Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
німді өткізу және пайда↑ Стр 1 из 3Следующая ⇒ Содержание книги
Поиск на нашем сайте
VІІ ТАРАУ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨТКІЗУ. ПАЙДА ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫЛЫҚ 7.1. Тау-кен кәсіпорнының өнімін ақшалай бағалау, өнім түрлері
Кәсіпорын әр түрлі өнім шығарады. Нақты пайдалы қазба өндіретін кәсіпорындар да әр алуан сапалық көрсеткіштері бар өнімдер шығарады. Заттай (т, м, м2 , м3 ) өлшем бірлігін пайдаланып, өнім шығару көлемін бағалау кәсіпорын қызметінің жалпылама бағалауын қамтамасыз етпейді. Осындай бағалау үшін өндірілген өнімнің тұтыну қасиеттерін, оның сандық және сапалық жақтарын бағалау керек. Өнім – тұтыну құнымен, белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен және құнмен – оны дайындауға жұмсалған қоғамдық еңбекпен сипатталады. Өнім өндіруге жұмсалған абстрактілі қоғамдық еңбектің өлшемі ақшалай өлшем бірлігі болып саналады. Сонымен, ақшалай бағалау – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесінің, сандық бағалауының жалғыз жиі әдісі. Кәсіпорын шығаратын өнімнің барлық көлемін құндық бағалау өндіріс мөлшерін анықтауға, еңбек өнімділігінің деңгейін, пайда шамасын, оның деңгейін, т.б. кәсіпорынның қызмет нәтижесін сипаттайтын техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеуге және талдауға мүмкіндік береді. Тау-кен өнеркәсібінде өндірілетін өнім, оның өткізу көлемін есептеудің толық дәрежесі мен әдісі бойынша және өнім құнын кәсіпорын ұжымының қатысу шаралары бойынша жалпы өнімді, тауар, өткізілген, таза және нормативтік таза өнімдерді ажыратады. Жалпы өнім кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі өнеркәсіптік-өндірістік қызметінің жалпы нәтижесін ақшалай тұлғада сипаттайтын көрсеткіш. Тау-кен кәсіпорнының белгілі күнтізбелік кезеңдегі жалпы өнім құнының құрамына мыналар кіреді: кәсіпорынның белгілі кезеңдегі негізгі, қосалқы және басқа учаскелер мен цехтарда белгіленген техникалық шарттар мен стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім құны; өндірілген арналған шала фабрикаттар, жартылай дайын өнімдер; өнеркәсіптік жұмыстар мен қызметтердің құны; аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгеруі (ұлғайғанда (+) белгі, азайғанда () белгімен). Жалпы өнім көлемі (Qж) келесі формуламен анықталуы мүмкін: Qж=Qк*Р+Qф+К ± ΔА; (7.1)
мұндағы Qк – уақыт бірлігінде шахтыдағы тазартым және даярлау забойлардан немесе карьердегі қазу учаскелерінде пайдалы қазбаларды өндіру көлемі, т; Р – нақты пайдалы қазбаның 1 т тұрақты, салыстырмалы бағасы, теңге; Qф – уақыт бірлігенде өндірілген шала өнімнің құны; К – уақыт бірлігінде қызметтер көрсету құны; ΔА – аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгеруі.
Тауар өнімі – кәсіпорында, бірлестікте өндірілген және сыртқа сатуға арналған барлық өнімнің құнын сипаттайтын өндіріс көлемі көрсеткіштерінің бірі. Бұл - өндірілген және өткізуге дайын өнімнің көлемін ақшалай тұлғада сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Оның құрамына нақты кезеңде өндірілген (қоймаға өткізілген) және сыртқа, басқа кәсіпорындарға өткізуге арналған дайын өнім құны, бөгде ұйымдар орындайтын өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызметтердің құны, сондай-ақ тысқа сатылатын өндірілген меншікті шала өнімдердің құны кіреді. Тауар өнімі, қолданыстағы бағамен және жоспарда қабылданған көтерме сауда бағасымен бағаланады. Тауар өнімінің көлемі (Qт) мына формуламен есептеледі: Qт=Qc*P+Qф+К , (7.2) мұндағы Qc – уақыт бірлігінде басқа кәсіпорындарға өткізуге арналған пайдалы қазбалардың өндіру көлемі, т; P – кеннің 1 т құны, теңге; Qф – уақыт бірлігінде сыртқа сатуға арналған шала фабрикат- тардың құны; К – уақыт бірлігіндегі жұмыс пен қызметтердің құны. Өткізілген өнім – дайындалған, жөнелтілген және тұтынушы, өткізуші немесе сауда жасаушы ұйым ақысын төлеген өнім. Ол кәсіпорындардың өндірістік–шаруашылық қызметінің нақты нәтижелерін бағалайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Өндірілген өнім құрамына, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтердің құны да (У) кіреді, оның көлемі былай анықталады: Qө=Qр*P+Qф+У; (7.3) мұндағы Qр – уақыт бірлігінде тұтынушыларға өткізілген және олар төлеген пайдалы қазбалар көлемі, т; P – кеннің 1 т қолданыстағы бағасы, теңге. Таза өнім - өндіргіш қызметтің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш. Ол жалпы өнім мен материал шығындары және негізгі капиталдың тозуын өтеуге жұмсалатын шығындардың шамасы арасындағы айырма ретінде есептеледі. Таза өнім құрамына – жанды еңбек шығындары мен кәсіпорынның пайдасы кіреді. Осы көрсеткіш басқаларымен қатар, кәсіпорын жұмысының нәтижесін талдауға, өндіріс тиімділігі деңгейін бағалауға, елдің ұлттық табысын анықтауға пайдаланылады. Нормативтік таза өнімнің экономикалық маңызы таза өніммен бірдей. Бірақ таза өнім жанды еңбектің нақты шығындары мен пайдасын есепке алатын болса, нормативтік таза өнім кәсіпорынның өнім шығаруға арналған қоғамдық қажетті өндіріс шығындарының нормативтік дәрежесін көрсетеді. Шартты түрде таза өнім - өнімді өлшеудің құндық көрсеткіштерінің бірі. Оны есептеу үшін, жалпы өнім құнынан жұмсалған еңбек заттарының құнын шегеріп тастайды. Қалдық әлеуметтік мұқтаждарға – аударыммен қоса, жұмысақыға жұмсалған шығынның, негізгі өндірістік қорлардың амортизациясына жұмсалған шығын мен пайданың сомасы жатады. Жарамды өнім – нормативтік құжаттаманың барлық белгіленген талаптарына сай келетін өнім. Негізгі өнім – кәсіпорын шығаратын өнімнің барлық түрлері. Жанама өнім – кәсіпорын қызметінің мақсатты емес барлық өнімдердің түрі. Ол негізгі өнімді өндіру барысында ілеспе түрде алынады. Дайын өнім деп кәсіпорында өндірілген, өңдеудің барлық сатыларынан өткен және өндірістік төтыну үшін жарамды өнімді айтады. Өнімнің тағы бір түрі – бәсекелесуге жарамды өнім. Ол рынокта бар ұқсас өніммен салыстырғанда, төтынылу қасиеті анағұрлым жоғары және сол себепті, жоғары сұранысқа ие өнім.
Өнім өткізу дегеніміз – шаруашылық құрал-жабдығы айналымының аяқталған кезеңі, соның нәтижесінде кәсіпорын өндірілген өнімді белгіленген ақыға басқа кәсіпорынға, тұтынушыға өткізеді. Өткізілген өнім үшін алынған қаражатты – өткізуден түскен түсім дейді. Ол кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығынды өтеуіне (материалдардың, отынның, энергияның құнын, өтелім жарнасын, т.б.), жұмысақы төлеуіне, бюджетпен есеп айырысуына, ақшалай қорланымды қалыптастыруына көмектеседі. Жалпы айтқанда, өнім өткізуден алынған ақша түсімі кәсіпорынның өндіріс қызметінің түпкі нәтижесі, өндірілген және тапсырыс берушіге, сатып алушыға жеткізілген өнім. Олар үшін оның банкідегі есеп-шотына немесе кассаға келіп түскен ақшалай қаражат мөлшері. Өнім өткізуден түскен түсім (В) былай есептелінеді: В = , (7.4) мұндағы Qі – өткізілген пайдалы қазбалар көлемі, т; Рі – өткізген өнім бағасы, теңге/т. Төменде түсім, табыс және пайда қалыптасу сұлбасы көрсетілген (7.1-сурет).
шығындар 7.1–сурет. Өнім өткізуден түскен түсім, өнімнің өзіндік құны мен пайда сұлбасы
Жалпы түсім кәсіпорынның өндірілген өнімді өткізуден түскен ақшалай тұлғадағы жылдық жиынтық табысы. Жалпы табыс – пайдалы кенбайлықты өткізуден түскен түсім мен өндіріске жұмсалған материалдық оған теңестірілген шығындар мен еңбекақы арасындағы айырма ретінде анықталады. Кәсіпорынның жалпы табысын былай есептейді: ЖТ = В-М, мұндағы ЖТ – жалпы табыс, теңге; В- өндірілген өнімді өткізуден алынған түсім; М – материалдық шығындар (С1+С2). Ал жалпы пайда мынаған тең: Ж П = Ж Т – V . (7.6) Табыс кәсіпорынның белгілі бір уақыт кезеңінде қандайда бір қызметінің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты. Кәсіпорынның кірісі мен шығысы, балансындағы бюджеттің кіріс бөлігіндегі қаражат түсімінің көлемі мен көздерін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Ол негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынатын табыстарға бөлінеді де, олардың қосындысы жиынтық табыс деп аталады. Таза табыс – жалпы табыс пен төленген салықтарды қосқанда, өндіріске жұмсалған шығындар арасындағы айырма. Нарықтық экономика жағдайындағы өндірістің тікелей мақсаты пайда табу. Тек пайда ғана кәсіпорынның келешекте қызмет істеуіне белгілі кепілдік жасайды. Егер түсім, өнімнің өзіндік құнынан асатын болса, онда кәсіпорынның нәтижесі оң және пайда тапты деп есептеледі. Пайда – табыстың шығыстан асып түсетін, ақшалай қаражат сомасы. Әр кәсіпорында пайданың төрт көрсеткіші қалыптастырылады. олардың мөлшері, экономикалық мазмұны мен қызметі жағынан оның маңызы өзгеше болады. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің негізгі қаржы көрсеткіші баланстық пайда, ол барлық есеп айырысу базасы және, кәсіпорынның кіріс пен шығыс балансында көрсетілетін бухгалтерлік пайда. Онда өнімді өткізуден түскен пайда, өткізуден тыс операциялардан алынған табыс қамтылады. Сонымен, баланстық пайда - өндірістік қызметтің барлық түрлері бойынша, пайданың баланста көрсетілген жалпы сомасы. Баланстық пайда үш негізгі элементтен тұрады: – өнім өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсетуден алынған пайдадан (залалдан); – кәсіпорынның негізгі құралдарын, басқа мүлкін сатудан алынған пайдадан (залалдан); – өткізуден тыс операциялардан түскен пайдадан (залалдан). Өнім өткізуден алынған пайда кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған қаржы нәтижесі, ол өнім өткізуден түскен түсімнен қосылған құн салығын, акциздерді, өндіріске және өткізуге жұмсалған шығындарды шегеріп есептелінеді. Негізгі құралдар мен басқа мүлікті сатудан алынған пайда немесе кәсіпорынның негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынатын табыс негізгі қызмет барысында табыс әкелмейтін көздерден алынатын, негізгі құралдарды, бейматериалдық активтердің істен шығуынан, тауар-материалдық құндылықтарды қосымша бағалаудан, активтерді қайта бағалаудан түсетін табысты, мүліктік табысты, т.б. қамтиды. Өткізуден тыс табыс пен шығысы кәсіпорынның тікелей өндірістік қызметінен және өнім өткізуге байланысты емес табысы мен қаражатының шығысы. Бұл төленген және алынған айыппұлдар, өсімақы, тұрақсыздық айыбы, т.б. экономикалық санкциялар, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, жалгерлік төлемдер, кәсіпорынның есеп айырысу, ағымдағы, валюталық және басқа шоттарында есепте тұрған қаражаттың сомасынан түскен пайыздар; есепті жылы анықталған өткен жылдардың пайдасы мен залалдары; басқа кәсіпорындардың қызметіне үлестік қатысудан алынған табыс. Кәсіпорынның жалпы пайдасы оның жиынтық кірістері мен шығыстары арасындағы айырмаға сәйкес келеді. Жалпы пайданың негізі бойынша салықтан түскен пайданың мөлшері есептелінеді. Кәсіпорында салықтар мен басқа төлемдерді төлегеннен кейін қалатын пайданы таза пайда дейді. Ол кәсіпорынның толық билігінде болады. Кәсіпорынның жарғысында өзге жәйіт көзделмесе, ол таза пайданы одан әрі пайдалану бағыттарын анықтайды. Төменгі суретте кәсіпорынның пайда қалыптасу процесі көрсетілген (7.2-сурет).
7.2-сурет. Шаруашылық субъектінің пайда қалыптасу сұлбасы
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.22.130.105 (0.009 с.) |