Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Презентации, используемые в бизнесе можно классифицировать несколькими способами.

Поиск

1. Презентации состоящие из слайдов, следующих друг за другом. Такие презентации выполняются с помощью программы PowerPoint, пользоваться данной программой может каждый школьник. Это самый простой тип презентаций по техническому выполнению.

2. Презентации в виде видео-ролика. Такие презентации можно назвать рекламным роликом. Обычно в них используются отснятые на видеокамеру небольшие сюжеты, а так же трёхмерная компьютерная графика.

3. Интерактивные презентации. Это самый популярный вид презентаций. Обычно они создаются с помощью программы Flash. Flash-презентация является оптимальным вариантом при размещении презентации в интернете.

В чём преимущество и польза бизнес-презентаций

1. Информативная ёмкость
2. Компактность  
3 Эмоциональная привлекательность  
4. Наглядность
5. Мобильность
6. Интерактивность.  
7. Экономическая выгода  
8. Многофункциональность.  
9. Престиж  

 

 


11-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.

отечественный товар товар

спрос выставка

биржа номинация

конкурс экономический регион

озеленение контракт

золотая качества национальный фонд

экспорт приход

номинация халықаралық

Тапсырма.

Лизинг баспасөз

тұсаукесер Компания

Капитал контракт

Келісімшарт производство

Кәсіпорын структура

Құрылым финансировать

Техникалық база кризис

Дағдарыс проект

Қаржыландыру залог

Нормативтік құқықтық база пресса

Жоба стратегия

Кепілдеме процент

Пайыз сюрприз

Тосынсый обычай

Дәстүр коммуникация

Коммуникация лизинг

Баспасөз капитал

Компания техникалық база

Стратегия нормативная правовая база

13-тапсырма. Төмендегі мамандыққа байланысты сөздерді топтастырып жазыңыз.

Қаржы, валюта, салық, экология, әлеуметтік жұмыс, ақпараттық жүйе, кеден, менеджмент, маркетинг, басқару, есептеуіш машиналар, банк,бағалы қағаздар,жарнама,есеп, статистика, бухгалтерлік есеп, несие, биржа, жергілікті басқару, калькулятор, аудитор, сервис, бағалау, есептеу техникасы, сапа, экономика,акция, интернет, табиғи ресурс, ғаламтор, қор, сауда.

14-тапсырма. Төменде «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Тұсаукесерінің негізгі мәселелері көрсетілген. Өз фирмаңыздың Тұсаукесерін қалай өткізер едіңіз?

Жоспар құрыңыз.

«Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры»акционерлік қоғамы қызметінің ТҰСАУКЕСЕРІ Тұсаукесердің негізгі мəселелері: • Ипотекалық кредиттерге кепілдік беру тəртібі немен реттеледі? • Бас келісім қалай жасалады? • Ипотекалық кредит бойынша Кепілдікті қалай алады?  

     
     

 

 

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мұрындық болып, Астанада отандық тауар өндірушілердің форумы болып өтті. Шараға ұлттық компания мен даму институттары өкілдерінің, бизнес-ассоциациялар мен отандық тауар өндірушілердің, барлығы 600-ге жуық адамның басын қосқан. Сондай-ақ форум жұмысына «Самұрық-Қазына» АҚ төрағасы Қайрат Келімбетов, Вице-премьер, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Атамекен» одағы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысып, үкіметтің қолдауына үміткер кәсіпорын жетекшілерінің баяндамасын тыңдады.

Ұлттық компаниялардың отандық тауарларға деген сұранысы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң аясынан шығарылып, еркін жүзуге жіберілген болатын. Енді компаниялар мұндай үдерісті өз ережелеріне сәйкес ұйымдастыратын болды. Қазір сол ережелерге сәйкес, сатып алу процесін Ұлттық Қор тобына кіретін 260 ұйым атқаруда. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, «бүгінгі таңда ұлттық компаниялардың тұтыну тауарларының тізімі анықталған. Оның ішінде негізгілері – электр энергиясы мен мұнай өндірісі, химиялық-металлургиялық салаға, машина жасауға қажетті тауарлар. Үкімет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді сәтті жүзеге асыру үшін осы сұраныстарды дұрыс қамтамасыз ету қажет».

 

Қор төрағасы Келімбетов мырза:

Отандық тауар өндірушілерге деген қолдау еселене түсетін болды. Ұлттық компаниялар мен даму институттары олармен серіктестікті жоғары деңгейге көтеру мақсатында жаңа жоспарлар қабылдаған. Оған сай, ұзақ мерзімді серіктестікке отыру арқылы үкімет «Қазақстанда жасалған» тауарлардың саны мен сапасын арттырмақ ниетте.

Қор төрағасының екінші көтерген мәселесі – отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру жайы. Осы мақсатта ұлттық компаниялар ағымдағы жыл ішінде жалпы алғанда 665 млрд. теңгеге келісім-шарт жасаған. Форум арқасында оның көлемін тағы 100 млрд. теңгеге ұлғайту көзделіп отыр. Аталған сома тек тауар өндірушілерге ғана емес, отандық экономикаға құйылған үлкен қолдау екені сөзсіз. Оны Қор төрағасы Келімбетов мырза да айтып өтті.
Сондай-ақ ол: «Ұлттық компаниялар Қазақстан экономикасының басты тірегі ретінде отандық экономиканы жаңарту функциясын атқаруы керек. Ал модернизация жаңа технологияларды игеру арқылы жүзеге асатыны белгілі. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» қоры ішінен арнайы инновациялық комиссия құрылып отыр. Ол өз кезегінде ұлттық компаниялар құрамындағы ғылыми-техникалық кеңестің басты үйлестірушісі болады», – деді.
Қазақстанда мемлекеттік тапсырысқа бөлінетін жылдық қаражат көлемі 14 млрд. АҚШ долларын құрайтын көрінеді. Оның жартысынан көбі құрылыс саласына бағытталған. Бұл – Вице-премьер Әсет Исекешевтің келтірген мәліметтері.
«Қазақстанда мемлекеттік сатып алу көлемі 14 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ресейде бұл көрсеткіш 120 млрд. долларға тең, ал Беларуссияда – 7 млрд. Сол себепті біздің сандар жайында жақсылап ойлану қажет. Қазір бірыңғай экономикалық аймақ құру жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікті артырып жатуға уақыт өте тығыз. Ал-ғашқы кезеңде ресейлік, беларуссиялық тауар өндірушілермен бәсекелес-тікке түссек, кейін ДСҰ-ға мүше боп кіргенімізде бүйірден қытай компаниялары кіргелі тұр. Сол себепті қазір «Самұрық-Қазына» қорының ұсынып отырған жәрдемі – отандық тауар өндірушілер үшін зор мүмкіндік», – деді Исекешев мырза.

Форум соңы жалпы сомасы 108 млрд. теңгеге тең көмір, темір бетон бұйымдары, радиотехникалық құрылғылар тасымалдау бойынша отандық тауар өндіруші 11 компанияның екіжақты ұзақ мерзімді келісім шартқа қол қоюымен аяқталды. Олар – энергетика, темір жол, көмір өндіру саласындағы ірі ойыншылар – «KEGOC» АҚ, «Локомотив» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және т.б. Отандық тауарлардың делдалсыз сауда-саттығы жасалатын сауда биржасы құрылады. Енді кәсіпкерлер бұл жерден бидайдан бастап, мұнайға дейін таба алады. Мемлекет сауда биржасында сатылымға шығатын тауарлардың тізімін де анықтап қойыпты. Соңғы мәліметтерге қарағанда, отандық бидай мен цементке деген сұраныс артқан. Қазір аталған тауарлардың сауда-саттығын оңтайландыруды көздейтін ортақ алаң ашу жұмыстары қарастырылуда. Бұл өз кезегінде бағаның реттелуіне сеп болуы тиіс.

«Тұтынушылар мен саудагерлерге делдалсыз жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Бұл бәрі үшін тиімді. Жәрмеңкеде сауда ашық жүргізіледі. Өйткені барлық сауда-саттық декларацияланады. Яғни мемлекет қоржынына салық мол түседі деген сөз. Аталған жәрмеңкеде кез келген тауар түрі сатылады. Бұған қоса, ортақ баға белгілеу жүйесін енгізуге болады», - деді «ETS» сауда биржасының атқарушы директоры Сержан Мәдиев.

Оның сөзіне қарағанда, егер тауардың ең құрығанда 20 пайызы биржада сатылса, онда нарықта баға біршама реттелмек.

«Мысалы, қазір бидайдың нақты бағасын ешкім айта алмауы мүмкін. Ал барлық дамыған елдерде тауар биржада сатылады. Бұл өз кезегінде еркін нарықтағы бағаға сөзсіз әсер етеді. Биржадағы сауда аукцион түрінде болуы керек. Яғни сатушы да, сатып алушы да ұнаған тауарды қалаған бағасына сатады әрі сатып алады», - деп есептейді Мәдиев.

Сарапшылар ортақ сауда алаңын ашу үшін биржадағы сауда-саттыққа деген талапты күшейту керек деп пайымдайды. Ал мұндай алаңдар елімізде алдағы 3-5 жылда пайда болады деп жоспарлануда.

     

Ойтүрткіі3і.

Отандық тауар өндірушілердің жетістігіне баға беріңіз. Өз пікіріңізді қосыңыз.


Елімізде отандық тауарлар биржада сатылады. Басты әрекет: экономика, биржа, жәрмеңке, тауар.

15-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын айтып,отандық тауарлар туралы не білетініңізді әңгімелеңіз. Отандық тауардың шетелдік тауардан өзгешелігі туралы не айтар едіңіз? Мамандыққа байланысты экономикалық терминдерді тауып, оны дәптерлеріңізге жазыңыз.

Үздік тауарлар көрмесі

2001 жылы «Қазақстанның үздік тауарлар көрме-конкурсы» жарияланды. Бұл көрмеде Қазақстанның Тәуелсіздігін паш ететін отандық тауарлар шығарылды. Аталған байқауға ең мықты деген 150-ден астам қазақстандық тауар өндірушілер қатысты. Олардың қатарында ұлттық саз аспабын жасаушы алматылық «Шертер» ЖШС үздік нәтиже көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді.Серіктестік директоры Бақытжан Ділманов өз шеберлерімен домбырадан саз сырнайға шейін аспаптар жасап, еліміздің бірнеше аймақтарына шығарып жатқанын айтты. Шығыс Қазақстаннан келген ет, шұжық өнімдерімен аты шыққан «Швабские колбаски» серіктестігінің өнімдері барлық жанды тамсандырды.

Байқау комиссиясы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» сынды үш номинацияда жеңімпаздарды анықтады. Байқау жеңімпаздары «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтарымен марапатталды.

16-тапсырма. Сұхбатқа назар аударыңыз. Оқыңыз. Қала әкімінің қорытынды сөзін орысшаға аударыңыз.

Алматыда «Қазақстанның үздік тауарлары» көрмесі ашылады. Көрме «Атакент-Экспоның» халықаралық павилионында өтеді. Көрменің ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі..., Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Комитетінің өкілі, «Нұр Отан» ХДП-сы облыстық филиалының басшылары қатысады.

Тілші: –... мырза, бұл көрме қандай мақсатта ұйымдастырылып отыр?

...: – Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік конкурс- көрме Қазақстандағы кәсіпорындардың жұмысына ықпал ету, нарықты отандық тауарлармен қамту, сапалы және сұранысқа ие тауарлар шығару мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Тілші: – Көрмеге кімдер қатыспақшы?

...: – Көрмеге биылғы маусымда қаланың 85 өндіріс орны қатысуда.

Тілші: – Байқау қандай номинация бойынша өтеді?

...: – байқау үш номинация бойынша өтеді:

29 кәсіпорын өндірістік бағыт;

27 кәсіпорын халық тұтынатын тауарлар;

29 кәсіпорын азық- түлік тауарлары.

Тілші: – Сіз кәсіпорын тауарларымен жан-жақты таныстыңыз. Көрмеде қандай өндіріс тауарлары ерекше көрініс тапты?

...: – Алматы көрмесінде ауыр өнеркәсіптің флагманы болып табылатын АЗТМ-ның өнімдерінен бастап, жеңіл тауарларға дейін көрініс тапты.

«Біз қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып отырған өндіріс орындарына қашан да қолдау көрсетуге тиіспіз. Ал Сіздердің міндеттеріңіз - жоғары марканы қолда нық ұстап, экспортқа өнім шығару. Алматы - еңбекқор, донор қала, ол республика бюджеті кірісінің 27 % -ын береді. Осы көрсеткішті біздің кәсіпорындар жүзеге асырып отыр.

Тілші: – Қазіргі дағдарысқа қарамастан Алматы қаласының өндіріс орындарының қанат жайып келе жатқанын білеміз. Енді қала бюджеті туралы не айтар едіңіз?

...: – Алматы қаласы өркен жайып келе жатқаны рас, ал бұл қала бюджетінің артуына ойдағыдай ықпал етеді. Бюджеттің өсуі үлкен мегаполистегі орын алған өзекті мәселелерді шешуге, энергетиканы, жылу трассаларын, су каналдарын жаңартуға бағытталған. Соңғы екі жыл ішінде энергетикаға мол қаржы бөлінді. 2010 жылы бюджет қаржысы 81 млрд. теңгені құрады. Бұдан өзге қаржы жолдарды жөндеуге, фонтандар мен аулаларды, жүргінші жолдарды ретке келтіруге де бөлінген. Жүргізіліп жатқан қомақты істердің арқасында қалалықтар демалатын гүлзарлар мен скверлер де көбейді, қала ерекше абаттанып, бұрынғыдан да гүлдене түсті.

Ахметжан Есімов көрмеге қатысушыларды құттықтап, олардың көрмеге ұсынған түрлі өнімдеріне ризашылығын айтып, жыл аяғында Астанада өтетін «Алтын сапа» байқауында жеңімпаз атануға тілектестік білдірді.

– Алматыда барынша дарынды, шығармашыл жандар тұрады, солардың арқасында әсем қаламыз жыл сайын көркейіп, құлашын кеңге жайып, гүлдене түсуде. Мен сіздердің барлықтарыңызға табыс, ұшқыр ой мен шабыт тілеймін. Өзіміз де, қаламыз дами беретін боламыз. Отандық тауарлар озық болатын күн алыс емес, - деп қорытындылады өз сөзін қала әкімі.

Тілші: – Әңгімеңізге рақмет.

Алматы қаласының әкімі «Үздік Қазақстандық тауар» атты өңірлік конкурстың жеңімпаздарын арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 

17-тапсырма. Көр түбіріне қосымшалар жалғау арқылы сөз жасаңыз.

сін
іс
гіш
е
ер
мен
ген  
ін  
ме
у
се
көр

 

 


Глоссарий

Тұсаукесер – қазақи салт-дәстүрдің бірі, қазір бұл мағына кеңейтіліп, әр түрлі ұйым, бірлестік, кәсіпорын, өндіріс т.б. алғашқы ашылу салтанатын да осылай атайды.

Тауар – ірі көлемде сатылатын ауыл шаруашылық тауарлары, металдар мен шикізат.

Отандық тауарлар – жергілікті, өз республикамызда шығарылатын тауар түрлері.

Лизинг – орта және ұзақ мерзімді жалдау (көбіне машина, құрал-жабдықтарды),бұл кезде мерзім аяғына қарай жалгер мүлікті қайтып береді не меншігіне алады: екі жағдайда да алдын ала келісілген шарт бойынша жүргізіледі.

Қор – а) қандай да бір мақсатқа арналған ақша сомасы; ә) әлеуметтік немесе қайырымдылық мақсаттарға өсиеттелген қаражаттарды басқаратын мекеме.

Сауда биржасы – нарықтың ұйымдасқан түрі. Ол тауар айырбастау, тауар ақша әдіс-тәсілдерін реттеп отырады.

Декларация – төлеуді нақты бір күнге белгілеген компания директорлары кеңесінің актысы.

Капитал – табыстың жер және жалдамалы еңбек сияқты басқа екі көзімен тұрақты табыс әкелетін меншік актив.

Келісімшарт – бір жақтың екінші жақ үшін қандай да бір шарт бойынша бірдеңе істеуге міндеттеме алатын ауызша немесе жазбаша келісімі.

Экспортқа өнім шығару –шетелдік клиенттерге тауарлармен (өнімдермен) қызмет көрсету.

Тест сұрақтары

1. Тұсаукесер қандай мағына береді?

А) Қазақи салт-дәстүрдің бірі, қазір бұл мағына кеңейтіліп, әр түрлі ұйым, бірлестік, кәсіпорын, өндіріс т.б. алғашқы ашылу салтанатын да осылай атайды.

В) Аттың тұсауын шешу.

С) Тұсауды кесіп алу.

Д) Әннің аты.

Е) Би билеу.

2. Сәбидің тұсау кесу рәсімінде пайдаланылатын тұсау неден жасалады?

А) шөп, жіп, ішек

В) ағаш

С) темір

Д) қайыс

С) алтын

3.«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» өзінің алдына неше стратегиялық бағыт қойып отыр?

А) 5;

В) 4;

С) 3;

Д) 9,

Е) 2.

4. Көрме сөзінің аудармасын табыңыз.

А) арена

В) выставка

С) ринг

Д) площадь

Е) торговля

5. Отандық тауар сөзінің аудармасын табыңыз.

А) импортный товар

В) простой товар

С) дешевый товар

Д) отечественный товар

Е) дорогой товар

6.... озық болатын күн алыс емес.

А) Отандық тауарлар

В) Жай тауарлар

С) Күрделі тауарлар

Д) Қажетсіз тауарлар

Е) Арзан тауарлар

7.Әсем қаламыз жыл сайын көркейіп, құлашын кеңге жайып,... түсуде.

А) гүлдене

В) азая

С) биіктей

Д) тоғая

Е) молая

8. Елімізде отандық тауарлар... сатылады.

А) үйде

В) орманда

С) ұшақта

Д) теңізде

Е) биржада

9. Отандық тауарлар деп қандай тауарларды айтады?

А) шетелге шығатын тауар

В) сатылмайтын тауар

С) айырбастауға болатын тауар

Д) жергілікті, өз республикамызда шығарылатын тауар

Е) басқа жақтан келетін тауар

10. Тұсаукесер сөзінің аудармасы қалай аталады?

А) акция

В) презентация

С) биржа

Д) валюта

Е) менеджмент

11. Барлық дамыған елдерде тауар... сатылады.

А) аукционда

В) базарда

С) дүкенде

Д) жәрмеңкеде

Е) биржада

12. 2010 жылы бюджет қаржысы... теңгені құрады.

А) 100 млрд

В) 90 млрд

С) 102 млрд

Д) 75 млрд

Е) 81 млрд.

13. Алматы - еңбекқор, донор қала, ол республика бюджеті кірісінің... % -ын береді.

А) 27

В) 15

С) 30

Д) 41

Е) 31

14.Биржадағы сауда... түрінде болуы керек.

А) қолма-қол

В) жарнама

С) аукцион

Д) үстеме бағада

Е) бөлшек сауда

15. Қазақстанның Тәуелсіздігін паш ететін... тауарлар.

А) сапалы

В) қымбат

С) тәуелсіз

Д) отандық

Е) бағалы

16. Қазақстан экономикасын дамытушы негізгі жер асты пайдалы қазбасы қалай аталады?

А) көмір

В) темір

С) мыс

Д) мұнай

Е) мырыш

17. Жарнама сөзі қандай мамандыққа байланысты айтылады?

А) бухгалтер

В) инженер

С) эколог

Д) қаржыгер

С) әлеуметтік жұмыс

18. Ақпараттық жүйе қай мамандыққа байланысты айтылады?

А) бухгалтер

В) инженерлік экономика

С) эколог

Д) қаржыгер

С) әлеуметтік жұмыс

19. Аудит сөзі қай мамандыққа байланысты айтылады?

А) бухгалтер

В) инженерлік экономика

С) эколог

Д) қаржыгер

С) әлеуметтік жұмыс

20.Банк сөзі қай мамандыққа байланысты айтылады?

А) бухгалтер

В) инженерлік экономика

С) эколог

Д) қаржыгер

С) жергілікті басқару

 

СОӨЖ тапсырмасы

1. «Қазіргі Қазақстандағы отандық тауарлардың дамуы» тақырыбында шағын шығарма жазыңыздар.

2.Тақырып бойынша жаңа сөздерді пайдаланыңыздар.

3. Отандық тауарлардың құндылықтары мен түрлі проблемаларын шешу жолдарын ұсыныңыздар.

 

СӨЖ тапсырмасы

1. 11-тапсырмада берілген қала әкімі мен тілші арасындағы сұхбатты әңгімеге айналдырыңыздар.

2. Отандық тауардың түрлерін жазыңыздар.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақ тілі. Оқу құралы.ІІ бөлім.А, «Экономика» 2010, 173б.

2. Қ.Бектаев Үлкен қазақша-орысша сөздік. Алтын қазына. 2001.

3. Н.Қ.Мамыров. М.А.Оспанов. Е.Қ.Құдайбергенов. Ж.Ш.Әбішев. І.М.Төленов. Орысша-қазақша қазіргі экономикалық терминдердің түсіндірме сөздігі. «Экономика» 1999.

4.Қ.Ж.Әбдірахманова. Қазақ тілі. Оқулық. «Жазушы» 2000 ж.

5. Интернет............

 

 

Жекеева К.О.

13-сабақ. Банкте. Стилистикалық тіл нормаларының өзіндік ерекшеліктері

Тірек сөздер мен сөз тіркестері: банк, дағдарыс, төлемақы, несие, кепіл, қаржы, капитал, акционер, коммерция, валюта, төлем құралы, бәсекелес, банкир, алтын қор құралы, несие жүйесi, валюта резервi, материалдық құндылық, экономикалық тұрақтылық, ақша саясаты, бағалы қағаздар,заңды тұлға.

Стильдің - стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды. Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.

Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.

Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.

Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлар мен байланысты болып келеді.

Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзегеасады.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:

1. ауызекі сөйлеу стилі

2. көркем-әдебиет стилі

3. публицистикалық стиль

4. ресми іс қағаздар стилі

5. ғылыми стиль

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б. Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады. Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.

Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:

- мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;

- тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

- сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;

- терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

- терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;

- қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Тілдің негізгі қызметі қандай?

2. Тіл стильдерін атаңыз.

3. Ресми құжат стильдеріне тән белгілерді атаңыз.

3. Кестені есіңізде сақтап, екінші кестені өзіңіз толтырыңыз:

1. Стиль түрлері туралы 1-кестені оқып шығыңыз. Стильдердің қолдану аясын, қызметін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.

2. Стиль түрлері туралы мәліметтерді есте сақтай отырып, оқу құралының көмегінсіз 2-кестені толтырыңыз.

Кесте

Стиль түрлері мен ерекшеліктері

Стиль түрлері Қолданылу аясы Стильдік ерекшеліктері Ауызша түрі Жазбаша түрі
Ауызекі сөйлеу стилі Тұрмыста, отбасында, достық қарым-қатынаста Еркіндік, эмоциялық, экспрессивтік-бағалаушылық Диалог, әңгімелесу Пьеса, хат, көркем шығармадағы төл сөз, кино сценарийі және т.б.
Ғылыми стиль Ғылым мен техникада, оқу процесінде Нақтылық, дәлдік, логикалық жүйелілік Лекция, баяндама, диалог және т.б. Оқулық, ғылыми кітаптар, диссертация, ғылыми мақалалар, реферат, конспект, курстық, дипломдық жұмыстар және т.б.
Ресми іс қағаздар стилі Басқару, әкімшілік, құқықтық салада Ресмилік, нақтылық, дәлдік. Ресми қарым-қатынастың ауызша түрінде, келіссөздер жүргізгенде, сот процесінде, жиналыстарда, түрлі кеңестер мен отырыстарда және т.б. Заң, жарлық, қаулы, бұйрық және т.б. ресми іс қағаздары.
Публицистикалық стиль Бұқаралық ақпарат құралдарында Сендіру, бағалау. Теле-радио бағдарламаларында,жиналыстарда сөйленетін сөздер. Баспасөз беттеріндегі материалдар(мақала, репортаж және т.б.)
Көркем әдебиет стилі Әдебиет пен өнер саласында Образдылық, еркіндік, бағалағыштық, эмоционалдық-экспрессивтік. Өлең оқу, цитаталар келтіру, әзіл-қалжың айту және т.б. Көркем шығармалар

Кесте

Стиль түрлері мен ерекшеліктері

Стиль түрлері Қолданылу аясы Стильдік ерекшеліктері Ауызша түрі Жазбаша түрі
         
         
         
         
         

Мәтінді оқып шығып, мазмнын айтып беріңіз.

Алғашқы банктер қашан пайда болды?

Алғашқы Банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына, әсіресе, 1716—1720 жылы Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды. Басты мақсаты пайда табуды көздеген банк өнеркәсіп пен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын өзіне тарта бастады. Олар қарызға металл ақша беруден енді ірі өндірісшілерге борышқорлық міндеттемелер арқылы несие беруге және клиентінің ағымдағы есеп-шотына ақша аударуға көшті, сөйтіп қарыз капиталының қозғалысын ұйымдастыратын ерекше қаржы кәсіпорны ретінде өріс алды. 20-ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы Банктердің рөлін едәуір өзгертіп, банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде несие беруге көше бастады. Олар, көбіне, ұзақ мерзімді қарыз беруге (8 — 10 жылға дейін) ұмтылды. Өнеркәсіп, көлік, сауда және басқа да акционерлік қоғамдардың құнды қағаздарын (акциялар, облигациялар) рынокқа шығару және орналастыру нәтижесінде банк өнеркәсіппен етене жақындасып, кәсіпорындардың құнды қағаздарының бақылау пакетін өз қолына шоғырландырды. Осының нәтижесінде 20-ғасырдың алғашқы ширегінде Ұлыбритания мен Германияда ірі-ірі банктер екшеліп шықты. Банк жұмысы барған сайын өркендеп, енді олар жәй делдалдық рөлінен асып, барлық ірі саудагерлер мен ұсақ қожайындардың бүкіл ақша капиталын жинап, белгілі бір елдегі өндіріс құрал-жабдықтары мен шикізат көздерінің көбін билеп отыратын монополиялық құрылымға айналды. Мысалы, 1979 жылы Жапониядағы 13 “қалалық банк” (Мицубиси бэнк, Сумитомо бэнк, т.б.) бүкіл несие жүйесіндегі активтердің 46%-ын өз қолында ұстады. Ал Ұлыбританияның несиелік жүйесін 4 банк монополиясы: Нэшнл Вестминстер бэнк, Барклейз бэнк, Мидлэнд бэнк және Ллоидз бэнк билейді. Нью-Йорктегі аса ірі банктер — Чейз Манхеттен бэнк пен Кемикл бэнк қаржылық-монополистік Рокфеллер тобы арқылы жұмыс істеді. Ол ірі өнеркәсіп салаларын (“Боинг”, “Геркулес”, “Монсанто” компанияларды, т.б.) өз уысында ұстап отыр.

Оқып шығыңыз. Жазылу мәнерін есте сақтаңыз.

Банкте

Салымшы: – Сәлеметсіз бе?

Банк қызметкері:– Сәлеметсіз бе! Біздің банкке қош келдіңіз!

Салымшы: – Мен «Кең дала» Акционерлік қоғамынан келіп тұрмын. Өзімнің қаражатымды депозиттік салымға салсам деп едім. Сіздің банктеріңіз маған көмектесе ала ма?

Банк қызметкері – Әрине, көмектесеміз. Сіз салымыңызды қандай валютамен салуды ұйғардыңыз?

Салымшы: – Теңгемен салсам деп едім.

Банк қызметкері – Қандай көлемде салым жасамақсыз? Бізде ең төменгі салым шамасы – жүз мың теңге.

Салымшы: – Иә, мен бес жүз мың теңге әкелдім.

Банк қызметкері – Біз сізге қызмет етуге дайынбыз.

Салымшы: – Рахмет!

Банкте

Несиегер: Сәлеметсіз бе?

Несие алушы: Қайырлы күн, мен сізден 1,5 млн. теңге несие алып, өзіме автокөлік алғым келеді. Шарттарыңызды білейін деп едім.

Несиегер: Біріншіден, сіздің құжаттарыңыз керек, олар:

- жеке куәлік;

- салық тіркеу нөмірі;

- жалақыңыз туралы анықтама;

- турақты мекен-жайыңыз туралы анықтама;

- зейнеткерлік қордан анықтама;

Екіншіден, сіз автокөліктің құнының 50 % төлейсіз, қалған ақшаны 3 жылға ұзартуға болады. Бір жылда 30 % төлеу керек.

Үшіншіден, сіз автокөлік алатын фирмадан кепілдік қағазын алуыңыз керек, содан кейін сақтандыру қорына тіркеуіңіз керек. Осы құжаттар дайын болған соң, біз сізге 3 күннің ішінде несие береміз.

Несие алушы: Егер мен несиені уақытынан бұрын төлесем, сіздер маған қандай жеңілдіктер ұсынасыздар?

Несиегер: Ондай жағдайда, келесі алатын несиенің пайызын төменірек береміз.

Несие алушы: Сонда пайызы қаншаға төмендейді?

Несиегер: Ол сіздің алатын ақшаңызға байланысты. Егер сіз бізден 2 миллион теңгеден жоғары несие алсаңыз, жылдық пайызыңыз 10 % төмендейді.

Несие алушы: Берген кеңесіңізге рахмет. Ұсыныстарыңыз жайлы ойланып көремін.

Несиегер: Сау болыңыз. Біз сізді күтеміз.

 

Жағдаяттық тапсырма

Қазіргі кезде елімізде қ



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-07-11; просмотров: 240; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.128.226.128 (0.013 с.)