Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Нег. ауруы: Созылмалы лимфолейкоз, жайылма сатысы.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
3. Гематолог кеңесі, стационарлық ем порталмен, гематологиялық бөлімдерге.
Клиникалық жағдай N15 Науқас Г. 70 жаста, соңғы 5 жыл iшiнде гемотологиялық стационарда 2 рет және амбулаторияда созылмалы лимфолейкоз диагнозымен емделеді. Науқасқа хлоробутин және кезеңдермен преднизолон тағайындалған, жағдайы қанағаттанарлыққа жеткізілген. 2 ай бұрын тұмаумен ауырған соң науқаста перифериялық лимфалық түйiндерi ұлғайған, аз көлемдi физикалық күштен соң жүрегiнің соғып кетуі, ентiгу дамыған, терiсі мен склерасының сарғаюы байқалған, солармен қатар жалпы әлсiздiк үдей түскендiктен стационарлық емге жолдама берiлген. Об-тi: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терi жамылғылары және склерасы сарғайған, геморрагиялық ошақтары жоқ. Жақ асты, мойын, қолтық асты, шап лимфа түйiндерi (1-2; 3-4 см) ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз, қозғалмалы, бiр-бiрiмен және терiмен жабыспаған. Тыныс алу жүйесi ерекшелiксiз. Жүрек тондары тұйықталған, бiрен-саран экстрасистолалар, жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi. АҚ 150/70 мм сын. бағ., пульсi 82 мин., қанағаттанарлық толумен, ырғақсыз. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, талағы 4 см төмен анықталды, пальпацияда ауырсынусыз. Қанның анализiнде: эр. 2,1х1012/л, гем. 62 г/л, т.к. 0,9, лейк. 280х109/л, эоз. 14%, лимф. 32%, пролимфоцит. 2%, лимфобластар 14%, с/я 44%, рет. 3,84%, тромб. 190х109/л. ЭТЖ 42 мм/сағ. Эритроциттердiң осмостық резистенттiлiгiнің минимальдiсі 0,60, максимальдісі 0,34. Билирубині 58 мкмоль/л (байланбағаны – 46 мкмоль/л). Зәрдiң уробилиннге реакциясы оң. Қандағы трансаминазалар белсендiлiгi өзгермеген.
1. Жетекші синдромдары. 2. Болжам диагнозы. 3. ЖДП тактикасы. N15. Жауаптары: 1. Лимфопролиферациялық (гиперплазиялық) синдром, гепатоспленомегалия, сарғаю, АГ, анемиялық (гемолиздік), сарғаю, қызба. Нег. ауруы: Созылмалы лимфолейкоз, жайылма сатысы. 3. Гематолог кеңесі, стационарлық ем порталмен, гематологиялық бөлімдерге. Клиникалық жағдай N16
27 жастағы әйелдің, жүктіліктің екінші жартысында, ұрықтың өмірмен сыйымсыз дамулық ақауларына байланысты, жүктілігін үзген. Шағымдары: соңғы 7-9 ай бойына мезгіл-мезгіл дене қызуының 37,0-37,70 жоғарылауы, бұлшық еттері мен буындарының ауыруы, жүрегінің шаншулары, бауырының ұлғаюы. Жүктілікке дейін гастроэнтерологта зерттелген, ем қабылдаған, гепатиттің вирустық этиологиясы нақталмаған (гепатит вирустарына тапсырылған анализдер теріс болған). Окулисте де бірнеше рет емделген. Науқас 4 жылдан бері үй қызметшісі ісін атқарады, қожайындарының бірнеше иттері мен мысықтары бар. Жүктілігін үзу барысында мүмкін инфекциялық аурулар топтамасына анализдер тапсырған. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғылары қалыпты түсті. Мойын лимфалық түйіндері ұлғайған, қатты эластикалық консистенциялы, қозғалғыш, ауырады. Буындары мен бұлшық еттерінің объективті зақымдану белгілері жоқ. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 90 мин. АҚ 90/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, оң қабырға астында ауырсыну бар, бауыры қабырға доғасынан 4см шығыңқы. Перкуссияда талақ өлшемдері 14х8см. Қосымша тексеру нәтижелерінен: ҚЖА, ЭТЖ қалыпты, лейкопения, лимфоцитоз. ЭКГ: ырғағы синусты, ЖСС 88 мин., ЖЭӨ қалыпты, миокардтың ошақты өзгерістері. Бауырдың инкрециялық көрсеткіштері қалыптыдан 3-4 есе жоғары. Токсоплазмозға ИФА IgM және IgG оң мәнді (положительно).
1. Жетекші синдромдары. 2. Болжам диагнозы. 3. ЖДП тактикасы. N16. Жауаптары: 1. Лимфаденопатия, қызба, цитолиз, гепатомегалия, полимиалгия, полиартралгия, миокардтың зақымдану синдромы. Токсоплазмоз. Инфекционистке емге жіберу. Ісіну синдромының дифференциялық диагнозы Асцит синдромының дифференциялық диагнозы
Клиникалық жағдай N1 28 жастағы ер кiсi клиникаға келесi шағымдармен келдi: жалпы әлсiздiк, оң қабырға астында салмақ сезіну, iшiнiң кебуi, тобық буындарының ауыруы, ұйқышылдық, мұрнынан кезеңiмен қан кетулер. Анамнезiнен: 14 жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырған, есепте тұрмаған, 10 ай бұрын склерасының сарғаюы пайда болған соң жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған, сарғаюы билирубиннiң 54,8-227,5 мкмоль/л арасында ауытқуымен қайталанып тұрған. Бауыры, артынша талағы үлкейген. Емi гепатопротекторлар және преднизолонмен жүргiзiлген. Шыққаннан соң да дел-салдық, сарғаю, оң қабырға астының ауыруы сақталған. Соңғы бiрнеше күнде жағдайы төмендей түскендiктен, дәрiгерi клиникаға жiберген. Анамнезінде алкоголь қолдану зиянды әдеті жоқ, жұмыс бабы зияндылықтармен байланыссыз. Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Склерасы, терi жамылғысы сары, кеуде сарайының жоғарғы бөлiгiнде тамырлық жұлдызшалар, алақандары қызарған. Іші кебіңкі, тері асты веналары кеңіген, перкуссияда бос сұйықтық анықталды, бауыры қабырға иiнiнен 5 см шығыңқы, тығыздау, пальпацияда ауырады, шетi сүйiр. Талағы қабырға иiнiнен 3 см шығыңқы. Қан анализiнен: эр. 2,5х1012/л, гем. 80 г/л, ТК 0,9; лейк. 2,8х109/л, тромб. 80,0х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ. Биохимиялық анализдерінен: билирубинi 68 мкмоль/л (байланысқаны 39 мкмоль/л), жалпы белогi 62 г/л, альбуминi 41%, глобулинi 59%, фибриногенi 2,0 г/л, тимол сынамасы 10Б. АсАТ (оптикалық тестімен) 64 ХБ,
1. Болжам диагнозын анықтаңыз. 1. Бауыр циррозы, вирусты этиологиялы, бауырклеткалық шамасыздық, субкомпенсация сатысы; порталық гипертензия, декомпенсация сатысы, асцит; активті фазасы, жоғары белсенділіктегі, тез үдемелі барысты. 2. Бауыр циррозы, алкогольді этиологиялы, бауырклеткалық шамасыздық, субкомпенсация сатысы; порталық гипертензия, бастапқы декомпенсация сатысы; активті фазасы, жоғары белсенділіктегі, тез үдемелі барысты. 3. Бауыр циррозы, аутоиммунды, бауырклеткалық шамасыздық, субкомпенсация сатысы; порталық гипертензия, бастапқы декомпенсация сатысы; активті фазасы, жоғары белсенділіктегі, тез үдемелі барысты.
4. Созылмалы гепатит, вирусты этиологиялы, репликациялық фазасы, жоғары белсенділіктегі, ауыр фиброзбен.
2. Жетекшi синдромдары: 1. Цитолиздік 2. Бауырклеткалық шамасыздық 3. Порталық гипертензия 4. Геморрагиялық 5. Гиперспленизм 6. Асцит-ісінулік
3. Бауыр циррозының морфологиясын, этиологиясын, порталық гипертензияның сатысын анықтауда шешуші маңызы бар: 1. Бауырдың пункциялық биопсиясы 2. УДЗ 3. Лапароскопия 4. Радиоизотопты сканирлеу 5. ФГДС 6. В, С, Д вирустарының маркерлеріне қанның анализі 4. Қан анализiндегі өзгерістер (эр. 2,5х1012/л, гем. 80 г/л, ТК 0,9, лейк. 2,8х109/л, тромб. 80,0х109/л) келесі синдромға тән: 1. Мезенхималық-қабынулық 2. Гиперспленизм 3. Цитолиз 4. Бауырлық диспепсия 5. Оң қабырға астының ауырсыну синдромы 6. Спленомегалия
5. Гиперспленизм синдромының емі: 1. Пентоксил 0,2х3рет/тәулігіне, 2-3 апта 2. Эссенциале 2 капсуладан 3 рет тәулігіне 2-3 ай 3. Преднизолон 20-40 мг тәулігіне 2-3 ай, нәтижеге жеткеннен кейін дозасын кеміту 4. Эритроциттер мен тромбоциттер массасын құю 5. Спленэктомия 6. Энтеросорбция
6. Гепатопротекторларға жатады: 1. Эссенциале 2. Урсосан 3. Гептрал 4. Витогепат 5. Прогепат
7. Бауыр циррозының этиологиялық еміне жатады: 1. Алкогольді тыю 2. Гепатотропты вирустерге қарсы дәрмектер 3. Иммуносупрессорлар 4. Диуретиктер 5. Колхицин N1 Жауаптары: 1. 1. 2. 1, 2, 3, 4, 5. 3. 1, 2, 5, 6. 4. 2. 5. 1, 3, 4, 5. 6. 1, 2, 3. 7. 1, 2, 3. Клиникалық жағдай N2
49 жастағы науқас, автобус жүргiзушiсi, қабылдауға мына шағымдармен келді: жүрек айнуы, эпигастрий аймағында және оң қабырға астында тамақ iшуге байланыссыз ауырсыну, тамақ iшкеннен кейiн дамитын толып кету сезiмi, терi қышуы, әсiресе түнде, анда-санда мұрнынан қан кету және қызыл иектiң қанағыштығы. Науқас 9 жыл бұрын вирустік ауыр гепатитпен жұқпалы аурулар емханасында емделген. Бiр жыл бойы ем-дәмдi сақтаған. Соңғы 5 жыл көлемiнде оң қабырғасында және эпигастрийде жағымсыз сезiм мазалай бастаған. Дәрiгерге көрiнбеген. Соңғы 1 айда жағдайы нашарлаған. Жүрек айну, кейде тамақтан соң құсу, терi қышуы, ұйқысыздық пайда болған. Объективтi: терi жамылғылары қуқылданған, аздап сарғыш тартқан. Тiлi таңқурай түстес. Терi асты шел қабаты нашар дамыған. Төсiнiң жоғарғы бөлiгiнде, мойнында және бетiнде көптеген тамырлық жұлдызшалар көрiнедi, алақандары қызарған. Iшiнiң бүйiр қабырғаларында кеңiген веналар анықталды. Iштiң көлемi ұлғайған, пальпацияда iшi жұмсақ, ауырсынусыз. Перкуссияда бүйiр бөлiктерiнде бос сұйықтық бар. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен орналасқан, ауырмайды, тығыз, шетi сүйiр. Талағы қабырға доғасы тұсында пальпацияланды. Қан анализiнде: эр. 3,6х1012/л, Нв 115 г/л, ТК 0,9, тромб. 40х109/л, ЭТЖ 46 мм/сағ. Холестерині 28 ммоль/л, билирубині 69,5 мкмоль/л (байланысқаны 43,2 мкмоль/л, босы 26,3 мкмоль/л), жалпы белогі 63 г/л (альбуминдері 31,4%, глобулиндері 68,6%, гаммаглобулиндері 39%). Тимол сынамасы 9 бiрлiк.
1. Болжам диагнозын құрастырыңыз. 2. Стационарғ а жатқызу тактикасын анықтаңыз. N2. Жауаптары: 1. Болжам диагнозы: Нег. ауруы: Бауыр циррозы, НВV, НВС? ассоциацияланған, Child-Рugh С класы; бауырклеткалық шамасыздық, субкомпенсация сатысы, бауырлық энцефалопатия; порталық гипертензия декомпенсация сатысы, асцит; активті фазасы жоғары белсенділіктегі, тез үдемелі барысты. 2. Жоспарлы түрде порталмен гастроэнтерологиялық бөлімге жолдау, ДЕХ сай келесі тексерулерді жүргізу: ҚЖА, НЖА, нәжістің г/жұмыртқаларына анализі, микрореакция, ЭКГ, ФГ, іш қуысы органдарының УДЗ, ФЭГДС, қан сары суының темір деңгейі, АлТ,АсТ, билирубин, В,С,Д вирустық маркерлеріне ИФА. Клиникалық жағдай N3
22 жасар науқас әйел кiтапханашы, шағымдары: бетiнiң, бел аймағының, аяқтарының iсiнуi, шөлдеу, аузының құрғауы, бел аймағында салмақ сезiнуi, несеп мөлшерiнiң азаюы, жалпы әлсiздiк. Анамнезiнен: үш жыл бұрын баспамен ауырған соң несебiнде белок пайда болған. Несебiн қайта-қайта тексергенде белок мөлшерi өсе түскен. Бетi iсiнген соң стационарда емделген. Соңғы жыл көлемiнде iсiну аяқтарына, сонан соң белiне тарап, дәрмектерге берiлмеген. Соңғы өршуi 2 апта бұрын суықтағаннан соң бірден дамыған. Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Терi жамылғылары мен кiлегей қабаттары қуқыл. Бетiнде, бел аймағында, аяқтарында айқын, жұмсақ iсiну бар. Өкпесiнiң төменгi, артқы аймақтарынан әлсiреген везикулалық тыныс негiзiнде ылғалды, майда көпiршiктi үнсіз сырылдар естiлдi. Жүрек тондары әлсiзденген. Пульс саны 58 минутына, ырғақты, толуы қанағаттанарлық. АҚ 120/70 мм сын. бағ. Қан анализiнде: эр. 3,7х10/л, Нв 105 г/л, ТК 0,85, лейк. 6,8х1012/л, ЭТЖ 40 мм/сағ. Лейкограммасы өзгерiссiз. Несеп анализiнде: мөлдiр, тығыздығы 1021, реакциясы қышқыл, белогі 3,65 г/л, ескiрген эрит. 5-8 к/а, лейк. 2-3 к/а, гиалиндi, түйiршiктi цилиндрлер 9-10 к/а, балауыз тәрiздi цилиндрлер 2-3 к/а. Жалпы белогі 60 г/л, альбумині 40%, А/Г 0,66, холестерині 10,1 ммоль/л, мочевинасы 8‚2 ммоль/л, креатинині 0,10 ммоль/л.
1. Жетекші синдромдарын бөліңіз. 2. Бар мәліметтермен болжам диагнозын құрыңыз. 3. ЖДП тактикасы. N3. Жауаптары: 1. Нефротикалық синдром (несеп тұнбасының патологиясын осы синдромның құрамына кіргізсе де болады), бүйректің созылмалы ауру (БСА) синдромы (ХБП, National Kidney Foundation (NKF) – ұлттық бүйректік фондпен, Kidney Disease Outcomes Quality Initiative (KDOQI) – бүйрек ауруларының салдарларын жақсарту жұмыс тобымен енгізілген. Сатыларын шумақтық фильтрация деңгейіне тәуелді анықтайды), жүректің созылмалы шамасыздығы, ми сауыт-ішілік гипертензия. 2. Нег. ауруы: Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдроммен. Асқ.: ЖШФКII. Ми сауытішілік гипертензия. 3. БСА (ХБП) 1-3 сатыларында бүйрек биопсиясын жасау мақсатында порталмен сәйкес орталықтарға немесе стационарға жолданады. Клиникалық жағдай N4
48 жастағы науқас әйел, қабылдауға мына шағымдармен келдi: iрiңдi қақырықпен жөтел, физикалық күшке айқын ентiгу, бетi мен аяқтарындағы iсiну, бел аймағының ауырсынуы, тәбетiнiң төмендеуi, iшiнiң кебуi, мезгiл-мезгiл iшiнiң өтуi, жұмысқа қабiлетiнiң төмендеуi, жалпы әлсiздiк: Анамнезiнде: 20-22 жаста өкпе туберкулезiмен ауырған, емделген, бірақ, жиі суықтап, сол кезден iрiңдi бронхит мазалаған. Соңғы бес жыл бойы несебiнде жекеленген белок табылып жүрген. Осы жылы аяқтары мен бетiнде iсiну пайда болып, несеп мөлшерi азайған. Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Терi жамылғылары қуқыл, бетi, қабақтары, бел аймағы, аяқтары iсiнген, ісіну жұмсақ. Өкпесiнде қорап реңкiлi өкпе дыбысы. Тынысы қатаң, құрғақ ызыңдаған және ысқырған сырылдар, төменгi бөлiктерiнде ылғалды сырылдар, тыныс жиілігі 26 минутына. Жүректің шала тұйықтығының сол шегi бұғана орта сызығынан 1 см тысқары. Жүрек тондары әлсiреген, ырғақты. АҚ 110/90 мм сын. бағ., пульс саны 82 минутына, кернеуi мен толуы қалыпты. Iшi жұмсақ, перкуссияда бос сұйықтық кіндігінен бүйіріне дейін 5 елі аралығында, іші ауырмайды, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, жұмсақ, серпiндi. Талағы қабырға доғасының деңгейiнде, консистенциясы қаттылау. Қағу симптомы екi жағында да терiс. Қан анализiнде: эр. 3,5х1012/л, Нв 102 г/л, түстiк көрсеткiші 0,9, лейк. 6х109/л, лейкограммасында ауытқу жоқ. ЭТЖ 35 мм/сағ. Несеп анализi: сабан сары, қышқыл, мөлдiр, тығыздығы 1008, белогі 4,4 г/л, эрит. 3-4 к/а, лейк. 10-12 к/а, түйiршiктi гиалиндi цилиндрлер 1-3 к/а. Жалпы белогі 56 г/л, альбуминдері 30%, А/Г 0,4, холестерині 10 ммоль/л.
1. Жетекші синдромдары. 2. Болжам диагнозды құрыңыз. 3. ЖДП тактикасы. N 4. Жауаптары: 1. Бронх өткізгіштігінің бұзылыс синдромы (іріңді қабынудың басымдылығымен); бүйректік ісіну нефротикалық синдром себебінен (асцит); ЖШ, кіші шеңбердегі іркіліспен; тезауризмоз – қор жиналу синдромы: бүйрек, талақ амилоидозы. 2. Нег. ауруы: Бүйрек амилоидозы, нефротикалық синдромды сатысы. Талақ, бауыр, жүрек зақымдануымен (амилоидозымен). Фондық ауруы: Созылмалы іріңді-обструкциясыз бронхит, өршу фазасында. ТШII. 3. БСА (ХБП) сатысына байланысты жоспарлы немесе шұғыл госпитализация сұрағы шешіледі. БСА хаттамасына сәйкес тексерулер жүргізіледі. Клиникалық жағдай N5
19 жастағы студент, клиникаға келесi шағымдармен түстi: ішінің ұлғаюы, iрi буындарының, қол аяқ бұлшық еттерiнiң ауыруы, субфебрильдi қызба, құрғақ жөтел, шаштарының түсуi. Анамнезiнен: 6 ай бұрын жедел вирустік респирациялық аурудан кейiн жоғарыдағы шағымдары дамыған, қызба басатын дәрмектер қабылдаған. Соңғы бiр айда жағдайы төмендеп, қызбасы тұрақты түрде болған. Объективтi: екi бет ұшы мен мұрын қырының терiсiнде қабыршақтанған қызғылт таңба бар. Қол саусақтары ұшының капиллярлары кеңiген, перифериялық лимфалық түйiндері 0,5 см дейiн үлкейген, ауырмайды. Буындары өзгерiссiз. Өкпесiнде везикулалық тыныс, оң жақ қолтық астында шектелген аймақта плевраның үйкелiс шуы естiлдi. Жүрек тондары әлсiреген, ырғақты, ЖСС 102 минутына. АҚ 120/80 мм сын. бағ. Iшi жұмсақ, ауырмайды, бос сұйықтық есебінен ұлғайған. Бауыры мен талағы үлкеймеген.
1. Жетекші синдромдары. 2. Болжам диагнозды құрыңыз. 3. ЖДП тактикасы. N 5. Жауаптары: 1. Полисерозит (асцит, құрғақ плеврит), миокардит, терілік синдром (трофикалық өзгерістермен), полиартралгия, полимиалгия, васкулит, лимфоаденопатия, қызба. 2. Негізгі ауруы: ЖҚЖ, жеделдеу барысты, “көбелек феномені”, терінің трофикалық өзгерістері, люпус-миокардит, люпус-нефрит, қызба, лимфоаденопатия, артралгия, миалгия, капиллярит, оң жақты құрғақ плеврит. Асқ.: ТШI, ЖШФКI. 3. Ревматолог кеңесін алып, стационарлық ем такикасын шешу.
Клиникалық жағдай N6 34 жасар науқас клиникаға келесi шағымдармен түстi: қалтырау, буындарындағы ауырсыну, қызарып, iсiнуi, сақина сияқты бас ауруы, қимыл үйлесiмдiлiгiнiң бұзылысы, шаршағыштық, әлсiздiк, салмақты тез жоғалту, бет терiсiнде бөртпелердiң пайда болуы, кеуде сарайында ауырсынумен қабаттасатын құрғақ жөтел, оң қабырға астының, бел аймағының ауруы. 3 жыл бұрын босанғаннан соң әлсiздiк, есекжем мазалаған. Соңғы жылда аталған шағымдар дамыған. Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, арық бiтiмдi. Санасы анық. Терi жамылғылары қуқыл, құрғақ, бетiнiң ұшында, маңдайында эритемалық дискоидты ошақтар, шынтақ буынының iшкi бетi мен бiлектерiнде ашық қызғылт, теңбiл бөртпелер, дене қызуы 380С. Лимфалық түйiндерi мойынында, қолтық астында пальпацияланады, 1 см. Шынтақ, бiлезiк, тiзе буындарының iсiңкiлiгi мен ауырсынуы, қимыл көлемiнiң шектелуi бар. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi бүйiр жақтарында плевраның үйкелiс шуы естiледi, тыныс жиілігі 20 минутына. Жүрек шектерi өзгермеген, тондары әлсiзденген, ырғақты. АҚ 140/90 мм сын. бағ. Iшi жұмсақ, перкуссия мен пальпациялық-флюктуациялық сынамада бос сұйықтық анықталды, ауырмайды. Бауырының төменгі қыры қабырға доғасынан 2 см-дей төмен, шетi сүйiрлеу, консистенциясы қатты, сезiмтал. Қанның жалпы анализiнде: эритроцитi 3,1х1012/л, гемоглобинi 110 г/л, лейкоцитi 4,8х109/л, т/я 4%, с/я 62%, эоз. 3%, лимф. 26%, мон. 5%, ЭТЖ 35 мм/сағ. Несептiң жалпы анализiнде: бұлыңғыр, реакциясы қышқыл, тығыздығы 1017, белогі 3,6г/л, лейкоциттері 2-0-1 к/а, гиалинді цилиндрлері 2-4-6 к/а, эритроциттері 4-6 к/а. Қанның биохимилық анализдерiнде: жалпы белогі 55 г/л, альбуминдері 45%, a1-глобулиндері 8%, a2-глобулинi 12%, бета-глобулинi 10%, g-глобулинi 25%. Холестеринi 8,8 ммоль/л, СРБ +++. Жалпы билирубинi 18 мкмоль/л, креатининi 138 мкмоль/л, серомукоиды 68Б, АсАТ 89 ХБ/л, АлАТ 98 ХБ/л. Қанда LЕ клeтка 6:1000 қатынасында табылды. ЭКГ: синусты ырғақ, ЖСС 79 минутына, электрлiк өсi ауытқымаған. Мидың компьютерлiк томографиясының қорытындысы: мишықта майда ошақты ишемиялар мен геморрагиялар. Иммунограммада: IgA 4,5 г/л, IgM 2,0 г/л, IgG 5,35 г/л, ЦИК 111 шартты бiрлiк.
1. Диагнозын жазбаша құрыңыз. 2. Осы науқастағы аурудың диагноздық үлкен критерийлерi: 1. Бетiндегi “көбелек”. 2. Плеврит (полисерозит). 3. Люпус – артрит. 4. Қандағы LE клеткалар. 5. Үлкен титрлi антинуклеарлық фактор. 6. “Люпус” нефрит. 3. Осы ауруды провокациялайтын (арандататын) факторлар: 1. Вакциналар мен дәрмектердiң жағымсыздығы (көтермеуi) 2. Фотосенсибилизация. 3. Жүктiлiк. 4. Қантты диабет. 5. Семiздiк.
4. ЖҚЖ емiндегi базистi дәрмектер: 1. Глюкокортикостероидтар. 2. Цитотоксиндiк иммунодепрессанттар. 3. 4-аминохинолиндiк дәрмектер. 4. 5-аминосалицил қышқылының туындылары. 5. Алтын дәрмектерi.
5. Аминохинолин туындылары мен ҚҚСЕД ЖҚЖ келесi жағдайда бередi: 1. Процестiң жоғары белсендiлiгiнде. 2. Полисерозит болғанда. 3. Кортикостероидтар мен цитостатиктер дозасын төмендеткенде ремиссияны тұрақтандыру үшiн. 4. Висцеральдi зақымданулары жоқ науқастарды емдеу үшiн. 5. Люпус-нефритте. N6. Жауаптары: 1. Нег. ауруы: Жүйелi қызыл жегi, созылыңқы барысты, II дәрежелi белсендiлiктегi, “көбелек” феномені, люпус артрит, люпус-нефрит, гепатит, анемия, плеврит, лимфоаденопатия, нерв жүйесiнiң зақымдануы. Асқ.: БҚШII . 2. 1, 3, 4, 5, 6. 3. 1, 2, 3. 4. 1, 2, 3. 5. 3, 4. Клиникалық жағдай N7 Қыз баланың 11 айлығынан бастап бауырының ұлғайғанын байқаған, инфекциялық аурулар іздестіріліп, дәледенбеген. Тағы 3-4 айдан соң іші біртіндеп ұлғая бастаған. Емханада қызды консилиуммен қабылдау шешілді. ЖДП дәрігері амбулаториялық картасымен баяндады. Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, тері жамылғылары шамалы сарғайған, ішінің тері асты веналары кеңіген. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 100 мин., АҚ80/50 мм сын. бағ. Тілі таза, ылғалды. Іші үлкен, перкуссияда бос сұйықтық дәлелденді, бауыры қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, шеті сүйір, ауырады. УДЗ кешенінің нәтижелерінен: порталық венаның диаметрі кеңіген, бауырдың өлшемдері ұлғайғанмен, құрылымында порталық гипертензия шақыратындай өзгерістер жоқ. Талағы шамалы ұлғайған. Ангиогепатографияда бауыр венасының блогі анықталған. Қанның анализдерінде қабынулық белгілер анықталмады.
1. Жетекші синдромдары. 2. Болжам диагнозды құрыңыз. 3. ЖДП тактикасы. N7. Жауаптары: 1. Дамудың тума ақауы – бауыр венасының тарылуы?, окклюзиясы?; порталық гипертензия (асцитпен асқынған). 2. Бадд-Киари ауруы (бауыр веналарының немесе төменгі қуыс венасының окклюзиясы). 3. Педиатр, гепатолог, хирург мамандарымен консилиум, операциялық ем сұрақтарын шешу.
Клиникалық жағдай N8 57 жастағы ер кісі ішінің біртіндеп үлкейгеніне, қазір аяқтарының да ісіне бастағанына шағымданып келді. Анамнезінен: 3 жыл бұрын асқазан рагін онкологияда кешенді емдеген, есепте тұрады. Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, қуқыл тартқан, аяқтарында шамалы ісіну бар. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек шектері мен тондары өзгермеген, ЖСС 80 мин. АҚ 130/80 мм сын. бағ. Тілі таза, ылғалды. Іші үлкен, перкуссияда бос сұйықтық анықталды, талағы ұлғаймаған.
1. Жетекші синдромдары. 2. Күдіктенген нозобірліктер. 3. Кеңесі қажетті мамандармен консилиум. N8.Жауаптары: 1. Диффузды ісіну, оның ішінде асцит; анамнезіндегі онкопроцесс (асқазан ісігінің емі). Күдіктенетін нонзобірліктер: Стюарт-Брас синдромы, іш пердесінің карциноматозы, Мейгс синдромы, бауырдың біріншілік рагі. 2. Стюарт-Брас синдромы (венаокклюзиялық процесс), себебі – сәулелік ем.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2017-01-19; просмотров: 686; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.219.247.59 (0.016 с.) |