Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Н витамині - биотин, биос 2.

Поиск

Н витамині (немісше Haut-тері) - антисеборреялық витамин - көп мөлшерде жүмыртқаның сары уызында, бауырда, бұршақта жэне т.б. кездеседі. Адамдарда Н витаминінің қажеттілігі оны ішек бактерияларымен биосинтездеу есебінен толтырылады. Тканьдерде биотин биотиндік ферменттердің құрамына кіреді, онда биотин өзінің коферменттік түрінде болады, ол биотиннің карбоксильденуі кезінде N5- карбоксибиотин түрінде түзіледі:


В6 витаминінің қайнар көздері - ет өнімдері, балық, дэнді, бұрыш түқымдас дақылдар жэне ішек бактериялары болып табылады. В6 витаминінің тэуліктік қажеттілігі 2-3 мг. В6 витаминінің биологиялық белсенді түрі 5'-фосфорлы эфирлері, олар коферменттік қызмет атқаратын пиридоксаль - 5 фосфат жэне пиридоксамин - 5 фосфат түрінде болады.

В6 витаминінің биологиялық мәні.

В6 витаминінің биологиялық қызметі фосфопиридоксаль жэне фосфопиридоксамин коферменттері ретінде пайдаланылатын пиридоксаль тэуелді ферменттердің қызметімен бай­ланысты. Оларға мынадай ферменттер жатады:

- аминқышқылдарының трансаминазалары;

 

Биотиннің тэуліктік қажеттілігі 150-200 мкг. Н витаминінің биологиялық мәні.

Биотин жэне оның коферменттік туындысы N5- карбоксибиотин биотиндік ферментердің катаболитикалық белсенділігін анықтайды, ол ферменттер карбоксильдену - декарбоксиль-дену жэне транс-карбоксильдену реакцияларын катализдейді, бүл реакциялар липидтердің, көмірсулардың, аминқышқылдарының, нуклеин кышқылдарының биосинтезі кезінде жүреді. Бүл ферменттерге мыналар жатады:

- пируваткарбоксилаза -глюконеогенездің негізгі ферменті

- ацетилКоА -карбоксилаза -малонил -КоА синтездейтін жэне липидтер мен май қышқылдарының синтезін іске қосатын фермент

Заттар алмасуына кіріспе. Тамаңтауның биохимиясы

- пропионил -КоА -карбоксилаза - Кребс циклында пропион қышқылының тотығуын іске қосатын фермент

- метилмалонил -КоА -транскарбоксилаза, қымыздықсірке қышқылының түзілуі арқылы пируваттың карбоксильденуін катализдейтін фермент

- метилкротонил,-пропионилкарбоксилаза

- карбомоилфосфатсинтетаза -пиримидинді нуклеотидтер мен мочевинаның синтезінің негізгі ферменті.

Н гиповитаминозының белгісі тағамға шикі жүмыртқаны пайдаланганда байқалады. Шикі жүмыртқаның ақ уызында гликопротеид авидин болады, ол биотинмен ерімейтін комплекс түзеді де, оның ішек қабырғасына сіңірілуін тоқтатады. Авидин, сонымен катар, күрамында биотин бар ферменттерді ингибиторлайды. Биотиндік жетіпіспеушілік өзгешелік дерматит-тер (себорея), бүлшық ет ауруы жэне баска да ортақ белгілер түрінде көрініс береді.

 

8.2.2.6. ВЗ витамині - пантотен қышңылы.

Пантотенқышқылы химиялық табигаты бойынша бета -аланинменпантойқышқылының (альфа - гамма - дигидроокси - бета, бета - диметилмай қышқылы) туындысы болып табы­лады:

 

Адам ағзасы үшін пантотен қышқылының қайнар көздері ішек бактериялары, өсімдік жэне жануар тектес тағамдар (бауыр, ет, балық, сүт, тауық жұмыртқасы, ашықты, бұршақтар жэне т.б.) болып табылады. Тәуліктік кажеттілігі шамамен 10 мг.

ВЗ витаминінің биологиялық мэні.

Пантотен қышқылы ацетильдену коферменті коэнзим А - ның күрамына кіреді, сонымен қатар май қышқылдары синтетазасының ацилтасымалдаушы белогының коферменті - пан-тотеин - 4- фосфаттың түзілуі үшін пайдаланылады. Коэнзим А кофермент ретінде мынадай ферменттер мен процесстердің каталитикалық белсенділігін қамтамасыз етеді:

- ацил - КоА - синтетазаның, ол ацил КоА (ацетил - КоА жэне т. б.) сияқты май қышқыл ының белсенді түрлерінің түзілуін қамтамасыз етеді;

- май қышқылдарының тотығуы

- кетон денелерінің, ацетилхолиннің, холестериннің жэне басқа стероидтардың синтезі

^ - цитраттың түзілуі, Кребс циклында сукцинил - КоА айналуы, сукцинил - КоА -ны пайдаланатын синтетикалық реакциялар

- бөтен қосылыстар мен биогенді аминдерді залалсыздандыру реакциялары Пантотен қышқылының жетіспеушілігі апатияға, депрессияға экеледі, бүйрек үсті

безшің қызметі төмендейді жэне бүлшық ет элсіздігі байқалады. Сонымен қатар қоршаған

 

орта факторларына бейімділік төмендейді, бауырдың қызметтерінің бұзылуы, миокардио-дистрофия, дерматит, шаштың ағаруы орын алуы мүмкін.

 

8.2.2.7. В 9 витамині - фолацин (фоль қышқылы)

Химиялық табигаты бойынша В9 витамин, (фоль қышкылы) птероин жэне глута-мин қышқылдарының туындысы болып табылады. Птероин қышкылының құрамында пте-рин жэне п - аминобензой қышқылы бар. Фоль кышқылы сонымен қатар птероилглутамин қышкылы деп те аталады. Фоль қышқылы көп мөлшерде өсімдік тағамдарда (томаттар, шпи­нат, салат жэне т.б.) жэне жануар тектес тагамдарда (ет, бауыр, жұмыртқаның сары уызын­да) кездеседі. Жіңішке ішекте сіңірілген кезде фоль қышқылы С витаминінің қатысуымен В9 витаминінің белсенді түрі - 5,6,7,8 - тетрагидрофоль қышқылына айналады да қанмен, дэлірек айтқанда эритроциттермен (87 %) тасымалданады:

5,6,7,8, - тетрагидрофоль қышқылы

Фолькышқылының тэуліктік қажеттілігі шамамен 400 мкг. Кейбір тірі ағзалар (бактери­ялар) фоль қышқылын қажет етпейді, олар оны п - аминобензой қышқылынан синтездейді.

 

Тетрагидрофоль қышқылының биологиялық мәні.

Тетрагидрофоль қышқылы (ТГФҚ) коферменттік қызмет атқарады, ол сэйкес ферменттердің (метилтрансфераза, формитилтрансфераза жэне т.б) бір- көміртектік радикал-дарды тасымалдауын қамтамасыз етеді. Бүл жагдайда ТГФҚ коферментінің туындылары түзіледі: формил -ТГФҚ, метенил -ТГФҚ, метилен -ТГФҚ, метил - ТГФҚ. Біркөміртектік радикалдар пуринді жэне пиримидинді нуклеотидтер мен кейбір аминқышқылдарының синтезі үшін пайдаланылады. Тетрагидрофоль қышқылы d - УМФ тан d - ТМФ биосинтезіне қатысады. Сондыктан ТГФҚ нуклеин қышқылдарының биосинтезі, клеткалардың бөліну процестерінде ерекше орын алады.

Ағзада тетрагидрофоль қышқылы жетіспеген жагдайда макроцитарлы мегалобла-сты анемия дамиды. Анемияның бұл түрінде эритроциттердің мөлшері төмендейді, ал бар эритроциттердің көлемі үлғаяды. Сүйек миында ірі клеткалар - мегабластар пайда болады. Сонымен қатар лейкопения - лейкоциттердің мөлшерінің төмендеуі орын алады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-08-25; просмотров: 504; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.59.67.189 (0.008 с.)