Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Созылмалы бронх-өкпе аурулары↑ Стр 1 из 5Следующая ⇒ Содержание книги Поиск на нашем сайте Созылмалы бронх-өкпе аурулары 7.1. Созылмалы бронхит Алғашқы созылмалы бронхит (СБ) – ересектерге тән, соларға ұқсас СБ балаларда өте сирек кездеседі. Балаларға СБ жеке ауру ретінде тек созылмалы пневмония, муковисцидоз, цилиарлы дискинезия және басқа аурулар жоқ екендігіне толық көз жеткізгеннен кейін ғана, қойылады. Екіншілік созылмалы бронхитдиагнозы жоғарыда көрсетілген белгілер бронхөкпе жүйесінің созылмалы аурулары бар науқаста байқалғанда, қойылады. Облитерация байқалатын созылмалы бронхиолит – жедел бронхиолиттің жағымсыз болжамы. Алғашқы СБ диагностикалық шектері келесілер: · қақырықты жөтел; · 3 ай бойына және оданда ұзақ тұрақты сырылдар естілуі; · соңғы екі жылда үш және оданда жиі өршудің болуы; · жоғарыда көрсетілген аруыдың жоқ екенін көз жеткізу; · бронх қабырғасында созылмалы процесстің бар екенін морфологиялық тұрғыдан дәлелдеу. Облитерация байқалатын созылмалы бронхиолиттің клиникалық көрінісі – оның таралу деңгейіне (толық (тотальды) біржақты – Мак-Леод синдромы), біржақты ошақты, екіжақты ошақты, бөлікті). Бронхообструктивті синдром тән. Сыртқы тыныс функциясын (СТФ) тексеру кеудеішілік және өкпенің қалдықты көлемінің жастық бөлігін және бронх өткізгіштігінің бұзылғанын анықтайды. Бұл функциялық бұзылыстар зақымдалу көлеміне пропорциональды болып келеді. Жөтел қайталап білінеді, азөнімді, ылғалды, аускульацияда зақымдалған ошақтың үстінде әлсіреген дыбыс фонында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Олар сол жерде тұрақты естіледі немесе ЖРА байқалғанда сол бір жерде пайда болады. Бұл жағдай пневмониямен ажыратуды қиындатады. Тыныс жетіспеушілігі және өкпе-жүрегінің (corpulmonum) белгілері екі жақты немесе біржақты тотальды зақымдалуда пайда болады. Емі. Алғашқы СБ өршу кезіндегі емі жедел бронхиттің емідей болады. Ремиссия кезінде қайталама бронхитпен ауырған балалаға ұсынған бірдей шаралар жүргізіледі. Сатылы ем қажет (аурухана – қалыптастыру (реабилитация) бөлімшесі – емхана – шипажай) және диспансерлік бақылау.Облитерация байқалатын созылмалы брохиолиттің өршу кезінде метиксантиннің ұзартылған (пролонгирленген) түрлері (теопек – 5-10 мг/кг тәуелігіне), адреномиметиктер және холинолитиктер (оң фармокологиялық сынамада), муколитикалық ем, кеуде қуысына массаж тағайындалады. Қажет болса, сеуіп анықтаған флораның түрлерін, сезімталдығын ескере отырып, антибиотиктер тағайындалады. Эхографияда өкпе гипертензиясы белгілері анықталған жағдайда кардиотроптық ем, шеткі вазодилататорлармен (фентоламин 2-3 мг/кг, коринфар 5 мг күніне 3 рет 3-4 апта бойына), климаттық ем, жиі ауыратын балаларға тиісті жоба бойынша ем тағайындалады. Жасы өсе келе біржақты ошақты және сегментарлық зақымдалуларда жағдайлары жақсарады. Ауыр түрлерінде тыныс жетіспеушілігідей түсіп, өкпе гипертензиясы дамиды.
|
||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.142.172.190 (0.006 с.) |