Острый назофарингит, пневмония 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Острый назофарингит, пневмония



* ЖТД тәжірибесінде жұқпалы аурулар*2*23

#1

*! Ер адам 31 жаста жедел ауырған: маңдай аймағының және көз алмаларының ауыру сезімі, қалтырау, сүйектері мен буындарының қақсап ауруы, тамағының ауруы, мұрынның бітелуі, дене қызуының 39о С-қа дейін жоғарылауы мазалаған. Өздігінен Терафлю, парацетамол қабылдаған, бірақ әсері болмағандықтан ауруханаға қаралуға келген. Жұқпалы ауруханада қарап тексергенде: аңқада – шырышты қабаттың айқын гиперемиясы мен түйіршіктенуі. Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Мұрыннан тыныс алуы қиындаған. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульсі – 98 рет/мин, ҚҚ 100/60 мм с.б.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?

Грипп

#2

*! 25 жастағы ер адам жедел ауырған: маңдай аймағында және көз алмаларында ауыру сезімі, қалтырау, сүйектері мен буындарының сынып ауыруы, тамағының ауыруы, мұрынның бітелуі, дене қызуының 39оС-қа дейін жоғарылауы мазалаған. Терафлю, парацетамол қабылдаған, бірақ әсері болмаған. Жұқпалы ауруханада қарап тексергенде: аңқада – шырышты қабаттың айқын гиперемиясы мен түйіршіктенуі. Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Мұрыннан тыныс алуы қиындаған. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульсі – 98 рет/мин, ҚҚ 100/60 мм с.б.

Сипатталған жағдайдағы қай синдром Ең басым болып табылады?

Интоксикационный

 

#3

*! 18 жастағы бойжеткен жедел ауырып бастаған: әлсіздік, бас ауыруы, мұрынның бітелуі, мұрын-жұтқыншақтағы құрғақтық және тырнау сезімі пайда болған. Кейіннен мұрыннан серозды, содан соң шырышты сұйықтық бөлінген, түшкіру пайда болған. Объективті: Дене қызуы– 37,4С. Риноскопия: мұрынның шырышты қабаты қызарған және ісінген, айқын ринорея. Мұрын қуысының кіре-берісі мацерацияланған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 80 рет/мин., ҚҚ - 110/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз. Зәр шығаруы қалыпты. 

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

Риновирусная инфекция

#4

*! 18 жастағы ер жігіт ауруханаға келген: 3 күн бойы қалтырау, бас ауыруы, денесінің сынып ауыруы, субфебрильді дене қызуы, тамағындағы және трахея бойындағы ауыру сезімі, дөрекі «ит үрген» сияқты жөтел мазалаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында: шырышты қабаттың орташа деңгейдегі гиперемиясы, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ. Мұрыннан көптеген серозды сұйықтық бөлінеді. Дауысы сырылдаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі – 82 рет/мин., ҚҚ - 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз.

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

Парагрипная инфекция

#5

*! 16 жастағы ер жігіттің оқу орнында жедел респираторлы аурумен бірнеше оқушы ауырған. Ауруханаға ауруының 6-шы күні түскен. Ауру бірте-бірте дамыған: тұмау мен жөтел, аздаған тамағының ауыруы пайда болған. Барлық күндері субфебрильді дене қызуы сақталған. Эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, 1-2 рет іштің өтуі болған. Қарап тексергенде: конъюнктивит, беті қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарып түйіршіктенген. Мойын, жақ астындағы лимфа түйіндері үлкейген. Бір жақтық конъюнктивит.

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

Аденовирусная инфекция

#6

*! 28 жастағы ер адам ауруханаға келген. Шағымдары: орташа деңгейдегі бас ауыруы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, тамағының аздап ауыруы. Қарап тексергенде: Дене қызуы - 370С, склералары қан тамырлары инъекцияланған, аңқадағы шырышты қабаты орташа қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы фолликулдер гипертрофияланған. Мойын, жақ астындағы лимфа түйіндері үлкейген. Ішкі мүшелерінің патологиясы жоқ.

Сипатталған ауруға тән синдром болып табылады?

Аденовирусная инфекция катаральды

#7

*! 30 жастағы ер адам, жедел ауырып бастаған: маңдай және ретроорбитальді аймақтардағы ауыру сезімі, қалтырау, сүйектері мен буындарының сынып ауыруы, төс артынлағы тырнау және қышу сезімі, мұрынның бітелуі, дене қызуының 390С-қа дейін жоғарылауы, жөтел мазалаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Мұрыннан тыныс алуы қиындаған. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Пульсі – 96 рет/мин. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз.

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

Грипп

 

#8

*! 20 жастағы әйел адам, ауру біртіндеп басталған: әлсіздік, басының ауыруы, мұрынның бітелуі және3 мұрын-жұтқыншақтың қышуы пайда болған. 2-ші күні жағдайы нашарлаған, дене қызуы 38,5С-қа дейін жоғарылаған, жөтел күшейіп, ұстама тәрізді сипатқа ие болған және қақырық қосылған. Объективті: жағдайы ауыр. Акроцианоз. Аңқада: шырышты қабаты қызарған, түйіршіктенген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. ТАЖ – 20 рет/мин. Аускультацияда тыныстың қатаюы, құрғақ және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

 Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз?



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2021-05-12; просмотров: 131; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.139.50 (0.011 с.)