Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

сурет. Электрлі жетектеуші ортадан тепкіш сорап қондырғысы.

Поиск

1.2-сурет. Электрлі жетектеуші ортадан тепкіш сорап қондырғысы.

 

Ұңғылық сорап көпсатылы болып келеді және де 80-нен 500-ге дейін сатыға ие болуы мүмкін.

Сұйық сорапқа оның төменгі жағында орналасқан тор арқылы түседі. Тор қабат сұйығының фильтрациясын қамтамасыз етеді. Сорап сұйықты ұңғыдан СКҚ-ға жеткізеді. Батырмалы электроқозғалтқыш – май толтырылған және герметизацияланған. Оның ішіне қабат сұйығының өтпеуі үшін гидрооқшаулау торабы бар. Қозғалтқыш білігі гидрооқшаулау білігімен қосылып, сол арқылы сорап білігімен байланыста болады. Асинхронды электроқозғалқыштарды қолданған кезде олардың біліктерінің айналу жиілігі 2800-2950 мин-1-ге тең болады.

Құрамында көп мөлшерде газы бар сұйықты соруға арналған қондырғылар сорапты-газосепараторлы модульдармен жабдықталады.

Жоғарғы беттен электр энергиясы қозғалтқышқа кабель арқылы беріледі.

СКҚ -ның жанында домалақ, ал сорап қондырғының жанында жалпақ кабель қолданылады. Жалпақ кабельді қолдануы сораптың және қозғалтқыштың диаметрін үлкейтуге мүмкіндік береді, бұл энергетикалық көрсеткіштер тұрғысынан пайдалы болып есептеледі.

Тәжірибе көрсеткендей сорап қондырғысы мен шегендеуші құбырдың арасындағы минимальды саңылау 6 мм-ге тең етіп алынады. Шегендеу құбырларының ішкі өлшемдеріне және қабылданған саңылауға қарай батырмалы агрегаттың габариттерін таңдап алады.

Сораптың, қозғалтқыштың және ток өткізгіш жалпақ кабельдің орналасуының үш түрлі нұсқасы болуы мүмкін, соған байланысты батырмалы агрегаттың габариті анықталады (1.3-сурет).

 

 

1.3-сурет. Ұңғылы сорап қондырғысының құрастыру үлгісі

.

Сораптың және қозғалтқыштың диаметрлері сораптың және қозғалтқыштың ПӘК-тері ең тиімді қатынасына қарай анықталады, сонымен бірге құбырдағы және кабельдегі ең минималды энергия шығындары  қамтамасыз етілуі керек.

Кейбір жағдайларда жалпақ кабельді түсірілімнің барлық тереңдігінде және НКТ-ның жанында да қолданады. Бұл жағдайда кабельдің дұрыс орналасуын бақылап отыру керек, өйткені, егер ол құбырларға қабырғасының бір қырымен тұрып қалса, онда ол түсірілім кезінде зақымдануы мүмкін.

Жалпақ кабельдің қатар орналасқан ток өткізгіш үш желісі болады. Мұның ортасында орналасқан желісінің қызып кетпеуін қамтамасыз ету керек, өйткені көп жағдайларда сорып алынатын сұйықтың температурасы жоғары болғандықтан, ортада орналасқан желінің электрлі изоляциясы жанып кетіп, қондырғының кабельдік байланысы істен шығуы орын алады.

Трансформаторды токтың кернеуін жоғарлату үшін қолданады, ол әдетте кәсіпшілік желіден алынады (кернеуі 380В), қозғалтқыштың кернеуі көбінесе жоғары болады (400-2000 В және одан жоғары). Сонымен бірге, трансформатор мөлшері ұзын кабельдегі азайған кернеудің орнын толтыру үшін қажет болады.

Басқару станциясы арқылы қондырғыны берілген бағдарламамен автоматты немесе тікелей қолмен іске қосуға немесе сөндіруге болады және оны төтенше жұмыс режимінде де сөндіруге болады. Одан басқа станцияда токтың күшін және кернеуін көрсететін өлшеу аспаптары бар, ал кейбір модификацияларда одан да көп сипаттамаларды көрсетуі мүмкін (мысалы –кабель изоляциясының кедерігісін). Қазіргі заманғы басқару станциялары жүйенің қажетті жұмыс режимін “қабат-ұңғы-сорап қондырғысы” тізбегінде қолдап тұруға, одан басқа ЭОСҚ-ның (УЭЦН) диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді.

СКҚ тізбегі (7) кері және (9) түсіру клапандармен жабдықталады (1.7-сурет). Кері клапан шеттерінде конустық резьбасы бар СКҚ-ның арнайы муфтасында орналасады. Кері клапанның муфтасында ершік, шар және шардың көтерілуінің шектейтін арнайы құрылғы бар. Кейбір кері клапандардың конструкцияларында жапқыш элементтердің басқа түрлері қолданады (конус, тарелька). Кері клапан сорап тоқтаған кезде СКҚ тізбегінде сұйықты сақтап қалу үшін және сораптың әрбір тоқтауы кезінде құбырды қайтадан толтыруға уақытты шығындамау үшін керек, сонымен бірге кері клапан қондырғының іске қосылуын жеңілдетеді. Іске қосу көтеру құбырларының тізбегіне сұйық толтырылған кезде болады, яғни үлкен қысым кезінде. Бұл қысымды одан әрі көбейтуге болады, ол үшін сағадағы суырмалық ысырманы жабу керек. Үлкен қысымдарда ортадан тепкіш сорап (аз қысыммен және үлкен беріліспен салыстырғанда) шағын жетектеуші қуатты қажет етеді. Сондықтан қондырғының іске қосылуы жеңілдетіледі, әсіресе сору тереңдігі едәуір үлкен болған кезде.

Түсіру клапаны ұңғыдан агрегатты шығару алдында құбырлар тізбегін сұйықтан босатуға мүмкіндік береді, бұл тек қана тізбекте кері клапан болса ғана мүмкін болады. Түсіру клапаны құбырлар тізбегіне бекітілген арнайы муфтада орналасады. Муфтаға ішкі тесігі бар ниппель орнатылған, ол құбырлар тізбегімен жабылған ұңғының қуысымен байланысқан. Құбыр ішіндегі ниппель оның ішіне ломдық темір салмақпен түскенде сындырылуы қажет етіп бекітіледі де, ниппельдің ашылатын тесігі құбырды ұңғының қуысымен қосады. Осы тесік арқылы сұйық құбырлардан ұңғыға ағады. Егер қондырғыда құбырды парафиннен босату үшін қолданатын арнайы қырнағыш болса, мұндай түсіру клапанын қолдануға болмайды. Қырнағыш бекітілетін сым үзілгенде ол құлап ниппельді сындырады, осы себептен ұңғыға сұйықтың қажетсіз ағуы орын алады, бұл жағдай агрегатты көтеруге мәжбүр етеді. Осы себептен калапандардың басқа түрлері қолданылуы мүмкін, олар ломдық темірдің қатысуынсыз құбырдағы қысымның жоғарлатылуы арқылы жұмыс істейді.

Сораптың, газосепаратордың және қозғалтқыштардың құрастыру ұзындығы 25м және одан да көп болу мүмкін. Мұның бәрі ешбір өзгертушісіз жұмыс істеп тұратын жағдайдағы біліктің айналу жиілігінің ең үлкен мәнін қабылдауға мәжбүр етеді. Токтың жиілігі 50 Гц болғанда айналу жиілігі синхронды болғанда - 3000 мин-1, ал сырғанауды есепке алғанда 2800-2950 мин-1 мәніне ие болады. Ротордың айналу жиілігін жоғарлату арқылы ортадан тепкіш сораптың жұмыстық сатысының берілісін және қысымын үлкейту үшін батырмалы қозғалтқыштардың арнайы жабдықтары немесе электроқозғалтқышты қоректендіретін токтың жиілігін түрлендіргіштер пайдаланылады.

Сораптардың және қозғалтқыштардың әртүрлі құрылымдық ерекшеліктері (агрессивті ортада, үлкен температураларда қолдану шарты, бірнеше ай бойы үзіліссіз және профилактикалық жөндеусіз жұмыс істеуі, т.б.) конструкторлар мен технологтардың алдына бірқатар күрделі міндеттер қояды. Осыған қарамастан дөңгелектерінің диаметрлері 50-80 мм-ге тең болатын эффективті, жоғары қысымды сорап сатылары жасалды. Сонымен бірге, ұзындықтары 6-7 м және диаметрі 17-26 мм болатын біліктері және ұзындықтары 6 м-ге, ал ішкі диаметрлері 17-26 мм-ге дейін жететін сораптардың түзу сызықты тұрқыларды жасаудың технологиялық жаңартылған жолдары табылды. 

Отандық және дүниежүзілік сорап жасау өндірісінің орасан зор тәжірибесі, машинажасау өндірісінің технологиялық процестерінің үлкен дәрежеде дамуы бұл проблемалардың шешілуіне жәрдемдеседі.

Ұңғылық ортадан тепкіш сораптар көп сатылы машиналар болып табылады. Бұл біріншіден, бір сатылық болып жасалатын сораптың соңғы қысымының аз мәндерімен түсіндіріледі (жұмыстық дөңгелекпен немесе бағыттаушы аппаратпен). Өз кезегінде бір сатының қысымының ең үлкен мәндері жұмыстық дөңгелектің сыртқы диаметрінің мәнімен анықталады, ол шегендеуші тізбектің ішкі диаметрімен және қолданылатын ұңғылық жабдықтардың өлшемдерімен шектеледі – кабельдің, батырмалы қозғалтқыштың, т.б.

Ұңғылық ортадан тепкіш сораптың құрылымы қарапайым, тозуға шыдамды және коррозияға жоғарлатылған деңгейде төзімді болу қажет. Тораптардың диаметрлері мен құрылымдары барлық сораптар үшін негізінен бірдей болады.

Құрылымы қарапайым ұңғылық ортадан тепкіш сорап ұңғыдан құрамында 99 %-ға дейін суы бар сұйықты соруға арналған. Сорылатын сұйықтың құрамында механикалық қоспалардың мөлшері 0,01%-дан аспауы керек, механикалық қоспалардың қаттылығы Моос көрсеткіші бойынша 5 балдан, ал күкіртті сутегінің құрамы 0,001%-дан аспауы керек. Жасаушы-зауыттардың техникалық талаптары бойынша, сораптың қабылдауында бос газдың құрамы 25%-дан аспауы керек.

Коррозияға тұрақты ортадан тепкіш сорап құрамында 0,125%-ға дейін болатын (0,125 г/л дейін) күкіртті сутегі бар қабат сұйығын соруға арналған.

Тозуға шыдамды сораптар құрамында 0,5 г/л-ға дейін механикалық қоспалары бар сұйықты сора алады.

Ұңғылық ортадан тепкіш сораптың жұмыстық органы ретінде жұмыстық дөңгелектен және бағыттаушы аппараттан тұратын, цилиндрлік (ЦҚ) және көлбеу цилиндрлік (КЦҚ) қалақшалары бар сораптың сатысын қарастыруға болады (1.5-сурет).

 

1-бағыттаушы аппарат; 2,4-сақиналы қалақшасыз камера; 3-жұмыстық дөңгелек; 5- төменгі тірек шайбасы; 6-қорғау төлкесі; 7- жоғарғы тіреу шайбасы; 8-білік.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.18.135 (0.011 с.)