Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жылу қайта қалпына келмейтін көлемі тұрақты ГТҚ-ның жұмысы.

Поиск

  ГТҚ- жылу қозғалтқышы, онда машинаның білігіндегі механикалық энергия газдың ағынының кинетикалық энергиясы (жану өнімділігінің) арқылы алынады, ал оның өзі жанған отынның потенциальдық энергиясының нәтижесінде болады. ГТҚ-ның негізгі элементтері: газ турбинасы, жану камерасы, ауа компрессорлары жатады.

  Газтурбинасы турбомашина болып есептелінеді, онда жұмысшы дененің жылу энергиясы айналатын роторда механикалық энергияға ауысады.

Турбинаның соплолық аппаратының басында жұмысшы дененің ішкі энергиясының бір бөлігі газ ағынының кинетикалық энергиясына өтеді, сосын жұмысшы доңғалақта кинетикалық энергияның бір бөлігі айналатын ротордың механикалық энергиясына ауысады. Соплолық немесе бағыттаушы аппараттардың және жұмысшы доңғалақтың тізбектілі орналасуын (қосындысын) турбинаның сатысы деп атайды.

Жұмысшы денеге жылу берудің жұмысшы денеде сығылу және ұлғаю процестерін ұйымдастыру тәсілдеріне тәуелді, ГТҚ-лар ашық және жабық циклдер болып бөлінеді. Ашық циклді ГТҚ-да сыртқы ауа, сығылу және ұлғаю процестерін және жылу беру жүйесін өте, сыртқы атмосфераға жіберіледі, сонан кейін оны алғашқы күйіне қайтару мүмкін емес. Мұнай және газ кәсіпшілігіншде ашық циклді ГТҚ-лар қолданылады, яғни олар құрылымдық, қарапайымдық және сенімділік жағын көрсетеді. Газ кәсіпшілігінде ГАА-тар үшін, көп тараған осы айтылған ГТҚ-ның схемасы.

     Қарапайымды схемалы ГТҚ-ның жұмыс процесінің өтуі төмендегідей болады: атмосфералық ауа, сүзгіш жүйелерінен өтіп, осьтік компрессорге 1 беріледі. Осьтік компрессордан сығылған кейін ауа 0,5 ... 0,7 МПа мен және 180 ... 2400С температурамен жану камерасына 2 барады, онда ол екі ағынға бөлінеді: аздау бөлігі (20 ...40%) берілген жанармаймен бірге тікелей жану процесіне қатысады, ал оның көптеу бөлігі (60 ...80%), жану камерасының тұрқысымен және оның ыстық құбырының арасынан өтіп, ыстық құбырды салқындата отырып, жану камерасының соңындағы жану қоспасымен араласып шығатын газдардың температурасын керекті шамаға дейін төмендетеді, газ турбинасының қалақшасымен дискісінің ыстыққа төзімділігіне байланысты (стационарлық ГТҚ-да 750 ...850° С). газтурбинасынан кейін жану өнімділігі 400 ... 4500С пен атмосфераға жіберіледі.

Газтурбинасының өндірген қуатының (60 ...70%) осьтік компрессорді жетектеуге жұмсалады, ал қалғаны пайдалы жүктемелерді (насостар, желдеткіштер, айдағыштарды және т.б.) жетектуге жұмсалады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.190.244 (0.006 с.)