Клиникалық тапсырма №2 (негізгі тапсырма) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Клиникалық тапсырма №2 (негізгі тапсырма)

Поиск

Клиникалық тапсырма №2 (негізгі тапсырма)

35 жастағы науқасқа фельдшерлі – акушерлік пунктте амбулаторлы түрде ампициллин тағайындалды. Ампициллинді бұлшық етке енгізгеннен кейін бірнеше секундтан кейін науқас жалпы әлсіздікке, бетінің ысыну сезіміне, бас ауыруына, көз көруінің нашарлауына, төс артындағы ауырлық сезіміне шағымданды. Жағдайы ауыр. Терісі бозғылт, цианоз, айқын тершеңдік. Жүрек тондары естілмейді. Пульсі жіптәрізді 120 рет/мин. АҚҚ 80/50мм.с.б.б., ТАЖ 28 рет мин. Экспираторлы ентікпе.

Тапсырмаға арналған сұрақтар:

1.Науқаста дамыған жедел жағдайды атаңыз.

2.Жедел – жәрдем көрсету алгоритмін құрыңыз, әрқайсысына түсініктеме беріңіз.

3.АҚҚ өлшеу техникасын көрсетіңіз.

 

Тақырыбы: Анафилактикалық шок

Тесттік тапсырмалардың жауап эталоны №1 (бірінші деңгей)

  1. – В
  2. – А
  3. – D
  4. – C
  5. – E
  6. – D
  7. – E
  8. – E
  9. – B
  10. – A

 

№1(А) тапсырмаға жауап эталоны

  1. Анафилактикалық шоктың I дәрежесінде новокаинды көктамырға енгізу;

2. Анафилактикалық шок аллергенмен қайта жанасқан кезде сенсебилизацияланған организмнің жедел, жүйелі түрде дамитын I типті аллергиялық реакциясы (реагинді, аллергиялық реакцияның IgE - типі). Аллергендердің IgE - мен (кей жағдайларда IgG4) әрекеттесіп, базофильдер мен мес клеткаларының бетіне шөгуі осы клеткалардан аллергиялық реакция тудыратын (гистамин, серотонин) медиаторлардың бөлінуіне әкеледі. Гистаминнің физиологиялық және патологиялық эффекттері Н1- жіне Н2-типті мембрана рецепторлары арқылы жүреді: тамыр өткізгіштігінің артуы (венула аймағындағы эндотелийдің клеткааралық әсерінің әлсіреуінен), салалы бұлшық еттің жиырылуы, өкпелік вазоконстрикция, клеткаішілік цГМФ концентрациясының артуы, жоғарғы тыныс алу жолдарынан кілегей бөлінуінің артуы, эозинофильдер және нейтрофильдер хемотаксисінің артуы, Т-лимфоциттер активациясы, простагландиндер F2α, Е2, тромбоксан В2, лейкотриендер және т.б. бәлінуінің артуы. Серотонин артериолдардың және бронхтардың вазоконстрикциясын тудырады, ащы ішектің перстальтикасын реттеп отырады. Осы медиаторлардың аллергиялық әсері бара – бара ішкі мүшелердің салалы бұлшық етінің айқын спазмына, стазына, гемолизге, қанайналым жетіспеушілігіне, тамыр қабырғасының өткізгіштігінің күрт жоғарылап, тіндер мен мүшелердің ісінуіне әкеледі. Аллергиялық реакцияның бұл түрі комплемент қатысуынсыз жүреді.

3.Анафилактикалық шоктың ауырлық дәрежесі гемодинамикалық бұзылыстардың деңгейіне байланысты. I дәрежеге гемодинамиканың аздаған бұзылыстары жатады: АҚҚ қалыптыдан 30-40 мм.с.б.б. төмендеуі. Ауру ізашар белгілерімен басталуы мүмкін: бөріту, тамағының қышынуы және т.б. Науқастың санасы анық, мазасыз, қозғыштық, депрессия, өлім қаупі, кейде кызыну сезімі, төс артының ауырсынуы, құлағының шулауы, сирек жағдайларда: есекжем, Квинке ісігі, жөтел т.б. көрініс беруі мумкін. Анафилактикалық шоктың I дәрежесі шокқа қарсы терапияға жақсы нәтиже береді.

4. Интенсивті терапия бөліміне госпитализациялау, шокқа қарсы терапияны жалғастыру (эпинефрин, преднизолон, коллоидты, крислаллоидты ерітінділер), мониторлау. Бөлімшеден шыққаннан кейін 6 -12 айдан кейін толық аллергологиялық тексерістен өту керек екенін науқасқа түсіндіру;

5.Глюкокортикоидтарды анафилактикалық шок кезінде анафилаксияны, әртүрлі локализациялы ісінулерді, бронхообструктивті синдромды жедел басу, симптомдардың айқындылық дәрежесін төмендету және қайталамалы ұстамалардың алдын – алу мақсатында қолданылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.245.152 (0.01 с.)