Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Невроздарды емдеу мен алдын алу

Поиск

Невроздарды емдеу науқастың көңіл-күйін мазалайтын жайларды болдырмауға немесе оларға оның көзқарасын өзгертуге бағытталуы керек. Осы мақсатта ұзақ уақыт (бірнеше жылға дейін) гипнотерапияны, ұтымды әңгімелерді, сонымен бірге өзін-өзі сендіру мен ауто-тренинггің қарапайым тәсілдерін пайдаланып, қайталанулардың алдын алу үшін қолдаушы психотерапиямен жалғасты психотерапиялық комплексті емдеу шаралары қажет. Невроздармен науқастанғандарды емдеуде ұтымды медикаментоздық терапия да тиімді, бірақ оның патогенездік және симпатикалық мәні бар.

Невроздық бұзылулардың патогенездік механизмдеріне сәйкес орынды іріктеліп алынған дәрілер сырқаттардың психогендік факторларға реакция күшін төмендетіп, олардың әсерінен пайда болатын көңіл-күй күйзелістері мен вегетативтік көріністер қарқынын азайтады.

Ауруларда невроздың ауыр көріністерін болдырмауға бағытталатын транквилизаторлар қолданылады. Оларды тағайындағанда невроздардың клиникалық көріністерінің ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы, эленниум (либриум), седуксен, тазепам үрейге едәуір қарсы, тыныштандыратын әсер етеді, бұлшық еттің ширығуын төмендетеді. Эунокгин (радедорм) ұйықтатын қасиетке ие. Күндіз қолданылатын транквилизаторлар ретінде рудотель қолданылады. Ол ең алдымен науқастарды тыныштандырады, ұйқышылдық пен бұлшық еттер босауын болдырмайды. Тыныштандыратын нәтиже мепротанда да бар. Сонымен, транквилизаторлар тыныштандыратын және ұйықтататын әсерімен қатар, ауруларды әр түрлі психотерапиялық тәсілдердің ықпалына икемдеуге көмектеседі.

Триоксазин ангионевроздарды, элениум вегетативтік дистонияны, оның ішінде вегетативтік ұстамаларды, феназепам фобиялар мен невроздық депрессияларды емдегенде, эуноктин ұйқы бұзылғанда тиімді екендігі белгілі. Аталмыш препаратгардьщ бәрі де, невроздармен қоса, соматогендік немесе эндокриндік өзгерістер мен экзогендік факторлар әсерінен болатын невроз төрізді синдромдарды емдегенде де тиімді.

Эмоционалдық пен вегетативтік сфераға нейролептиктер қарқынды әсерін тигізеді. Бірақ невроздарды емдеу үшін олар сирек қолданылады.

Антидепрессантар (мелипрамин, амитриптилин, азафен, пиразидол, т.б.) невроздық депрессияны, ал психостимуляторлар (ацефен, сидно-карб, сиднофен, т.б.) айқын білінетін астенияны емдегенде қолайлы.

Невроздармен зардаптанғандарды емдеу үшін қосымша патогенездік әсері бар ем шаралары ретінде физио- және бальнеотерапия, инере-флексотерапия қолданылады. Әсіресе гидроемшаралардың (жалпы жылы ванналар) тыныштандыратын әсері бар, ал айналмалы немесе шашыранды душ қуаттандырады.

Алдын алу шаралары. Невроздардың негізгі себептерін (психогендік факторлар, әлеуметгік келеңсіздіктер) еске ала отырып, олардың одан әрі әсерін бақылау және оны болдырмау жайларын қарастыру керек. Бірақ жағымсыз көңіл-күй тудыратын факторларды толық аластау мүмкін емес.

Невроздардың алдын алуда бала кезінен дұрыс жүргізілген тәрбие маңызды роль атқарады. Баланы ерте жастан тілегі мен нақты мүмкіндіктерін үйлестіруге әдеттендіру керек.

ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ

 

НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК ҰЙЫМДАСТЫРУ

Сырқаттанушылық құрылымында нерв жүйесі аурулары басты орындардың біріне ие. Сондықтан неврологиялық көмек халыққа арнаулы медициналық жәрдем берудің маңызды бөлігі болып саналады.

Көптеген аурулар әр алуан неврологиялық көріністермен жиі қабаттасады. Бұл дәрігер-невропатологтардан нерв жүйесі ауруларына қатысты мәселелермен қатар, басқа да ағзалар мен жүйелердщ зақымдануларын ұғына білуді қажет етеді. Сонымен бірге нерв жүйесі ауруларының диагностикасы мен емдеу үрдісінде басқа мамандықтан дәрігерлердің көмегі жиі қажет болады. Олармен тоғысатын клиниканың нейроофтальмологая, нейроэндокринология, нейростоматология, клиникалық нейрофизиология тараулары пайда болды.

Тәжірибелік невропатологияның басты міндеті — нерв жүйесі ауруларымен зардаптанғандарды нақтылы сапалы көмекпен жаппай қамтамасыз ету. Нерв жүйесі ауруларынының шұғыл түрлерімен науқастанғандарға сапалы жедел жәрдем жасау үшін облыс орталықтарында және халқының саны 500 мыңнан асатын, республикалық және облыстық дәрежедегі қалаларда "жедел мединалық жәрдем" станциялары құрамында арнайы неврологаялық бригадалар ұйымдастырыдды.

Халыққа ең жақыны — емханалық неврологиялық көмек. Емхана невропатологгарына науқастар әдетте нерв жүйесі ауруларының алғашқы белгілері біліне бастағанда қаралады. Емханада неврологиялық қабылдау төртінші орын алады және жалпы қабылдаудың 12—15 %-ын құрайды. Невропатологтар консультациясына диспансерлік бақылаудағы сырқаттардың көпшілігі мұқтаж болады. Оған дәлел -кабинет аралык, консультация үлесінің. 40 %-ға дейін өсуі. Негізгі салмақ (емдеу, нерв жүйесі ауруларының алдын алу мен науқастанғандардың денсаулығын қалпына келтіру әрекеттері) емханадағы неврологиялық кабинетке жүктеледі.

Емханалық жұмыстың негізгі көрсеткіштері — қайта қаралу мен тексерілудің бірінші күні қорытынды диагнозға ие болғандар есебі. Олар рентгенолог пен окулистің уақытылы консультациясы, ЭЭГ, ЭхоЭГ, т.б. тексерістер жүргізілгенде 90-92 %-ға жақындайды. Емханалық кабинетте амбулаторлық карта, статистикалық талон, күнделікті жұмыс есебінің күнделігі толтырылады.

Амбулаториялық картада диагноз дәледемесі, ем тағайындау мен ауру жағдайының динамикасы көрсетіледі. Амбулаторлық карта әр 10 күнде дәрігерлік консультация комиссиясына (ЦКК) уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын ұзарту үшін жіберіледі.

Ауру ұзаққа созылған жағдайларда немесе емхана мен стационарда төрт ай бойы емденгеннен кейін еңбекке жарамсыздығы айқын білінетін ауытқулар қосарланғанда, науқастар әлеуметтік қамсыздандыру мекемелеріне қарасты дәрігерлік еңбек экспертизасы комиссиясына (ДЕЭК) жолдама алады. Оның мәжілісінде созылмалы неврологиялық аурулармен зардаптанғандардың еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімін созу немесе мүгедекгік топ тағайындау қажетгі туралы мәселе қаралып, тиісті ұсыныстар беріледі.

Статикалық талондарды қабылдаушы медбике толтырады, емдеуші дәрігер өзі тексеріп, қолын қою керек. Өйткені диагноздағы қателер ауру жөніндегі ұғымды бұрмалауы мүмкін (1000 адамға шаққанда алғашқы аурулардың саны). Егер осы жылы ауырса, статикалық талонға "+" белгсісі, бүрын ауырьш, осы жылы тұңғыш рет қаралса, "—" белгісі қойылады.

Есеп күнделігі күнде толтырылады. Оған "профилактикалық күндерде" (профилактикалық тексерулер, отбасы жағдайындағы консультациялар, диспансерлік есептегі ауруларды карау, т.б.), атқарылған жұмыстар, сонымен қатар бөлімше меңгерушісінің консультациясы жазылады. Оны ДКК-да немесе невропатологтың кабинетінде іске асыруға болады.

Емхана невропатологы жұмысының негізгі кезеңі — отбасылық жәрдем. Ол күніне орта есеппен 2—3 рет болады. Олардың әрқайсысына 30 минут беріледі. Үйде жәрдем жасау үшін автокөлік бөлінгені жөн.

Дәрігер-невропатологтар әскери медициналық экспертиза жұмыстарына да қатысады. Әскерге шақырылатындар мен шақырылғандардан нерв жүйесі аурулары анықталған жағдайларда дәрігер-невропатолог әскерге шақыру мүмкіндігі туралы мәселені шешуге немесе диагнозды дәлелдеу мен емдеу мақсатында кейінге қалдыруды анықтауға қатысады.

Стационарлық жағдайға жақын қызмет көрсету мен күтім сапасын арттыру мақсатыңда (отбасы стационары) ұйымдастырылады. Бұл көмек көпшілігінде тасымалдауға болмайтын науқастарға, сонымен бірге госпитализация кезегін күтіп жүрген науқастар немесе аурухана жағдайына бейімделе алмайтындарға, отбасы жағдайына тезірек оралғысы келетін реконвалесценттерге жасалады. Ол үшін төмендегі көрсетілген талаптар жүзеге асырылуы тиісті:

1) пәтер-үй жағдайы;

2) науқас пен оның отбасы мүшелерінің жеткілікті мәдениеті мен санитарлық сауаттылығы;

3) отбасында жұмыс істемейтін сау адамдардың болуы;

4) науқас пен туысқандарының келісімі.

Отбасындағы емдік шаралар науқасқа тән ерекшеліктерге, ауру сипаты мен ауыртпалығына сүйене жүргізіледі.

Дәрігер науқас алғаш рет келгенде қосымша тәсілдерді мүмкіндігінше пайдалана отырып, жан-жақты медициналық тексерістер жүргізеді және емдеу жоспарын құрастырады. Ауру тарихы қысқа, нақты деректерге сүйеніп толтырылады. Емдеу мерзімі аяқталғанда эпикриз амбулаториялық картаға көшіріледі. Барлық манипуляциялар мен зерттеулер емдеу мекемесінің күшімен жүзеге асырылады.

Емханадағы дәрігер-невропатолог қалалық, облыстық және клиникалық ауруханалардағы арнайы неврологиялық бөлімшелерде тексерілу мен емделу қажеттігін анықтайды. Бұл бөлімшелердің негізгі көрсеткіштері:

1) ауруханада болған уақыт ұзақтығы;

2) бөлімше арқылы өткен аурулардың саны;

3) ауруханада болған күндер саны;

4) аурудың ауруханада болуының орташа ұзақтығы;

5) төсек айналымы;

6) өлім-жітім;

7) емхана мен ауруханада қойылған диагноздардың пайыздық айырмашылығы;

8) клиникалық пен патологиялық-анатомиялық диагноздардың пайыздық айырмашылығы;

9) физиотерапиялық әдістерді қолдану арқылы емдеумен қамтудың пайыздық көрсеткіші;

10) емдік гимнастикамен қамтудың пайыздық көрсеткіші;

11) әр науқасқа жұмсалған дәрілер шығыны;

12) емдеу нәтижелілігі;

13) емдеудің жаңа әдістерін іске қосу.

Неврологиялық төсектің жұмыс ұзақтығы бір жылда 340 күннен аспауы керек. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса (365, 390 және тіпті 412), палатаға сонша қосымша төсектер қойылып, науқастарды емдеуге қажетті жағдай соншама төмендейді. Әр 1000 адамға шаққанда 0,4 төсектен келуі тиіс.

Неврологиялық бөлімшелерде емдеу дүркіні аяқталғанда, науқастарға санаторийлер мен емхананың қалыпқа келтіру бөлімшесінде немесе арнайы реабилитациялық орталықтарда емдік шараларды әрі қарай жалғастыру ұсынылады. Мұндай жағдайларда дәрігер-невро-патологтар неврологиялық ауруларды емдеу мәселесіне басшылық. жасайды. Ол үшін психотерапиялық, физиотерапиялық, бальнеологиялық тәсілдер пайдаланылады.

Жаңа медициналық техника мен емдік препараттарды кеңінен қолдану және медицина ғылымының соңғы жетістіктері халыққа неврологиялық көмек көрсетуді дамыту мен жетілдіруге мол мүмкіндіктер береді.

ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Бадалян Л.О. Детская неврология. М.: Медицина, 1984.

I. Богородинский Д.К., СкоромеңА.А., Шварев А.И. Руководство к практи-ческим занятиям по нервным болезням. М., 1977.

3. Вейн А.М. Вегетативные расстройства. М.: Медицинское информационное агентство, 1998.

4. Гусев Е.И., Гречко В.Е., Бурд Г.С. Нервные болезни. М.: Медицина, 1988.

5. Дрогичина Э.А. Профессиональные болезни нервной системы. Л.: Медищша, 1968.

6. Ермеков Ж.М., Тогандыков Т.Ж. Руководство по нейрохирургии. Алматы: Ғылым, 1998.

7. Иерусалимский А.П., Портнов В.Г., Митрохина Л.А. Логический анализ ошибок в клинической неврологии. Новосибирск, 1986.

8. Иргер И.И. Нейрохирургия. М.: Медицина, 1983.

9. Кайшыбаев С.К. Ранний церебральный атеросклероз. Алматы: Ғылым, 1998.

10. Карлов В.А. Терапия нервных болезней. М.: Медицина, 1995.

II. Коган О.Г. Медицинская реабилитация в неврологии и нейрохирургии. М.: Медицина, 1988.

12. Кроль М.Б., Федорова Е.А. Основные невропатологические синдромы. М.: Медицина, 1966.

13. Маджидов Н.М. Трошин В.Д. Профилактическая неврология. Ташкент: Медгиз, 1993 (1-т.), 1995 (2-т.), 1996 (3-т.).

14. Макаров А.Ю. Клиническая ликворология. Л.: Медицина, 1984.

15. Мартынов Ю.С, Малкова Б.В., Чекиева Н.С. Изменения нервной системы при заболеваниях внутренних органов. М.: Медицина, 1980.

16. Нейротравматология. Справочник (А.Н.Коновалов, Л.Б.Лихтерман, А.А.Потапов). М.: Медицина, 1994.

17. Пузин М.Н. Нейростоматологические заболевания. М.: Медицина, 1997.

18. Пулатов А.М., НикифоровА.С. Нервные болезни. Ташкент: Медвдина, 1986.

19. Самуэльс М. Неврология / Перевод с англ. М., 1997.

20. Тарасов К.Е., Великов В.К., Фролова А.И. Логика и семиотика диагноза. М.: Медицина, 1989.

21. Трошин В.Д., Трошин В.М. Острые нарушения мозгового кровообра-щения, Нижний Новгород, 1993.

22. Ходос Х.Г. Нервные болезни. Руководство для врачей. М.: Медицина, 1974.

23. Цукер М.Б. Клиническая невропатология детского возраста. Л.: Медицина, 1986.

24. ШадеДж., Форд Д. Основы неврологии. М.: Мир, 1976.

25. Шмидт И.Р. Остеохондроз позвоночника. Этиологаю и профилактика. Новокузиецк: Наука, 1992.

26. Шток В.Н. Фармакотерапия в неврологии. М.: Медицина, 1995.

 

МАЗМҰНЫ

 

Бірінші тарау

Неврологиялық диагноздың әдістемелік негіздері

Сырқатнама (ауру тарихын) құрастыру әдістері

Үшінші тарау

Орталық нерв жүйесінің қан тамырлары аурулары

3.1. Ми қан тамырлары аурулары

3.1.1. Ми қан айналысының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері

3.1.2. Ми артериялары бассейндерінің зақымдану

синдромдары

3.1.3. Ми қан тамырлары зақымдануларының жіктелуі

3.1.4. Ми қан айналысының жедел бұзылымдары

3.1.4.1. Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары

3.1.4.2. Ишемиялық инсульт

3.1.4.3. Геморрагиялық инсульт

3.1.4.4. Ми инсульттерін анықтаудағы қосымша зерттеу әдістерінің маңызы

3.1.4.5. Жедел ми қан айналысы бұзылуын емдеу және оның алдан алу жолдары

3.1.4.6. Лакунарлық инфаркт

3.1.4.7. Балаларда ми қан айналысының күрт бұзылулары

3.1.4.8. Вена қан айналысының күрт бұзылыстары

3.1.5. Ми қан айналысының созылмалы жетіспеушілігі

3.1.5.1. Ми қан айналысы жетіспеушілігінің алғашқы белгілері

3.1.5.2. Дисциркуляторлық энцефалопатия

3.1.5.3. Ми қан айналысының созылмалы жетіспеушілігін емдеу

3.2. Жұлын қан айналысының бұзылулары

3.2.1. Жұлын қан айналысының варианттары

3.2.2. Жұлын қан айналысының күрт бұзылулары

3.2.3. Жұлын қан айналысының созылмалы жетіспеушілігі

Төртінші тарау

Нерв жүйесінің инфекциялық және инфекциялы-аллергиялық аурулары

4.1. Нерв жүйесінің шұғыл инфекциялық аурулары

4.1.1. Менингиттер

4.1.1.1. Менингококктық менингит

4.1.1.2. Екіншілік ірінді менингиттер

4.1.1.3. Ми іріңдіктері

4.1.1.4. Шұғыл сероздық менингиттер

4.1.2. Церебралдық лептоменингиттер (арахноидиттер) мен хориоэпевдиматиттер

4.1.2.1. Арахноидиттер немесе лептоменингиттер

4.1.2.2. Хориоэпевдиматит

4.1.3. Энцефалиттер

4.1.3.1. Біріншілік вирустық энцефалитгер

4.1.3.2. Маса энцефалиті

4.1.3.3. Экономонын эпидемиялық энцефалиті

4.1.4. Полиомиелит және полиомиелит терізді аурулар

4.1.4.1. Полиомиелит

4.1.4.2. Полиомиелит төрізді аурулар

4.1.5. Миелитгер

4.1.6. Көп маусымдық (полисезондық) энцефалиттер

4.1.7. Екіншілік (қосымша) энцефалиттер

4.1.8. Вакцинациядан (егуден) кейінгі энцефалиттер

4.1.9. ВИЧ-инфекцияның неврологиялық көріністері

4.1.10. Екіншілік (қосымша) микробтық инфекциялар мен инфекциялы-аллергиялық ауруларда нерв жүйесінің зақымдануы

4.1.10.1. Нерв жүйесінің сифилиске байланысты зақымдануы

4.1.10.2. Нейробруцеллез

4.1.10.3. Нейроревматизм

Бесінші тарау

Нерв жүйесін миелинсіздендіретін аурулар мен баяу инфекциялар

5.1. Шашыранды склероз

5.2. Шұғыл шашыранды энцефаломиелит

5.3. Лейкоэнцефалит немесе кең таралған периаксиалдық энцефалит

5.4. Бүйірлік амиотрофиялық склероз

Алтыншы тарау

Нерв жүйесінің паразиттік аурулары

6.1. Ми цистицеркозы

6.2. Мидың эхинококкозы

6.3. Токсоплазмоз

Жетінші тарау

Шеткі нерв жүйесінің аурулары

7.1. Шеткі нерв жүйесі ауруларының жіктемесі

7.2. Патоморфологиялық өзгерістер

7.3. Омыртқа остеохондрозының неврологиялық көріністері

7.3.1. Түбіршіктік синдромдар патогенезіндегі омыртқа остеохондрозының ролі

7.3.2. Клиникасы

7.3.2.1. Бел-сегізкөз остеохондрозының неврологиялық көріністері... 1797.3.2.2. Мойын остеохондрозының неврологиялық көріністері

7.3.2.3. Кеуде остеохондрозының неврологиялық көріністері

7.3.3. Емдеу шаралары

7.4. Туннельдік компрессиялы-ишемиялық невропатиялар

7.4.1. Қолдағы туннельдік компрессиялы-ишемиялық невропатиялар

7.4.2. Жамбас маңайы мен аяқтарда болатын туннельдік компрес-сиялы-ишемиялық невропатиялар

7.4.3. Компрессиялы-ишемиялық невропатияларды емдеу

7.5. Бас сүйек-ми нервтерінің невропатиялары мен невриттері

7.5.1. Үшкіл нсрв невралгиясы

7.5.2. Бет нервісінің невриттері мен невропатиялары

7.5.3. Тіл-жұтқыншақ нервісінің невралгиясы (Сикар-Робино синдромы)

7.6. Полиневриттер мен полиневропатиялар

7.7. Шұғыл қабыну полиневропатиясы (Гийен-Барре синдромы)

7.8. Белдеуленген герпес (теміреткі)

Сегізінші тарау

Туа біткен ауытқулар

8.1. Краниостеноз

8.2. Микроцефалия

8.3. Гидроцефалия

8.4. Краниовертебралдық ауытқулар

8.5. Жұлынның жетілмеуі

8.6. Жұлын жырықтары

8.7. Сирингомиелия

Тогызыншы тарау

Орталық нерв жүйссінің пре- және перинаталдық зақымданулары

9.1. Этиологиясы мен клиникалық жіктемесі

9.2. Ұрық пен нәресте гипоксиясы

9.3. Босану кезіндегі бас сүйек-ми жарақаттануы

9.4. Мидың перинаталдық зақымдануларының клиникасы

9.5. Мидың перинаталдық патологиясын емдеу

Оныншы тарау

Балалардыц церебралдық салдары (Балалардың резидуальдық энцефалопатиясы)

10.1. Этиологиясы мен патогенезі

10.2. Патоморфологиялық өзгерістер

10.3. Жіктемесі

10.4. Клиникалық көрінісі

10.5. Емдеу мен реабилитация

Ои бірінші тарау

Медициналық генетика, нерв жүйесі және нерв-бүлшық ет аппаратынын тұқым қуалайтын аурулары

11.1. Медициналық генетиканың пәні мен міндеттері

11.2. Тұқым қуалайтын аурулар жөніндегі ұғым

11.3. Тұқым қуалайтын аурулар патогенезінің жалпы заңдылықтары

11.4. Хромосомалық аурулар

11.5. Нерв жүйесін зақымдандыратын зат алмасудың тұқым қуалайтын кемістіктері

11.5.1. Фенилкетонурия

11.5.2. Гистидинемия

11.6. Липид алмасу бұзылуына байланысты тұқым қуалайтын аурулар

11.6.1. Клетка іші липидоздары

11.6.2. Лейкодистрофиялар

11.7. Нерв жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары

11.7.1. Үдемелі бұлшық, ет дистрофиялары

11.7.2. Жұлындұет ауруларын емдеу

11.7.4. Миотония синдромы бар тұқым қуалайтын нерв-бұлшық ет аурулары

11.7.5. Миастения

11.7.6. Экстрапирамидтік жүйе аурулары

11.7.7. Жұлындағы пирамида жолдары мен мишықты басым зақымдайтын аурулар

Он екінші тарау

Ми мен жұлын ісіктері

12.1. Ми ісіктері

12.1.1. Патогенезі

12.1.2. Клиникасы

12.2. Жұлын ісіктері

12.2.1. Клиникасы

12.2.2. Емдеу

Он ушішиі тарау

Нерв жүйесінін жарақаттық зақымданулары

13.1. Бас сүйек-ми жарақаттары

13.1.1. Бас сүйек-ми жарақаттарының патогенезі

13.1.2. Жабық бас сүйек-ми жарақаттары

13.1.3. Ашық бас сүйек-ми жарақаттары

13.1.4. Бас сүйек-ми жарақаттарының зардаптары

13.2. Омыртқа жотасы мен жұлын жарақаттары

13.2.1. Омыртқа жотасы мен жұлын жарақаттарының жіктемесі.

32013.2.2. Клиникасы

13.3. Шеткі нервтсрдін жарақаттық зақымданулары

13.3.1. Шеткі нсрвтердің жарақаттық зақымдануларының жіктемесі мен клиникасы

13.3.2. Жекелеген нерв зақымдануларының сиптоматологиясы

13.3.3. Шеткі нервтер жаракаттарын емдеу

Оп тортінші тарау

Эпилепсия және құрыспалы ұстамалар

14.1. Этиологиясы

14.2. Патогенезі

14.3. Патоморфологиясы

14.4. Эпилепсиялық ұстамалардың жіктемесі мен клиникасы

14.5. Диагностикасы

14.6. Емдік шаралар

Он бесінші тарау

Вегетативтік нерв жүйесін басым зақымдандыратын аурулар

15.1. Вегетативтік дистония синдромы

15.2. Бас сақинасы (мигрень)

15.2.1. Патогенезі

15.2.2. Жіктемесі мен клиникасы

15.2.3. Емдеу

15.3. Вестибулярлы-вегстативтік синдромдар

15.4. Беттің вегетативтік шаншулары

15.4.1. Қанат-таңдай түйіні ганглиониті немесе ганглионевриті

15.4.2. Мұрын-кірпік түйінінің ганглиониті (Шарлен синдромы)

15.4.3. Құлақ түйінінің ганглиониті

15.4.4. Жақ асты мен тіл асты түйіндерінің ганглиониті

15.4.5. Глоссалгия (глоссадиния)

15.4.6. Вегетативті прозопалгияны емдеу

15.5. Ангионевроздық ісінулер

15.5.1. Шұғыл шектелген ісіну немесе Квинке ауруы

15.5.2. Россолимо-Мелькерсон-Розенталь синдромы

15.6. Шегрен синдромы (құрғақ шырышты қабық синдромы)

15.7. Беттің үдемелі гемиатрофиясы

15.8. Ангиотрофоневроздар

15.8.1. Рейно ауруы

15.8.2. Эритромегалгия

Он алтыншы тарау

Соматоневрологиялық синдромдар

16.1. Жүрек пен магистралды қан тамырлары ауруларында байқалатын неврологиялық синдромдар

16.2. Қан ауруларының неврологиялық синдромдары

16.3. Бронх-өкпе аппараты ауруларының неврологиялық синдромдары

1|6.4. Нерв жүйесінің ұлтабар-ішек жолы мен ұйқы безі ауруларына байланысты зақымданулары

16.5. Бауыр мен өт жолдары ауруларында нерв жүйесінің зақымданулары

16.6. Бүйрек ауруларының неврологиялық синдромдары

16.7. Кейбір эндокриндік аурулардыц неврологиялық синдромдары

16 8. Нерв жүйесінің қант диабетіне байланысты зақымдануы

16.9. Кейбір витаминдер жетіспеушілігінен нерв жүйесінің зақымданулары

Он жетінші тарау

Нерв жүйесінің уланудан зақымданулары

17 1. Қорғасыннан улану

17.2. Тетраэтилқорғасыннан улану

17.3. Сынаптан улану

17.4. Марганецтен улану

17.5. Мышьяктан улану

17 6. Көміртегі тотығынан улану

17.7. Күкіртті көміртегіден улану

17.8. Күкіртті сутегідсн уланулар

17.9. Фосфорорганикалық инсектофунгицидтерден улану

.17.10. Трикрезилфосфаттан уланулар

! 7. і 1. Метил спиртінен уланулар

17.12. Нсрв жүйесінің алкоголизмге байланысты зақымданулары

17.12.1. Алкогольден шұғыл улану

1.7.12.2. Созылмалы алкоголизмнің неврологиялық көріністері

17.13. Ботулизм

17.14. Дәрілік препараттардан уланулар

Он сегізінші тарау

Физикалық факторлар әсерінен нерв жүйесінің зақымданулары

18.1. Діріл ауруы

18.2. Нерв жүйесінің радиациялық зақымданулары

18.2.1. Шұғыл сәуле ауруы

18.2.2. Созылмалы сәуле ауруы

18.3. Магниттік өріс әсерінен нерв жүйесінің бұзылулары

18.4. Нерв жүйесінің ыстық пен күн өткенде зақымданулары

18.5. Декомпрессиялық (кессондық) ауру

Он тоғызыншы тарау

Невроздар

19.1. Невроздардың этиологиясы мен патогенезі жөніндегі

қазіргі түсініктер.Невроздардың клиникасы

19.2.1. Неврастения

19.2.2. Мазалайтын невроз

19.2.3. Истериялық невроз

19.2.4. Невроздық синдромдар

19.2.4.1. Кекештену

19.2.4.2. Жазудан түйілу (кәсіби дискинезиялар)

19.2.4.3. Түнгі энурез

19.3. Невроздарды емдеу мен алдын алу

Жиырмасыншы тарау

Неврологиялық көмек ұйымдастыру

Әдебиеттер

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-23; просмотров: 305; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.217.228.195 (0.01 с.)