Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

АҚШҚ вирусты аурулары

Поиск

$$$002 АҚШҚ вирусты аурулары

3 жастағы баланың анасы сілекей ағуға, жараларға, баланың аузындағы ауырсынуға, тамақтан бас тартуына, Т-39С болуына шағымданады. Объективті: қызылиектің гиперемиясы, ісінуі, қызылиек емізікшелері қансырайды. Тілде, ерінде, таңдайда ақшыл қақпен жабылған 20 шағын эрозиялар байқалады. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынады, консистенциясы жұмсақ эластикалық. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) жедел герпетикалық стоматит 

В) жедел саңырауқұлақтық стоматит 

С) көптүрлі экссудативті эритема 

D) Венсангингивостоматиты

Е) қайталамалы герпетикалық стоматит

{Дұрыс жауабы } =А

{Күрделілік } = 2

$$$003 АҚШҚ вирусты аурулары

Бала бір жарым жаста, екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған, дене температурасы екінші күн 39°С дейін көтерілді,тамақтан бас тартады. Объективті: төменгі жақасты лимфа түйіндерінің лимфадениті, көп мөлшерде сілекей ағу, екі ерінінің, тіл ұшының және ұрттың жедел гиперемияланған шырышты қабығында –фибринозды қақпен жабылған, шекаралары айқын көптеген ұсақ эрозиялар. Қызылиек ісінген, қанайды. Жергілікті емдеу үшінқолданылатыннегізгі зат және неліктен:

А) вирусқа қарсы, себебі вирусты инфекция симптомдары

В) ыстық түсіретін, себебі дене температурасын төмендету керек

С) жансыздандырғыш, себебі көптеген эрозиялар

D) антисептикалық, себебі ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы Е) иммунитет стимулдейтін, себебі иммунитет төмендеген

{Дұрыс жауабы } =А

{Күрделілік } = 3

$$$004 АҚШҚ аллергиялық аурулары

Бала 15 жаста тамақ ішкендегі ауырсынуға шағымданады. Объективті ауыз қуысында қатты, жұмсақ таңдайдың және төменгі еріннің гиперемияланған шырышты қабығында фибринозды қақпен жабылған эрозиялар. Пайда болуын сульфаниламидтер қабылдаумен түсіндіреді. Науқасқа қандай ем көрсетілуі мүмкін:

А) жансыздандыру

В) кератопдластикалық заттар

С) десенсибилиздеуші терапия

D) витаминотерапия

Е) иммуностимулдеуші терапия

{Дұрыс жауабы } =С

{Күрделілік } = 3



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.190.176.176 (0.006 с.)