Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
суреттер. Сырғалау кезіндегі жұмыстарСодержание книги
Поиск на нашем сайте
- жеке нөмір – жапсырмаға, чипқа, болюсқа немесе таңбаға түсірілетін әріптік немесе цифрлық белгіні қамтитын, жануарға берілетін жеке код; - тәртіптеме - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу және ветеринариялық паспорттар беру үшін ветеринариялық мақсаттағы атрибуттар мен бұйымдарды бөлу (беру) туралы жоғары тұрған ветеринариялық бөлімшенің төмен тұрған ветеринариялық бөлімшеге құжаты; - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдары – жапсырмалар (іліктірілген көрнекі, радиожиілікті белгісі бар), чиптар, болюстар, таңбалар. Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендіруге жатады. Ірі қара және ұсақ малдардың төлдерін, сондай-ақ бұзауларды туғаннан кейін 7 (жеті) күн өткен соң, бірақ туған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіреді. Құлындарды 4 айлық жасында бірдейлендіреді. Жапсырмалау жануардың құлағына жапсырма бекiту және оны құлақтың iшкi жағынан ортасына қарай, мүмкiндiгiнше оның түбiне жақын орналастыру жолымен жүзеге асырылады. Жапсырмада осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес жеке нөмiрi көрсетiледi. Ірі жануарларға екі құлағына бір-бірден бірдей екі жапсырма бекітіледі (бір жеке нөмірмен), ұсақ жануарлардың, оң құлағына бір жапсырма бекітіледі. Жапсырма жануардың бүкіл тіршілік етуі бойында шешілмейді. Ірі және ұсақ жануарлардың сол құлағына бекіту үшін радиожиілікті таңбасы бар жапсырма пайдаланылуы мүмкін. Таңбалау ыстық немесе суық тәсiлмен жүзеге асырылады. Таңба дененiң сол жағына: республиканың, облыстың және мал түрiнiң литерлiк кодтары жауырынға, жеке нөмiр жамбасқа қойылады. Чиптау, радиожиілік белгісі бар жапсырмалар мен болюстарды пайдалану оларды пайдалану жөнiндегi тиiстi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Жеке нөмір 12 (он екі) символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар: - бірінші екі символ - Қазақстан Республикасының литерлік коды (ISO- Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес келетін екі әріптік қысқартылған атау); - үшінші символ - облыстың литерлік коды; - төртінші символ - жануар түрінің сандық коды; - бесіншіден бастап он екінші символдар - жылқыларды қоспағанда, жануардың жеке нөмірі. Жылқының жеке нөмірі төрт символды құрайды. Жылқының жеке нөмірі төрт таңбалы саннан асқанда жеке нөмірге серия литерлік белгі түрінде латын әліпбиінің әріптерін енгізу жолымен көзделеді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегіндегі жануарларға жеке нөмірлер беру кезектілікпен жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы жануарларының цифрлық коды 1 - iрi қара мал 2 - қой-ешкi 3 - шошқа 4 - жылқы 5 – түйе Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін биркалардың, тавролардың және татуировканың үлгілері 1.Ірі қара малдарды, бұғыларды, қойларды, ешкілерді және шошқаларды бірдейлендіру үшін сопақша сырғамен. Көлемі: ұзындығы - 35 миллиметр (әрі қарай - (мм), ені - 25 мм, қалыңдығы - 2 мм; сырға мен бекіту тұтқасының аралығы - 11 мм; бекіту тұтқаның қалыңдығы - 5 мм; тұтқаны бекітетін сақинаның ені - 20 мм; бірінші және екінші жолдардағы шрифтердің көлемі - 5 мм, ал үшінші жолдағы сандардың - 7 мм, сырғалар жұмсақ әрі берік түрлі-түсті фонды материалда, сандар әр-түрлі түсті және ойылып жазылады, жазу екі қатар орналасады: бірінші қатарда елдің аталуы қысқаша екі әріп, облыстың коды, екінші қатарда аудан (қала), ауылдық (поселкалық) округтің коды, ал үшінші қатарда жануарлардың бірдейлендіру нөмірі. Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 85 бұйрығымен . 2.Түйелерді, жылқыларды, ірі қара малдарды, бұғыларды, естектерді бірдейлендіру үшін ыстық немесе суық әдістерімен тавролар:0-9; Тавроның көлемі: ересек жануарлар үшін биіктігі 8 см, ені 5 см; жас жануарлар үшін биіктігі 5 см, ені 3 см. Ыстық тавролау үшін тавро ұзындығы 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм жалпақ тегіс темірден жасалынады. Суықпен тавролағанда біркелкі өлшемдегі цифрлар қолданылады. 3.Қойларды, ешкілерді, шошқаларды татуировкалау арқылы бірдейлендіру. Қойларға, ешкілерге және шошқаларға оң құлағына татуировка арқылыжеке бірдейлендіру номерін тасымалдаушыны берген кезде құлақтың сырт жағынан қою бояу жағады, әдетте бояуды дайындау үшін трактордың түтін шығатын құбырынан күйені пайдаланады, оны майда ұнтақтап және денатуратты спиртте немесе үштік одеколонда араластырады, сосын заводта дайындалған өткір номерлері бар арнайы қысқаштармен құлаққа тесік жасайды және құлақта пайда болған жараға бояуды уқалайды.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.59.234.182 (0.009 с.) |