Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жұқпалы аурулар» пәні бойынша

Поиск

Жұқпалы аурулар» пәні бойынша

 «Ішкі аурулар» бағытындағы 7 курс интерндердің

Мемелекеттік қорытынды бақылауына арналған

медициналық симуляция сценарийі

Тақырыбы:Лимфаденит

 

Мазмұны:

1. Студентке арналған клиникалық есеп - 2-4 бет

2. СП арналған клиникалық сценарий – 5-8 бет

3. Бағалау парағы – 11 бет

Жұқпалы аурулар» пәні бойынша

«Ішкі аурулар» бағытындағы 7 курс интерндердің

Мемлекеттік қорытынды бақылауына арналған

клиникалық есеп

Клиникалық есептің номері: ИА -2

Клиникалық есептің аты:Шаптағы ару сезімі

Клиникалық ерекшеліктер:

Сіз – жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімше дәрігерісіз. Кезекшілік 03.08.2016 ж. өтіп жатыр. Сіздің ауруханаңыздың қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем бригадасы 34 жастағы ер адамды каталкамен алып келген. Пациент көзін жұмып жатыр, кейде оң жақ шап аймағындағы ауру сезімінен даусын шығарып ыңырсиды.

Шағымдары: әлсіздік, оң жақ шабындағы қатты ауру сезімі, жалпы жағдайының нашарлауы, басының ауруы, дене қызуының көтерілуі.

Anamnesis morbi:

Ауруы жедел түрде басталған, 1 тамызда кешке жақын денесі қатты қызып, дірілдеген, бірақ дене қызуын өлшемеген, басы қатты ауырған.

1 таблетка  аспирин ішкен, бірақ жағдайы онда да жақсармаған, жүрегі айнып, 3-4 рет құсқан, құсқаннан кейін жүрегінің айнығаны аздап басылғандай болды, тәбеті төмендеген.

2 тамызда (аурының 2-ші күні) дене қызуы әлі де жоғары болған, басының ауырғаны қоймаған, жүрегінің айнығаны да басылмаған.

Жолдасы дене температурасын түсіретін бір дәрілер берген, бірақ дене қызуы түспеген. Түнде шап аймағымда қатты ауру сезімі пайда болды.

3 тамызда таңертең оң жақ шап аймағымдағы безінің шошынғанын, қазарғанын байқайды. Жолдасы жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырып, олар науқасты ауруханаға алып келген.

Объективті мағлұматтар:

Жалпы жағдайы ауыр. Қалпы мәжбүрлі: оң аяғын шетке қарай жазып жатыр, аяғын қимылдатпауға тырысады, қималдатсы қатты ауру сезімі туындайды. Аяғы қатты ауырғандықтан бет келбетінде уайым бар. Есі анық, әлсіз. Дене температурасы 390С. Терісі бозғылт, беті қызарған, көзінің қан тамырлары айқындалған, аяқтарында бүрге шаққан іздері бар. Сөзі анық емес. Пациент оң жақ шап аймағындағы қатты ауру сезімінен орнынан тұрып, оң аяғын баса алмайды. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. ТЖ – 20 рет минутына. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты АҚҚ – 90/60 мм с.б. (жатқанда), ЖСЖ – 120 рет минутына. Тілі құрғақ, аппақ жабынды жапқан («бор жағып қойғандай»). Іші жұмсақ, пальпациялағанда ауырмайды. Бауыры 1,5 см ұлғайған, ауырмайды. Іш пердесінің тітіркену симптомдары жоқ.  Бүйректі ұрғылау симптомы екі жақта да теріс. Таңертең кіші дәретке барған. Үлкен дәреті жоқ.

St.localis: оң жақ шап аймағында ұлғайған лимфа түйіні анықталады, консистенциясы тығыз, көлемі 6,0х2,0см.  Лимфа түйінінің үстіндегі тері гиперемияланған, ұстағанда ыстық, түйін айналасындағы тіндерге жабысқан, қозғалмайды, қатты ауырады.

 

Клиникалық зертханалық зерттеу нәтижелері

Пациентті үйінен алып келген. Қолында ешқандай дайын анализдері жоқ.

Қабылдау бөлімшесінде бірден лейкоциттерді анықтауға қан алынған, лейкоциттері-20,9 х 109анықталып, қанның жалпы анализі жасалынған

 

 

 Қанның жалпы анализі

Гемоглобин – 122 г/л

Эритроциттері  - 4,5 х 1012

Түсті көрсеткіш 0,9

Тромбоциттер – 240 х 109

Лейкоциттер – 20,9 х 109

Метамиелоциттер 1%

Таяқша ядролы нейтрофилдер – 12%

Сегментті ядролы нейтрофилдер – 70%

Эозинофилдер – 0%

Базофилдер – 0%

Моноциттер – 5%

Лимфоциттер – 12%

ЭТЖ – 25 мм/сағ

 

Мақсаттары:

1. Қарым˗қатынас орнату (өзін таныстыру, танысу)

2. Коммуникативті дағдыларды қолдана отырып ммуникативті дағдыларды қолдана отырып шағымдарын анықтау

3. Коммуникативті дағдыларды қолдана отырып аурудың даму анамнезі мен өмір анамнезін анықтау

4. Коммуникативті дағдыларды қолдана отырып аурудың эпидемиологиялық анамнезін ауқтау

5. Коментациялау дағдысын қолдана отырып жалпы қарап тексеруді (объективті қарау) жүргізу

6. Науқастың көзқарастары мен күтілімдерін ескере отырып, коментациялау дағдысын қолданып, зерттеу жоспарын құру

7. Науқастың күтімдері мен қорқыныштарын ескере отырып, коментациялау дағдысын қолданып жалпы клиникалық анализдерді талдау

8. Науқастың күтімдері мен қорқыныштарын, көз қарастарын ескере отырып, коментациялау дағдысын қолданып, науқасты жүргізу тактикасын және эпидемиологиялық ошақты бақылау шараларын анықтау

9. Қорытындылау, тұжырымдау дағдыларын қолдана отырып, науқасқа өзінің тұжырымын естірту және емдеу жоспарын тағайындау

10.  Пациенттің сұрақтарына жауап беру

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.24.204 (0.007 с.)