Торакоскопия немесе плевроскопия. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Торакоскопия немесе плевроскопия.



Торакоскопия -бұл плевра қуысын эндоскоп көмегімен тексеру. Эндоскоп плевра қуысына пункция ету немесе кеуде торын кесу арқылы енгізіледі. Торакоскопия екі мақсатта жасалады.

диагноз қою мақсатында.

емдеу мақсатында.

Диагноз қою мақсатында мына төмендегі патологиялық жағдайларда жасалады: спонтанды пневмоторакс, пиопневмоторакс, плевра ісігі,плевра қабаттары дамуының кемістіктері, өкпедегі және көкірекқуысындағы қабыну процесстері мен ісіктер.

Емдеу мақсатында:

1. Бронхоплевральды жыланкөздерді емдеу (күйдіру).

2.Плевра қуысындағы бөгде затты алу үшін жүргізіледі.

Медиастиноскопия.

Медиастиноскопия - бұл көкірек қуысының алдыңғы бөлігін медиастиноскоппен тексеру.

Медиастиноскопия етуге көрсетілімдер:

Көкірек қуысындағы лимфа түйіндердің ұлғаю себебін анықтау.

Өкпе обырында операция жасау мәселесін шешу.

З.Лимфа түйіндердің ұлғаюымен сипатталатын өкпенің диффуздыпатологиялары.

Медиастиноскопия етуге қарсы көрсетілімдер:

Қалқанша бездің өте қатты ұлғаюы.

Қанның ұюының бұзылуы.

З.Мойын тұсы мен көкірек қуысындағы қабыну процесстері.4.Өткір инфекциялық аурулар.5.Қолқа коарктациясы мен жоғарғы қуысты вена синдромы.

Несеп жолдарын эидоскоппен тексеру.

Несеп жолдарын тексеретін аппарат уретрескоп және цистоскоп. Цистоскопия несеп шығару ағзалары ауруларының диагностикасында атап айтқаңда несеп шығару жолдарының туберкулезінде, қуық ісігінде жиі қолданатын зертгеу әдісі. Зерттеу эндоскопиялық кабинетге жасалады. Науқасқа тексеруден алдын тазалау клизмасы жасалады, 1 сағат бүрын жансыздандыру дәрілерін салады, цистоскопты енгізерден алдын несеп шығару жолына (уретрага) 20 мл. новокаин жібереді. Цистоскопия кезінде қуықтың кілегей қабатында ісік анықталған жағдайда гистологиялық зерттеуге жіберу үшін биопсия жасалады.

Хромоцистоскопия.

Хромоцистоскопия бүйректің экскреторлық қызметін,несепағардың өткір обструкциясын (кедергісін немесе жабылуын) анықтау үшін қолданатын әдіс.

Хромоцистоскопия көк тамырға индигокармин ерітіндісін жібергеннен кейін жасалады. Қалыпты жағдайда көк тамырға иидигокармин ерітіндісін жібергеннен кейін, 3-5 минут ішінде, түсі өзгерген несеп қуықтағы бүйректен келетін екі несеп ағар тесігінен бірдей пайда болу керек. Егер несеп ағар тесігінің бірінен несеп бөлінбей кідіріп қалса, бүйрек қызметі бұзылған деп жорамалдауға болады.

9.Аспаптық функциональды зерттеу әдістері.

Аспаптық функциональдық тексерулер түрлері.

1. Тыныс ағзалары ауруларын зерттеуде қолданатын функциональдызерттеу әдістері: спирография,пневмотахография,пневмотахометрия,плетизграфия. 2.Жүрек қан тамырлар ауруларын зерттеуде қолданатынфункциональды зерттеу әдістері:электрокардиография,фонокардиография, сфигмография.

А). Артерия қан тамырлар жүйесін зерттеу әдістері: ультрадыбыстыдопллерография, сканерлеу, ангиография.

Б). Веноздық қан тамырлар жүйесін зерттеу әдістері; веноздыққысымды анықтау, фотоплетизмография, ультрадыбыстыдопплерография, флебография.

3.Жүйке жүйесі ауруларын зерттеуде қолданатын функциональдызерттеуәдістері:электроэнцефалография(ЭЭГ.),электромиография, реоэнцефалография.

Тыныс ағзаларын зерттейтін функциоиальды әдістер.

Сыртқы тыныс алу бұл сыртқы ауа мен өкпе қан тамырлары арасындағы газ алмасу. Сыртқы тыныс алу жүйесін зерттеу әдістері бұлар-
спирография, пневмотахография, пневмотахометрия,плетизмография. Сыртқы тыныс алуды зерттеу үшін арнайы аспап спироком (спирограф немесе спирометр) қолданады. Ең тиімдісі спирография.

Спирография тыныс алу кезінде өкпедегі ауа көлемдерінің өзгерістерін графикалық тіркеу әдісі. Спирография көмегімен қағазда қисық сызық тіркеледі оны спирограмма деп атаймыз. Спирограмма көрсеткіштері адамның жасына, жынысына, салмағы мен бойының ұзындығына байланысты. Сыртқы тыныс алу қызметін бағалау үшін өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС - ЖЕЛ), және оны құрайтын тыныс алғандағы ауаның резервтік көлемі (РО вд) тыныс шығарғандағы ауаның резервтік көлемі (РО выд) ауаның тыныстық көлемі (ДО), тыныс алудың жиілігі (ЧД), ауаның минуттық көлемі (МОД - ДО хЧД), 1 мииутта қабылдаған кислород көлемі (П02) анықталады. Тыныс көлемі (ДО) яғни тыныс алудың тереңдігі - бұл дем алу мен дем шығарудағы ауаның көлемі. Қалыпты жағдайда орташа 500 мл-ге тең. Өкпе эмфиземасында пневмосклерозда, жүрек жетіспеушілігінде тыныстық көлем көрсеткіші азаяды.Дем алғандағы ауаның резервтік көлемі (РО вд); 1500 - 2000 мл тең. Дем шығарғандағы ауаның резервтік көлемі (РО выд); 1500-2000 мл тең. Кеуденің серпінділігі өзгергенде аталған көрсеткіштер азаяды. Тыныс шығарғаннан кейінгі ірі бронхыларда, кеңірдектегі ауаның қалдық көлемі (ООВ) - қалыпты жағдайда 1000-2000 мл-ге дейін болады. Бронхитте, бронхоэктаздарда пневмосклерозда және адам жасы ұлғайған сайын қалдық ауаның көлемі (ООВ) көбейеді.

Өкпенің тіршілік сиымдылығы (ЖЕЛ) бұл ауа көлемдерінің жиынтығы. ӨТС + қалдық ауа көлемі (ҚАК- ООВ) бұлар өкпенің жалпы сиымдылығын ӨЖС (ОЕЛ) құрайды.

ӨТС (ЖЕЛ) қалыпты жағдайда 3000-5000 мл болады. ӨТС-ң көрсеткіщі эмфизема, пневмосклероз, экссудативті плеврит, пневмония, пневмоторакс, астматоидты бронхит туберкулез ауруы мен жүрек ауруларында азаяды.

ӨТС ем басталғанга дейін және ем аяқталғаннан кейін тексеріледі. Жылдамдатылған ӨТС анықтау (ФЖЕЛ).

Науқастан максимальды дем алғаннан кейін өте тез
жылдамдықпен дем шығаруын ұсынады. Максимальды дем шығару
уақыты қалыпты жағдайда 1,5 - 2,5. сек тең. Бронхит пен бронх
демікпесінде бұл уақыт ұзарады. Сондықтан ӨТС көрсеткішімен
жылдамдатылған ӨТС (ФЖЕЛ) көрсеткіші арасындағыайырмашылықта ұзарады. Ауаның минуттық көлемі (МОД) 1 минут ішінде дем алып, дем шығарғандағы ауаның көлемі. Ауаның минуттық көлемі (МОД) - тыныстық көлем мен тыныс жиілігініңкөбейтуіне тең болады. Қалыпты жагдайда ауаның минуттық көлемі (МОД) 4-8 л тең.

Өкпе вентиляциясы - тыныс жиілігі (ЧД) мен 1 минут ішіндегі ауаның көлемімен (МОД) анықталады.

Сау адам 1 мин ішінде (МОД) 15-16 рет тыныс алады. Осы
көрсеткіштің жиілеуі, сиреуі, ырғағының бұзылуы өкпевентиляциясы деп аталады.

1 минут ішінде ауа құрамындағы кислородты жұту көрсеткіші(ПО-2) сау адамда ашқарынға, тыныштық қалыпта 200 - 300 мл кислород болады.

Тиффно индексі.

Керекті мәліметті тездетілген өкпе тіршілігі сиымдылығын ӨТС зерттеу барысында алуға болады. Тездетілген ӨТС (ФЖЕЛ) анықтап болған соң, осының негізінде тездетілген дем шығару кезінде ауаның 1 сек ішіндегі көлемі (ОФВ 1) есептелінеді, дем шығару кездегі ауа көлемінің орташа жылдамдығы(СОС 25-75), және 1 сек ішіндегі дем шығарудағы ауа көлемінің (ОФВ -1) ӨТС -на қатынасы процент түрінде белгіленеді - бұл Тиффно индексі болып табылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-29; просмотров: 436; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.235.227.36 (0.003 с.)