Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Массажға қажет негізгі қағидалар



Классикалық массаж

Массаждың осы түрін біз арнайы ең ақырына келтіріп отырмыз. Өйткені оқырман қауым алдымен массаждың негізін, қасиетін, тәсілдерін, орындау әдісін зейін қойып шықса, өзіне-өзі массаж жасау аса қиындыққа түспейді деген ниеттеміз. Ал оған көңіл аудармай бірден өзін сипаттап мыжғылай бастаса, пайданың орнына зиян табады.

Ең негізгі тілек – өз-өзіне массаж жасау үшін де дәрігермен ақылдасқан жөн. Дәрігер айтқан нұсқаулардың бәрі бірдей есте қала бермейді. Сондықтан осы кітаптың арнаулы бөлігінде берілген массаж жасауға болатын және болмайтын жағдайларды есіне сақтаса адамға көмегі көп.

Өзіне массаж жасау денені баптау деген сөз. Ертемен жасалған массаж күні бойы атқарылатын жұмысқа, қызметке организмді дайындау. Ол ертеңгі дене тәрбиесінің алдында өткізіледі. Сонда адам денесі сергек, бойына күш, ойына рухани азық толғандай болады. Жұмысқа да жадыраңқы көңіл-күймен аттанады.

Бұл массаждың ерекшелігі – оны барлық жерде жасай беруге болады. Мәселен, ұйқыдан оянған бойдакереуетте(төсекте), жазу жазатын стол басында (қызмет арасында), жазатын стол басында (қызмет арасында), тоғайда, моншада, далада, үйде, ванна ішінде – қысқасы барлық жерде адам өзіне-өзі массаж жасай алады.

Оның тағы бір ерекшелігі – әркім қай жерінің қалай ауыратынын да жақсы біледі. Міне сол жерлерге көңіл бөліп, массаждың ең қолайлы тәсілдерін қандай жылдамдықпен орындау керек екенін анық сезеді.

Егер жыл мерзімінің суық кезінде дене тез тоңатын болса, онда жеңіл спорт киімдерінің сыртынан массаждайды. Адам қатты қалжырап шаршап тұрса, барлық денеге массаж жасаудың керегі жоқ. Басты, мойын мен иық үстін массаждаса жеткілікті.

Массаж жасаудың алдында денені тазалап жуады. Әсіресе, қолды сабындап, тырнақты жөкемен ысқылап тазалайды. Тырнақ денені сызып кетпес үшін өте қысқа етіп алып тастайды. Алақан мүйізі, сызаты жоқ, жарылмаған, құрғақ, жұмсақ болғаны абзал.

Денеде алақан жақсы сырғанау үшін әр түрлі заттармен сылап алады. Оған бордың ұнтағы, тальк, балалар опасы қолданылады. Егер адам серуенге, не шаңғы тебуге дайындалса, онда денені қыздыратын «Эфкамон» не «Тигровая мазь» майларымен ысқылайды. Егде тартқан адамдарға сұйық өсімдік майларын қолданған дұрыс. Өйткені тальк т.б. ұсақ ұнтақтар теріні құрғатыпжібереді, ал вазелин сияқты зат тері түтіктерін бітеп тастайды. Эквалипт және зәйтүн майы да өте пайдалы. Оларды алдын ала қайнатып алады. Шама келсе тіпті ешбір майды қолданбаған дұрыс. Мұндай жағдайларда қан тамырлары кеңейіп, массаж жасаған аймаққа қан екпінмен құйылады. Тек мұндай массаж қысқа уақыт жасалады.

Адам өзіне-өзі массаж жасау үшін де анатомия мен физиологиядан мағлұматты болу керек. Бұлшық ет талшықтарын, қан тамырлары мен лимфа түйіндерін, нерв жүйесін айыра білу өте қажет.

1. Массаж жасаған қолдың қимылы жұмсақ, жеңіл, теріде қызарған не көгерген із қалдырмауға тиіс. Дұрыс жасалған массаж сол аймақты жылытып, адамның көңіл күйін көтереді.

2. Белгілі бір жерге массаж жасау қажет болса, алдымен одан жоғарғы аймақты, тек содан соң ғана жарақаттанған бөлікке тікелей кіріседі(мысалы сіңір созылғанда, буын тайғанда, сүйек сынғанда т.б.).

3. Массаждың тәсілі, ұзақтығы, күші әр адамның алдына қойған мақсатына тікелей байланысты.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.227.134.154 (0.006 с.)