Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жарақаттық зақымдалулар

Поиск

$$$002 Гингивит

Қыз бала 8 жаста дәрігер-стоматологқа тіс тазалағандағы қанағыштыққа шағымданып келді. Бір жыл бойы мазалайды. Қарау кезінде: тіл мен ерін үзбелері қысқарған. Қызылиек толығымен гиперемияланған, цианозды реңкпен, ісінген. ГИ=3. Тісін 6 жасынан бастап тазалайды, үнемі емес. Денсаулығы жақсы. Емдеу әдісін таңдаңыз:

А) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия

В) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия, френулопластика

С) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия, вестибулопластика

D) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, ортодонтқа бағыттама беру

Е) жергілікті ем: антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия

{Дұрыс жауабы}=В

{Күрделілік }= 3

$$$003Гингивит

Бала 12 жаста қызылиектің қышуына, ауыз қуысынан иістің шығуына шағымданады. 3.1, 3.2, 3.3, 4.1, 4.2, 4.3 аймағындағы шырышты қабық цианозды, ісінген, қызылиек емізікшелері тіс сауыттарының 1/3 биіктігін жауып жатыр, тиген кезде қанайды. Төменгі фронтальды тістердің тығыз орналасуы. ГИ= 3. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз:

А) Катаральды гингивит. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия

В) Гипертрофиялық гингивит,ісінулік формасы. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, стероидты емес препараттар, кератопластикалық заттар

С) ) Гипертрофиялық гингивит,фиброзды формасы. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, стероидты емес препараттар, кератопластикалық заттар

D) Жаралы гингивит. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, протеолитикалық ферменттер, кератопластикалық заттар

Е) Катаральды гингивиттің асқынуы. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, ортодонтқа бағыттама беру

{ Дұрыс жауабы }=В

{ Күрделілік }= 3

$$$004Гингивит

Қыз бала 11 жаста тіс тазалағанда қызылиектерінің қанағыштығына шағымданады. 3.1, 3.2, 3.3, 4.1, 4.2, 4.3 аймағындағы қызылиек жиегі цианозды, қызылиек емізікшелері болбыр, қызылиек қалталарынан геморрагиялық бөліністері бар грануляциялар байқалады. Тістердің қозғалмалылығы 2 дәрежеде. Рентгенограммада альвеолярлы өсіндінің сүйек тінінің воронкатәрізді деструкциясы. Науқасқа қандай маманның кеңесі өте қажет?

А)  гематолог кеңесі

В) ортодонт кеңесі

С) педиатр кеңесі

D) эндокринолог кеңесі

Е) гинеколог кеңесі

{ Дұрыс жауабы }=D

{ Күрделілік }= 3

$$$005 Пародонтит

Бала 14 жаста 2 жыл бойы тістерін тазалағанда және қатты тағам жегенде қызлиегінің қанауына шағымданады. Объективті: 3.1,3.2,3.3,4.1,4.2 және 4.3 тістер аймағындағы шырышты қабық ісінген, гиперемияланған, цианозды реңкпен. Қызылиек жиегі валиктәрізді қалыңдаған. Төменгі жақтың алдыңғы тістерінің тығыз орналасуы байқалады. Диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеу әдісі қажет: 

А) рентгенография 

B) реопародонтография 

C) Шиллер-Писаревсынамасы

D) Кулаженко сынамасы

E) пункция

{ Дұрыс жауабы }=A

{ Күрделілік }= 3

$$$006 Пародонтит

Бала 12 жаста төменгі жақтың алдыңғы тістерінің түбірлерінің жалаңаштануына және бірнеше жыл бойы тістерін тазалағанда қызлиегінің қанағыштығына шағымданады.Объективті: 3.1 және 4.1 тістердің қызылиек жиектері ісінген, цианозды реңкпен. Тістемі ортогнатиялық, төменгі еріннің үзбесі –қысқарған. Рентгенологиялық осы аймақта тісаралық перденің ұшының кортикальды пластинкасының деструкциясы байқалады. Емдеу әдісін таңдаңыз:

A) симптоматикалық терапия, френулопластика

B) симптоматикалық терапия, тістерді жұлу

C)витаминотерапия, френулопластика

D) симптоматикалық терапия, вестибулотерапия

E) гипосенсибилиздеушітерапия, гингивопластика

{ Дұрыс жауабы }=A

{ Күрделілік }= 3

$$$007Пародонтит

13 жастағы қыз балада қызылиегінің қанағыштығы және соңғы айда алдыңғы тістерінің қозғалғыштығы байқалған. Объективті: төменгі күрек және сүйір тістер маңындағы қызылиек шырышты қабығы ісінген, гиперемияланған, тиген кезде қанайды. Осы тістердің қозғалғыштығы І дәрежелі, пародонтальды қалталар -3 мм. Ортопантомограммада - тісаралық перденің сүйек тінінің 1/3 биіктігіне төмендеуі байқалады. Төменгі жақтың фронтальды тістерінің тығыз орналасуы анықталады. ГИ –4,2. Бірінші кезекте қандай жергілікті емдеу шараларын жүргізеді?

A) Ортодонтиялық ем.

B) Қабынуға қарсы терапия.

C) Кәсіби гигиена. 

D) Физиотерапиялық ем.

E) Антибактериалды терапия. 

{ Дұрыс жауабы }=C

{ Күрделілік }= 3

$$$008 Пародонтит

Қыз бала 8 жаста қызылиегінің қанағыштығына шағымданады. Бала қант диабетімен ауырады.Объективті: төменгі және жоғарғы жақ маңындағы қызылиек емізікшелерігиперемияланған, ісінген, сауыттың 1/3 жауып жатыр. Науқасқа қандай зерттеу әдісі көрсетілуі мүмкін?

A) реопародонтография 

B) рентгенография

C)вакуумды сынама

D)РМА индексі

E) стоматоскопия 

{ Дұрыс жауабы }=B

{ Күрделілік }= 3

 

 

Жасанды тамақтандырылған 4 апталық балада анасы таңдайында екі «жараны» байқады. Анамнезінен баланың шала туылғаны, салмақты нашар қосатыны байқалды. Қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасында диаметрі 0,8 см мөлшерге жуық дөңгелек екі симметриялы эрозиялар байқалады. Емдеу әдісін таңдаңыз:

A) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және саңырауқұлаққа қарсы препараттар

B) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және вирусқа қарсы препараттар

C) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және кератопластикалық препараттар

 D) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және антибактериалды заттар

Е) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және иммуностимулдейтін заттар

{Дұрыс жауабы } = С

{Күрделілік } = 3



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.48.72 (0.008 с.)