Адами қарым-қатынас ізгіліктері
Адами қарым-қатынас ізгіліктері
Сәлемдесу, жылы жүзбен қарсы алу, жымиып сөйлеу, сабырлылық таныту, әдеп сақтау, үлкеннің сөзін бөлмеу, дабырлап, даурығып сөйлемеу және т.б. Отбасындағы қарым-қатынас, iскерлік қарым-қатынас, жолдастық қарым-қатынас жасау әдептері және т.б.
21-22
Әдептен озбайық
Қоғамдық орындарда : мектепте, театрда, кино театрда т.б., көшеде, транспорттарда әдептілік сақтау. Дұрыс киіну, өзін-өзі дұрыс ұстау әдептері және т.б.
23-24
Әдептілік – адамгершілік бастауы
Сыпайылық, сыйластық, қамқорлық ұғымдарының мәнін ашу және т.б.
25-26
Адам мен отбасы
Отбасы жарастығы. Отбасындағы қарым –қатынас. Адамның отбасын сүюі.
IV тарау. Адам әлем аясында (8 сағат) IV-тоқсан
27-28
Адам мен қоғам
Адамның өмірден өз орнын таба білуі. Адамның қоғамға қызмет етуі. Болашақ мамандығын саналы түрде таңдай алуы. Білім, ақыл-ой қажеттілігі. Ер адамның, әйел адамның қоғамдағы орны.
29-30
Адам мен Отан
Адамның отанын сүюі. Отанын қорғауы. Ұлттық сана, ұлттық намысының болуы.
31-32
Адам және Жер шары
Адам Жер шары ұрпағы. Бүкіл жер шары халқын сыйлауы, сүюі. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.
33-34
Махаббат–өмір өзегі
Қорытынды сабақ. Адамды, отанды, өмірді сүйе білу және сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білу. Сүйіспеншіліктің, махаббаттың бар жақсылық негізі екенін ұғындыру.
Барлығы:34
Түсінік хат
Мектептің жоғары сатысы (10-11 - сыныптар)
Аталған бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 -сыныптарында міндетті түрде меңгертілетін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын анықтайды. Ол өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттарына жетудің құралы болып табылады және жалпы орта білім беретін жүйенің сегізінші (қорытынды) деңгейінде оқушылардың оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелермен сәйкес келеді.
Мектептің жоғары сатысындағы базалық мазмұн адам мен қоршаған әлем туралы түсініктерді тек танымдық тұрғыда ғана емес, өзекті сипатта яғни зерттеушілік ізденіспен, мәселені шығармашылық тұрғыда түсінетіндей кең мағынада қарастырылады. Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сабақтастықты сақтай отырып бірінші сыныптан бастап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай мектептің жоғары сатысындағы 10-11 сыныптардың базалық мазмұнында негізгі төрт тарауды қамтиды:
|