Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
III тарау Адам және әлем тұтастығы III-тоқсан (10 сағ)Содержание книги
Поиск на нашем сайте
III тарау Адам және әлем тұтастығы III-тоқсан (10 сағ) 19-20 Алтын бесік Атамекен Туған жердің, туған елдің адам өміріндегі маңыздылығы. Адамның атамекенді қадірлеп, қастерлеуі. Атамекеннің адам тұлғасына ықпалы. 21-22 Құдіретті Жер-Ана Жер - Ананың қадір-қасиетін бағалау. Ауа, су, топырақтың – тіршілік көзі екендігі. Табиғат құбылыстарының (апаттардың) адам өміріне әсері. 23-24 Ғаламшар ғажаптары Адамдардың нәсілін, дінін, көзқарасын түсініп, қабылдай білу (толеранттылық). Ғаламды түсіну. 25-26 Өмір, қымбатсың маған! Өмірге құштарлық, өмірді сүйе білу, қадірлеу, өмірді мәнді өткізуге тырысу. IV тарау Жасампаздық жарасымы IV-тоқсан (8 сағ) 27-28 Халық дәстүрі- асыл қазына Жалпыадамзаттық құндылықтардың адам өміріндегі мәні, маңызы. Өмірлік бағдарын, айқындамасын, ұстанымдарын белгілеудегі орны. 29-30 Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған Өнер, ғылым, білім, діл, дін, мәдениет, даналық, олардың адам өміріндегі маңызы.Мәдени мұраның
құндылық әрі ұстаным ретіндегi орны. 31-32 Жасампаздық жемісі Адамның шығармашылық қабілеттері. Шығармашылықтың қайнар көзі. Көркемдік мәдениет және әсемдікті сезіну. 33-34 Жақсылық – жан азығы Адамның әлемге және өзіне деген көзқарасының, жан дүниесінің, іс-әрекетінің әсемдігі арқылы өмір сүру жолдары. Адам өмірін ізгілендіру. Барлығы:34 сағат Түсінік хат ІІ. Мектептің негізгі сатысы (5-9-сыныптар) Бағдарлама мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын және жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартының бесінші, алтыншы және жетінші деңгейлеріндегі күтілетін нәтижелерді анықтауға бағытталған. Мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерде көрсетілген көп деңгейлі мақсаттар жүйесінің сәйкестігі, сонымен қатар оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып, мазмұнда көрсетілген жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдық қасиеттерді дамыту көзделеді. Пән мазмұны арқылы эстетикалық талғам, қоршаған орта және ондағы адамның орны туралы білім қалыптастыру және дамыту; қоғамдағы адамның рөлі, адам мен табиғаттың, әлемнің бірлігі мен үйлесімінің мәні, үйлесімді дамыған тұлғаны толықтай дамыту үдерісінің түрлі қырларын ашу; өзге адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; адамзаттың рухани тәжірибесінде жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіндіру қарастырылады. Жалпы орта білім беруге арналған өзін-өзі тану бағдарламасы оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне, рухани-адамгершілік және дене жағынан дамуына, адам тағдырын, өмірдің мәнін түсінуге кең мүмкіндіктер ашады. «Өзін-өзі тану» пәні мектептің негізгі сатысында білім берудің құндылықтық мәнін күшейте отырып, адамдарды сүйе білу, өзіне-өзі сену, жақсылық жасау, мейірімділік таныту, өзгелерге қамқор болу, сыни ойлау, адамгершілік таңдау жасай білу, дәстүрді дәріптеу және дамыту, жасампаздық, өзіне жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін ашып, дамытуға бағытталған. Пән мазмұны оқушылардың өзара түсінісу білігіне, адамдар арасындағы қарым-қатынаста татулық пен келісім орнатуға әр адамның жауаптылығы туралы түсініктерін тереңдетуді; «өзара қарым-қатынас», «өзара түсіністік» ұғымдарының мағынасын кеңейтуді нысана тұтады. Бұл кезеңде адамның жақсылық, сыпайылық, сыйластық, ықылас білдіру, елгезектік, жаны ашырлық сияқты басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектесетін адамгершілік қасиеттерін ашуға көңіл бөлінеді. Сыныптарда қамтылған өзара қарым-қатынас негізінде қыздар мен ұлдар арасында достық орната білу, отбасы қарым-қатынасында жауапты болу қабілеттерін дамытуға баса назар аударылады. Сонымен қатар оқушылардың татулық, келісім, тату адам сияқты ұғымдар туралы түсініктерін тереңдете отырып, мазмұнда адамдардың нәсіліне, ұлтына, дәстүрі мен көзқарастарына қарамастан, олардың арасындағы қарым-қатынас этикасы тұрғысынан мінез-құлық мәдениетіне; сыпайы және ізетті болу, басқаларды түсіне білу, айналасындағы адамдарды сыйлау, оларды шаттыққа бөлеу, олармен тату болу біліктерін дамытуғада көңіл бөлінеді. Мектептің негізгі сатысында рухани-адамгершілік білім берудің маңыздылығы адамның әлемде алатын орны, «өмірлік мақсат», «өмірдің мәні», «адамның орны» ұғымдарының мағынасын терең түсіндіру арқылы қоғамға қызмет ету ниеттерін дамыту болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың бойында табиғатты, әлемді әсемдік ретінде түсініп, оны қадірлей білуге, ғаламшар деңгейінде шығармашылықпен қабылдауға, әлем туралы көзқарастарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 5-9-сыныптарда білім беру оқушылардың ұлттық мәдени мұраның өзін-өзі тануда алатын орны, адамзаттың мәдени мұрасының рухани негіздері туралы түсініктерін кеңейте отырып, адамның үздіксіз рухани кемелденуіне, оның шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етуге бағытталады. Мектептің негізгі сатысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады. 8-сыныптың білім мазмұны бұрынғы сыныптармен сабақтасып, келесі тарауларға жүйеленген:
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.186.26 (0.011 с.) |