Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

При помощи какого метода обследования можно поставить раннею форму рака желудка.

Поиск

А.исследование желудочного сока методом фракционирования

Б. УЗИ

В. лапароскопия

Г. фиброгастроскопия с прицельной биопсией

Д. компьютерная томография

9. Каким методом можно определить метастаз рака желудка в париетальную плевру:

А.пальпация органов брюшной полости

Б. Лабораторные тесты

В. лапароскопия

Г. рентгенография органов брюшной полости

Д. рентгенография органов брюшной полости с кантрастированием

 

 

Правилные ответы тестовых вопросов на тему Рак желудка.

1 - Г
2 - А
3 - В
4 - Д
5 - Б
6 - В
7 - А
8 - Г
9 - В

 

1 - Г
2 - А
3 - В
4 - Д
5 - Б
6 - В
7 - А
8 - Г
9 - В

 

1 - Г
 
2 - А
3 - В
4 - Д
5 - Б
6 - В
7 - А
8 - Г
9 - В

 

10. А.И.Савицкий бойынша асқазан рагының «кішігірім белгілер» синдромына жатпайтын белгілерді көрсетіңіз:

А.себепсіз жалпы әлсіздіктің пайда болуы, еңбекке қабылеттіліктің төмендеуі

Б. асқа тәбеттің төмендуі

В. себепсіз үдемелі жүдеу

Г.психикалық депрессия

Д.ауз сілекеінің көбеюі

11. Асқазанның проксимальды бөлімінің рагына тән емес белгілерді көрсетіңіз:

А. қатты және түйір тағамның қиындықпен жұтылып өтуі

Б. төстің семсер тәрізді өскіннің астында байқалатын ауру сезімі

В. тамақпен лоқсып кері құсу

Г. эпигастрий аймағындағы «шолпыл шуы» белгісі

Д. асқазанның қыжылдауы

12. Асқазан денесінің рагына тән емес белгіні көрсетіңіз:

А. үдемелі жалпы әлсіздік

Б. жүдеу

В. дисфагия

Г. анемизация (қан азаюы)

Д. үдемелі эпигастийдегі ауру сезімі

13. Асқазанның дистальды бөлігінің рагына тән емес белгілерді көрсетіңіз:

А. шірік иіспен кекіру

Б. күні бұрын ішкен тамағының барлығын құсу

В. тамақ ішкеннен кейін эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі

Г. гиперсаливация

Д. аш қарынға білінетін эпигастрий аймағындағы «шолпыл шуы» белгісі

14. Асқазан рагымен ауыратын науқасты мануальдық тексерісте келесі симптомдарды анықтауға болады, ал қайсы белгіні анықтай алмайсыз?

А. тері жамылғыларының бозғылт, жер түстес болуы

Б. іш көлемінің ұлғаюын

В. Вирхов метастазын асқазанның ісікпен зақымдалған бөлігін дәл анықтау

Г. асқазанның ісікпен зақымдалған бөлігін дәл анықтау

Д. кіндіктегі метастазды

15. Төменде көрсетілгендердің қайсысы асқазан рагының рентгенологиялық белгісіне жатпайды:

А. шырышты қабат рельефінің атипиялық өзгеруі

Б. толу дефектісі

В. патология аймағында асқазан қабырғасының сіресіп қатаюы (ригидтілігі)

Г. асқазан қуысының тарылуы және бет пішінінің өгеруі (деформация)

Д. асқазан қабырғасындағы шұқыр «ниша» пайда болуы

16. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы асқазан рагын анықтағанда қолданылмайды:

А. рентгенологиялық

Б. фиброгастроскопия

В. электрогастрография

Г. асқазанды УДЗ

Д. биоптатты цитоморфологиялық зерттеу

17. Асқазанның проксимальді бөлігінің экзофитті рагы кезінде (операбельді жағдай болғанда) онкологиялық тұрғыдан негізделген операция:

А. Бильрот-1 бойынша асқазанды резекциялау

Б. Бильрот-2 әдісі бойынша асқазанды резекциялау

В. эзофагогастроанастомозбен аяқталатын асқазанның проксимальді субтотальді резекциясы

Г. Ниссен бойынша эзофагофундоанастомоз

Д. дистальды субтотальды резекция

18. Асқазан қалтқысының (привратник) стенозы көріністерімен байқалатын, асқазанның дистальді бөлігінің операбельді экзофитті рагы кезінде қандай операция жасалады:

А. гастроэнтероанастомоз

Б. гастроэктомия

В. асқазанның дистальды субтотальды резекциясы

Г. Микулич бойынша пилоропластика

Д. гастростомия

19. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы асқазанның операбельді емес рагының абсолютті белгісі болып табылмайды:

А. бауырдың көптеген метастаздармен зақымдануы

Б. канцераматозды асцит

В. ұйқы бездің денесіне кіре жайыла дамыған ісік

Г. ісіктің үлкен көлемдері

Д. Шницлер метастаздарының болуы

20. Асқазанның антральді бөлігінің операбельді емес рагы кезінде ең тиімді болып табылатын паллиативтік операцияны көрсетіңіз:

А. Ниссен бойынша эзофагофундоанастомоз

Б. Микулич бойынша пилоропластика

В. артқы гастроэнтероанастомоз

Г. гастростомия

Д. еюностомия

21. Асқазан рагына жасалған түбегейлі операциядан кейін адъюванттық полихимиотерапия қандай жағдайда жасалмай-ақ қоюға болады:

А. 1-даму сатысындағы жоғары пісіп-жетілген аденокарциномада

Б. төмен дәрежеде пісіп-жетілген аденокарциномада

В. орта дәрежеде пісіп-жетілген аденокарциномада

Г. ауспалыжасушалық рак

Д. аймақтық метастаздары жоқ жағыдайда

22. Асқазан рагы бойынша полихимиотерапия жүргізген кезде қолданылатын негізгі ісікке қарсы препаратты көрсетіңіз:

А. Винкристин

Б. Винбластин

В. 5-фторурацил

Г. Циклофосфан

Д. Дактиномицин

23. Асқазанның антральді бөлігінің ойық жарасы малигнизацияланғанда қандай операция жасалады:

А. ваготомиямен қабаттастырып ойық жараны тілу және пилоропластика жасау

Б. асқазанның 2/3 бөлігін резекциялау

В. асқазанның дистальді субтотальді резекциясы

Г. антрумэктомия

Д. ойық жараны тіліп алу

24. Қай әдістің көмегімен асқазан рагын ерте анықтауға болады?

А. фиброгастроскопия жасап нысаналы биопсия алу

Б. асқазан сөлін фракциялық зерттеу

В. лапароскопия

Г. Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)

Д. нәжісті жасырын қанға зерттеу

25. Нағыз асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына тән болып келетін клиникалық белгілерінен ішінен бір белгісі оған тән еместігін көрсетіңіз:

А. Ішкен тамағын жиі қайталап құсып тастау

Б. дисфагия

В. төсекте аунағанда қарынындағы «шолпыл шуылы»

Г. тамақтанғаннан кейін эпигастрийдегі ауырлық сезім

Д. тез тойымдылық

26. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы асқазан ойық-жарасының малигнизацияланбағандығын дәлелдеуге көмектеседі?

А. асқазанды УДЗ арқылы зерттеу

Б. рентгенологиялық зерттеу

В. асқазан сөлін гистаминмен зерттеу

Г. эндоскопиялық тексеру жүргізіп, биопсия алу нәжісті жасырын қанға зерттеу

Д. нәжісті жасырын қанға зерттеу (реакция Григерсона)

27. Асқазанды және барлық регионарлық метастаздану аймақтарын толығымен алып тастайтын операция қалай аталады?

А. проксимальды субтотальды резекция

Б. дистальды субтотальды резекция

В.асқазан экстирпациясы

Г. асқазанның ½ бөлігінің резекциясы

Д. гастроэнтероанастомоз

28. Асқазан рагы пайда болуындағы жоғары қауіп-қатер тобына келесі аурулар жатады:

1. жиі рецидивтенетін асқазанның ойық жара ауруы

2. катаральды гастрит

3. гиперацидты гастрит

4. асқазан резекциясынан кейінгі жағыдай

5. асқазанның аденоматоздық полиптері

А. 1,2,3

Б. 2,5

В. 2,4

Г. 2,3,4

Д. 1,4,5

29. Асқазан рагының ісік алды аурулары мыналар:

1.асқазан полипозы

2.созылмалы атрофиялық гастрит

3. асқазан каллездық жарасы

4. Цолингер-Эллисон синдромы

5. фитобезоар

А.1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. көрсетілгеннің бәрі

30.Асқазанның кардиальдық бөлімінің рагына ең тән симптомдарды көрсетіңіз:

1.қатты және түйір тағамның қиындықпен өтуі

2. төстің семсер тәрізді өскіннің астында байқалатын ауру сезімі

3. кейбір мезгіл ықылық

4. аш қарынға білінетін эпигастрий аймағындағы «шолпыл шуы» белгісі

5. тамақ ішкеннен кейін эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі

А. 1,2,3

Б. 1,3

В.2,4

Г. тек қана 4

Д. көрсетілгеннің бәрі

31.Асқазан денесінің рагына тән симптомдарды көрсетіңіз:

1.гипохромдық анемия

2. асқазандық дискомфорт (тәбеті жоқтық, эпигастрий тұсында аур зат жатқандай сезім, жүрек айну)

3.жүдеу

4. дисфагия

5. гиперсаливация

А. 1,2,3

Б. 1,3

В.2,4

Г. тек қана 4

Д. көрсетілгеннің бәрі

32. Асқазанның шыға беріс бөлігінің рагына келесі белгілер тән:

1. Ішкен тамағын жиі қайталап құсып тастау

2. аш қарынға білінетін эпигастрийдегі «шолпыл шуылы»

3. тамақ ішкеннен кейін эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі

4. гиперсаливация

5. дисфагия

А. 1,2,3

Б. 1,3

В.2,4

Г. тек қана 4

Д. көрсетілгеннің бәрі

 

33. Асқазан рагының бауырдағы метастазын төменде көрсетілген анықтау әдістердің қайсысымен табуға болады:

1. лапараскопия

2. бауырды УДЗ

3. бауырды радиоизотопты сканирлеу

4. пневмоперитонеум жағдайындағы іш куысы ағзаларының рентгенографиясы

5. ретроградты ұйқы безінің, өт жолдарының холангиографиясы

А. 1,2,3

Б. 1,3

В.2,4

Г. тек қана 4

Д. көрсетілгеннің бәрі

34. Көрсетілген патолого-анатомиялық критерилердің ішінен қай түрі асқазанның алғашқы рагын сипаттайды?

1. инвазиялық ісік өсімі асқазан қабырғасының шырышты, шырыш асты, бұлшық ет қабаттарымен шектелгені

2. ісіктің төмен дәрежеде дифферецировкаланғаны

3. регионарлық аймақта бөгелме ісік ошақтары жоқ рак

4. инвазиялық ісік өсімі асқазан қабырғасының шырышты және шырыш асты қабаттарымен шектелгені

5. ісік асқазан қабырғасының барлық қабаттарын қамтыған

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 3,4

Г. тек қана 4

Д. дұрыс жауаб жоқ

35. Жоғары және орташа дәрежеде пісіп жетілген, экзофитті түрде өскен қатерлі ісік (I-II даму сатысындағы) асқазанның кардиальды бөлімінде орналасқанда қандай операция жасалады:

1.Бильрот – 1 бойынша, асқазанның ½ бөлігінің резекциясы

2. гастрэктомия

3. Бильрот – 2 бойынша, асқазанның 2/3 бөлігінің резекциясы

4. проксимальды субтотальды резекция эзофагогастроанастомозыменен

5. Ниссен бойынша эзофагофундоанастомоз

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. көрсетілгеннің бәрі

36. Асқазан рагы кезінде жасалатын түбегейлі операцияларды көрсетіңіз:

1. гастрэктомиямен қоса Д2 Д3 көлемінде лимфобездерін сылып алу

2. үлкен шарбы майдың бөлігімен қоса асқазанның ½ бөлігінің резекциясы

3. дистальды субтотальды резекциямен қоса Д2 көлемінде лимфобездерін сылып алу

4. гастроэнтероанастомоз салу

5. асқазанның проксимальды субтотальды резекциясымен қоса Д3 көлемінде лимфобездерін сылып алу

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. көрсетілгеннің бәрі

37.Асқазан рагы кезінде жасалатын симтоматикалық операциялар:

1.гастрэктомия

2.гастроэнтероанастомоз

3.асқазанның проксимальды резекциясы

4.асқазанның дистальды резекциясы

5гастростомия

А. 1,2,3

Б. 2,5

В. 4

Г. 1,3,5

Д. көрсетілгеннің бәрі

38. Науқас адамның шағымы: әр мезгіл тамақтанганнан кеін ішкен асымды құсып тастайтын болдым дейді. Тексеріс кезінде асқазанның шыға беріс бөлігінің рагы, онымен қоса, сол жақтық бұғана үсті аймағында орналасқан лимфобез метастазы болып анықталды. Ауру төменде көрсетілген даму сатыларының қайсысына жатады:

А. белгісі жеткіліксіз

Б. I сатысы

В. II сатысы

Г. III сатысы

Д. IV сатысы

39. Асқазан рагының макроскопиялық алғашкы дамыған түріне жатады:

1.жаралы-инфильтративтік

2.полип тәрізді

3. асқазанның шырышты қабықтық және диффуздық

4. скирр типті инфильтративтік

5. ойық жаралық

40. Ісіктің асқазанда орналасқанына байланысты асқазан рагынан қан кетуі қай бөлігінде ықтималдығы өте жоғары болып саналадыі?

1. асқазанның кардиальдық бөлігінде

2. асқазанның түпкі және дене бөліктерінде

3. асқазанның кіші иінінде

4. асқазанның үлкен иінінде

5. асқазанның шыға беріс бөлігінде

 

 

«Асқазанның рагі» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны

1 - Г
2 - А
3 - В
4 - Д
5 - Б
6 - В
7 - А
8 - Г
9 - В

 

1 - Г 25 - Б
2 - А 26 - Г
3 - В 27 - В
4 - Д 28 - Д
5 - Б 29 - А
6 - В 30 - А
7 - А 31 - А
8 - Г 32 - А
9 - В 33 - А
10 - Д 34 - В
11 - Г 35 - В
12 - В 36 - Б
13 - Г 37 - Б
14 - Г 38 - Д
15 -Д 39 - В
16 - Г 40 - В
17 - В  
18 - В  
19 - Г  
20 - В  
21- Б  
22- В  
23 - Б  
24 - А  
   
1 - Г 25 - Б
2 - А 26 - Г
3 - В 27 - В
4 - Д 28 - Д
5 - Б 29 - А
6 - В 30 - А
7 - А 31 - А
8 - Г 32 - А
9 - В 33 - А
10 - Д 34 - В
11 - Г 35 - В
12 - В 36 - Б
13 - Г 37 - Б
14 - Г 38 - Д
15 -Д 39 - В
16 - Г 40 - В
17 - В  
18 - В  
19 - Г  
20 - В  
21- Б  
22- В  
23 - Б  
24 - А  

 

 

«Тоқ ішектің жиектік бөлігінің рагі» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары

1. Жиек ішектің оң және сол жақ рагының клиникалық көріністерінің әртүрлі болуы негізінен мына факторларға байланысты:

А. Қанмен қамтамасыздану ерекшеліктері

Б. Ісіктің морфологиялық пісіп-жетілуінің дәрежесі

В. Ішек диаметрі

Г. Ісіктің гистологиялық типі

Д. Ішектің жиырылу қызметіне

2. Жиек ішек рагының ісік алды ауруларына келесі аурулардың ішінде қайсысы жатпайады:

А. Созылмалы жаралы колит

Б. Бүрлі полип

В. Аденоматозды полип

Г. Терминалды илеит

Д. Жанұялық жайылмалы полипоз

3.Жиек ішек полиптерінің алуан түрлерінің арасында малигнизациялануға әсіресе бейім келетіні:

А. Аденоматозды

Б. Гиперпластикалық

В. Бүрлі

Г. Терминалды полип

Д. Жіңішке, жұқа аяқшалы полип

4. Жиек ішек рагына тән асқынуларға төмендегілердің қайсысы жатпайды:

А. Ішек түйілуі

Б. Ішек тесілуі

В. Қан кету

Г. Инфекция түсуі, іріңдеу

Д. Токсикалық панкреатит

5. Жиек ішек рагы кезіндегі токсикалық-анемиялық синдромды сипаттайтын симптомдарға қайсысы жатпайды:

А. Гипохромды анемия

Б. Қызба

В. Үдемелі жалпы әлсіздік

Г. Пальпацияланатын ісік

Д. Арықтау

6. Жиек ішектің оң жақ бөлігінің рагы диагнозын қою үшін келесі әдістердің қайсысы қолданылмады:

А. Жалпы қан анализі

Б. Ирригография

В. Фиброколоноскопия

Г. Ректороманоскопия

Д. Биоптатты цито-морфологиялық зерттеу

7. Жиек ішектің қандай полиптерінің малигнизацияға бейімділігі төменірек болады:

А. гиперпластикалық

Б. бүрлі

В. аденоматозды

Г. көптеген аденоматозды

Д. барлық жағдайдағы малигнизация пайызы бірдей

8. Жиек ішектің оң жақ бөлігінің рагы кезінде таңдалатын түбегейлі хирургиялық емдеу әдісі:

А. Гартман операциясы

Б. Оң жақтық гемиколэктомия

В. Соқыр ішек резекциясы

Г. Цекостома

Д. Илеотрансверзоанастомоз

9. Жиек ішектің төмендеуші бөлігінің рагы кезінде таңдалатын түбегейлі хирургиялық емдеу әдісі:

А. Гартман операциясы

Б. Жиек ішектің төмендеуші бөлігінің резекциясы

В. Сол жақты гемиколэктомия

Г. Трансверзостомия

Д. Сигмотрансверзоанастомоз

10. Сигма тәрізді ішек рагының II-кезеңі жедел ішек түйілуімен асқынған, қандай операциялық шара көрсетілген:

А. Сол жақты гемиколэктомия

Б. Гартман операциясы

В. Жасанды анус салу

Г. Сигма тәрізді ішек резекциясымен қатар колоректоанастомоз

Д. Цекостомия

11. Жиек ішектің оң жақ бөлігінің бейоперабельді рагы кезінде жасалатын операция:

А. оң жақты гемиколэктомия

Б. Илеотрансверзоанастомоз

В. Трансверзостомия

Г. Гартман операциясы

Д. Екі бағаналы жасанды анус

12. Жиек ішектің төмендеуші бөлігінің бейоперабельді рагы кезінде жасалатын операция:

А. Гартман операциясы

Б. Транзверзостомия

В. Сол жақты гемиколэктомия

Г. Илеотрансверзоанастомоз

Д. оң жақты гемиколэктомия

13. Жиек ішек рагына күдіктенуге мәжбүр ететін қауіп сигналына төмендегілердің қайсысы жатпайды:

А. Іш қатуы мен дефекация актісінен кейінгі іштің толық босамау сезімі

Б. Жиі іш кебуі және іштің құрылдауы

В. Қан аралас нәжіс немесе анемия белгілері

Г. Түсініксіз қызба жағдайы

Д. Эпигастрийдегі ауырлық сезімі

14. Жиек ішек рагының рентгенологиялық белгілері болып табылады:

А. Ішек қабырғасындағы контуры тегіс емес болып келген, шеттік толу кемістігі

Б. Шеттері жұмырланған, жалпақ толу кемістігі және ортасындағы жиналып қалған барий

В. Ішек өзегінің сақина тәрізді тарылуы және қабырғаларының қатаюы

Г. Рельефінің өзгеруі және шырышты қабат қатпарларының үзілуі

Д. аталғандардың барлығы

15. Жиек ішек рагының түбегейлі емдеу әдісі:

А. Хирургиялық

Б. Сәулелік

В. Химиотерапиялық

Г. Химиялық-сәулелік

Д. Иммунологиялық

16. Жиек ішек рагы кезіндегі хирургиялық емнің тәсілін таңдау төмендегілердің қайсысына тәуелді емес:

А. ісіктің орналасқан жеріне

Б. асқынулардың бар-жоқтығына

В. жалпы жағдайына

Г. метастаздардың болуына

Д. ісіктің гистологиялық құрылымына

17. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы жиек ішек рагына жаппай тексеру өткізу үшін пайдаланылады:

А. колоноскопия

Б. нәжістегі жасырын қанды анықтау реакциясы (гемокультест)

В. асқазан рентгеноскопиясы

Г. ирригография

Д. альфа-фетопротеинді анықтау (Абелев-Татаринов реакциясы)

18. Жиек ішектің оң және сол бөлімдері рагының клиникалық көрінісінің әртүрлілігі ісік және организм тарапындағы қандай факторларға тәуелді болады:

1. Ішек диаметрі

2. Ішектің осы бөлімін толтыратын заттың тығыздығы

3. Ісік өсуінің макроскопиялық түрі

4. Қанмен қамтамасыздану ерекшеліктері

5. Ісіктің морфологиялық пісіп-жетілуінің дәрежесі

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

19. Қандай алдын-алу шаралары тоқ ішектің жиектік бөлігі рагының даму ықтималдығын азайтады?

1. өсімдік тектес тағам талшықтары жеткілікті мөлшерде болатындай дұрыс тамақтану

2. көп қозғалыспен өтетін өмір салты

3. тоқ ішектің созылмалы ауруларын жүйелі түрде емдеу

4. құрамында ақуыздар басым болатын тағамдармен тамақтану

5. ас мәзірінде майлы тағамдардың басым болуы

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

20. Төменде аталған симптомдардың қайсысы жиек ішектің сол жақ бөлімі рагының ерте кезеңін сипаттайды:

1. анемия

2. дене қызуының көтерілуі

3. ішінің бүріп ауыруы

4. іштің біресе қатып, біресе өтуі

5. кенеттен ішек түйілуі

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. 3,4,5

Д. аталғанның барлығы

21. Жиек ішектің оң жақ бөлімі рагының клиникасына әсіресе тән симптомдардың жиынтығын таңдаңыз:

1. токсикалық-анемиялық синдром

2. сипап сезілетін ісік

3. ішінің бүріп ауыруы

4. нәжіске патологиялық заттардың араласуы

5. іштің біресе қатып, біресе өтуі

А. 1,2,3

Б. 1,2

В. 2,4

Г. тек қана 5

Д. аталғанның барлығы

22. Тоқ ішек рагының клиникалық түрлерінің қайсысы тек қана жиек ішектің сол жақ бөлімі рагына тән:

1. ауыру сезімімен өтетін

2. колиттік

3. симптомсыз

4. стриктуралық

5. анемиялық

А. 1,2,4

Б. 1,3

В. 2,5

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

23. Тоқ ішек рагының клиникалық түрлерінің қайсысы жиек ішектің оң жақ бөлімі рагына тән емес:

1. анемиялық

2. ауыру сезімімен өтетін

3. колиттік

4. стриктуралық

5. симптомсыз

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,3,4

Г. 1,5

Д. аталғанның барлығы

24. Соқыр ішек рагы мен аппендикулярлы инфильтраттың клиникалық көріністерінің ұқсас белгілері көп, қай симптомдар аппендикулярлы инфильтраттың сипаттамасына тән:

1. түзілістің тығыз консистенциясы

2. бетінің бұдырлығы

3. анемия

4. пальпация кезінде ауыруы

5. лейкоцитоздың болуы

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 1,4,3

Г. 4,5

Д. аталғанның барлығы

25. Көрсетілген диагностика тәсілдерінің қайсысы жиек ішек рагын тануға ең үлкен көмек көрсетеді:

1. лапароскопия

2. селективті ангиография

3. ректороманоскопия

4. колонофиброскопия

5. ирригография

А. 1,3

Б. 4,5

В. 2,5

Г. 1,5

Д. 1,2

26. Науқас 58 жаста, 6 ай бойы оны іш қатуы, ішінің нақты қай жері екені белгісіз оқтын-оқтын ауыруы, іш кебуі, құрылдауы мазалап келеді. Төменде аталған диагностикалық әдістердің ішінен емхана жағдайында осы науқасқа өткізу оптимальды болатындарын таңдаңыз:

1. тік ішекті саусақпен тексеру

2. ирригоскопия және ирригография

3. ректороманоскопия

4. дизентерияға нәжісті себу

5. құрсақ қуысы мүшелерін УДЗ

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

27. Науқаста жартылай іш түйілуімен асқынған ІІ сатыдағы тоқ ішектің талақтық бұрышының рагы. Ең оптимальды хирургиялық ем тәсілін таңдаңыз:

1. сол жақты гемиколэктомия

2. талақтық бұрышын резекциялап, ұшына ұшын келістіріп анастомоздау

3. Гартман операциясы

4. босатушы трансверзостома жасау

5. айналып өтетін трансверзо-сигмоанастомоз жасау

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 1,2

Г. тек қана 4

Д. барлық жауап дұрыс

28. Науқаста жедел іш түйілуімен асқынған ІІ-ІІІ сатыдағы тоқ ішектің сигма тәрізді бөлігінің рагы. Осы жағдайға сай келетін хирургиялық ем тәсілін таңдаңыз:

1. сол жақты гемиколэктомия

2. ісікпен бірге сигманы резекциялап, ұшына ұшын келістіріп анастомоздау

3. босатушы стома жасау

4. Гартман операциясы

5. сол жақты гемиколэктомия

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

 

«Тоқ ішектің жиектік бөлігінің рагі» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны

 

1 - в 17 - б
2 - г 18 - а
3 - в 19 - а
4 - д 20 - г
5 - г 21 - б
6 - г 22 - а
7 - а 23 - в
8 - б 24 - г
9 - в 25 - б
10 - б 26 - а
11 - б 27 - в
12 - б 28 - г
13 - д  
14 - д  
15 - а  
16 - д  

«Тік ішек рагі» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары

1. Тік ішектің рак алды ауруларына қайсысы жатпайады:

А. Анальдық сызат

Б. Бейспецификалық жаралы проктит

В. Геморройдың асқынған түрлері

Г. Полиптер

Д. Гиршпрунг ауруы

2. Тоқ ішекті арнайы зерттеуді қажет етпейтін белгілерді көрсетіңіз:

А. Іш қату

Б. Дефекациядан кейін ішектің толық босамау сезімі

В. тамақ ішкеннен кейін эпигастрийдің толып, ауырлау сезімі

Г. Көп шырышты сұйық нәжіс

Д. Оқтын-оқтын нәжіске қан мен шырыштың араласуы

3. Тік ішек рагының жиі кездесетін белгілеріне қайсысы жатпайады:

А. Нәжістің қан аралас болуы

Б. Тік ішек аймағындағы жағымсыз сезім

В. Құсу

Г. Іш қату

Д. Тенезмдер

4. Науқас он жылдан бері ішкі геморроймен ауырады. Ұзақ ремиссиядан соң нәжісінде қан пайда бола бастады. Емхана дәрігерінің іс-әрекеті:

А. амбулаторлық жағдайда бақылау

Б. бұрынғы диагнозына сүйеніп геморройға қатысты ем жүргізу

В. толық кешенді түрде ішектің арнайы тексеру әдістерін өткізу

Г. инфекционист дәрігер кеңесіне жіберу

Д. айтылған ұсыныстардың ешқайсысы да емес

5. Тік ішек рагына келесі белгілер тән:

А. Ішек қызметінің бұзылуы

Б. Нәжістегі патологиялық қоспалар

В. Ауру сезімі синдромы

Г. Нәжіс массасының түрі мен пішінінің өзгеруі

Д. Аталғанның барлығы

6. Тік ішектің анальды бөлігінің рагына келесі белгілердің ішінде қайсысы тән емес:

А. Дефекация актінен кейінгі көп мөлшердегі қанды бөліністер

Б. Дефекация кезіндегі артқы өтістің ауыру сезімі

В. Жиі тенезмдер

Г. Іш қату,

Д. Іш кебуі

7. Тік ішек рагы диагнозын анықтауда келесі зерттеу әдістерінің қайсысы қолданылмайды:

А. Саусақпен зерттеу

Б. Ректороманоскопия

В. Ирригография

Г. Лапароскопия

Д. биоптатты морфологиялық зерттеу

8. Параректальды шел қабатына лимфогенді жолмен түскен метастаздардың диагнозын анықтау үшін қолданылады:

А. Саусақпен зерттеу

Б. Ректороманоскопия

В. Екі жақты төменгі лимфография

Г. Жамбас астауы мүшелерінің селективті ангиографиясы

Д. Ирригография

9. Тік ішек рагына күдік тудыратын қауіп-қатер сигналдарына келесі белгілердің қайсысы жатпайды:

А. Қан аралас нәжіс, бір рет пайда болса да

Б. Тұрақты іш қатулар, іш өтуімен алмасады

В. Үлкен дәрет кезінде тік ішектің толық босамау сезімі

Г. Анорексия

Д. Нәжіс бағанасының түрі мен пішінінің өзгеруі

10. Тік ішекте бөлек орналасқан жіңішке аяқшадағы екі безді полип болған жағдайда қандай шара көрсетілген:

А. Емдік клизмалар

Б. Тік ішектің құрсақтық-анальдық резекциясы

В. Полиптердің эндоскопиялық элекроэксцизиясы

Г. Қуыс ішілік сәулелік терапия

Д. Динамикалық бақылау

11. Тік ішектің ортаңғы қампайма бөлімінің рагына қай симптом айрықша тән:

А. жиі тенезмдер кезінде қан мен ірің бөлінуі

Б. біресе іш өтіп, біресе іш қатуы

В. еріксіз желдің шығып кетуі

Г. оң жақ мықын аймағының және шап үстінің ауыруы

Д. Нәжіс массасының түрі мен пішінінің өзгеруі

12. Анустан орналасу биіктігі 5-6 см-ден аспаған, тік ішектің аноректальды бөлігінің операцияға көнетін рагы болса, қандай операция көрсетілген:

А. Құрсақ-бөксе аралықтық тік ішек экстирпациясы

Б. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы мен сигманы төмен түсіру

В. Тік ішектің алдыңғы резекциясы мен құрсақ ішілік анастомоз

Г. Гартман операциясы

Д. Жасанды анус салу

13. Анустан 7-12 см қашықтықта орналасқан тік ішектің ортаңғы және жоғарғы қампайма бөлігінің операцияға көнетін рагы кезінде қандай операция көрсетілген:

А. Тік ішектің алдыңғы резекциясы

Б. Гартман операциясы

В. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы мен сигманы төмен түсіру

Г. Құрсақ-бөксе аралықтық тік ішек экстирпациясы

Д. Екі бағаналы жасанды анус

14. Анустан 13 см қашықтықта орналасқан тік ішектің ректо-сигмалық бөлігінің операбельді рагы кезінде қандай жоспарлы операция көрсетілген:

А. Гартман операциясы

Б. Тік ішектің алдыңғы резекциясы мен құрсақ ішілік анастомоз

В. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы мен сигманы төмен түсіру

Г. Құрсақ-бөксе аралықтық тік ішек экстирпациясы

Д. Сол жақтық гемиколэктомия

15. Анустан 13 см қашықтықтан жоғары орналасқан тік ішектің ректо-сигмалық бөлігінің рагы жедел іш түйілуімен асқынған жағдайда қандай операция көрсетілген:

А. Тік ішектің алдыңғы резекциясы мен құрсақ ішілік анастомоз

Б. Гартман операциясы

В. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы мен сигманы төмен түсіру

Г. Екі бағаналы жасанды анус

Д. Тік ішектің құрсақ-бөксе аралықтық эктирпациясы

16. Операция жасауға келмейтін тік ішек рагында таңдалатын ем әдісі?

А. Гартман операциясы

Б. Босатушы сигмостома

В. Сәулелік ем

Г. Химиотерапия

Д. Босатушы сигмостомамен қоса химиосәулелік ем

17. Саусақпен тексеру кезінде тік ішектің қай бөлімдерінің ісігін анықтау мүмкін емес:

А. анальдық өзектің

Б. төменгі-қампайма бөлігінің

В. ортаңғы-қампайма бөлігінің

Г. жоғарғы-қампайма бөлігінің кейбір жерлерінің

Д. ректосигмалық бөлігінің

18. Тік ішектің облигатты ісік алды ауруына қайсысы жатпайды:

А. Анальдық сызат

Б. Жаралы проктит

В. Геморройдың асқынған түрлері

Г. Жайылмалы аденоматозды полипоз

Д. Гранулематозды илеит (Крон ауруы)

19. Тік ішектің қампайма бөлігі рагының ең жиі кездесетін гистологиялық түрі:

А. Жалпақ жасушалы мүйізделген рак

Б. Жалпақ жасушалы мүйізделмеген рак

В. Төмен деңгейде жетілген жалпақ жасушалы рак

Г. Аденокарцинома

Д. Майда жасушалы рак

20. Қандай зерттеу әдісінің көмегімен тік ішектің стеноздаушы рагы кезінде ісіктің ішек бойымен қай жерге дейін созылғандығын анықтауға болады:

А. Саусақпен зерттеу

Б. Ректороманоскопия

В. Ирригография

Г. Екі жақты төменгі лимфография

Д. лапароскопия

21. Тік ішек рагы қай мүшеге метастаз береді:

А. миға

Б. бүйрекке

В. бауыр

Г. сүйектерге

Д. көкбауырға

22. Егер тік ішектің ректосигмалық бөлігінің рагы сол жақ несепағарға өсіп кетіп, зәрдің қуыққа қарай ағуына бөгет жасаса, мұның диагнозын қандай зерттеу әдісін қолдану арқылы анықтауға болады:

1. цистография



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-02-10; просмотров: 467; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.78.215 (0.011 с.)