Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жекелеген шет елдердің заң практикасы↑ ⇐ ПредыдущаяСтр 3 из 3 Содержание книги Поиск на нашем сайте
Қылмыс субъектісі ретінде қылмыс орын алған уақытта заңда белгіленген жасқа толған жеке тұлға танылады. Бұл қылмыстық жауаптылыққа тартудың ең қажетті шарттарының бірі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас шамасы әр елде өздігінше анықталады. Жас шамасын анықтаудың негізі ретінде мақсатты түрде осы іс-әрекетті орындауды түсінуі және қылмыстық іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезінуі болып табылады. АҚШ-тың федералдық қылмыстық заңнамасында және штаттардың қылмыстық заңдарында қылмыс жасаған тұлғаның жауаптылық жас шамасы он алты жастан деп белгіленген. АҚШ Қылмыстық Кодексінің 4.10. бабында қылмыс жасаған тұлға он алты жасқа толмаған болса, ол жауаптылыққа тартылмайды деп көрсетілген. Дегенмен кейбір штаттардың қылмыстық заңнамасында, оның ішінде Нью-Йорктың Қылмыстық Кодексінің §30.00 бойынша жалпы қылмыстық жауаптылық жасы он алты деп көрсетілгенмен, кейбір ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың минималды жас мөлшері он үш жастан басталады деп белгіленген. Францияның қылмыстық құқығында қылмыс субъектісі болып жеке тұлғалар және заңды тұлғалар танылады. 1992 жылы қабылданған Францияның Қылмыстық Кодексінің 122-8 бабына сәйкес, жеке тұлға он үш жасқа толған болса, қылмыстық жауаптылыққа тартыла алады. Сонымен қатар, кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы 1945 жылы «Кәмелет жасқа толмағандар жасаған құқыққа қайшы әрекеттер туралы» Ордонанспен реттеледі. Он алты жасқа дейінгі тұлғаларға жеңілдетілген жазалау шаралары, оларға қатысты тәрбиелеу шаралары кеңінен қолданылады. Францияның Қылмыстық Кодексінің 121-2 бабында заңды тұлғалар қылмыс субъектісі ретінде таныла отырып, егер қылмыстық іс-әрекет заңды тұлғалардың өкілдерінің немесе органдарының пайдасына жасалған болса, онда заңды тұлғаларға қатысты қылмыстық жауаптылық туындайтындығы көрсетілген. Сонымен қатар, осы баптың үшінші бөлігінде, сол қылмыстық іс-әрекеттерді жасаған немесе жасауға қатысқан тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы жоққа шығарылмайтындығы туралы жазылған. Германия Федеративтік Республикасының Қылмыстық Кодексінің §10 және §19 сәйкес, қылмыс субъектісі ретінде есі дұрыс, он төрт жасқа толған тұлға танылады. 1953 жылғы «Жасөспірімдер ісі бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы» Заңда он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және он сегіз жастан жиырма бір жасқа дейінгі жасөспірімдер қылмыстық жауаптылыққа тартылу мүмкіндігі көрсетілген, яғни егер кәмелет жасқа толмағандар қылмыстық іс-әрекет орын алған уақытта бұл іс-әрекетінің құқыққа қайшы екендігін түсінетін жағдайда болып, өзі рухани және физикалық жағынан дамыған болса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін делінген. Әрине, субъектілердің бұл категорияларына жаза тағайындауда арнайы шектеулер қолданылады. Германия Федеративтік Республикасының Қылмыстық Кодексінің §19 сәйкес, он төрт жасқа толмаған балалар есі дұрыс емес деп танылады, өйткені он төрт жасқа толмаған бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты әлі өз іс-әрекетіне толық есеп бере алмайды деп саналады. Жапонияда Германия Федералдық Республикасындағыдай, қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан туындайды. Жапонияның Қылмыстық Кодексінің 41 - бабында он төрт жасқа толмаған тұлғамен жасалынған қылмыстық іс-әрекет қылмыстық жазалауға жатпайды деп көрсетілген. Англияның қылмыстық құқығы бойынша қылмыс субъектісі болып жеке тұлғалар және заңды тұлғалар танылады. Жеке тұлғалар туралы айтатын болсақ, Англияның 1908 жылғы «Балалар туралы» Заңы бойынша қылмыстық жауаптылық жасы жеті жастан басталған, кейін 1933 жылы бұл жас шамасы сегіз жастан деп өзгертілді. Қазіргі кезге дейін Англияда Қылмыстық Кодекстің болмауының себебінен, көптеген қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылық жасын жағдайларға байланысты әр түрлі анықтайды. Жалпы, Англияда толық көлемде қылмыстық жауаптылық жас шамасы он жеті жастан деп белгіленеді. Ирландия – жеке тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы жеті жастан туындайтын Батыс Еуропа мемлекеттерінің бірі болып табылады. Соған қарамастан, Ирландияның қылмыстық құқығы әлі күнге дейін кодификацияланбаған, онда Англияның ескі заңдары мен Ирландияның жаңа заңдары қатар әрекет етеді. Сонымен қатар, Египет, Иран, Ливан және тағы басқа мемлекеттерде де қылмыстық жауаптылық жасы жеті жастан басталады деп белгіленген. Дегенмен, шетел мемлекеттерінің басым көпшілігінде, оның ішінде, АҚШ, Англия. Дания, Бельгия, Греция және тағы басқа мемлекеттерде қылмыстық жауаптылық жасы он алты – он жеті жас деп көрсетілген. Финляндияның қылмыстық заңнамасына сәйкес, қылмыс субъектісі ретінде он алты жасқа толған тұлға танылады. 1894 жылғы және одан кейінгі өзгертулерімен Финляндияның Қылмыстық Кодексінің Жалпы бөлімінің § 1- да он бес жасқа толмаған тұлғалармен жасалған қылмыстық әрекет үшін қылмыстық жаза тағайындалмайтындығы туралы айтылады. Еуропа мен Азияның кейбір мемлекеттерінде қылмыстық құқық социалистік типтегі құқық саласы ретінде дамыған. Сондықтан Англия, АҚШ, Франция, Германия Федеративтік Республикасы, Жапония және тағы басқа мемлекеттердің қылмыстық құқығынан айырмашылықтары бар. Мысалы, Венгрия, Румыния, Қытай Халық Республикасы, Болгария және тағы басқа мемлекеттердің қылмыстық заңнамасында қылмыс субъектісі болып он төрт жасқа толған жеке тұлға танылады. Болгарияның Қылмыстық Кодексінде он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелет жасқа толмаған бала қылмыстың қоғамға қауіптілігін түсіне отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаса ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы туралы айтылған. Бұрынғы Чехословакияда қылмыстық жауаптылық жасы он бес жастан деп белгіленген болса, Монғолияда – он алты жастан, Польшада – он жеті жастан, Кубада – он алты жастан қылмыстық жауаптылық туындайды, ал он төрт жастан он жеті жасқа дейінгі тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы арнайы заңдармен реттеледі. ТМД мемлекеттерінің Қылмыстық Кодекстерінде қылмыс субъектісі ретінде тануда шамамен қылмыстық жауаgтылық жас шамасы бірдей болып келеді, яғни он төрт – он сегіз жас аралығында. Бұл 1960 – 1961 жылдар аралығында КСРО-ның қылмыстық заңнамасын кодификациялау мен жүйелеудің белсенді кезеңінің болғандығымен түсіндіріледі. Мысалы, 1961жылғы Украина мемлекетінің Қылмыстық Кодексінің 10 – бабында толық қылмыстық жауаптылық туындайтын жас шамасы он алты жас деп көрсетілсе, қоғамға аса қауіпті қылмыстар үшін он төрт жастан қылмыстық жауаптылық туындайды делінген. Сол сияқты Молдова мемлекетінің 1961 жылғы Қылмыстық Кодексінің 10 – бабына сәйкес, кәмелет жасқа толмаған он төрт – он алты жастағы тұлғаларды қылмыс субъектісі ретінде таныған. Қазіргі кезде, аталған мемлекеттер тәуелсіз мемлекеттер болғандықтан, бұл жағдайлар аздаған өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, 2002 жылғы 18 сәуірде Молдова Республикасының Парламентімен қабылданған Молдова Республикасының Қылмыстық Кодексінің 21 бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі болып он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға табылатындығы және ауыр, аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін он төрт жастан қылмыстық жауаптылық туындайтындығы туралы жазылған. Сонымен қатар, осы баптың екінші бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі ретінде заңды тұлғалар танылатындығы және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар нақты қызмет түрлеріне қатысты заңда тікелей көрсетілген тыйым салулар мен міндеттерді орындамағаны үшін, сонымен қатар жарғылық құжаттарында көрсетілген мақсаттарға сай емес қызмет түрлерімен айналысқандығы үшін және осы заңды тұлға мүддесі үшін жасалған іс-әрекеттерден қоғамға, мемлекетке аса үлкен зиян келтіргендігі үшін заңды тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін делінген. Сол сияқты Украина мемлекетінің 2001 жылы 5 сәуірде қабылданған Қылмыстық Кодексінің 22 бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық орын алғанға дейін он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі бола табылады және осы баптың екінші бөлігіне сәйкес, кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, оның ішінде қасақана кісі өлтіру (115 - 117 баптар), қасақана адамға ауыр жарақат келтіру(121 - бап, 345,346,350,377,398 - баптардың үшінші бөлігі), қасақана адамға орташа ауыр жарақат келтіру (122 - бап, 345,346,350,377,398 - баптардың екінші бөлігі), диверсия (113 - бап), бандитизм (257 – бап), террористік акт (258 – бап), адамды кепілде ұстау (147, 349 – баптар), зорлау (152 – бап), ұрлық (185 – бап, 262,308 – баптардың бірінші бөлігі) , тонау (186,262,308 – баптар), қасақана мүлікті жою немесе мүлікке зиян келтіру (194, 347,352,378 – баптардың екінші бөлігі, 399 – баптың екінші және үшінші бөлігі), бұзақылық жасау (296 – бап) және тағы басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жеке тұлғаларда он төрт жастан бастап қылмыстық жауаптылық туындайды. 2003 жылы 18 сәуірде қабылданған Армения Республикасының Қылмыстық Кодексінің 23 – бабының бірінші бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық орын алған уақытта он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі болып табылады. Осы баптың екінші бөлігінде кісі өлтіру (104 – 109 баптар), қасақана адам денсаулығына ауыр және орташа ауыр зиян келтіру( 112 – 116 баптар) , адам ұрлау ( 131 – бап), зорлау ( 138 - бап), ұрлық (177 – бап), тонау (176 – бап), қасақана мүлікті жою немесе зиян келтіру ( 185-баптың екінші және үшінші бөлігі), бұзақылық (258 - бап) және тағы басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін он жастан бастап қылмыстық жауаптылық туындайтындығы жазылған. 1999 жылы 9 шілдеде қабылданған Беларусь Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27 – бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық орын алған уақытта он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі болып табылады және осы баптың екінші бөлігінде кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, атап айтқанда, кісі өлтіру (139 - бап), қасақана адамға ауыр жарақат келтіру(147 – бап), қасақана адамға орташа ауыр жарақат келтіру (149 - бап),адам ұрлау (182 – бап ), зорлау ( 166 – бап), ұрлық ( 205 – бап) , тонау (206 - бап), қасақана мүлікті жою немесе мүлікке зиян келтіру (218 – баптың екінші және үшінші бөлігі), бұзақылық жасау (339 – бап), адамды кепілде ұстау ( 291- бап) және тағы басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жеке тұлғаларда он төрт жастан бастап қылмыстық жауаптылық туындайды деп жазылған. 1998 жылдың 21 мамырында қабылданған Тәжікстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 23 – бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық орын алған уақытқа дейін он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі болып табылады және осы баптың екінші бөлігінде кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, атап айтқанда, кісі өлтіру (104 - бап), қасақана адамға ауыр жарақат келтіру(110 – бап), қасақана адамға орташа ауыр жарақат келтіру (111 - бап),адам ұрлау (130 – бап ), зорлау ( 138 – бап), ұрлық ( 244 – бап) , тонау (248 - бап), қасақана мүлікті жою немесе мүлікке зиян келтіру (255 – баптың екінші бөлігі), бұзақылық жасау (237 – баптың екінші және үшінші бөлігі), адамды кепілде ұстау (181- бап), терроризм ( 179 - бап) және тағы басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жеке тұлғаларда он төрт жастан бастап қылмыстық жауаптылық туындайды деп көрсетілген. 1994 жылы 22 қыркүйекте қабылданған Өзбекстан Республикасының Қылмыстық заңының 17 – бабының бірінші бөлігінде қылмыстық құқық бұзушылық орын алған уақытқа дейін он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі болып табылады деп көрсетілген және осы баптың екінші бөлігіне сәйкес, ауырлататын мән – жайлар негізінде қасақана кісі өлтіру ( 97 – баптың екінші бөлігі) қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық он үш жастан туындайтындығы туралы жазылған. Осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес, Осы Кодекстің 97 – баптың бірінші бөлігінде, 98, 104 - 106, 118, 119, 137, 164 - 166, 169 - баптарда, 173 – баптың екінші және үшінші бөлігінде, 220, 222, 247, 252, 263, 267, 271 - баптарында, 277 – баптың екінші және үшінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық жас шамасы он төрт жастан деп белгіленген. Осы баптың төртінші бөлігіне сәйкес, осы Кодекстің 122, 123, 127, 144, 146, 193 - 195, 205 - 210, 225, 226, 230 - 232, 234, 235, 279 - 302 баптарда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық он сегіз жастан туындайды деп жазылған. Аталған белгімен қатар, жеке тұлғаны қылмыс субъектісі ретінде танудың тағы бір белгісі – есі дұрыстық болып табылады, яғни тұлға өз әрекетіне есеп бере алатын және өзін басқара алатын жағдайда болуы керек. Есі дұрыс емес тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, сәйкесінше қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі ретінде танылмайды. Ондай тұлғаларға тек медициналық сипаттағы шаралар қолданылады. Шет елдердің қылмыстық заңнамасында бұл мәселеге қатысты сұрақтар қоғамның даму кезеңдерінде әр түрлі шешілген. 1810 жылғы Францияның Қылмыстық Кодексінде шет ел қылмыстық заңнамасының тарихында алғашқыллардың бірі болып психикалық ауру жағдайында қылмыс жасаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босату қарастырылған. Осы Кодекстің 61 – бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық орын алған уақытта тұлға есі дұрыс емес жағдайда болғандығы дәлелденсе, ол қылмыс болды деп есептелінбеген. Бірақ 1810 жылғы Францияның ҚК, сонымен қатар, 1867 жылғы Бельгияның ҚК, 1881 жылғы Голландияның заңдар жинағында, 1902 жылғы Норвегияның заңдар жинағында тұлғаны есі дұрыс емес деп тануда тек медициналық критерийларды ғана негізге алған. XX ғасырда көптеген шетел мемлекеттерінің қылмыстық құқығында тұлғаны есі дұрыс емес екендігін анықтауда өзара жиынтықта биолого-психологиялық немесе аралас критейларды құрайтын медициналық және психологиялық критерийларға басты назар аударған. 1930 жылғы Итальяның ҚК-ның 88 – бабына сәйкес, психологиялық ауруының есебінен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта жеке тұлға өз іс-әрекетін түсінбесе немесе түсінгісі келмесе, оны есі дұрыс емес ретінде таниды деп көрсетілген. Осы Кодекстің 85 – бабында есі дұрыс емес тұлға қылмыс субъектісі болып табылмайтындықтан, қылмыстық жауаптылықтан босатылады делінген. Итальяның ҚК бойынша есі дұрыс еместік тұлғаның жас шамасымен де байланысты деп есептелінгендіктен, қылмыстық құқық бұзушылық орын алған уақытта тұлға он төрт жасқа толмаған болса, оны есі дұрыс емес деп таныған. Есі дұрыс еместіктің жалпы критерийлары 1950 жылы 5 қазанда қабылданған Швейцарияның Қылмыстық Кодексінде де көрініс табады. Осы Кодекстің 10 – бабына сәйкес, егер айыпталушы тұлға қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта өзінің психикалық ауруының, жүйке жүйесінің бұзылуының әсерінен өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын болса немесе өзін-өзі басқара алмайтын жағдайда болса, ол тұлғаны есі дұрыс емес ретінде таниды.
http://studopedia.org/2-85912.html страница 301 Англияның, АҚШ-тың қылмыстық құқығында «есі дұрыс емес» түсінігі 1843 жылғы «Мак – Натена Ережелеріне» сәйкес анықталған. Бұл Ереженің мәні – егер тұлға ақыл – есінің кемістігі немесе психикалық ауруы есебінен іс – әрекетінің қоғамға қауіптілігін және зиян келтіретіндігін түсінбеген жағдайда болса, ол қылмыстық жауаптылықтан бсатылады. Өз кезегінде бұл Ережелердің басты кемшілігі – есі дұрыс еместіктің психикалық критерийінің интеллектуалдық белгісін, яғни тұлғаның өз іс – әрекетін түсіну қабілетін алға тартып, ал еріктік белгісі, яғни өз іс – әрекетіне ие болу қаілеті назардан тыс қалып отырған. 1992 жылғы АҚШ – тың Қылмыстық Кодексінің 4.01. бабының бірінші бөлігінде егер тұлға заңда көрсетілген шарттарға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық орын алған уақытта тұлға психикалық ауруының есебінен белгілі дәрежеде өз іс-әрекетін түсіне алмаса немесе өзін басқара алмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады делінген. Нью-Йорк штатының ҚК – нің §30.05 бойынша «есі дұрыс еместік» ұғымы былай түсіндіріледі: «егер тұлға заңда көрсетілген шарттарға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық орын алған уақытта тұлға психикалық ауруының есебінен белгілі дәрежеде өз іс-әрекетінің сипаты мен салдарын, осы іс-әркеттің дұрыс еместігін түсіне алмаса немесе өзін басқара алмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.» Медициникалық критерийларға келетін болсақ, АҚШ және Англияның сот тәжірибесінде психикалық ауруларға көптеген ауру формаларын жатқызады: ақыл- есінің кемістігі, амнезия, есалаңдық, идиотизм, мания, паранойя, сомнамбулизм және т.б. Тұлғаны есі дұрыс емес ретінде анықтаған жағдайда оны түрмедегі режимнан аса ерекшеленбейтін қатаң режимдағы психиатриялық мекемеге жібереді.Сондықтан да АҚШ сот тәжірибесінде тұлғаны есі дұрыс емес деп тану жағдайлары аса сирек кездеседі. Тұлғаның есі дұрыс еместік жағдайы Германия Федеративтік Республикасының Қылмыстық Кодексінің §20 бойынша реттеледі. Онда егер тұлға өзінің психикалық ауруының, жүйке жүйесінің бұзылуы және өзге де ауыр психикалық ауытқуларының есебінен қылмыстық құқық бұзушылық орын алған уақытта өз іс-әрекетінің құқыққа қайшылығын түсіне алмаса немесе өз іс-әрекетіне есеп бере алмайтын болса, оның кінәсі жоқ деп тануға болады делінген. Жапонияның ҚК- нің 39 – бабының бірінші бөлігінде қылмыс жасаған есі дұрыс емес тұлға қылмыс субъектісі болып табылмайтындықтан, қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды деп көрсетілген. 1992 жылы қабыланған Францияның жаңа ҚК – нің 122 – 1 бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық орын алған уақытта тұлға психикалық ауруы әсерінен өз іс-әрекетін түсінбеген болса немесе өзін басқара алмаған жағдайда болса, қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Ал, мысалы, 1965 жылғы Швецияның ҚК – де «есі дұрыс емес тұлға» түсінігі мүлдем қарастырылмаған. Психикалық ауру, ақыл – есінің кемістігі немесе өзге психикалық ауытқулары бар тұлғалар қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, оларға арнайы щаралар қолданылады, яғни оларға қатысты арнайы орталықтарда амбулаторлық психиатриялық емдеу шаралары қолданылады. Осылайша, есі дұрыс еместік түсінігі медицина ғылымының, қылмыстық құқық теориясының және сот – тергеу тәжірибесінің терең талдауын талап ететін биологиялық және заңдық критерийлардың жиынтығы деп түсіндіріледі.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.104.108 (0.057 с.) |