Эзофагогастродуоденоскопия. (ЭГДС,ФГДС). 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Эзофагогастродуоденоскопия. (ЭГДС,ФГДС).



ЭГДС ас қорыту ағзаларының жоғарғы бөліктерін эндоскоппен тексеру.

ЭГДС өткізуге көрсетілімдер: Қатерлі ісіктің бар жоқтығын анықтау, емдік манипуляция мен хирургиялық оталар жасау, жедел жағдайда қан кетуді тоқтату, бөгде зат түскенде оны алып тастау. Өңеш, асқазан мен ұлтабар саңлауы тарылған жағдайда эндоскопия жасаудан алдын рентгенологиялық тексеру өткізеді. Зерттеу таңертеңгісін ашқарынға жасалады және ауыз қуысын жансыздандыру үшін 2-5 процентгі ксикаин қолданады. Биопсия жасалған жағдайда биоптат гистологиялық, цитологиялық зерттеуге жіберіледі. Эзофагоскопия - өңештің кілегей қабатын эзофагоскоппен тексеру. Фиброгастроскопия - асқазан мен ұлтабардың кілегей қабатының жағдайын, эрозиялар мен қан кету ошақтарын фиброгастроскоппен тексеру.

Эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография.

(ЭРПХГ).- өт жолдары мен ұйқы безінің өзектерін зерттеу. Зерттеу үлкен ұлтабар емізікшесін катетеризация ету арқылы жасалады.

ЭРПХГ етуге көрсетілімдер; өт жолдары мен ұйқы безінің патологиясы әсіресе механикалық сарғаюдың себебін анықтау.

Қарсы көрсетілімдерге: өткір панкреатит, өткір гепатит, өт жолдарының қабынуы жатады.

Зерттеуді эндоскопист және рентгенолог жүргізеді. Рентгенді контрасты зат ретінде - верографин, урографин, гипак қолданады. ЭРПХГ көмегімен стенозды папиллит, холедохолитиаз, ұлтабар үлкен емізікшесінің ісігі, өт жолдары және ұйқы безінің ісігі анықталады.

Колоноскопия - жуан ішектің барлық бөліктерінің кілегей қабаттарын фиброколоноскоппен тексеру. Колоноскопия әдісі жуан ішектің қатерлі жэне қатерсіз ісіктерін, диффузды полипозда жуан ішектің барлық бөліктеріндегі зақымдану дәрежесін, арнайы емес жаралы колитте, Крона ауруында кілегей қабаттағы өзгерістерді анықтау үшін қолданады.

Колоноскопияға жасауға қарсы көрсетілімдер: көтенішек аймағының ауруы, ота жасалғаннан кейінгі алғашқы күндерде үлкен көлемді іш жарығы (грыжа). Науқасты колоноскопияға дайындау үшін науқасқа 3 күн шлаксыз диета, іш жүргізетін дәрілер тағайындалып, тазалау клизмалары жасалады. Колоноскопты енгізуден алдын көтенішекті ксилостезин гелімен жансыздандырады. Колоноскопияда кілегей қабаттағы өзгерістердің сипатын анықтау үшін гистологиялық тексеру жүргізеді.

Ректороманоскопия.

Ректороманоскопия - тік ішектің кілегей қабатының жағдайын, кілегей қабаттағы жаралар, ісіктер, қан кету ошақтары анықталады.

Лапароскопия.

Лапароскопия - арнайы эндоскоп көмегімен құрсақ қуысындағы және кіші жамбастағы ағзаларды тексеру.

Лапароскопия диагноз қою мен емдеу мақсатында жүргізіледі.
Құрсақ қуысындағы патологиялар анықталып, бірақ емдеу тактикасы
шешілмеген жағдайда лапароскопия жоспарлы түрде мынажағдайларда жасалады: құрсақ қуысындағы ағзалардың ісіктерін, олардың көлемі мен орналасқан орнын, даму сатысы мен метастаз аймақтарын, өткір гепатиттің формаларын, созылмалы гепатит және бауыр циррозын, бауыр ісігін анықтау үшін.

Лапароскопияға қарсы көрсетілімдер: науқастың жағдайының өте ауыр болуы, перитонит, құрсақ қуысындағы спайкалар (жабысқан жерлер) құрсақтың алдыңғы қабырғасындағы жыланкөздер.

Лапароскопия - бұл хирургиялық ота болғандықтан бірнеше сатыда жүргізіледі: құрсақ қуысын инемен (троакар) пункция жасау. пневмоперитонеум қою. лапароскоппен троакарды енгізу. құрсақ қуысындағы ағзаларды қарау. диагностикалық және емдік манипуляциялар жасау (биоптат алып гистологиялық зертханаға жіберу.)

зерттеуді бітіріп, аспаптарды алып, тері жарасын тігу.

Емдік бронхоскопия.

Емдік бронхоскопия жасауға көрсетілімдер:

1. Іріңді бронхитге бронх тарамдарын санация жасау.

Астматикалық статус кезінде ұсақ бронхылардың саңлауын шырыштан тазалау.

Эндобронхиальды катетер көмегімен абсцесс қуысын тазалап, антибактериялық препарат жіберу.

4. Тыныс жолдарына түскен бөгде затты алу.

Бронхтарды лаваж жасауда наркоз беріледі, соң эндобронхиальды катетер арқылы бронхофиброскоппен жасалады. Емдік бронхоскопияға қарсы көрсетілімдер:

Стенокардиямен ауыратын науқас.

Геморрагиялық диатезбен ауыратын науқас.

Жуырда миокард инфарктымен ауырған науқас.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-29; просмотров: 565; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.105.31 (0.005 с.)