Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Кәсіпорынның табысыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Кәсіпорынның табысы – олардың активтерінің көбеюін немесе міндеттемелерінің азаюын сипаттайды және оның меншікті капиталын көбейтеді. “Табыс” түсінігі мемлекетке тиісті ұлттық табыс, жеке адамға – жеке табыс деп пайдаланылады. Кәсіпорынның табысына: өнім өткізуден алынған табыс, басқа өткізуден алынған табыс және өткізуден тыс операциялардың сальдосы кіреді. Өнім өткізуден алынған табысты – өнім өткізуден түскен түсімнен қосымша құн салығын, акциздер мен өнімнің өзіндік құнын шегергенде есептеп шығаруға болады. Бухгалтерлік есептің бас жоспар шоттарына сәйкес кәсіпорындардың табыстар тізімі 7.1-кестеде келтірілген. 7.1-кесте Табыстардың құрамы Шот коды Шоттың атауы
VІІ тарау. Табыстар Негізгі қызметтен алынған табыс Дайын өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс Сатып алынған тауарларды өткізуден түскен табыс Алынған тауарларды сатудан алынатын табыс Құрлыс-монтаж, жобалық-зерттеу, геологиялық-барлау, ғылыми-зерттеу, т.б. жұмыстардан алынатын табыс Жалға беруден алынатын табыс Байланысты ұйымдастыру қызметінен алынатын табыс Сақтандыру компанияларының қызметінен алынатын табыс Инвестициялық қызметтен алынатын табыс Басқадай негізгі қызметтің табысы Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сату шегерімдері, сондай-ақ, баға шегерімдері Сатылған тауарлардың қайтарылуы Сату шегерімдері Баға шегерімдері Негізгі емес қызметтен алынатын табыс Материалдық емес активтерді сатудан алынатын табыс Негізгі қорларды сатудан алынатын табыс Бағалы қағаздарды сатудан алынатын табыс Акциялардың дивидендтері және пайыз түріндегі табыстар Бағамдар айырмашылығынан алынатын табыс Атқарушы өкімет органдарының субсидиялары (жәрдем қаражаты) Басқадай, негізгі емес қызметтен алынатын табыс
Кәсіпорынның барлық қызмет түрлері бойынша пайданы жоспарлау, даралап жасалады. Пайданы жоспарлау процесінде кәсіпорынның қаржы нәтижесіне әсер ететін факторлардың барлығы есепке алынуға тиіс. Тау-кен кәсіпорындарында пайдалы қазбаларды өткізуден түсетін пайданы жоспарлайды. Іс жүзінде пайданы жоспарлауда әр түрлі әдістер қолданылады, олардың ішінде тікелей есеп әдісі кең таралған. Тікелей есепте алдағы кезеңде өткізуге жататын өнімге жоспарлы пайда, қолданыстағы бағамен есептелген өнім өткізуден түсетін жоспарлы түсім (қосылған құн салығы, акциздер мен сауда және өткізім шегерімдерді қоспағанда) және алдағы кезеңде өткізілетін өнімнің толық өзіндік құны арасындағы айырма болып анықталады. Тікелей есеп әдісінің артықшылығы оның оңайлылығында. Бірақ пайданы жоспарлағанда, осы әдісті қысқа мерзімді кезеңде пайдаланған тиімді. Пайданы жоспарлаудың талдамалы әдісі көпфакторлық үлгілерді құруға негізделген. Ол кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әр түрлі факторлардың ықпал етуін ескереді.
Пайданы бөлу
Коммерциялық есеп айырысу жағдайында кәсіпорынның пайдасы оның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге оның дамуы, жаңалық енгізу мен күрделі қаржы жобаларын қаржыландыру, ол еңбек ұжымының мүшелері мен жалпы қоғамның да материалдық қанағаттандыру көзі болып табылады. Сондықтан, оны бөлу жүйесінде шаруашылық жүргізуші субъектінің, жалпы қоғам мүдделерін ұштастыру, негізгі принцип болып табылады. Кәсіпорын түрлі салықтар төлейді, олардың бірін жиынтық табыс есебінен, екіншілерін тікелей пайдадан төлейді. Салық салынатын табыстың (пайданың) салықтарды және бюджет пен бюджеттен тыс қорларға түсетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған, табыстан алынған пайдаға көбейген және табысқа салынатын корпорациялық салық сомасына азайтылған қалдығы – кәсіпорынның таза пайдасын құрайды. Таза пайда кәсіпорынның толық билігінде болады, кәсіпорынның жарғысында өзге жәйіт көзделмесе, ол бұл пайданы одан әрі пайдалану бағыттарын анықтайды. Пайданы бөлу тәртібін, еңбек ұжымының жалпы жиналысы анықтайды. Таза пайда – кәсіпорынның иеленуіне түсіп, қаржы, резервтік, тәуекелдік, қорлану, тұтыну, дивиденд қорларын құру үшін пайдаланылады. Іс жүзінде таза пайда, төрт қорға бұлінуі мүмкін: резевтік, қорлану, тұтыну және дивиденд қорлары (немесе құрылтайшылар арасында бөлінетін пайда). Тұтыну қоры, мысалы акционерлік қоғамның, әлеуметтік және мәдени мұқтаждарға, материалдық көтермелеуге, қайырымдылық мақсаттарына, облигацияға шаққандағы пайыздарға, артықшылықты және кәділігі акцияларға ,тиісті дивидендтерге, мақсатты аударымдарға, т.б. жұмсалады. Қорлану қоры – кәсіпорынның дамуына, негізгі қорлары мен айналым қаражатын ұлғайтуға, жаңа технология арақатыстарының талдауына негізделген: Айналым қаражаттар + Күрделі қаржы салымдар = Жұмсалған капитал. Капитал = Айналым қаражаттар / Жұмсалған айналымдылығының капитал. коэфициенті Пайда коэффициенті = Капитал айналымы / Өзіндік құн. Пайдалылық коэффициенті=Пайда/Капитал айналымы. Капитал = (Капитал / Жұмсалған) × (Пайда / Капитал) ×100. пайдалылығы айналымы капитал айналымы. Өтімділікті арттыруды талдау ақша шығындары болып есептелетін кәсіпорынның шығындары мен амортизация арақатысына негізделген. Осы жағдайда кәсіпорынның өтімділігін сақтау үшін, керекті капитал айналымның барынша аз шамасы айқындалады (7.3-сурет). Айналым Уақыт
7.3-сурет. Өтімділік шегін анықтау
Пайда жоспарын жасағанда пайдалылықтың шекті мөлшерін талдау, пайдалылықты болжамдау, өтімділікті аттыруды талдау, сондай-ақ басқа да талдамалы әдістер қолданылады. Пайдалылықтың шекті мөлшерін талдау әдісі жоспарлы пайда мен капитал айналымында шығындар шамасының ауытқуы бойынша, кәсіпорынның икемділігі арасындағы байланысты бағалауға мүмкіндік береді. Әдетті өзара тәуелділікті көрсететін кестелер жүйесін құрады. Есеп келесі формуламен жүргізіледі: Тұрақты шығындар Ең аз 1 - өзгермелі шығындар айналым Капиталдың жоспарлы айналымы Шығындарды өтеу үшін керекті аз айналым мен жоспарланған айналым арасындағы алшақтық, капитал айналымын жоспарлауда, кәсіпорынның еркіндік дәрежесін сипаттайды. Жұмсалған капиталдың пайдалылығының болжамы келесі шамаларды енгізуге, еңбектің оңтайлы әдістеріне көшуіне, өнімді сапалық жағынан жетілдіруге пайдаланылады. Кәсіпорынның әр ұйымдық-құқықтық нысаны үшін, заңды түрде кәсіпорын иелігінде қалатын пайданы бөлудің тиісті тетігі белгіленген. Ол кәсіпорынның меншік нысанына, оның ішкі құрылысы мен қызметін реттеу ерекшеліктеріне негізделген. Мемлекет, пайда бөлу нормативтерін белгілемейді, бірақ салық пен міндетті төлемдердің мөлшерін реттейді. Салық жеңілдіктер арқылы пайданы күрделі жұмсалымдарды өндіріс пен бейөндірістік сипатына, қайырымдылық мақсаттарға, табиғатты қорғау шараларын қаржыландыруға ынталандырады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.227.140.152 (0.006 с.) |