Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Несептің салыстырмалы тығыздығы.

Поиск

Несептің салыстырмалы тығыздығы.

Несептің салыстырмалы тығыздығының маңызы өте үлкен, себебі ол несепте еріген заттардың мысалы- мочевина, несеп қышқылы, т.б. заттардың концентрациясы туралы мәлімет береді және бүйректің концентрациялау, еріту қызметінің көрсеткіші болып табылады. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалы тығыздығы 1.010 - 1.028 аралығында болады және оны урометрмен өлшейді. Несептің  салыстырмалы тығыздығы несептің мөлшеріне байланысты өзгереді, полиурия кезінде азаяды, олигурия кезінде керісінше көбейеді. Несептің салыстырмалы салмағының көбеюі қант диабеті ауруына тән симптом. Несептің салыстырмалы тығыздығы көптеген факторларға байланысты болғандықтан, бүйрек қызметінің жағдайын тексеру үшін функциональды жанама әдістердің бірі Зимницкийдің сынама әдісін қолданады. Зимницкий әдісі көмегімен тәуліктік диурезді 8 рет бөліп (4 рет күндіз, 4 рет түнде) жинап, әр порцияның көлемі мен салыстырмалы тығыздығын, тәулік ішіндегі несептің салмағыныңөзгерісін анықтайды. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалысалмағы 8 порцияның кез келгенінің бірінде 1016болуы тиіс. Несептің меншікті салмағының азаюы - гипостенурия, монотонды біркелкі болуы изостенурия, меншікті салмағының біркелкі, әрі төмен болуы гипоизостенурия деп аталады.

2. Несепті биохимиялық зерттеу.

Бұл мақсатта несеп құрамындағы белок, қант, ацетон (кетонды денелер), билирубин, уробилиноидтар, тұздар және несеп реакциясы, қажет жағдайда гормондар, ферменттер мөлшері анықталады.

Несеп реакциясы қалыпты жағдайда қышқылды немесе әлсіз қышқылды, РН 4,5 - 8,4 арасында, орта есеппен РН 6,0 тең. Несеп қышқылдығы қант диабетінде, туберкулезде, бүйрек шамасыздығында, ацидоз, алкалозда көбейеді. Несеп реакциясының сілтілі болуы тоқтаусыз қуықта, несеп жолдарының созылмалы инфекциялық ауруында жэне тағам кұрамында көкөністер көбірек болса байқалады.

Несеп құрамындағы белокты анықтау.

Тәжірибелік тұрғыдан алғанда несепте белок болмауы керек деп есептелінеді. Несепте белоктың пайда болуы протеинурия деп аталады. Протеинурия физиологиялық жэне патологиялық болады. Сау адамда белок мөлшері өте аз болады, бұл өткінші физиологиялық протеинурия болып табылады және ол физикалық жұмыстан кейін, салқын тигенде, вертикаль қалыпта ұзақ тұрғанда, көп жүргенде, жүктіліктің бірінші жартысында байқалады. Физиологиялық протеинурия бүйректе қан іркілісіне байланысты пайда болады. Патологиялық протеинурияның бүйректік және бүйректен тыс себепке байланысты түрлері болады.

Бүйректік патологиялық протеинурия; өткір, созылмалы нефритте, нефрозда, нефросклерозда, амилоидозда кездеседі, ал бүйректен тыс себепке байланысты протеинурия несеп жолдары мен жыныс жолдарының қабынуында кездеседі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.237.229 (0.009 с.)