Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
сурет. Құжаттар толтыру кезінде жүргізілген іс шараларСодержание книги
Поиск на нашем сайте
9 сурет. Құжаттар толтыру кезінде жүргізілген іс шаралар Вакцинациялауға құжаттар толтыру тәртіптері. Жүргізілген вакцинацияға акт жасалынады. Актіде мал дәрігерінің қолымен қатар оған қатысқан шаруашылық мамандары да қол қояды. Бұл заңды құжат, онда төмендегі деректер қамтылады: - толтырылған күні; - вакцина жүргізілген жері (ферма, ауылдық округ, т.б); - вакцинацияланған мал түрі, саны;89 - қандай ауруларға және қандай мақсатта (дауалау, еріксіз) вакцинаның қолданылғаны; - вакцина өндірілген биофабрика аты, преператтың сериясы, өндірілген күні және қолдану мерзімі.
10,11 суреттер. Ірі қара малдан қан қан алынуы кезі. Жануарлар профилактикалық ветеринариялық жоспарына сәйкес, эпизоотияға қарсы іс-шараларда ішінде дезинфекциялау жұмысына қатыстым.Дезенфекция жүргізу тәртібімен таныстым. Дезинфекция – сыртқы орта нысаналарындағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Дезинфекция нысандары: мал шаруашылығы кешендері мен ферма территориялары, ондағы мал қоралары, көмекші және тұрмыстық бөлмелер, сою пунктілері, қи, азық, мал, мал өнімдерін және шикізаттарын тасымалдайтын көліктер, құрал-жабдықтар, қызметшілер аяқ-киімдері менарнайы киімдері, қи. Дезинфекцияны жалпы принцип бойынша ауру қоздырғышының түрлеріне, дезинфекциялық заттарға төзімділігіне байланысты ұйымдастырып өткізеді. Дезинфекция көрсеткішіне (түріне) қарай екіге бөлінеді: профилактикалық және лажсыз. Профилактикалық дезинфекцияны аурудың алдын алу және патогенді микроорганизмдердің таралуын алдын алу мақсатында жүргізеді. Лажсыз дезинфекция (ағымдық және қорытынды) жұқпалы ауру тараған шаруашылықтарда инфекция ошағын жою және патогенді микроорганизмдердің сыртқы ортада жиналуын тоқтату мақсатында жүргізіледі. Дезинфекция келесі операциялардан тұрады: алдын ала дезинфекция (қажет болған жағдайда), механикалық тазалау және дезинфекция. Дезинфекцияның химиялық әдісін қолдану арқылы дезинфекцияны жүргіздік.Дезинфекцияның химиялық әдісін химиялық заттардың қолдану түрлеріне байланысты бірнеше тәсілдерге бөлінеді: ылғалды, аэрозольді, газды және көпіршікті. Дезинфекциялық заттар – жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюға арналған емдік концентрациядан жоғары концентрациядағы химиялық қосылыстар. Дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптар: - улылығы төмен болу керек; - суда жақсы еру керек; - төмен концентрациядағы белсенділігі жоғары болу керек; әсер ету жылдамдығы жоғары; -өңделетін нысаналарға теріс әсері болмау керек; - сақтағанда тұрақты болу керек; - тасымалдағанда ыңғайлы болу керек; -экономикалық жағынан тиімді болу керек. Дезинфекциялық заттарды ұнтақ, ерітінді күйде жиірек, ал газ түрінде сирегірек пайдаланады. Дезинфекциялық заттар химиялық құрылысы мен қасиеттеріне байланысты екіге бөлінеді: 1) Жай минералды заттар және жеке элементтер. 2) Күрделі органикалық қосылыстар және қоспалары.
Ветеринариялық хирургиялық аурулардың алдын алу және күресу жұмыстары Кәсіпорын бойынша хирургиялық аурулардан кастрация, тимпания, аяқ терісінің жарасы және перитонит пен қабынып өтетін аурулар кездесетін жайында айтылд.. Мен қалада арнайы шақыртумен А.Байқожайев №21 үйдегі азамат Жанузақ Медеттің тимпанияға ұшыраған сиырына ем көрсетуге вет врачпен бірге бардым . Тимпания – бұл мес қарында газдардың көптеген мөлшерінің жиналуымен, оның қабырғасының кеңеуімен сипаталатын, мес қарынның қызметінің бұзылуына және де организмде ас қорыту жүйесі қызметінің бұзылуына әкеліп соқтыратын, оған асфиксия (тұншығу) қауіпін тудыратын ауру. Бұл аурумен тек қана күйіс қайыратын мал, әсіресе мүйізді ірі қара мал ауырады. Шаруышылыққа өте көп экономикалық зиян келтіреді. Себептері: 1. Алиментарлы факторлар - тез арада ашитын азықтармен азықтандыру (шырынды азықтар-қызылша, картоп,қызылша, сабақтары, көк шөп, сарғалдақ, жабайы жоңышқа, жоңышқа, вика, жүгері (сүтті кезеңінде), оның жапырағы. -Біріншіден шырынды азықтар жұмсақ, баяу кілегейлі қабықты тітіркендіреді, сол себепті мал кекіргендіктен газ жиналады. -Екіншіден мұндай азықтарда ылғал көп, кекіру болмаған соң газдар сыртқа шықпайды. - Шырынды азықтарға сілекей аз бөлінгендіктен газдар көбіктенеді, ал көбік газдың сыртқа шығуына кедергі жасайды. Туындаған тимпания себептері: 1. Өңештің бітелуі; 2. Дистония 3. Індетті аурулар Дамуы: Асқазан – ішек жолдарында тәулігіне 200-250 л. газ пайда болады (қалыпты жағдайда). Газдың жиналуы мына 3 факторларға байланысты болады: 1. Газдардың сыртқа шығуы тежелгендіктен 2. Газдардың шамадан тыс жиналуынан 3. Жүйке - рефлекторлы механизмінің бұзылуынан. Жұмсақ азықтар кідіріссіз ұлтабарға және шектерге дайын түрінде өткендіктен, олар мес қарынның баро және химиялық рецепторларын тітіркендіріп, атония дамытады. Микробтардың және атония салдарынан газ көптеп пайда болады, ал олар азықты көпіртіп, газдың сыртқа шығуын тежейді. Егерде мес қарындағы сұйықтың деңгейі кардиальды саңлаудан жоғары болса, онда кекіру тежеледі, газдар сыртқа шыға алмайды. Малға бұршақ тұқымдас немесе құрама жем азықтар бергеннен, олар тез арада мес қарын түбіне шөгіп, ондағы сұйықтық деңгейін жоғары көтереді, кейде кардинальды саңылауды түгел жабады, кекіру бұзылып, сфинктер түйіледі. Мес қарында пайда болған газдар, оның қабырғасын кереді,рецепторларды тітіркендіреді. (алғашқыда мес қарынның жиырылуы жиілейді, ал соңынан салданады). Көлемі ұлғайған мес қарын көрші жатқан ағзаларға қысым түсіреді (жүрекке, өкпеге). Сыртқы ағзаларға қан көп келіп, ішкі ағзаларға қанның келуі азаяды. Өкпенің ауаны сору қызметі бұзылғандықтан, организмге оттегі жетіспейді, мес қарында үнемі газ пайда болғандықтан мал тұншығады немесе мес қарын жарылып кетеді. Мес қарында ашу процесінен пайда болған заттар қанға сіңеді, организмде ацидоз дамиды, қанның сілті қоры азаяды, бауырдың қызметі бұзылады, ішектерден азық жүруі қиындайды. Симптомдары: Мес қарынның көлемі ұлғайғандықтан сол жақ аш бүйір толады, ол сербекпен теңеседі, ал газға шектен тыс толғанда аш бүйір сыртқа теуіп тұрады. Мес қарынның қабырғасы шектен тыс созылғандықтан ауырсыну пайда болады, мал қатты тынышсызданады, бір орнында тұра алмай тыпыршиды, жан-жағына , ішіне, бүйіріне қарайды, мөңірейді, белін бүкірейтеді. Кейде жатады және жылдам орнынан тұрады. Көзінде үрей, қорқыныш бар. Ентікпе пайда болады, тынысы жиі, толық емес үстіртін кілегейлі қабықтар көгілдір тартады, әсіресе көздің кілегейлі қабығы. Тері астындағы вена қан тамырлары қанға толады. Тамыр соғуы жиі, алғашқыдакернеуі күшті, соңынан әлсірейді, кейде аритмия болады. Жүрек түрткісітоқылдап білінеді. Аузынан көбік аралас сілекей бөлінеді, кейде тілі төмен салбырайды. Мес қарынды сипағанда, онда газ барын байқайды. Перкуссиялағанда тимпаникалық дыбыс естіледі. Атония және гипотония болады, асқазан-ішек жолдарында. Ауру мал жиі күшейеді, несеп және қи бөлетіндей кейіпте болады. Диагнозды клиникалық негізгі белгілеріне (іші үлкейеді, сол жағы, перкуссия тимпаникалық дыбыс береді, мал мазасызданады, кекірмейді, қи бөлмейді) қарап қояды. Емі. Емді өте жедел жүргізу керек. 1.Мес қарынды газдардан босату Мес қарынды газдан босатудың бірнеше жолдары бар: Ауру малдың алдыңғы жағын жоғары ұстатады Малды жоғарыға қарай жүргізу Мес қарынды уқалау Мес қарынға мұздай су құю Зонд енгізу 2.Газдың пайда болуын тоқтату 1.Ашуға қарсы – тимпанол (1 кг тірі салмаққа 0,4-0,5 мл) ішке береді. Берер алдында суға 1:10; 1:15 дәрежесінде ерітеді. Зонд арқылы құйған жөн. Көбікті тимпанияда қайталайды. (1:5; 1:10 қатынасындай ) 2.Көбікті бұзатын - сикаден ірі қара малға 50,0 мл, 2-5 л. суға ерітіп, зонд арқылы құяды. 3.Антиформол. 4.Сұйық өсімдік майы көбікті жарады. (300-500 мл. зонд арқылы құяды.) 2.Белсенді көмір 1 гр – 1 л суға ерітіп береді. Операция тәртібі. Тесетін жердің жүнін таптақыр етіп қырқып, терісіне йодтың спирттегі ерітіндісін жағады. Тесу орнын малдың мінер жағындағы соңғы қабырғанын орта жерімен, сербектін төменгі шетін қосатын сызықтың ортасынан аш бүйірден белгілейді. Мес қарынды әдетте арнайы аспап — троакармен теседі. Ол үшін троакардың өткір ұшын жоғарыда көрсетілген жерге кояды да, малдың қамшылар жагыцдағы садак буынына қарай аспапты бағыттап, троакардың тұткасы үстінен колдыц алақанымен тесетіндей күшпен катты ұрады. Егер тері тесілмесе, оны алдымен аздап тіледі. Құрсақ куысының қабырғасын және қарынды тескен соң, троакарды оны көлденең калканшасына жеткеніие арі карай тығады. Троакардың калканшасың теріге сәл басып, оның гильзасынан стилетті суырып алады да, іле-шала оның орнын дәкемен жабады, содан соң ақырындап газды шығарады. Троакардың гильзасы жем кесектерімен бітеліп қалса, оны стнлетпен тазалайды. Газды шығарып, троакардың гильзасы арқылы қарын ішіне жем ашуын тоқтататын дәрі- дәрмек жібереді және оны малдың, денесіне бннтпен таңып, 5 сағатка дейін ұсгайды. Газды шығарған соң канжарды троакардың гильзасына кайта салып, теріні саусакпен баса отырып, троакарды қарыннан абайлап суырып алады. Жараны тазалап, йодтын спирттегі ерітіндісін жағады да, коллодийсіңдірілген мактанын жұқа кабатымен желімдейді. Мен шаруа қожалықтағы сиырдың аяқ терісін тақалауға жәрдесдестім. Аяқ терілерінің жарасы (Некробактериоз) - малдың тұяқ үсті тері аумағын зақымдайтын індетті кесел. Оған шалдыққан малдың аяғына әрине, бауырына және өкпесіне жара түседі. Кейде еріндерін, ауыз қуысын желін терісін зақымдай отырып өкпеге, бауырға, қалың еттерге өтіп кетуі мүмкін.Қоздырғышы - некрофорум бактериясы микробының қатерлі әсерінен пайда болады. Бұл жұп-жұқа анаэробты, қимылдамайтын, бактериялық спора тудыра алмайтын микроорганизм. Тканьдерде және бактерияның құрылысында ұзындығы 100-300 метр, және ені 0,5-ден 2,0 м жіп тәрізді болып жиі кездеседі. Ал кокк - шар тәрізді бактерия ұзындығы 3-4м қысқа- қысқа жекелеген таяқша тәрізді түрлері сирек кездеседі. Бұл бактерия 34-37градуста жылылықта көбейіп өседі, 65 градус ыстықта - 15 минуттың ішінде, ал қайнаған суда дереу өледі. Бактерия бір проценттік формалиннің ертіндісінен немесе карбол қышқылынан тез жойылып кетеді. Қоздырғышымалдың ішегінде өмір сүріп, сыртқы ортаны негізінен ластап тұрады. Мал зәрінде 15, қида 50, сүтте 35 күнге дейін, ал ылғалды жайылым топырағында үш айға дейін күшін сақтауы мүмкін. Осы микробтармен залалданған қора жайларды құрғатып кептіргенде микробтар тәулік шамасында өледі. Тікелей түскен күн сәулес 10 сағаттан соң залалсыздандырады.Белгілері. Тұяққа бөгде денелер енген жағдайда (шеге,сым,соқаның тістері,шиша), көбінесе тұяқ астына қадалуы немесе кіруі мүмкін.Жайлауда малдарды көшіргенде, тұяқтың жарақаты өсімдіктің қатты сабақтарынан, шабылған ағаштардың жантақтары зақымдауы мүмкін, олар тұяқтың жұмсақ жеріне қадалып, зақымдауы мүмкін. Сиыр байлаулы тұрған кезде өзінің шынжырына байланып терісін жарақаттауы мүмкін. Қандай болмасын жарақатта малбіріншіден ақсайды және тұяқтары зақымдалады. Малдың тұяғы 3-4 күн өткен соң ауырып ісінеді және сол аяғын мүлдем баса алмай қалады. Көмек түрлері. Малдың аяқтарын фиксация жасап, тұяқты арнайы пышақтармен тазалайды. Жарақат алған жерді арнайы құрал-саймандармен басып, шұқып зақымдалған жерін табады. Микроб түспес үшін заласыздандырып, жарақаттанған жерін тазалап отыру қажет. Егер тұяқ немесе бұлшықеттері жарақат алса, сол жердің айналасын тазалайды, қайнаған сумен сүртіп, микробтарды залалсыздандырамыз. 5% иодпен және зеленка жағады да қорғаныш дәкемен байлайды. Дәрігерлік көмек. Терең жараларды фурацилин немесе риванолмен жуамыз. Бөгде денелерді алу үшін буынды есілген жіппен байлап алады, жансыздандыратын дәрі егіп, ұлпалардағы микроорганизмдерді жойып алады, қатты зақым алған және некрозданған ұлпаларды кесіп алып тастайды. Жараны ұнтақпен сеуіп, эфир жағып байламмен байлап тастайды. Жара қабынған жағдайда ішкі артерия тамырына антибиотиктер мен новокаин салады.Мысалы 200 мың пенициллин. Сондай-ақ «Марганцовка», «риванол», «фенол», «лизол», «формальдегид», «креолин», күйдіргіш натрий тағы басқа залалсыздандырғыш ерітінділері жарты сағат шамасында микробтардың күшін жояды. Алдын-алу.Тұяқты дер кезінде және дұрыс тазартуға аса зор мән беру керек. Тұяқ үнемі өсіп отырады. Егер ол кесілмесе беталды есіп, өз қалпынан айырылады. Бақай да қисаяды. Осының бәрі малдың ақсауына әкеліп соқтырады. Малды жайылымда күтіп-баққанда тұяқ қыры бірте-бірте мүжіледі. Бірақ ол бірқалыпты мүжіле қоймайды да, тұяқ та, бақай да қисаяды. Осыған орай тұяқты жылына екі рет тазартып тұру керек. Тазарту үшін тұяқ атауызы, (тұяқ пышағы) пайдаланылады. Тазарту техникасы мынандай. Егер аттың тағасы болса, ең алдымен сол ескі тағасы алынады.Содан соң ғана тазартуға кірісуге болады. Егер тұяқ тым өсіп кетсе, онда ең бірінші тұяқ қысқышымен тұяқты қысып ұстап, содан келіп тұяқ пышағымен оның табанын тазарта бастайды. Тұяқты тым етіне жақындатып кесуге болмайды, мұндай мал ақсап қалады. Әсіресе жылқы табанындағы тұяқ өскінін тазартқанда сақ болу керек. Тазартуды пышақпен қырып жатқанда тұяқ жоң-қасы шыға бастағаннан-ақ тоқтатқаны дұрыс. Жер басарын тазартып болған соң тұяқты тұяқ атаузымен қысып ұстап, оның қырын түрпімен тегістейді. Дұрыс тазартылған тұяқ қыры жер басарынан, әрі кеткенде жарты сантиметрдей асып тұруы қажет. Мен 2 бас ересек сиырға некробактериозға қарсы ем жүргіздім, арасына күн салып күніне осы сиырдың тұяғын тазалап,некробактериоздың алдын- алу шараларын асырдым. # Rp.: A.C.D.-3 -10,0 Formalini - 20,0 Chloramini -5 % - 200,0 M.D.S. Сыртқа өңдеуге. # Сонымен қатар кәсіпорынға қарасты Қаратау ауылдық округінде 321- бас малға некробактериоздан алды алу мақсатында ванналар ұйымдастырдық. Rp.: Sol.Formalini -5 % - 200,0 D.S. Сыртқы ваннаға # Rp.: Sol.Kali permanganatis - 20,0 Sol. Natrii chloridi - 4000,0 M.D.S. Сыртқа тұяқ ваннасына 20-30 минут 40°С.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.127.131 (0.013 с.) |