Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

II тарау. Шет елдердің қылмыстық құқығы бойынша жауаптылық субъектісі.

Поиск

2.1. Шет елдердің қылмыстық құқығындағы қылмыс субъектісінің жалпы сипаттамасы.

      Қылмыс субъектісі туралы мәселе шет елдердің қылмыстық құқығындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе әр түрлі мемлекеттердің көптеген заңгер-ғалымдардың, психологтар мен психиатрлардың, педогогтар мен басқа да ғылым салалары өкілдерінің назарын аудартып отыр.

    Теорияда және сот тәжірибесінде қылмыс субъектісі ұғымына қатысты даулы сұрақтар кездесетіндіктен, бұл мәселені толық және жан-жақты зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Өз кезегінде, шет елдердің қылмыстық заңнамасында қылмыс субъектісі ұғымын қарастыру қылмыс элементтерінің жиынтығын, яғни жалпы қылмыстың құрамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

    Қылмыс субъектісі ұғымына талдау жасау және оны шет елдердің қылмыстық құқығында қарастыру қылмыстық құқық ғылымына және сот-тергеу тәжірибесінің дамуында әдістемелік маңызы зор болып табылады. Шет елдердің қылмыстық құқығында қылмыс субъектісі мәселесі аз талданған және әр мемлекетте әр түрлі түсініктеме берілген, бұл өз кезегінде қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес мәселесінде қылмыстық заңнамалардың қолданылуында біраз қиындықтар туғызады. Аталған мәселе бойынша әдебиеттер өте аз және қолжетімсіз болып табылады. Мұның барлығы қылмыс субъектісі мәселесін терең талдауды талап етеді.

    Көптеген шетел мемлекеттерінің қылмыстық құқығында қылмыс субъектісі ретінде тек жеке тұлғалар қарастырылады. Дегенмен, көп мемлекеттерде бірнеше ғасырлар бойы қылмыс субъектісі ретінде жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғаларды, сонымен қатар заттарды, жануарлар мен жәндіктерді қарастырған. Мысалы, Ежелгі Афинада соттар заттармен аса ауыр зиян келтірген істерді қарастырып, одан кейін арнайы діни қызметшілер бұл заттарды мемлекет шегінен тыс шығарып тастаған. Англияда XIX ғасырдың ортасына дейін өлімге әкелен затты корольдың еншісіне тәркілеу туралы Ереже болған.

    Орта ғасырларда феодалдық қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі ретінде жануарларды да қарастырған. Атақты орыс заңгері Н.С. Таганцевтің жазбаларында, зайырлы соттарда XIV-XV ғасырларда адам өліміне әкелген жануарларды, оның ішінде бұқаларды, қабандарды дарға асып өлтірген.

        Канондық қылмыстық құқық тарихында егістікті, жеміс ағаштарын, жүзім егістерін құртқан жәндіктер мен жануарларға қатысты процесстер кездескен.Мұндай процесстер кейінгі уақыттарда Францияда көрініс тапқан, 1710 жылы нан алқаптарына аса ауыр зиян келтірген тышқандарды, ал 1740 жылы – сиырларды соттаған. Кейінгі кездерде, 1990 жылы Техас штатында «Маркус» деген лақап аты бар итке адамдарға бірнеше рет шабуыл жасағаны үшін өлім жазасына кесу туралы үкім шығарылған. Осылайша, қылмыс субъектісі ретінде құл иеленушілік және феодалдық қылмыстық құқықта жәндіктерді, заттарды, жануарларды тану – қандай жағдай болмасын, не нарсе болмасын жауапкершілікке тартылуы тиіс қағидасы негізінде орын алған.

 Сонымен қатар, феодалдық құқықта заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылық мәселесі де белгілі болған, оның ішінде тек қана англо-саксондық мемлекеттерде ғана емес (Англия, АҚШ және тағы басқа), сонымен бірге Еуропалық континент мемлекеттерінде де қарастырылған. Мысалы, 1670 жылы Франция корольі Людовик XIV бұйрығында корпорациялар мен белгілі бір қауымдық бірлестіктердің қатысуымен болған қылмыстарға жауаптылық мәселесі арнайы қарастырылған.

 

http://studopedia.org/2-86085.html 302 страница



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 15; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.228.18 (0.008 с.)