Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Келісілген жауаптар: (керек болғанда)

Поиск

Науқастың жағдайы

Тәртібі

Сіз кушеткада түріңізді тыжырайтып (аурудан бет келбетіңізді өзгертіп) жатасыз, оң жақ шап аймағындағы ауру сезімінен ыңырсып, айғайлайсыз. Оң аяғыңызды шетке шығарып, оң аяғыңызды қозғалтпауға тырысасыз, аздап қазғалтақан жағдайдың өзінде ауру сезімінен айғайлайсыз. Сіздің көңіл˗күйіңіз жоқ, аздап тежелгенсіз. «Дәрігердің» (емтихан тапсырушының) сұрақтарына біркелкі, баяу, ақырын дауыспен, сәл тежеліп (кешігіп) және жақтырмай жауап бересіз.

Ойларыңыз бен күмәндарыңыз:

- Мен неден ауырдым?

- Менің ауруыма не себеп болды?

Уайымдарыңыз:

- Ауруханада жатуға тура келеді ма? Қанша күн? Менің орныма кім жұмыс істейді, жолдасым барлығына үлгермейді ғой.

- Укол, капельница жасайтын шығар? Ауырады ғой!

- Менде қандай ауру?

- Қандай асқынулар дамуы мүмкін?

- Мен өліп қалмаймын ба?

- Жазылғаннан кейін жұмыс істей аламын ба?

- Менің балаларым мен жолдасыма да жұғып кетпеді ма екен?

- Таныстар мен көршілер не дейді? Бізден алшақ жүретін шығар!

 

Нені күтеді:

- Диагнозын анықтап беруді (менде қандай диагноз? ол жұғады ма? өмірге қауыпты ма? неге оң жақ шап аймағым қатты ауырады? неге басым қатты ауырады?)

- Қолданылатын шараларды түсіндіруді (ауруханаға жату міндетті ме? үйде емделуге бола ма? немен емдейсіздер? укол мен капельница жасайды ма? кейде үйге барсам болады ма? ауруханада ұзақ жатамын ба? неге мені бөлек жатқызып қойды?)

- Тағайындаған емді талқылауды (ауруханада тиімді дәрілер бар ма? әлде өзіміз сатып алуымыз керек пе?)

- Жолдасы мен балалары үшін жұқпалы және қауыпты емес па екенін білу?

- Болжамдарды түсіндіру (толық жазыламын ба? )

Сезімдері: (ауруға байланысты пациенттің жалпы эмоциялық жағдайы)

- Ұайым, ашу, әлсіреу, қорқыныш.

 

Стандартты пациентті үйрету/ Ойын бойынша ескертулер: 

- Пациент футболка, спорттық шалбар киген. Аяғында - галош.

- Пациент енжар, тежелген.

- Оқтын˗оқтын түрін өзгертіп, оң жақ шап аймағындағы ауру сезімінен ыңырсиды, оң аяғын шетке созып жатыр, оң аяғын аздап қозғалтқан жағдайда айғайлайды.

- Емтихан тапсырушының сұрақтарына ақырын дауыспен, баяу, кешігіп жауап береді.

- «Қанша сұрай бересіз? Маған бірнесе істесеңізші. Менің жағдайым нашар болып тұр!» ˗ деп айтуы керек.

- Қорқыныштары, уайымдары және ойлары туралы сұрақтарға үреймен, қорқынышпен жайап береді:

- емтихан тапсырушының «Неге өз жанұяңызға жұғамын деп қорқасыз?» деген сұраққа ашуланқырап «Мен жанұям туралы уайымдаймын! Бұл дұрыс емес пе!» ˗деп жауап беру керек.

- емтихан тапсырушының «Неге уколдар мен системалардан қорқасыз?», «Бұрын дәрілерге аллергияңыз болды ма?» ˗ деген сұрақтарына, ашуланып «Айттым ғой, аллергиям жоқ деп» ˗деген жауап қайтарылады.  

- Ойнауды қажет ететін физикалды мәліметтер:

- аускультация жасау үшін кеуде қуысын босатуды өтінгенде (киімін шешіп), киімін баяу шешу, ұнамаған түрмен

- аяғын шетке созып жатады, аяғын қозалпауға тырысады, аздап қозғалтқанның өзінде ыңырсыған дауыс шығарады.

Физикалық көріністер:Жағдайы ауыр, түрінде қатты ауру сезімі салдарынын уайым бар. Дене температурасы 390С. Тері жабындылары бозарған, беті қызарған, көздің қан тамырларының инъекциясы анықталады, аяғында бүрге шаққан орындар көрінеді. Сөзі анық емес. Пациент орнынан тұрып, оң жақ шап аймағында қатты ауру сезімі салдарынан оң аяғына баса алмайды. Жатқанда бір қалыпты ұстануға тырысады: оң аяғын жазып, сыртқа қарай созып жатады, кез˗келген қозғалыс ауру сезімін тудырады. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. ТЖ  минутына 20 рет. Жүрек тондары бәсең, ырғақты АҚҚ – 90/60 мм рт.ст. (ыптажатқан қа), ЖСЖ – минутына 120 рет. Тілі құрғақ, ісінген, бетін аппақ жабынды жапқан (бор жағып қойғандай). Іші жұмсақ, пальпациялағанда ауырмайды.  Бауыры 1,5 см. ұлғайған, ауырмайды. Іш пердесінің тітіркену симптомдары жоқ. Бүйректі ұрғылау сиптомдары екі жақта да теріс. Таңертең кіші дәретке барған. Үлкен дәреті болмаған.

Қарап тексергенде дәрігер оң жақ шап аймағындағы көлемі 6,0х2,0см болатын, ұлғайған, консистенциясы тығыз лимфа түйінін анықтайды. Түйіннің үстіндегі тері гиперемияланған, ұстағанда ыстық, қатты ауырады, айналасындағы тіндерге жабысып тұруы керек.  

Қойылуы мүмкін сұрақтар: Пациенттің сұрай алатын сұрақтары:  

1. Бұл ауру қауыпты ма?

2. Мені неге ауруханаға алып келді?

3. Үйде емделуге болады ма?

4. Неге менің жолдасымды мұнда кіргізбейді? (жолдасы дәлізде қалды)

5. Туыстарым не істеуі керек?

Қойылуы міндетті сұрақтар: Пациент төмендегі сұрақтарды міндетті түрде қойюы тиіс.  

1. Сіз не істейін деп жатырсыз?

2. Менің диагнозым қандай? Ол жұғады ма?

3. Менің естуімше «Оба» өліммен аяқталады?

4. Енді мен міндетті түрде өлемін бе?

5. Менің тустарыма да жұқты ма?

6. Бұл өзі емделетін ауру ма?

7. Қандай дәрілер маған тағайындалады? Ауруханада тиімді дәрілер бар ма? Әлде өзіміз сатып алуымыз крек па?

- Егер емтихан тапсырушы «Қайда тұрасыз» деп сұраса, онда СП «Қызылорда облысының Арал ауданында тұрамын, көктемнен бастап жайлауға көшіп мал бағып жүрмін» ˗ деп жауап беруі керек.

 - Егер емтихан тапсырушы «Жұқпалы аурулармен контакт болды ма»˗деп сұраса, онда СП «Жоқ қой деймін»˗деп жауап беруі керек.

- Егер емтихан тапсырушы «Туыстарыңыз бен көршілеріңіздің арасында ұқсас аурулармен ауырғандар болды ма»˗деп сұраса, онда СП «Жоқ»˗ деп жауап беруі керек.

- Егер емтихан тапсырушы «Сізді бүрге шақты ма?» ˗деп сұраса, онда СП «Ия, үйде де, жайлауда да бүргелер көп » ˗деп жауап беруі керек.

- Егер емтихан тапсырушы «Қашан ауырдыңыз?» ˗деп сұраса,онда СП «Алдынкүні» ˗ деп жауап береді.

- Егер емтихан тапсырушы «Сіздің ауруыңыз неден басталды?» ˗деп сұраса, онда СП «Денем қызып, қалтырап, әлсіреп, басым ауырды» ˗ деп жауап беруіңіз керек.

- Егер емтихан тапсырушы «Өз ауруыңызды немен байланыстырасыз?» ˗ деген сұраққа, СП «Білмеймін»˗деп жауап беруі керек.

- Егер емтихан тапсырушы «Құстыңыз ба? Құссаңыз неше рет?»˗деп сұраса, онда СП «Ия, құстым, 3 рет»˗деп жауап беруі тиіс.

- Егер емтихан тапсырушы «Құсқаннан кейін жағдайыңыз жақсарды ма?» ˗деп сұраса, онда СП «Ия. Жүрегімнің айнығаны аздап басылды, бірақ кейіннен қатй пайда болды»˗деп жауап беруі керек.

- Егер емтихан тапсырушы «Сіз қандайда бір дәрі қабылдадыңыз ба?»˗деп сұраса, онда СП «Ия. Аспирин мен дене температурасын түсіретін дәрілер іштім»˗деп жауап беруі тиіс.

- Егер емтихан тапсыруша «Жағдайыңыз сол дәрілерден жақсарды ма?» ˗деп сұраса, онда СП «Жоқ. Дене температурам төмендеген жоқ, басымның да ауырғаны қойған жоқ»˗деп жауап қайтаруы керек.

- Егер емтихан тапсырушы «Шап аймағындағы ауру сезімі қашан пайда болды»˗деп сұраса, онда СП «Кеше кешке»˗ деп жауап беруі керек.

- Егер емтихан тапсырушы «Шап аймағындағы қызару қашан пайда болды?»˗деген сұрақ қойса, онда СП «Бүгін таңертең байқадым»˗деп жауап беруі тиіс. 

- Егер емтихан тапсырушы «Шап аймағындағы ауру сезімінің сипаты қандай?»˗деп сұраса, онда СП «Анық айта алмаймын, шаншиды да, сыздайды да, әйтеүр қатты қоймай ауырады, қозғалғанда ауру күшее түседі»˗деп жауап береді.

 

Берілген сценарий мақсатыСіздің мәселеңіз бойыншадәрігердің әрекеттері мен түсініктемелері. Дәрігер Сізге ауруыңыздың себебін түсіндіре алу, Сіздің қауыптеріңіз бен қорқыныштарыңызды сейілте алу, Сізді тексеру үрдісіне қатыстыру, аурудың сәтті аяқталуы туралы сенім қалыптастыру мүмкіндігіе көз жеткізіп, тексергіміз келеді. 

Сіз дәрігерді мұқият тыңдап, оның кеңестерін естуге талпынасыз. Бірақ ол Сізде осы кеңестерді орындау керектігі жөніндегі көз қарасты туындатпайынша, Сіз бұл кеңестерді орындамайсыз. Ары қарайғы шаралар туралы өзіңіздің уайымдарыңызды өз бетінше айтпаңыз, бұл біртіндеп дәрігердің сұрақтарына жауап беру барысыныда жүзеге ассын, дәрігер сіздің ойыңызды сұрап, сізге осы айтылған жағдайға жауап беруге мүмкіндік берсін немесе бірнеше жапуаптың ішінен таңдауды ұсынсын.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.63.2 (0.011 с.)