Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Нарық жағдайында пайданы есептеу ерекшеліктері↑ ⇐ ПредыдущаяСтр 3 из 3 Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Нарық жағдайында пайданы есептеу ерекшеліктері Ерекшеліктердің бірі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда тек қана өзгермелі шығындар есепке алынады. Өзгермелі шығындарға өнім көлеміне тәуелді өндірістік шығындардың барлығы енгізіледі. Тұрақты шығындар есебі түсімнен (жалпы пайдадан) қайтарылады. Батыс фирмаларында пайдаланылатын толық емес өзіндік құнды есепке алу жүйесін-“директ-костинг” (dіrekt-costіng) жүйесі дейді. Мемлекет, қаржы есебін жүргізу ережелері мен сыртқы қаржы есебін беруді құрастыруды реттейді. Ал өндірістік есебін ұйымдастыру – ол фирманың ішкі ісі. Фирма әкімшілігі шығындарды қалай жіктеу керегін, оларды бөлшектеуін, нақты, жоспарлы, нормативтік, стандарттық, толық, өзгермелі, тікелей, шектеулі шығындардың есебін жүргізуін өзі шешеді. Мұнда қойылатын талап – шығындар есебін жедел жүргізіп, оларды уақытында талдау. Әрине, ірі фирмалар шығындарды толық есепке алып, оларды өздері бекіткен қаржы, еңбек, материал нормалары мен нормативтер арқылы талдайды. “Директ-костинг” жүйесін пайдаланғанда, табыстар жөнінде есеп беру төменгі кестеде көрсетілген. MІ – маржинальдық табыс немесе “орнын толтыру сомасы” – бұл фирманың тұрақты шығындары мен табысын құрайды. Табыс мөлшері көбірек болу үшін, тұрақты шығындарды азайту керек.
7.2-кесте “Директ-костинг” жүйесі бойынша табыстар туралы есеп беру
№ Көрсеткіштердің атауы Шартты белгілер Өнім өткізуден түскен түсім Өзгермелі шығындар Маржинальдық табыс (төменгі шекті табыс) Тұрақты шығындар Пайда (табыс) TR VC MІ=TR-VC FC NІ=MІ-FC
7.4. Өндірістің пайдалылығы Пайдалылық - өндірістік қызметтің белгілі бір уақыт ішінде пайдалылығын (залалдығын) сипаттайтын кәсіпорындардың іс-әрекет көрсеткіштерінің бірі, шығындар қайтарымының деңгейі және өнім өндіру мен өткізу процесінде қаражатты пайдалану дәрежесі. Пайдалылық көрсеткіші активтерге жұмсалған қаражаттың әрбір теңгеге шаққан пайданың шамасын бағалауға мүмкіндік береді. Пайдалылық көрсеткіштердің бір бөлігі авансланған ресурстар мен ағымдағы шығындардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылады. Екінші бөлігінде – негізінде кәсіпорынның мүлік пайдалану табыстылығы мен тиімділігі анықталады. Кәсіпорынның өндірістік–шаруашылық қызметінің тиімділігін баланстық (жалпы) пайдалылық көрсеткіші бейнелейді. Жанды және затталған еңбектің ағымдағы шығындарды пайдалану тиімділігін, өнімнің пайдалылығы сипаттайды. Соңғы уақытта сату пайдалылығы көрсеткішін кең пайдалануда. Капиталдың пайдалылығы дегеніміз жұмсалған капиталдың бір теңгесіне шаққандағы алынған пайдасының шамасына қатынасын айтады. Пайданың қандай капиталға жатқызылатынына қарай өндірістің, жиынтық активтердің, баланс бойынша капиталдың қосынды шамасының пайдалылығы, ағымдағы активтердің, атаулы меншікті капиталдың, акционерлік капиталдың пайдалылығы түрлеріне бөлінеді. Капитал пайдалылығы мен айналым пайдалылығы арасында өзара байланыс болады, ол кәсіпорынның өнімді өткізуден алған табысындағы пайданың үлес салмағымен сипатталады. Жиынтық активтердің пайдалылығы (Rа): Rа = Пт * 100 / Ж А, (7.7) мұндағы Пт – кәсіпорынның таза пайдасы, теңге; ЖА – жиынтық активтердің орта шамасы, теңге. Ағымдағы активтердің пайдалылығы (Rak): Rak = Пт * 100 / АА, (7.8) мұндағы АА – ағымдағы активтердің орта шамасы, теңге.
Өндірістің пайдалылығы - өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші, ол өндірістік қорлардың бір теңгесіне шаққанда келетін пайда мөлшерін көрсетеді. Пайдалылықты жалпы және есептік түрлерге бөлуге болады. Жалпы пайдалылық (Rж) кәсіпорынның баланстағы немесе жалпы пайданың өндірістік ресурстар құнына қатынасымен айқындалады: Rж = Пб * 100 / (Н Қ + А Қн), (7.9) мұндағы Пб - кәсіпорынның баланстағы (жалпы) пайдасы, теңге; НҚ – негізгі өндірістік қорлардың кезеңдегі орташа құны, теңге; АҚн – нормаланатын айналым қаражатының құны, теңге.
Есептік өндірістік пайдалылық (Re) төмендегі формуламен есептелінеді:
мұндағы Пт – кәсіпорынның таза пайдасы, теңге.
Өнімнің пайдалылығы белгілі бір өнімді өндіру тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Ол өнім өткізу, сату пайдалылықтарына бөлінуі мүмкін. Өткізілген өнім пайдалылығы (Rө) өнімді өткізуден алынған пайданың (Пө) оның толық өзіндік құнына, сондай-ақ, тікелей материалдық шығындарды шегеріп тастағандағы өзіндік құнына қатынасы, яғни: Rө = Пө * 100 / ӨӨҚ , (7.11) немесе Rө = Пө *100 /(ӨӨҚ – МШ), (7.12)
мұндағы ӨӨҚ – кәсіпорын өнімінің толық өзіндік құны, теңге; МШ – материал және оған теңестірілген шығындар,теңге. Сату пайдалылығы (Rc) өткізген өнімнің бір теңгесіне шаққандағы пайда мөлшерін көрсетіп, мына формуламен анықталады: Rc = П *100 / В , (7.13) мұндағы В – өнім өткізуден түскен түсім, теңге. Акционерлік (меншік) капиталдың пайдалылығы (Rм) мына формуламен айқындалады: Rм = Пс *100 / АК, (7.14) мұндағы Пс – салық салынатын немесе таза пайда, теңге; АК – акционерлік капиталдың шамасы, теңге. Осы әдістермен инвестиция және негізгі капиталдың пайдалылығын есептеуге болады. Акционерлік капиталдың пайдалылығы, кәсіпорынға жұмсалған меншікті капиталдың пайда нормасын сипаттайды. Пайдалылықтың көрсеткіштері мультипликативтік индекстік үлгілермен ұштастырылуы мүмкін. Бұл пайдалылықтың факторлық индекстік талдауды жүргізуіне мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген пайдалылық көрсеткіштер арасында жалпы (баланстық) пайдалылық көрсеткіші – статистикалық тәжірибеде ең кең таралған. Енді жалпы пайдалылық көрсеткішінің факторлық индекстік талдау әдістемесін түсіндірейік. Жалпы пайдалылық баланстық пайданы өндірістік капиталға бөлумен есептелінеді:
Rж = Пб / ӨК = (Пб / Пж)*(Пж/ ӨӨҚ)*(ӨӨҚ / АК)*(АК / ӨК) (7.15)
Жалпы түрде осы формуланы былай жазуға болады: Y = a b c d, мұндағы Y = Rж – жалпы пайдалылықтың деңгейі; a = Пб / Пж – баланстық пайданың өзгеру коэффициенті; b = Пж / ӨӨҚ – өткізген өнімнің пайдалылығы; c = ӨӨҚ / АК – айналмалы капиталдың айналым саны; d = АК / ӨК – өндірістік капиталдың жалпы құнындағы айналмалы капиталдың үлесі. Жалпы пайдалылықты, ірі темір-кен өндіретін бірлестіктің жуық деректері бойынша талдауға болады (7.3-кесте). Әр фактордың жалпы пайдалылық деңгейіне әсерін қарастырамыз: 1) жалпы пайданың өзгеру коэффициентінің ықпал етуі (а-фактордың): ΔYa= (a1-a0) b1 c1 d1 = (1,01653-1,01757) * 0,29770 * * 4,85219 * 0, 22208 = - 0,00033. Сонымен, есептік кезеңде бірлестікте өткізуден тыс залалдар көбейіп, жалпы пайдалылық деңгейі 0,033 тиын/теңге төмендеген. 2) сататын өнім пайдалылығының өзгеру әсері (в-фактордың):
ΔYb=a0 (b1- b0) c1 d1=1,01757*(0,29770-0,31331) *4,85219 * *0,22208 = - 0,01711. Өнім пайдалылығы төмендеуінен, жалпы пайдалылық та азайды. 3) нормаланатын айналмалы капиталдың айналымдылығының тездету арқасында жалпы пайдалылық деңгейі 5,11 тиын/теңгеге өсті, яғни: ΔYс=a0 b0 (c1- с0) d1 =1,01757* *0,31331 (4,85219 - 4,13047) * 0,22208 = + 0,0511. 4) айналмалы капитал үлесінің әсері: ΔYd=a0 b0 с0 (d1 –d0) =1,01757 * 0,31331 * 4,13047 * *(0,22208 – 0,26020) = - 0,0502 7.3-кесте Жалпы пайдалылық және оны өзгертетін факторлар
Көрсеткіштер Шартты белгілер Бұрынғы өткен жыл (2006) Есепті кезең (2007) Абсалют- тік өзгеруі (+-) Серпінінің коэффи-циенті, %
Баланстық пайда, мың теңге Пб +101300 101,91 Пайдалы қазбаларды өткізуден түскен түсім, мың теңге В +1100000 104,97 Өткізген өнімнің өзіндік құны, мың теңге ӨӨҚ +1226000 107,36 Жалпы табыс (өнім өткізуден түскен пайда), мың теңге Пж +105000 102,01 Өндірістік капитал, мың теңге, оның ішінде айналмалы капитал ӨК
АК
+1097000
-347388 107,08
91,39 Баланстық пайданың өзгеру коэффициенті а =Пб / Пж 1,01757 1,01653 -0,00104 99,90 Өткізген өнімнің пайдалылығы в = Пж / ӨӨҚ 0,31331 0,29770 -0,01561 95,02 Айнымалы капитал айналымының саны с = ӨӨҚ / АК 4,13047 4,85219 +0,72172 117,47 Өндірістік капитал-дың жалпы құнын-дағы айналмалы капиталдың үлесі d = АК / ӨК 0,26020 0,22208 -0,03812 85,35 Баланстық (жалпы) пайдалылық У = Пб / ӨК 0,34265 0,32611 -0,01654 95,17
Бірлестік пайдалылығының жалпы абсалюттік өзгеруі, барлық факторлар әсерінің сомасына тең: ΔY=ΔYa+ΔYb+ΔYc+ΔYd= = (- 0,00033) + (- 0,01711) + (+0,0511) + (- 0,0502) =- 00,01654. Сонымен, бірлестіктің пайдалылық деңгейінің азаюы, есептік кезінде өндірістік капитал құралымының өзгеруіне байланысты, келешекте осы мәселеге көп көңіл бөлу керек. Бірлестік пайдалылығының салысырмалы өзгеруі, факторлар индекстерінің көбейтіндісімен анықталады:
Іy =Іa *Іb *Іc *Іd ,
немесе:
Іy = 0,32611 / 0,34265 = =(1,01653 / 1,01757) * (0,2977 / 0,31331) * *(4,85219 / 4,13047) *(0,22208 / 0,26020), Іy = 0,9517 = 0,999 *0,9502 Һ 1,1747 * 0,8535 = 0,9517.
Сонымен, есептік жылы бірлестіктің жалпы пайдалылығы, өткен жылмен салыстырғанда 4,83 %-ға төмендеген.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.146.37.242 (0.006 с.) |