Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Несепте глюкозаны анықтау.

Поиск

Несепте глюкозаны анықтау.

Қалыпты жағдайда несепте глюкоза анықталмайды. Несепте глюкозаның пайда болуы глюкозурия деп аталады. Глюкозурия қандағы глюкоза мөлшері (қалыпты жағдайда 4,6-6,6 ммоль.л 9,9 ммоль/л-н жоғары болғанда пайда болады. Несептегі глюкоза мөлшерін индикатор қағаз «глюкотест», «глюкофан» көмегімен анықтауға болады. Физиологиялық глюкозурия мөлшерден артық көмірсутегілерді(алиментарлық глюкозурия) және кейбір дәрілерді  (кофеин, кортистероидтар) қабылдағанда (эмоциональдық глюкозурия) пайдаболады. Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда,
Иценко-Кушинг синдромында, бауыр циррозында, бүйрекауруларында байқалады.

Несепте билирубинді анықтау.

Қалыпты жағдайда несепте билирубин анықталмайды. Несепте билирубиннің пайда болуы билирубинурия деп аталады, ол қанда байланыстағы (прямой) билирубин; (билирубин глюкуронид) көбейгенде кездеседі, мысалы паренхиматозды және механикалық сарғаюда. Несепте кетон (ацетон) денелерін анықтау.

Қалыпты жағдайда несепте кетон денелері анықталмайды Несепте кетон денелерінің (ацетон, ацетон-сіріңке қышқылы, бета-оксимайы қышқылы) анықталуы кетонурия деп аталады. Кетонурия қант диабетінің ауыр түрінде, бауыр мен бүйрек өткір зақымданғанда байқалады. Несепте уробилиноидтарды анықтау.

Уробилиноидтарға уробилин, (уробилиноген, уробилин.) және стеркобилин (стеркобилиноген, стеркобилин) жатады. Олардың несепте анықталуы уробилинурия деп аталады, олар бауыр ауруларында, гемолитикалық анемияда кездеседі.

3. Несенті микроскопиялық жолмен зерттеу.

Несепті микроскопиялық жолмен тексергенде несеп құрамындағы қан түйіршіктері; эритроцитгер, лейкоциттер, цилиндрлер, эпителий жасушалары, тұз кристалдары тексеріледі.

Қалыпты жағдайда сау адам несебінде эритроцит бірен саран кездеседі. Несепте эритроциттердің мөлшерден артық болуы гематурия деп аталады. Гематурия пайда болу механизіміне қарай екіге бөлінеді; бүйрекке байланысты гематурия, бүйректен тыс гематурия. Бүйрекке байланысты гематурияның себептері: өткір жэне соз. нефрит, пиелонефрит, бүйрек ісігі, бүйрек туберкулезі, бүйрек инфаркты, бүйрек поликистозы. Бүйректен тыс гематурия қуық ісігі мен туберкулезінде, қуық асты бездерінің ауруларында, геморрагиялық диетездерде кездеседі.

Егер несепте қанның (эритроцит ) бар екені көзге көрініп тұрса, оны макрогематурия деп атайды. Макрогематурияны 1 л несепке 1 мл қан араластырып көруге болады. Макрогематурия бүйрек және қуық ісігінде, бүйрек инфарктынде, несеп тасы ауруынада, өткір нефритте байқалады. Макрогематурияның көзін табу үшін 3 ыдысты сынаматәсілі немесе Ядоссон әдісі қолданады. Науқас несепті 3 ыдысқа бөліп отырады. Егер гематурия бірінші ыдыстағы несепте болса, онда гематурияның пайда болу көзі уретрада, егер екінші ыдыста болса, гематурия көзі қуық, үшінші ыдыста болса, гематурияның пайда болу көзі жоғарғы несеп жолдары яғни бүйрек.

Микроскоппен қарағанда анықталатын  гематуриямикрогематурия деп аталады. Микрогематурияның физиологиялық немесе патологиялық екенін анықтау үшін Нечипоренко әдісі қолданылады, әдіс көмегімен 1 мл несептегі эритроцит пен лейкоцит мөлшері саналады. Қалыпты жағдайда 1 мл несепте эритроцит 1000, лейкоцит 4000, цилиндрлер 250 немесе 0-1 4 камераға санағанда жоғары болмауы керек. Аталған көрсеткіштен жоғары болса патология болып табылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 11; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.192.174 (0.009 с.)