Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
сурет. Сатының салыстырмалы сипаттамалары.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Салыстырмалы өлшемді нақты өлшем мен ПӘК максималды мәнге ие болатын оптимальды режимдегі соған сәйкес өлшемге қатынасы деп түсінуге болады. Осьтік күштің нөлдік берілісі шамамен 10% жоғарылап кеткен режимдерде СС-ның жұмыстық дөңгелегі “қалқып шығу” мүмкін, яғни тірекке дейін жылжып кету мүмкін. Ал бұл тірек бағыттаушы аппараттың тірегінің бортынан және жұмыстық дөңгелектің үшкірленген жерінде пресстелген шайбадан тұрады. Берілістің жоғарлатылуы кезінде жұмыстық дөңгелектің қалқып шығуы қысымның, ПӘК-тің секіргіш төмендеуімен ере жүреді және қолданатын қысымның едәуір өсуімен сүйемелденеді. Ашық ысырмалы режимнен берілістің төмендеуі кезінде, салыстырмалы мағыналық берілісі кезінде жұмыстық дөңгелек төменгі орналасу орнына түседі, яғни: q=0,9-1,0. Қазіргі кезде ЕЦҚ-лы сатылардың дөңгелектерінен осьтік күштен босатудың ең таралған әдісі мынадай түрде болады: бұл босатуды екінші жоғарғы нығыздауыштың қасында, дөңгелекті жетектеуші дискінің сырт жағында камера жасау арқылы жүзеге асырылады. Осы камерада жетектеуші дискідегі тесіктер арқылы дөңгелектің кіру жағындағы қысымдар теңестіріледі. (1.7-сурет, а). Жұмыстық дөңгелегінің босатылуы осьтік күшті едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай сатылардың жұмыстық дөңгелектерінің осьтік күштері босатылмаған басқа сатыларға қарағанда бірнеше артықшылықтары бар: жұмыстық дөңгелектің жекеленген төменгі тіреуішінің жұмыс ресурсы жоғары болады және сатының ПӘК-і де жоғары деңгейде болады. Жұмыстық дөңгелектерінің осьтік күштері босатылған сатының кемшіліктері ретінде оларды жасау технологиясының қиындатылуын, шығарып дайындалуына көп еңбек қажет ететіндігін және босатқыш тесіктердің уақыт өте келе қоқыстануы арқасында және жұмыстық дөңгелегінің жоғарғы нығыздауышының тозуы кезіндегі функционалдық бұзылуын атауға болады. СС-ның жекеленген осьтік тіреуішін және сатыаралық нығыздауышын күшейту үшін сатының екітіреуішті конструкциясын қолданады. СС-ның екітіреуішті конструкциясы біртіреуішті конструкцияға қарағанда бірнеше артықшылықтарға ие. Олардың мынадай түрлері бар: сатының жекеленген төменгі өкшесінің тозуға шыдамдылығы, біліктің коррозиялы-аггресивті және абразивті аққыш сұйығынан сенімді ажыратылуы, жоғарылатылған жұмыс істеу ресурсы және сатыаралық нығыздауыштардың осьтік ұзындықтары арттырылғандықтан сорап білігінің жоғары беріктігінің қамтамасыз етілуін атап айтуға болады. ЭОТС-да олар нығыздауыштан басқа қосымша радиальды подшипник ретінде жұмыс істейді.
а-босатылған жұмыстық дөңгелекті, б-ектреуішті; 1-тұрқы; 2-бағыттаушы аппарат; 3- жұмыстық дөңгелек. 1.6-сурет. Сорап сатыларының конструкциясы:
Біртіреушті сатыларға қарағанда екітіреуішті сатыларды жасап шығару технологиясы өте күрделі болады. Әртүрлі сораптардың сатылары жұмыстық материалдарымен, үйкеліс екіліктерімен және де басқа конструктивті бөлшектерімен бір-бірінен ажыратылады. «Новомет» фирмасы жасап шығаратын сораптық саты басқа түрлеріне қарағанда бірқатар жақтарымен ерекшеленеді (1.9-сурет). 1-білік; 2-шпонка; 3-жұмыстық дөңгелек; 4-радиальды қалақша; 5-бағыттаушы аппарат; 6- төменгі тіреуішті шайба; 7- жоғарғы тіреуішті шайба; 8-сорап тұрқысы. 1.7-сурет. “Новомет” фирмасының ортадан тепкіш-құйынды сораптың сатылары:
Жұмыстық дөңгелектің (3 )үстіңгі дискісінде радиальды қалақшалары (2) бар, осы қалақшалар бағыттаушы аппараттың (1) төменгі дискісімен қосылып құйынды сораптың қарапайым конструкциясын құрайды. Мұндай конструкцияның көптеген артықшылықтары бар: біріншіден, сатының қысымы 15-25%-ға артады, бұл сораптың ұзындығын сақтай отырып, сораптың қысымын арттыруға немесе тұрақты қысымды сақтай отырып, сораптың ұзындығын қысқартуға мүмкіншілік береді. Екіншіден, құйынды сатының болуы газ-сұйықты қоспаның гомогенизациясын қамтамасыз етеді, бұл батырмалы сораптың беру сұйығында көп мөлшерде бос газ болған кезде де жұмыс істеуіне мүмкіншілік береді. Үшіншіден, үстіңгі дискіде радиальды қалақшалардың болуы жұмыстық дөңгелекке әсер ететін осьтік күштің төмендеуін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде жұмыстық дөңгелектің төменгі тіреуіш шайбасының (4) жұмыс істеу ресурсын көбейтеді. “Новомет” фирма сорабының жұмыстық дөңгелегі ұнтақты металлургия әдісімен жасалынатындықтан, оның сенімділігі мен ПӘК-і одан әрі артады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.219.131 (0.008 с.) |