Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ARJ архиваторы программасын пайдалану.

Поиск

ARJ программасының жұмыс режимдері: ARJ програмасының орындай алатын бірнеше функциялары бар. Қажетті функцияны таңдау программаны шақыру кезіндегі командалық жолда белгілі бір латын әріпін көрсету арқылы орындалады.

ARJ программасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимін енгізу жолымен жүзеге асырылады. Команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден программа атынан кейін көрсетіледі, ол программа орындалуы тиіс жұмыс түрін анықтайды. Мысалы: А (add)- архивке файл енгізу, Т (test)- архивті мәтін арқылы тексеру, Е (extract)- файлды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа келтіру, D (delete)- архивтегі файлды жою және т.с.с.

Ал программадан қандай әрекет талап етілгенін анықтау үшін режим көрсетіледі, ал команда кодынан кейін командалық жолдың кез-келген жерінде тұра береді. Режим белгісі алдында “-” немесе ”/” таңбалары болады.

Файлдарды архивке орналастыру.

Файлдарды архивке орналастыру үшін мынадай команда форматы пайдаланады:

ARJ <команда> <режимдер> <архив аты> [каталог/] [файл аттары]...

Команда параметрлері:

Команда - ARJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір әріптен тұратын команда аты, мысалы А – архивке файл қосу және т.с.с.

Режимдер – “-” немесе ”/” таңбаларынан басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты айқындайды не анықтайды.

Архив аты - өңделуге тиіс архивтік файлдың аты, бір сөзден тұрады. Егер мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады. Бұл файлдың типі көрсетілмесе, ол ARJ болып саналады.

Каталог – архивке енгізілуге тиіс файлдар орналасқан каталог аты. Каталог атын нақты түрде көрсете отырын, басқа каталогтағы файлдарды осы архивке енгізуге болады. Егер каталог аты көрсетілмесе, онда ол ағымдағы каталог болып есептеледі.

Файл аттары – архивке енгізілетін файл аттары. Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және *) қолдануға болады. Егер файл аттары көрсетілмесе, онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары өңделеді.

Ағымдағы каталогтардағы файлдарды сығу

Ағымдағы каталогтардағ,ы файлдарды сығу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек:

F: [Student/Basic] arj.exe A [архив аты]

Мұндағы: F: [Student/Basic] – ағымдағы каталог, [архив аты] - өзіміз қалауымызша қойған ат, А – архивке қосу дегенді білдіретін параметр.

Архивке бір-екі файлды қосуға да болады. Ол үшін командадан соң қосылатын файл атын жазу керек.

[a.k.] arj.exe A <архив аты> <қосылатын файл аты>

4. Файлдарды архивтен шығарып алу, мазмұнын қарап шығу.

Архивтің мазмұнын көру үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек:

[а.к.] arj.exe L <архив аты>

Архивті ашу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек: [а.к.] arj.exe Х <архив аты>

Архивтен бір – екі файлды шығаруға да болады. Ол үшін командадан соң шығарылатын файл атын жазу керек.

[а.к.] arj.exe L <архив аты> [шығарылатын файл аты]

Ішкі каталогтарды қоса архивтеу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек:

[а.к.] arj.exe A-R [архив аты]

Архивтен шығару үшін берілетін команда

[а.к.] arj.exe Х [архив аты]

Файлдар архивтен шығарылады. Ішкі каталогқа келгенде “Create this directory?” – бұл каталогты құрайын ба?” хабарламасы шығады. У-ді бассақ ішкі каталог құрылып файлдары ішіне жазылады, N- ді бассақ ішкі каталог құрылмайды, файлдар бірінші деңгейлі каталогтағы файлдар қатарынан орын алады.

Өзі ашылатын arj - архивін құру үшін командалық жолда төмендегідей команда беріледі:

[а.к.] arj.exe A-jE [архив аты]

Мысалы: [а.к.] arj.exe A-jE INF

Архив аты INF.exe болады. Архивтелген файлдарды архивтен шығару үшін INF.exe программасын қоссақ болғаны, яғни [а.к.] arj.exe INF.exe

Лекция № 17

Сервистік программалық жабдықтау.

Жоспар:

1. Вирустар және олардың түрлері.

2. Бүлінген және вирус жұққан файлдар.

3. Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері.

1. Вирустар және олардың түрлері.

Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай – ақ компьютерге тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да “жұғады” және басқа да зиянды іс - әрекеттер жасай бастайды.

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырғн адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде вирус жұққан программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

-кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдр, т.б. шығады;

- Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

- Көптеген файлдарды бүлінгені байқалады және т.с.с.

Қазіргі кездегі виру стар негізгі екі топқа бөлінеді:

- Резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) виру стар;

- Резидент тік емес виру стар.

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резидент тік виру стар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадна көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытқа әсері сезілмегенмен, соңынан бір ден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.

Ал, резидент тік емес вирус жедел жадна тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі.

2. Бүлінген және вирус жұққан файлдар.

Вирус дискідегі кез-келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бір ден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын Альп, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жадай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген программалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге виру стар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін.

Виру стар мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:

1. Бір ден орындалатын файл дар, белгілі – бір іс-әрекет істейтін кеңейтулері.соm және.exe болып келегн файл дар,сондай–ақбасқа программаларға қажет кезінде қолсылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп. атайды.

2. Операциялық жүйенің жүктеуішімен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы.

Бұл аумақтарды зақымдайтын виру стар “жүктегіш” (загрузочная) немесе Boot- виру стар деп. аталады.

Мұндй виру стар өз қызметін компьютердііске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бір ден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі – компьютергше салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады.

3.Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG. SYS файлының штекері құрылғылары көрсетілетін Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файл дар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйвері бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болғандықтан, мұндай виру стар көп тарала қоймаған.

4.Файлдық жүйені өзгертетін вирустар

Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері – дискідегі файлдық жүйені өзгертетін виру стар көбейіп тара луда, оларды қысқаша DIR-вирустар деп. атайды. Мұндай виру стар өз мәтінің дискінің белгілі бір бөлігіне жасырын жазып қояды да, он дискінің файлды орналастыру кестесіне файлдың соңғы ретінде белгілейді.

5.“Көрінбейтін” вирустар

Көптеген резидент тік виру стар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдармен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.

6.Өздігінен өрбитін вирустар.

Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі - өзі-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар асайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілінде, таңбаланбаған алғашқы бөлігінде аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байт тар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор программалр жұмысы қиындайды.

 

3. Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері

Компьютерлік виру стар “таза” компьютерге вирус жұққан иілгіш дискет тер арқылы таратылады. Егер комп’ютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыданда кең жол ашылады.

Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файл дар құрамына енседе іске кіріспей, біраз уақыт тым-тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты “инкубациялық мезгіл” деп. атайды.

Вирустардан сатану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

- информацияны қорғаудың жалпы шаралары-,

- дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;

- профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азарту тәсілдерін қарастыру;

- вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы ақпараттарды қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайдада пайдалы болатынын есте сақтаған жөн.

Детектор - программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.

Детектор –программалар немесе “ фагтар ” вирус жұққан программалар мен дискілерді “Вирус” әсерінен алып тастау, яғни “жұлып алу” арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор – программалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан-соң он кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, он дереу программа иесіне хабарлайды.

Детектор – ревизорлар – доктор – программамен ревизорлар арасынан шыққан гібрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде “емдеп” бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі программалар – компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабар береді. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

Вакцина – программалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “ұққан” сиқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Ең көп тараған антивирус – Д. Лозинскиййдің Aidstest программасы. Ол әрбір жаңадан шыққан вирустан хабардар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап, үнемі өзгертіліп отырады. Бұл программаны пайдаланып компьютерді виру стан сақтау үшін жиі-жиі дискілерді (мысалы, С:) мынадай командамен тексеріп отыру керек:

аidstest с:

Ал егер компьютерде вирус бар деген күмән болса, онда он мына командамен емдеу қажет:

Аidstest с:/f

Тек программалық файлдарда ғана емес, қалған мәліметтерді де т‰гел тексеру үшін мына команда орындалады:

Аidstest c:/f/g

Компьютерге вирус енгенін сезсеңіз, мына ережелерді мұқият орындаған абзал:

1. Алдымен аспай-саспай, ойланып іске кіріскен жөн екенін ұмытпаңыз.

2. Дегенмен бір әрекет бірден орындалуы керек-вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компьютерді бірден өшіру қажет.

3. Егер компьютерге жұққан вирус түрін емдей алатын детектор-программаларыңыз болса, дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосыңыз.

4. Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу қажет.

5. Егер дискідегі барлық файлдарыңыздың архивтік көшірмелері болса, онда дискіні қайта форматтап, мәліметтеріңізді бұрыңғы қалпына келтіріңіз.

Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:

1. Ақпаратты әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау.

2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.

3. Вирустан “емдеу аспаптарын” дайындап қою.

4. Белгілі бір уақыт сайын компьютерді вирусқа тексеріп отыру.

Лекция 18

Қолданбалы программалық өнімдер.

Жоспар:

1. Microsoft Office 2000 пакетінің қолданбалы

программалары мен көмекші саласы.

2. Office интерфейсі.

3. Office көмекшісі.

 

1. Microsoft Office 2000 пакетінің қолданбалы

программалары мен көмекші саласы.

 

Microsoft Office 2000-пакетінің құрамында күшті әрі кеңінен қолданылатын бірнеше қолданбалы программалары бар. Оның құрамына төмендегі офистік қосымшалардың соңғы версиялары кіреді.

Word – текстік процессор.

Excel – электронды таблицаларды басқару программасы.

Access – берілгендер қорын басқару жүйесі.

Pover Point – презентациялар құру программасы.

Outlook – информациялық жүйе.

Publisher – баспа өнімдерін дайындау жүйесі.

Office 2000- пакетінің программаларының деңгейі алдыңғыларына қарағанда жоғары. Олар пайдаланушымен қосымшалар арасындағы ыңғайлы қарым – қатынасы, және интернетпен, басқада желілермен жұмыс істеуді қалыптастырады. Office 2000 пакетінің мынандай көмекші саласы бар:

Microsoft Graph – офистік қосымшалары түрлі диаграммалар құруға арналған программа.

Word Art -текстік графика программасы.

Clip Gallery – сурет, аудио және видеофайлдардың жинағы.

Барлық программаларда жұмыстың тиімділігін арттыруда септігі бар қысқа түсініктеме беретін Offiсe көмекшісі бар.

Offiсe 2000 пакеті оның қосымшаларының барлығының бірнеше жалпы функциялары болатынымен ыңғайлы. Мысалы Word – та, Access – те, Excel –де файлды сақтау үшін сохранит командасы қолданылады.

Office 2000 қосымшаларын жүктеудің үш түрлі тәсілі бар:

  1. Office панеліндегі сәйкес кнопкаға шерту арқылы.
  2. Негізгі мәзір арқылы.
  3. Негізгі мәзірге программы мәзірінің ішкі мәзіріндегі қосындылар арқылы.

Office панелі Office 2000 пакетін орнатқан кезде автоматы түрде қойылмайды. Оны ашу үшін Пуск→ Программы→ Средства Microsoft Office→ Панель Microsoft Office командалар тізбегін орындау керек. Кейін Windows жүйесі қосылғанда бұл панелді автоматы түрде ашу ашпау керектігін көрсетсек, панел экранның оң жақ шетінде көрінеді. Office панелі Office 2000 пакетінің кез-келген қосымшасын жүктеудің ең ыңғайлы құралы. Бұл панелді пайдаланбаған жағдайда Office 2000 қосымшаларының документін ашу үшін негізгі мәзірдің жоғарғы жағындағы открыть документ Microsoft Office немесе Создать документы Microsoft Office бөлімдерін таңдау керек. Егер бірінші қосымшаны жүктеп, одан кейін документті ашу үшін негізгі мәзірдегі Программы бөлігін таңдаймыз. Office 2000 программалары Программы мәзірінде жеке-жеке көрсетілген. Керектісін тышқан арқылы таңдаймыз.

Office интерфейсі.

Office 2000 қосышаларында бір типті интерфейс қолданылады. Егер сіз Excel терезесімен жұмыс істесеңіз, Word терезесімен жұмыс істеу қиын болмайды. Демек әртүлі қосымшаларда ортақ нәрсе көп.

Терезенің бірнші қатарында тақырыптар қатары орналасқан. Оның оң жағында – үш кнопкасы бар. Бұлар терезенің өлшемдерін өзгерту, жабу үшін қолданылады.

Әрбір қосымшадағы жұмыс істейтін облыс –документ терезесі деп аталады. Мұнда берілген прогрммамен жұмыс істеуге қажетті барлық құралдар - айналдыру жолағы, күй қатары, командалар панелі орналастырылған.

Командалар панелінің екі типі бар: мәзір қатары және құралдар панелі. Мәзір қатарында командалар категорияларға біріктірліген.

Құралдарда панелінде орындайтын әрекетке қатысты суретпен белгіленген кнопкалар орналасқан. Осы кнопкалар арқылы керекті командаларды тез орындауға болады.

 

3. Office көмекшісі.

Көмекші (помощник) – пайдаланушы мен программалар арасында дұрыс қатынасты орнату үшін Microsoft компаниясының қосқаны. Қосымшалар аралығында көмекші үшін шекара жоқ, ол Office 2000 қосымшаларының барлық сұраулары бойынша анықтама береді. Бірнеше көмекшінің ішінен біреуін оның контекстік мәзірінен таңдауға болады. Көмекші қосымша терезесінің ішінде емін –еркін қозғалып мәселені шешудің тиімді әдістерін табуға септігін тигізетін кеңестер беріп отырады. Сіз қандай да бір жаңа командамен не бір қиындыққа кездессеңіз көмекші көмегін ұсынады. Көмекшіге тышқанды алып келіп оң жақ кнопкасын басып контекстік мәзірден Параметры командасын таңдасақ Помощник диалогтық терезесі ашылады. Керекті параметрлерімізді өзгертуіміз мүмкін. Параметрлердің өзгеруі көмекшінің кез-келген қосымшадағы әрекетіне әсер етеді.

Файлдармен жұмыс істеу.

Жаңа документ құру.

Файлды сақтау.

Файлды жабу.

Файлды ашу.

Алдын ала көру және қағазға басу.

Редакциялау.

, Delete клавиші

Отменить, вернуть.

Правописание.

Белгілеу, орнын ауыстыру, көшіру.

 

Файлдармен жұмыс істеу, текстерді редакциялау, белгілеу, орнын ауыстыру, көшіру тәсілдері Offic-тің барлық қосымшаларында бірдей.

Лекция №19

Мәтіндік редакторы

Жоспар:

1. WORD редакторын тағайындау, іске ќосу, ж±мысын аяќтау.

2. WORD редакторыныњ терезесі.

3. Ќ±жаттарды саќтау жєне ашу.

4. Форматтау ж±мыстары.

 

МS WORD – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағаз басып шығаруға арналған WINDOWS жүйесінің қосымша программасы. Ол мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.

Қазіріг компьтерлік технологияда орындауға болатын кез-келген операція бұл ортада жүзеге асырыла береді.

Жалпы WORD редакторында типография жұмысына коректі баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады.

М±нда құжаттармен кестелерді көрікті етіп безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар жеткілікті.

1. WORD редакторын тағайындау, іске қосу, жұмысын аяқтау.

WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін WINDOWS жүйесінің басқа программалары сияқты он бастапқы нұсқалық дискеттерден немесе компакт-дискіден компьтерге жазып орналастыру қажет.

Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:

1.Басқару тақтасындағы іске қосу (Пуск) менюінің, Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрін іске қосуға арналған.

2.Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

3.WORD редакторына дайындалған құжаттың шарт белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, он екі рет шерту арқылы.

Редактормен жұмысты аяқтау кез-келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі.

-Файл→Шығу меню командасын таңдау арқылы.

- WORDнегізгі терезесінің жүйелік менюдегі Жабу командасын таңдау.

- Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.

2. WORD редакторыныњ терезесі.

WORD редакторының негізгі терезесін жалпы түрі құжат терезесімен бірге бейнеледі.

Терезеде WINDOWS жүйесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар. Солардың ішінен WORD редакторына тән қосымша элементтерді қарастырайық:

Қалып күй немесе қалып жолы негізгі терезенің төменгі жағына орналасқан, оның сол жақ бөлігінде теріліп жатқан құжат жөнінде информация бейнеленеді.

-стр 5- теріліп жатқан ағымдағы бет номері.

-разд 1- ағымдағы бөлім номері, бұл элемент бөлімдерден тұратын бастр құжат үшін ғана қажет.

- 5/8- құжаттың басынан есептегенде курсор тұрған орын 5-бетте,

ал құжат барлығы 8-беттен тұрады.

 

Стр5 Разд1 5/8 На 15,8см Ст27 Кол1 Зап Испр ВДЛ

 

-15,8см- курсор тұрған ағымдағы Жолдак сол жақ Бетті жоғарғы шетіне дейінгі қашықтық.

-Ст27- Осы Бетті жоғарғы шетінен курсорна дейінгі Жолдак саны.

-Кол 1- Осы жолдың басынан курсорна дейінгі символ дар саны.

Қалып жолында бадан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса –іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар.

ЗАП- макрокомандаларды жазу режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді.

Испр- түзетулерді белгілеу режимі іске қосылғанын және құжаттың соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді.

ВДЛ- белгілеулерді кеңейтіп F8-пернесі екпінді күйде. Яғни фрагментті ерекшелеп альп, он кеңейту режимі іске қосылған.

-Беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мунда формат тау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.

-Құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақырыптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақырыптарын бастан аяқ арап отырып,он бақылау мүмкіндіктерін береді.

- Аспаптар тақтасы командалармен іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жадай жасайды. Он пайдалану тышқан курсорымен немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әр қашан пайдалануға болады, өйткені, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп тұрады. Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар қатар орна ласа алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс аумағы болып саналады.

3. Құжаттарды сақтау жєне ашу.

Мәтін теріліп жатқан кезде компьютердің жедел жадында болады да, ток немесе компьютер өшіріліп галса, бір ден жойылып кетеді. Сондықтан бірнеше сағаттық еңбегіңіз жоғалып кет пес үшін, он дер кезінде жиі-жиі дискіге жазып сақтап отырған жөн.

Оның үстіне дискіге жазу процесі уақыталмай, өте тез орындалады. Ол үшін тышқан курсорын дискеттің суреті салынған батырмаға жеткізіп, он бір рет шертеміз. Осылай сақталған мәтін ғана қатты дискіге жазылып, қауіпсіз күйде ұзақ уақыт сақталады.

Сонымен файлды сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1.Файл→...деп. сақтау командасын таңдау немесе F12 пернесін басу

2.Файл аты деген өріс жолына құжатқа қойылатын атты Тенгізу, әйтпесе WORD-тың ұсынған атын қабылдау (мысалы, Документ2)

Құжатты автоматты түрде сақтау.

WORD құжаттарды белгілі бір уақыт өткен сайын автоматты түрде де дискіге жазып сақтай алады.

Автоматты түрде сақтауды тағайындау үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз.

1.Сенрвис→Параметрлер немесе Файл→қалайша сақтау командасын тада да ашылған сұхбат терезесіндегі Параметрлер батырмасын басу

2.Параметрлер терезесінде сақтау парағына өту.

3.Сақтау парағында әрбір Автоматты сақтау уақыт аралығын таңдау.

Саќталѓан ќ±жатты ашу ‰шін Файл мєзіріндегі Открыть командасын не Стандартты ќ±ралдар панеліндегі Открыть кнопкасын не клавитурадан CTRL+O клавиштерін басу керек.

4. Форматтау ж±мыстары.

Символдарды форматтауға шрифт параметрлерін, символ дар аралығындағы бос орындарды және оларды жолға байланысты жоғарғы не төменгі індекс ретінде кішірейтілген жаба әріптермен бейнелеуді тағайындауға мүмкіндік береді.

Бұлардан өзге арнайы шрифтер бар, олар құжатты көркейтіп безендіру істерін жандандырады.

Қаріптер (Шрифтер)

Қаріптер ұғымына:

-қаріптің типі;

-қаріптің мөлшері;

-сызылымы (начертание);

-түсі;

-арнайы эффектілері жатады.

Әртүрлі мақсаттарға арналған алуан түрлі қаріптер бар.

Қаріптің негізгі параметрлерін (типі, өлшемі, сызылымы) Формат командасының менюі, “Форматтау” аспаптар тақтасы, пернелік командалар мен контекстік меню жүйелерінің көмегімен тағайындауға болады.

Қаріп- компьютерде орнатылған шрифтер тізімі. Шрифтердің сызылымы мына операциялардан (мүмкіндіктерден) тұрады:

-Кәдімгі (Обычный)- негізгі мәтін символдары үшін пайдаланылады.

-Курсив- сөздерді, тақырыптарды айқындау үшін пайдаланылады.

-Жартылай қарайтылған (Полужирный)- сөздерді, тақырыптарды айқындау үшін пайдаланылады.

-Мөлшер (Раз мер)- әріптердің мүмкіндік мөлшерінің тізімі.

Мәтінді пайдалану мақсатына байланысты төрт түрлі болады; Олар:

 

-сол жақ шетке қарай туралау-жәй құжат мәтіндерін тергенде қолданылады.

-оң жақ шетке қарай туралау-колонтитулдарды, яғни бөлім тақырыптарын беттердің жоғарғы жағына тұрақты күйде жазу кезінде.

-жол ортасына қарай туралау- тақырыптарды жазғанда қолданылады.

-екі жақ шетті де туралау-іс қағаздарын, бас пахана материалдарын даярлауда пайдаланады.

Абзацтарды туралау.

Жолдың екі бетін бірдей туралау жиі кездесетін форматтау түрі болып саналады. Мунда жолдағы сөздердің арасындағы қашықтықтар бірдей болып орналасып, мәтін әрбір Жолдан ыңғайлы күйде бейнеленеді.

Формат→Абзац→Туралау (Выравнивание) командасы арқылы туралау бүкіл мәтінге қатысты деп есептеліп, жұмыстың басында енгізіледі. Ал, мәтін фрагменттері үшін туралау режимдерін пайдалану аспаптар тақтасы немесе пернелік команданың көмегімен жұмыс істегеннен гөрі әлде қайда ыңғайлы.

“Форматтау” аспаптар тақтасының құралдары.

“Форматтау” аспаптар тақтасы абзац форматының нақты параметрін жылдам өзгертуге мүмкіндік береді.

Ол үшін керекті абзацты ерекшелеп алып, батырманы аспаптар тақтасындағы керекті батырманы тышқанмен басу керек.

 

Лекция №20

Мәтіндік редактор

Жоспар:

1. Кестелерді даярлау

2. Ұяшықтарды таңдау

3. Ұяшықтардың орнын ауыстыру және көшірмесін алу

4. Ұяшықтарды, жолдарды және бағаналарды кірістіру және жою.

5. Ұяшықтарды біріктіру жєне бөліктерге бөлу

6. Кестелерді форматтау

 

Мәтінді редокторлармен жұмыс істеу барысында реттелген информацияны, құжаттарды сақтаудың ең бір қолайлы тәсілі кестелер(таблица) болып табылады.

18.1 –суретте кестелерді пайдаланудың мысалы ретінде телефондық мекен жайы кітабынан үзінді келтірілген. Сондай –ақ кестелер әр түрлі тізімдер мен тізбелерді қаржы ақпараттарын көрсетуде және басқа да осындай мәселелердің көптеген түрлерін шешуде жиі пайдаланылады. Кестелердің ішінде информацияларды қабылдауды жақсартуға арналған графикалық иллюстрациялар да тұруы мүмкін.

Кестелерді даярлау.

Кесте құжаттың мәтіннің кез-келген жеріне қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін, сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады. Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте→Кестені кірістіру (Таблица→Всавить таблицу) командасын немесе стандартты аспаптар тақтасының Кестені кірістіру батырмасын басу керек.

Кестені даярлаудың ең бір қарапайым жолы Кестені кірістіру батырмасын пайдалану. Мұнда бағаналар екі мәтін жолының толық ені мен бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден тағайындалады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгерте аласыз. Сонымен, алғаш рет кестені даярлау үшін төмендегі әрекеттер орындалады:

-Даярланатын кестенің сол жақ жоғарғы шетіне курсорды алып бару.

-тышқан тетігімен аспаптар тақтасындағы Кестені енгізу батырмасын басып, экранға шыққан кішкене кесте көрінісіндегі керекті торлар ұяларын тышқанмен белгілей отырып, оның батырмасын жібермей ұстап тұру керек.

-тышқан курсорын кестенің қажетті мөлшеріне дәл келетін оң жақ төменгі торына жылжытып апарыңыз. Егер курсорды оңға немесе төменге жылжытатын болсаңыз, ондаторлар саны да соған байланысты өсіп отырады.

-Керекті торлар санын бейнелеп алып, тышқан батырмасын жібереміз. Мәтіннің курсормен көрсетілген жерінде қажетті өлшемдегі кесте пайда болады.

Тор сызықтарын бейнелеу және жасыру.

Тор сызықтары кесте ұяшықтарының мөлшерін белгілеп көрсету үшін арналған. Кесте→Тор (Таблица→Сетка) командасы тор сызықтарын бейнелеп көрсетуге немесе жасруға мүмкіндік береді. Бұл команда ауыстырғыштар тобына жатады, яғни команданы бірінші рет орындау нәтижесінде экраннан тор сызықтары алынып тасталса, команданы қайтаданэкран бетіне шығарады.

Жолдар мен бағаналарды номерлеу.

Ұяшықты номерлеу үшін Формат→Тізім командасын немесе “Форматтау тақтасындағы”

Номерленген тізім батырмасын пайдалану керек. Бұл тәсілмен бағаналарды, жолдарды немесе ерекшеленген ұяшықтар тобын номерлеуге болады.

“Форматтау” тақтасында орналасқан номерленген тізім батырмасы көмегімен ұяшықтарды өте тез номерлеп алуға болады. Алайда, бұл жағдайда номерлеу үшін “Тізім” сұхбат терезесіндегі тағайындалған стиль пайдаланатын болды.

2. Ұяшықтарды таңдау.

Түзету командасын орындамастан бұрын әрекеттер орындалатын жолдарды, бағаналарды немесе ұяшықтарды алдын ала таңдап алу керек. Word бір немесен бірнеше жолдар мен бағаналарды толығымен таңдауға мүмкіндік береді. Таңдап алынған ұяшықтарды бейнелеп көрсету үшін ақ қара түсті қарама –қарсы кескіндер (инверциялы) пайдаланылады.

Төменде тышқанның көмегімен кесте фрагменттерін таңдаудың әр түрлі варианттары келтірілген:

Символдар – тышқан курсорын бірінші символдың алдына орналастырып, оның сол жақ батырмасын басып алу сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, курсорды –соңғы символға ауыстырыңыз да, курсор тілсызыққа айналғанда тышқан батырмасын басыңыз;

Ұяшықтар – бірінші ұяшықты немесе ұяшықтың ішіндегісін белгілеп алыңыз д



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-06-29; просмотров: 567; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.143.17.175 (0.017 с.)