

Д) Таныстым

Е) Құрастырдым

 

7. Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.

A) Биік сезім.

Б) Биік тау.

C) Биік ой.

D) Биік тұлға.

E) Биік сөз.

 

8. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.

Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.

A) Ниетің.

Б) Қисық.

C) Болса.

D) Ағайынға.

E) Өкпелеме.

9. Етістіктен болған синонимдерді көрсетіңіз.

A) Күшті, мықты.

Б) Пайдалану, қолдану.

C) Бағалы, құнды.

D) Әлді, қарулы.

E) Қайратты, қажырлы.

 

 

10. Сөйлемді аяқтаңыз. Мені.......

А) Музыка тыңдаймын.

Б) Қалаға шақырды.

С) Домбыра үйірмесіне қатысады.

Д) Спорт жарысы болды.

Е) Теңізді көрді.

 

11.Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз?

А) Көкшүл, домбұра

Б) Үйлері, көшелері, мүсін, көрген

С) Көрүк, нұрұна

Д) Ұғұп,бөпем

Е) Гүлдөр, үнім

 

12. Іссапар мерзімі заңнамада белгіленген мерзімнен

А)Аспайды

Б) Бөлінеді

С) Жіберіледі

Д) Айтылады

Е) Жазылады

 

13. Көптік жалғауы дұрыс жалғанған сөзді табыңыз.

 

А) Бабалер

Б) Ағадар

С) Балалар

Д) Бабадар

Е) Ағаллар

 

14. Тиісті сөзді қойыңыз. Тату болса, ағайын.....

А) келеді

Б) жақын

С) кешіреді

Д) көреді

Е) қосады

 

15. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) жүрегі суылдады

Б) жүрегі ауырды

С) жазда келді

Д) жүрегін тексертті

Е) жазда барды

 

16. Іскерлік қарым-қатынас барысында ең бірінші нені ескеруіміз керек?

А) сөйлесу

Б) киіну

С) қарым - қатынас жасау

Д) орын беру

Е) тамақтану

 

17. Стиль түрін анықтаңыз.

Барлық заттың химиялық қасиеті болады.

А) көркем әдебиет

Б) ауызекі сөйлеу

С) іс қағаздар стилі

Д) публицистикалық

Е) ғылыми

 

18. Лепті сөйлемді табыңыз.

А) Бай болсаң, халқыңа пайдаң тиер

Б) Не жазып отырсың

С) Кеше келді

Д) Уа, қандай ғажап

Е) Күн сәулесі ашық

 

19. Диалект сөзді табыңыз.

А) құдаша

Б) бөле

С) жиен

Д) абысын

Е) құдағай

 

20. Орфоэпиялық заңдылық бойынша жазылған сөзді табыңыз.

А) Әңгіме айт

Б) Ол барсын

С) Сары қыз

Д) Өзен жағасы

Е) Қара ғазан

 

Глосарий

 

Сөз айшықтары – сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнің күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал-тәсілдер.

Сөздердің орын тәртібі – сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу реті.

Сөздің атқаратын қызметі сөздің сөйлеу кезіндегі мақсаты мен міндетін білдіруі. Қарым-қатынас, байланыс құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі.

Сөз мәдениеті – әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. М. Балақаев. М. Серғалиев. «Қазақ тілі». Алматы. − Санат.2005ж.

2. Тұрақты теңеулер сөздігі. –Алматы: Арыс баспасы,2007ж.

3. Оразақынова Н., Әміреев Н. «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті». Алматы, «Мектеп». 2010 ж.

4. Г. Тайсюганова, З.Рахмет. Қазақ тілі. Қызықты грамматика. Алматы: Кітап. 2007ж.

5. М. Шәбжантайқызы. Шығарма тілі дана, іші сара бабалар мұрасының айнасы. Көкшетау. 2007ж.

 

 

Дәркенбаева Г.Қ.

15-тақырып. Сөздің тазалығы. Баяндама, есеп беру үлгілері.

Тірек сөздер: баяндама, мәлімет, дереккөз, интеллектуалдық еңбек, ғылыми пікір, құрылым, тұжырым, нақтылау, сөз, тіл тазалығы, бөгде сөз, тілді шұбарлау, ғылыми пікір, лауазым, хабарлау, талқылау.

Баяндама немесе есеп беру - бұл ашық түрдегі, ресми хабарлама немесе мазмұны белгілі бір мәселені зерттеп, мәнін ашуға бағытталған құжат. Баяндама әрдайым құжаттық мәлiметтердiң негізінде дайындалады. Бұл іс қағазы басқармаға немесе лауазымы жоғары тұлғаға қандай да бір қызметтік ақпаратты жеткізу үшін қолданылады.

Баяндама – белгілі бір тақырып төңірегіндегі барынша кең ашылған, көпшілік алдында, көп жағдайда ауызша баяндалатын хабарлама.

Баяндаманың түпкi мақсаты – ақпарат және дерек беру, сонымен қатар мәтiнде ұсыныстар да болады.

Құжаттың құрылымы: кiрiспе, зерттеу әдiстерi, нәтижелер және талқылау.

 

Баяндамалардың (есеп берудің) төмендегідей түрлері бар:

- ғылыми есептер-баяндамалар;

- әскери есептер;

- тексеріс бойынша есептер;

- бағалау бойынша есептер;

- несие бойынша есептер;

- демографиялық есептер;

- полицей есептері;

- іс сапарлар есебі;

- тергеу жұмысына қатысты есептер;

- бюджеттiк есептер;

- аудиторлық есептер;

- жылдық есеп, т.б..

 

Ғылыми баяндамалар мазмұнының берілу әдісіне қарай ауызша, қысқаша жазбаша және толық түрдегі жазбаша болып үш түрге жіктеледі.

Ауызша баяндама. Баяндаманың бұл түрі әдеттегiдей, жазбаша баяндаманың негiзiн салушы болып табылады және оны өңдеуге көмектеседi немесе керiсiнше, iстелген жұмыстың қорытындысы ретінде есептеліп, нәтижелердi түсіндірудің тиiмдi құралы болып табылады. Ауызша баяндаманы талдап талқылауға берілген уақыттың үштен бір бөлігі ғана осы ауызша баяндаманы хабарлауға кетеді. Ал қалған уақыт баяндаманы талқылауға беріледі.

Баяндаманың мұндай түрі барынша ақпаратты, түсінуге жеңіл әрі тыңдаушының есінде тез сақталатындай болуы керек.

Жазбаша (қысқа) баяндама. Көлемі бойынша бұл баяндаманың түрi 20 беттен аспайды. Әдеттегiдей, қысқаша жазбаша баяндама зерттеу барысында өте маңызды мәлiметтi қорытып жеткізетін құжат болып табылады. Баяндаманың бұл түрінің құрылымы әдетте мынадай: кiрiспесі, мақсаты, әдiстемесі, нәтижелері, ұсыныстар.

Жазбаша (толық) баяндама. Баяндаманың бұл түрі қысқа баяндамадан баяндама мазмұнындағы зерттеу қорытындыларына негізделген мәліметтің көптігімен ерекшеленеді. Мұндай толық баяндаманың жалпы көлемі 60 бетке дейін жетуі мүмкін. Баяндаманың бұл түрін әдістемелік жағынан барынша дұрыс құрылған және оқуға жеңіл етіп жазуға тырысу керек.

Баяндаманың о р т а қ б е л г і л е р і

баяндаманың үш түрі де белгілі бір мәліметті жетізуге байланысты дайындалады.

- баяндаманың үш түрінің де құрылымы бірдей болады.

- келтірілген фактілер нақты, дәлелді болу керек. т.б.

Студенттер тарапынан дайындалатын баяндамалар.

Баяндама тақырыбы ретінде сол оқу курсының дәрiстерінде айтылмаған, талданбаған материалдар, мәселелер жеке студентке семинар сабақтарында қорғайтын өздік жұмыс ретінде беріледі. Мұндай семинар сабақтарында даярланған баяндамалар дәріс материалдарын толықтыруға және оқытушының студенттің өздік жұмысты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Студенттен өзіндік интеллектуалдық еңбекті талап ететін баяндамаларды әзірлеу төмендегідей қадамдардан (этап) тұрады:

- таңдалған тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген әдебиеттермен танысып, оқып шығу;

- сол тақырып төңірегінде айтылған әр түрлі ғылыми пікірлерді жинап, салыстыру, зерттеу;

- тақырып төңірегіндегі ойын жинақтап, толық жоспар формасында логикалық құрылымын құрастыру;

- баяндама мәтінін жазуда ғылыми стиль талаптарын ескеру.

Кез келген ғылыми жұмыстардың құрылымы сияқты баяндама құрылымы да дәстүрлі үш бөлікиен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлім.

Кіріспе бөлімде баяндама тақырыбы, басқа мәселелермен байланысы, бұл тақырыптың қарастырылуы, негізгі дереккөздер беріледі.

Негізгі бөлімі логикалық жағынан нақты құрылуы керек. Мәліметтер өзара байланысты, дәлелді әрі нақты болу керек. Негізгі мәтінде айтылған ой қайталана бермеуі тиіс.

Қорытынды бөлімде тақырып төңірегінде тұжырымдар жасалып, негізгі мәселелер нақтыланады.

 

1-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

1. Баяндама дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

2. Баяндаманың құрылымдық жүйесі қандай?

3. Баяндама қандай мақсатта дайындалады?

4. Баяндама жазуда қандай стиль қолданылады, ол стильдің ерекшелігі не?

5. Баяндаманың басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарынан өзіндік ерекшелігі неде?

2 – тапсырма. Кестені толтырыңыз.

1. 1–кестедегі мәліметтерді оқып шығып, баяндаманың түрлерін, өзіндік ерекшелігін есте сақтаңыз.

2. Ғылыми баяндама түрлеріне қатысты мәліметтерді еске түсіре отырып, 2-кестені толтырыңыз.

 

Кесте

Баяндама түрлері
Ауызша баяндама Жазбаша (қысқа) баяндама Жазбаша (толық) баяндама
Ө з і н д і к е р е к ш е л і к т е р і
     
О р т а қ б е л г і л е р і
 

 

3 - лексикалық тапсырма.

1 – сұхбат:

Тіл жайлы адамдардың ой-пікірін білгім келіп тұратын әдетім бар. Сондай бір кезде «мобил агнетте» отырып «шағын блогқа»: «Жамағат сәлем» десе, неге «Привет!» деп жауап бересіңдер, неге «салем!» деп қазақша жауап бермейсіңдер? – деп сұраған едім, сол кезде бір қыздан «это привычка» деген жауап келді. Диалог әрі қарай былай жалғасты:
-Неге «привычка»?
-Соған үйреніп кеткенмін ғой.
-«Сәлем» деп қазақша жазуға да болады ғой.-
-Не а.
-«Жоқ» десеңші.
-Айттым ғой, міне тағы да«привычка».
-Ал сен «привычка» қылма. Қазақ емессің ба?
(Осы кезде ол шығын болгына: «Мне насрать вашего мнение.» деп жазды)
-Несіне ашуланасын, мен Қазақ болайық деп жатырмын ғой?!
-Итак Қазақпыз ғой.
-Ол тек ауызбен айтқанға, дәл қазіргі айтып отырғаның анау болса, сенен қайдағы Қазақ шығады?
-Мен орысша сөйлеймін, потому что ол маған керек. Орыс тілін білмесек болашағымыз жоқ.
-Біл, саған кім «білме» деді? Игілігіңе жарасын, бірақ өз тіліңді ластамай-ақ сөйлесең болмай ма?
-Өзім білемін, ешкімнің шаруасы болмасын!
-Маған десең орыс болып кет! Мен саған «ұлтшылдық» мағынада емес, «ұлтжандылық» мағынада айтып жатырмын.
-Боламын орыс, онда не жұмысың бар?
-Ешқандай жұмысым жоқ. Бірақ, бүгін осылай сөйлеген сенен және сен сияқтылардан Қазақстанның ертеңін елестетудің өзі ұят. Қаныңды оңай сатып жібереді екенсің. Мен өз тілі бола тұра, өзге тілге бағынышты болып қалған адамды «бейшара, байғұс біреу» деп білемін.
-Өзің біл, кім десең де.

2 – сұхбат:

· Диалогтарды оқып, талдаңыздар.

· Екі тілді араластырып сөйлеудің қауіптілігі неде?

· А.Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген сөзінің мәнісін осы диалогтармен байланыстыра отырып түсіндіріңіз.

· Өз бетіңзше ой қорытып, тұжырым шығарыңыз.

«Только үш-төрт сом қостық. И все».

«Ия, шумиха болды».

«Бағаны көтерген жоқпыз, потому что ешкім алмайды»

***

«Мынау нағыз уйықтайтын погода екен».

«Иә, бірде қар, то дождь».

«Бүгін целый день снег жауад деген».

«Снег па, дождь ба?»

«Снег деп айтты».

«Холод болады деп айтты ма?»

«Холод бола қоймас. Временами деді ғой».

***

«Саулеша, анау үшінші палатадағы старушкаға укол салдың» ба?»

«Жоқ, ол пока система алып жатыр».

«Сахарға анализ тапсырып па еді?»

«Кеше сдавать еткен».

«Онда хорошо».

 

Жағдаяттық тапсырма

Сіз мекеме басшысысыз. Күн тәртібі бойынша баяндама жасауыңыз керек. Сіз басқарып отырған ұжымда өзге ұлт өкілдері бар. Сіз қай тілде баяндама жасар едіңіз.

4-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз:

cобеседование -

обмен мнениями -

научные, учебные темы -

высказывать свое мнение -

делать выводы -

изложения-описания -

полнота содержания -

выражать оценку чему-либо –

5-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз, өзіңіз ой қосыңыз.

«Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескірген сөздерге доламау, жергілікті сөзден қашу» дейді А. Байтұрсынов.

Таза сөйлеу дегеніміз – сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, «бөгде» сөздерді араластырмау» дейді ғалым М. Балақаев.

Тіл тазалығы қажетсіз, басы артық сөздерден бұзылады. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл тазалығы, сөзімізде өзге тілдік элементтердің болмауы. Бірақ әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы қосымшал



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-07-11; просмотров: 346; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.103.100 (0.013 с.)