Газтурбинасының жұмысы,құрылысы,диффузордың қызметі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Газтурбинасының жұмысы,құрылысы,диффузордың қызметі.

Поиск

18.

35-сурет. Ашық циклді ГТҚ-ның принципиалдық схемалары:

1. Компрессор; 2. Жану камерасы; 3. Газ турбинасы; 4. Регенератор; 5. Аралық мұздатқыш; 6. Электрогенератор немесе газ айдағыш; В-жанармай беру, Vk-компрессорлар саны; Vт-турбиналар саны.

19. Газтурбинасының жұмысы,құрылысы,диффузордың қызметі.

ГТҚ турбиналарының құрылысы.

5.1.Турбина қалақшаларының түрлері және пішіні

Газтурбиналарының жұмыс қалақшалары турбинаның бөлшектерінің ішіндегі ең көп күш түсетін бөлшектерінің бірі. Оларға ортадан тепкіш статистикалық күштерден және газды майысулардан басқа термодинамикалық және динамикалық кернеулердің біркелкісіздіктеріде әсер етеді. Егер оталдырудағы термокернеулерді іске қосу режимімен төмендетуге болса, тоқтату кезінде қалақша қырларында үлкен созылу кернеуінің болатыны сөзсіз. Сондықтан қалақша қырлары өте жұқа болмауы және оның беті өте жоғары дәрежеде таза болуы қажет. Бұл жерде жұмыстық қалақшаларды жасауда термодинамикалық талаптар және мықтылық көрсеткіштер қарама-қайшы.

Барлық ГТҚ мен ГТД - дің турбиналарының жұмыстық қалақшалары осьтік бекітілетін құйрықшалы елка тәрізді түрде болып келеді.

Жаңа конструкцияларда үш тіректі елка тәрізді құйрықшалы қисықшалар көп қолданылса, ескілерде фрезірлеп жасалған екі және көп тіректі түрлері қолданылады (23-сурет)

Елка түрдегі құйрықшалардың басқаларға қарағандағы, ең басты жетістігі үлкен ауыр күшті қабылдау, материалдарды рационалды түрде пайдалану, қалақшалардың ортадан тепкіш күш бағыттарына сәйкес өздігінен орналасуы және жеңіл ауыстырылуы.

23-сурет. Турбинаның жұмысшы қалақшаларының құйрықшалары.

а – көптіректі; б – үштіректі, в – аяқтары ұзартылған.

Кемшіліктері өте жоғары дәлдікте жасалуды талап етеді және жүктемені тарату өзгермелі температура өрісінде іске асады. Жұмысшы қалақшалар материялы үшін никель негізіндегі қоспа және кобальт қосылған құйма қоспасы қолданылады.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 11; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.89.242 (0.007 с.)