Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ішкі жұқпалы емес аурулар бойынша жасалған жұмыстар

Поиск

Кәсіпорынға қарасты 

Шу каласы оуругінде қойларға бас мамандарының жылына жұқпалы емес аурулар бойынша сақтандыру шараларына жоспары құрылды. Қойларды диспансеризациялау жұмысына қатыстым, боталардың саны кестеде көрсетілген Диспансеризациялау дегеніміз бұл бағытталған диагностикалық емдік-сақтандыру шараларын жүйелі жүргізу арқасында ауру малдың ерте субклиникалық және клиникалық белгілерін таба білу, малдарды аурудан сақтандыру және оларды емдеу болып табылады. Диспансеризация кезінде малдың ден-саулығы жөнінде бүткіл табын жайында мәлімет алынады; ауруды туғызатын себептерін табады. Диспансерлік тексеру бойынша шаруашылықта ұйымдастыру, зоотехникалық, сақтандыру және емдік шаралар жүргізіледі. Диспансеризацияны шаруашылықтық мал дәрігерлік мекемелерінің, мал дәрігерлерінің қатысуымен жоспарлы түрде өткізіледі. Оны жылына 2 рет жүргізеді – күзде (қазан, қараша айларында), көктемде- наурыз, сәуір айларында. Диспансеризациялауды 3 кезеңде өткізеді.

1.Диагностикалық кезең.

2.Емдеу кезеңі

3.Сақтандыру кезеңі.

Диагностикалық кезеңде:

I.Шаруашылықтағы мал шаруашылығының жағдайын талдау.

1.Шаруашылықтың бағыты.

2.малдың тұқымы

3.өнімділігі

4.азықтандыру сипаты

5.азықтардың құнарлылығы (лабораториялық зерттейді)

6.малдың күтімін анықтайды

7.табынның синдроматикасын анықтайды (алынған өнім, зат алмасуын, аурудың дамуын, төлдің сапасын, сүт өнімінің сапасын, дене массасының ауытқуларын, малды жарамсыздыққа шығару себептерін, бұқалардың аяқтарының жағдайын, ұрық беру мерзімінің ұзақтылығын ( 2-5 минут). Дегерес ауылындағы Қабанбай батыр №15 үйдегі азамат Сарсенбай Наурыздың 5 айлық бұзауының жағдайы өте нашар әлсіз ,азыққа зауқы жоқ демалуы нашар, құрғақ жөтел байқалады, өкпеден ылғалды дыбыс естіледі.

Диагнозы:бронхопнемвмония.

Бронхопневмония –бронхылар мен өкпенің қабынуы.Бронхылардың қуыстрына катаральді экссудаттың толуымен смпатталатын дерт.Көбінесе төлдер мен және бордақыда тұрған жас мал ауырады.Ол организмге бірнеше қолайсыз жағдайлардың бір мезгілде ісер етіп ,оның табиғи төзімділігін әлсіретуінен пайда болады. 

Бронхопневмония – бұл күрделі бір мезгілде бронхтардың катаральды қабынуымен және өкпенің бір бөлшегі немесе бірнеше топ бөлшектері қабынып, бронхтар қуысына және альвеолдарға эпителий торшаларымен лейкоциттер және қан плазмасынан тұратын сұйық заттар бөлініп организмді оттегі оттығына душар ететін күрделі ауру. Бронхопневмониямен барлық мал әсіресе төлдер жиі ауырады (1-2 айлық жасында төлдердің ішінде жиі ауыратындары бұзаулар, торайлар, қозылар, құлындар) өте сирек болады. Төлдерде өкпенің қан мен қамтамасыз етуі жақсы, серпімділігі төмен, қимылы бәсең, себебі дәнекер ұлпасы көп, және төлдердің резистенттілігі төмен. Негізгі себептердің өзі мынадай болады: 

1) арнаулы; 2) арнаулы емес

Ол басқа жағынан экзогенді және эндогенді болады. Арнаулы- арнайы індеттерде болатын пневмониялар туралы сіздерге індеттану кафедрасы айтады (обада, тілмеде, шошқа инфлюэнцесі, құлындардың қозының, торайдың паратифтері, ит обасы, ал паразитарлық аурулардың пневмониясын (диктиокалез), синтетикалау айтар. Тыныс жолдары қоршаған сыртқы ортамен тікелей ашық байланыста болғандықтан онда шартты патогенді пневмо және стафилакоктар, ол олардың 70 жуық түрі бар. Ал бұлар тыныс жолдарында тұрақты мекен етеді. Микроорганизмдерді шартты деп атау себебі, олар сау мал мен адамға ешқандай зияны жоқ, ал егерде мал организмінде соның ішінде өкпеде оларға қолайлы жағдай туа қалса, онда олар тез-арада өсіп-өніп, өздері тіршілік жасай отырып өздерінен бөлген заттар арқылы д өкпеде қабыну процесстерін туғызады.Осы шартты микроорганизмдердің дамуына осы жағдайда қандай факторлар мүмкіндік туғызады.

Алдымен өкпеде бронхит болса, сонан соң бронхит пневмонияның дамуымен жалғасады, сөйтіп өкпеде бронхопневмония дамиды. Бронхопневмонияның дамуының бірден бір себебі ол жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, себебі ол организмнің бүткіл жүйесінғ соның ішінде тыныс алу жүйесінің қызметін реттестіреді, басқарады. Организмнің қандайда бір себептер әсер еткенмен бронхопневмонияның дамуына негіз болатын, оның өту ерекшеліктерінде.

1. Организмнің реактивтілігі- оның қорғаныс- бейімделгіш күштер.

2. Микроб агентінің уыттылығы. Осыларға байланысты патологиялық процесстің дамуы да, аурудың өтуіде.

Организмнің резистенттілігі төмендеген кезде тыныс жолдарындағы микробтар өте жылдам тез арада өсіп өне бастайды, белсенділіктерін арттырады, сол себепті макроорганизмдер зиянды улы заттар пайда болады. Бұл улы заттар ең алдымен бронхтар клегейлі қабығына және өкпенің дәнекер ұлпадан тұратын паренхимасына әсер етіп, соның салдарынан ұлпа альтерациясын туғызады. Этиологиялық агенттің тітіркенуіне жауап ретінде организмде қарсы реакция туады. Бір жағынанбұл жауап реакциясы-қорғаныс реакциясы ал басқа жағынан қабыну реакциясы бұл қан тамыр қабынуының барлық айқын белгілерімен реакциясы білінеді. Өкпе ұлпасы ісінеді, ұлғаяады, оның трофикасы – қоректенуі өзгереді. Осылардың бәрінен өкпе серпінділігін жоғалтады. Сол себепті, ағзаның қызметі бұзылады, яғни тыныс алу бұзылады, белгілі тыныс шулары пайда болады. Клиникалық белгілері. Барлық қабыну процесстеріндегідей бронхопневмонияда малдың ыстығы- температурасы көтеріледі. Қабыну процессі өкпенің бір бөлігінде (1,5-2,0С-қа), ал қабыну процессі төмендесе дененің ыстығы төмендейді. Дененің қызуының көтерілуі, ентікпе, оттегі жетіспеушілігі – өкпеде қан айналымының бұзылуы осының бәрі жүрек қызметінің бұзылуына және қан- тамырлар жүйесі қызметінің бұзылуына душар етеді. Өкпені аускультация жасаған кезде везикулярлы тыныс алу қатаңдайды, ұсақ – майда көпіршікті сырыл естіледі. Ал перкуссия жасағанда өкпенің жоғарғы, жүрек, диафрагмальды бөліктерінде сызданған бәсеңдеу дыбыс естіледі.

 

Rp: streptomicini sulfatus 10000 ӘБ

Dtd : :№ 14 ampulus

S:бұлшық етке

 #

Жетекшім Нариман ағаймен Шу каласы коп кездесетін Лептоспероз жайында мәліметке ие болдым.

Лептоспироз (грек. leptos — жіңішке және грек. speіra — ирекше, бұрама; грек. osіs — ауру) — адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез жұғатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады. Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н.П. Васильев анықтаған. Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 — 15 ж. А.Инадо және А.Ол қоздырғышты денесі сарғайып ауырған адамдардан тапқан. Қазіргі кезде бұл дертті ауру қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына байланысты үш түрге бөледі: интерогеморрагиялық лептоспироз (дене сағаяды) немесе Васильев-Вейль ауруы деп аталады; каникол лептоспироз (немесе Помон) (денеде қан құйылу байқалады); “су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі. Қазақстанда лептоспироз “су безгегі” деп атайды, республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни инфекция көзі — дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа.

Лептоспира бактериялары — тасымалдаушы жануарлардың бүйрегінің майда өзекшелерінде өсіп-өніп сақталады, сыртқы ортаға несебімен шығады. Лептоспира адамдарға лептоспира бактерияларымен ластанған су, топырақ, ас тағамдары, тұрмыстық және мал өнімдерін өңдейтін өндірістік қалдық заттармен ауыз қуысы, мұрын, көз шырышты қабығы және зақымданған тері арқылы жұғады. Лептоспира жұққаннан кейін 3 — 5 миннуттан соң қанға өтіп, бүйрек пен бауыр тіндеріне таралып, жылдам өсіп-өне бастайды. Аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі орта есеппен 7 — 13 күнді қамтиды. Сонан соң науқастың бірден дене қызбасы басталады (39 — 40°С), өзі қалтырап, бұлшық еттері қатты ауырады; көзі қызарады; лоқсып құсып, ұйқысы қашады. Ауру асқынғанда сандырақтап, мұрнынан қан кетіп, ерін, мұрын айналасына ұшық шығады. Бауыры ісінеді, денеге бөртпе шығады, дененің сарғаюы байқалады. Ауруды дер кезінде емдемесе, адамдардың өліп кетуі (әсіресе, жасы келген) де мүмкін. Ал сарғаймай, жеңіл түрімен науқастанғанда 6 — 12 аптадан кейін толық айығып кетеді. Ауру диагнозы лабараториялық әдістермен анықталады.Емі: антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин, т.б.) беріледі. Гамма-глобулиндер егіледі. Алдын ала сақтану үшін медицина-санитар-ветеринарлық кешенді шараларды қолдану, тұрғындарды таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, мал суаратын жерлерден ауыз су алмау, т.б. қажет.

Кәсіпорында төлдердің ақтышқақ ауруы кездесeтіні жайында жыйын қозғалды.

Аурудың негізгі себебі төл организмінің резистенттігінің төмендігі, яғни анасының буаздық кезінде бағып күтімінің нашар болғандығы. Ауру бұзауға сүт, уыз ішкізуді азайтып оның орнына 0,5-1 л физиологиялық (тұзды) ерітінді құяды немесе жусанның, шай қурайдың қайнатпасын ішкізеді, аш өзектен құрсақ қуысына 100 мл электролитті ерітінді (оның құрамы: хлорлы натрий 5,0, магний сульфаты-1,0, кальций глюканаты-2,5, хлорлы кобальт-8 мг, марганец сульфаты-10 мг, мыс сульфаты-15 мг, цинк сульфаты-10 мг, дистиллденген су-100 мл) жібереді, оған аскорбин қышқылы мен В12 дәрумені қосылса, оның емдік қасиеті арта түседі.

Патогенді микрофлораны басу үшін алдымен, АБК, ПАБК сияқты ацидофильді препараттарды, содан кейін құрамында олеандомицин (8- 10ИЕ/кг), хлоротетрациклин (20 мг/кг), фуразолидон (7 мг/кг), аскорбин қышқылы (5 мг/кг) бар 100 мл сұйық ішкізеді. Одан басқа сульфадиметоксин 15-20 мг\кг мөлшерінде, дибиомицин 40-50 ИЕ\кг күніне бір рет сауығып кеткенше қайнаған суға араластырып ішкізсе дұрыс болады.

Өндірістік практиканың аралығында Талас ауданына қарасты ветеринариялық пунктінде болдым. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – ветеринария саласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеу. Осы аталған мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрлерін атқарады:

- ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру; 

жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы қолданылатын ветеринариялық препараттардың сақталуын және тасымалдау

жағдайын ұйымдастыру;

әкімшілік аумақтық бірлікке сәйкес келетін жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен тұрғызылған өліктерді тастайтын шұңқырлар (биотермиялық) , сою алаңдарын ұйымдастыру;

6) қаңғыбас иттерді және мысықтарды жою;

Жыл аралығында кәсіпорынға қарасты ұсақ малдарды бірдейлендіру әдістерін және сырғал салу және ЕАСУ web порталымен жұмыстарын жүргізуді меңгердім.

Бірдейлендірудің негізгі мақсаты:

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі - бірдейлендіру - дерекқорға жануар туралы мәліметтерді енгізе және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, жапсыру, чиптау, таңба салу жолымен жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу жүйесі;



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.219.131 (0.009 с.)