Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Су және минералды тұздар алмасуы↑ Стр 1 из 6Следующая ⇒ Содержание книги Поиск на нашем сайте
Дәріс. Зат алмасу. Ақуыздар алмасуы. Көмірсулар алмасуы. Майлар алмасуы. Су мен минералды тұздар алмасуы. Ақуыздар алмасуы Ақуыздар – жасушалардың негізін құрайтын құрылыс материалы. Ағза ұлпаларындағы құрғақ заттың 60-80% - белок. Маңызы: - Барлық ұлпаның құрылыс материалы - Ферменттер түгелдей белоктардан тұрады - Адамның жүріп тұруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен актин талшықтарына байланысты - Қандағы газдар тасымалдайтын гемоглобин де – белок - Қан ұюына қатысып, денені қансыраудан сақтайтын фибриноген де – белок - Ағзадағы буфер жүйесінің біршама бөлігін белоктар құрайды - Тұқым қуалаушылық қасиет белоктармен байланысты - Дене қызметін қан арқылы реттейтін гормондардың көбі- белок - Белоктар – қуат көзі, 1г белок тотықса, 17,17 кДж (4,1 ккал) жылу пайда болады. Белок құрамында 20 амин қышқылы бар. Олардың 12-сі адам денесінде түзіледі де, ал 8-і сырттан келіп түседі. Алғашқылары – ауыстырылатын, соңғылары – ауыстырылмайтын амин қышқылдары. Лейцин, изолейцин, валин, метионин, гистидин, аргинин, триптофан, лизин, треонин, фенилаланин адам денесінде түзілмейді. Бұл амин қышқылдары тамақта жеткіліксіз болса, жас ағза өспей қалады, жүдейді, өмірі қысқарады. Құрамында осы амин қышқылдары толық белоктар - құнды, жоқ белоктар – құнсыз деп аталады. Адамның күнделікті тамағында құнды белок мөлшері 30%-ден кем болмағаны жөн. Ет, сүт, жұмыртқа, балық уылдырығы құрамындағы белок құнды болады. Тәулігіне тағаммен бірге 100-120 г белок, ал қара жұмыс кезінде 160-г дейін қабылдауы тиіс. Белок алмасуын реттейтін орталық гипоталамуста орналасқан. Көмірсу алмасуы Адам денесінде көмірсу энергия көзі. 1г көмірсу тотықса, 4,1 ккал энергия бөлінеді. Көмірсу тез тотығады, оның денедегі қорынан босап шығуы оңай. Көмірсу денеге тағаммен бірге келіп түседі, кейде май мен белоктан түзілуі мүмкін. Адамға тәулігіне 450-500г көмірсу қажет. Ауызда, ішек-қарында көмірсу сілекей мен ұйқы безінің амилаза ферментінің, ішек сөлінің ферменттерінің әсерінен ыдырап моносахаридтерге айналады, ішектің эпителийінде глюкоза қанға сіңіп, қақпа венасы арқылы бауырға жетіп, қор ретінде сақталады. Майлар алмасуы Адам денесі үшін май – негізгі энергия көзі. Ересек адамда тәулігіне 70-100 г май керек (тоң май, сары май, өсімдік майы). Май және май тәрізді қосындыларды – липидтер деп атайды. Маңызы: - Жасуша ядросы мен мембранасының құрамына кіреді. - Дененің кейбір жерлеріне жиналған май ағзаларды ұрып-соғылудан сақтайды (бүйрек, өкпе, қан тамырлар, жүйкелер) - Майда еритін витаминдер (А, Д, Е, К), тұздар майға ілесіп денеге тез сіңеді. - Май су қоры. Өркеш майын түйе су көзі ретінде пайдаланып, 45 күн сусыз жүре алады. - Тері астында, шелде, шарбыда жинақталған майлар денені суықтан сақтайды ( кит, төлендер, аю). - Орталық жүйке жүйесі жасушаларының құрамына кіреді. Май алмасуын реттейтін орталық гипоталамуста орналасқан. Осы орталықтың ішкі ядросы зақымдалса адам семіріп кетеді, ал сыртқы ядросы зақымдалса керісінше азады, кахексия дамиды. Су мен минералды заттар алмасуы деп олардың организмде қабылданып, сіңіп, ішкі ортаға, тіндерге, жасушаларға тарап, қайтадан сыртқа шығуын айтады.Ересек адамның дене салмағының 60-70% су. Организм неғұрлым жас болса, соғұрлым онда су көбірек болады. Салмағы 75 кг ересек адамның ағзасында 53 л су болады. Ет, көкбауыр, теріде 70-75%, бүйректе 80%, мидың сұр затында 86%, сүйек құрамында 22%, тіс эмалінде 0,2%. Ағзада су үш түрде кездеседі: 1. Бос күйінде – қанда, лимфада, сілекей, асқазан, ішек сөлдерінде, несеп, жұлын-ми, ұлпа аралық сұйықтықтарда. 2. Байланысқан түрінде – полисахаридтердің, белоктардың, нуклеотидтердің сыртқы қабықшасының құрамына кіреді 3. Молекула ішінде – ядро, митохондрий, рибосома т.б құрамында болады. Адам сусыз тек 5-7 күн ғана шыдай алады. Адамға тәулігіне 2-2,5 л су қажет, оның 1,5 л-дей ішілген су түрінде, 600-900 мл тағаммен, 300-400мл зат алмасу кезінде тотығу реакциясының нәтижесінде түзіледі. Ағзадан су несеппен бүйрек арқылы тәулігіне термен 400-600 мл, өкпемен 350-400 мл, нәжіспен 100-150 мл сыртқа шығады. Су ағзада әмбебап ерітінді, көптеген химиялық реакциялар судың қатысуымен жүреді және ол арқылы жасушалар мен ұлпаларға қажетті заттар тасымалданы зат алмасу өнімдерінің қалдықтары сыртқа шығарылады. Ағзаның тіршілігі үшін минералды тұздардың маңызы үлкен. Олар ағзадағы барлық ұлпаларда кездеседі, дене салмағының 0,9% құрайды. Ересек адамға тәулігіне Na-8г, K 3-5г, Ca- 0.8г, Mg 0.5г, Fe 13-15г, P 1.0г, Cl -4г иондары қажет. Кальцийфосфорлы және көмірқышқылды қосылыс түрінде сүйекте, қанда, лимфада кездеседі. Ол қанның ұюына, бұлшықеттердің жиырылуы мен босаңсуына, көмірсулардың ыдырауына т.б қатысады. Натриймен калий ағзада хлорлы, қос көмірқышқылды және фосфор қышқылды тұздар ретінде кездеседі. Темір ағзада органикалық емес және органикалық қосылыстар ретінде кездеседі. Ол қандағы гемоглобин мен бұлшықеттердегі миоглобиннің құрамына кіреді. Мыс қанда, бауырда, мида, аз мөлшерде бұлшықеттерде болады. Ол гемоглобинді түзуге қатысады. Ағзадағы су мен минералды тұздар алмасуын реттейтін орталық гипоталамуста орналасқан. Сонымен қатар гипофиз, қалқанша без, бүйрек үсті безі гормондары да реттеуге қатысады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.72.24 (0.006 с.) |