![]() Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву ![]() Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәрігерлік манипуляциялар мен дианостикалық операциялар.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Дәрігерлік манипуляциялар мен дианостикалық операциялар. Гематологияда қолданылатын дәрігерлік манипуляцияларға сүйек миының, лимфа түйінінің талақтың пункциясы (пункционды биопсия) жатады. Лимфа түйінді пункция жасау.Лимфа түйінінің пункциясы лимфа жүйесінің аурулары, қан аурулары мен туберкулез ауруының диагностикасында күрделі жағдайларда қорытынды диагноз қою үшін қолданады. Ол үшін ұлғайған лимфа түйінді пункция жасайды. Лимфа жүйесінің аурулары жөнінде толық мәлімет лимфа түйінінің биопсиясы жасалғаннан кейін алынады. Лимфогранулематозда «Березевский-Штернбергтің алып жасушалары» табылады. Лимфолейкоз, лимфосаркомада жасушалар полиморфизмі анықталады. Лимфа түйіндердің туберкулезінде «Лангханс жасушалары» деп аталатын алып жасушалар анықталады. Сүйек миын зерттеу. Клиникалық тәжірибеге сүйек миының пункциясын (стернальды пункция) 1928 жылы М.И. Аринкин енгізді. Сүйек миын гистологиялық зерттеуге алу үшін (пункция жасау үшін) біздің елімізде И.А Кассирский инесі қолданылады. Ол қабырғасы қалың, ішінде мандрені бар ине. Керекті тереңдікте ғана енгізуге мүмкіндік беретін инеде әдейі істелінген қалқанша бар. Пункция алдыңғы орта сызық бойынша төс сүйегінің 3-4 қабырға аралығында жасалады. Алынған биоптат (пунктат) цитологиялық зерттеуге жіберіледі. Миелограмма деп сүйек миындағы қан элементтерінің арасындағы проценттік қатынасты атайды. Миелограммаға қарап қан элеменггерінің пісіп жетілуінің бұзылуын, дифференцияца өтпеген элементтердің көбейгенін, ақ жэне қызыл қан түйіршіктері арасындағы қарым қатынастың бұзылғанын, қан жасушаларының жалпы санын, қан жасушаларының патологиялық түрлерінің пайда болғанын т.б. ажыратуга болады. Қалыпты жағдайда лейко-эритробластық катынас 4:1 тең. Шеткі қанда анемия белгілері неғұрлым күшті болса, функциональды ең жарамды сұйек миында эритроцит жасушалары соғүрлым көп болады. Зерттеуге сүйек миын тек төс суйегінен ғана емес, басқа сүйектерден де алуға болады; мысалы- мықын сүйегінің қырынан.
Сүйек миын мықын қырынан алуды «трепанобиопсия» деп атайды. Миелограмма гематологиялық аурулардың диагностикасында атап айтқанда; өткір және созылмалы лимфолейкоз, миеломды ауру, гемолизді анемия, Аддисон Бирмер ауруы, Верльгофа ауруы т.б. патологияларда көмек береді. Төсті пункция етуге арналған ине. Алынған стернальды пунктаттың морфологиялық құрамы (миелограмма) төмендегідей. (Соколов.В.В. Грибов.И.А. 1979.Ж.) Талақты пункция жасау. Талақты пункция жасау науқастың сырқаты анықталмаған жағдайда ғана жүргізіледі. Талақты тері арқылы биопсия ету жергілікті жансыздандыру көмегімен жүргізілетін қауіпсіз және тиімді әдістердің бірі. Зерттеу әдісі мына жағдайларда жасалады: этиологиясы белгісіз гепатоспленомегалия, холестаз, бауыр мен көк бауыр қызметінің бұзылуы, бауыр мен талақты зақымдайтын жүйелі аурулар. Зерттеу әдісін жүргізуге қарсы көрсетілімдер: гемостаз жүйесіндегі өзгерістер, сепсистік холангит, асцит және холестаз.
|
|||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.221.21.145 (0.009 с.) |