Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Гастроэзофагеальды рефлюкс аурулары↑ Стр 1 из 5Следующая ⇒ Содержание книги Поиск на нашем сайте
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы Мамандығы:Жалпы медицина Дисциплина:Визуалді диагностика Курс:3 Тақырыбы:Гастро-эзофагеалді рефлюкстік аурулардың визуалді диагностикасы Орындаған: Баитажик Айша Тексерген:Мутигулина Г Группа:302-Б Бағасы:____
Ақтөбе 2015 жыл
Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім: А) Гастроэзофагеальды рефлюкс аурулары туралы түсінік; Б) Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруларының негізгі зерттеу әдістері; В) Негізгі зеттеу әдістеріне сипаттама; ІІІ Қорытынды. IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі бөлім Асқазан-ішек жолы қызметі мен құрылысына байланысты уздіксіз қуысты түтікті мүше болып табылады.Өңеш,асқазан,ішек рентген сәулесін көрші мүшелермен тең дәрежеде жуытатын болғандықтан,көпшілік жағдайда жасанды контрастылау асқорыту өзегінің қуысына РКЗ немесе газ енгізу қолданылады.Асқазан-ішек жолы мүшелерінің әрбір зерттеуі міндетті түрде кеуде жіне құрсақ мүшелерінің шолу рентгенологиясымен басталады,себебі құрсақ қуысының көптеген аурулары және зақымдалулары өкпе және плевра реакциясын шақыруы мүмкін,ал өңеш аурулары көрші мүшелерді ығыстырып, кеуде аралыкты деформациялауы мүмкін. Асқорыту жүйесін рентгенологиялық зерттеудің құрамына міндетті түрде жарықтандыру мен рентгенография кіреді,себебі асқорыту жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты,ауруларды стандартты кескіндерінде орындалған суреттер бойынша ғана талдау мүмкін емес. Құрсақ қуысының шолу рентгенограммаларына жоғарғы жатқан бөлімдерінде бос газ түрінде қуысты мүшенің перфорация белгіерін табуға болады.Сонымен қатар жарықтандыру кезінде немесе шолу рентгенограммаларында рентгенноконтрастты бөгде денелер,сұйықтықтың жиналуы,ішектегі газ және сұйықтың әктенуі аймақтары жақсы көрінеді.Егер,диагноз белгісіз болса,асқазан-ішек жолы мүшелерінің жасанды контрастылауын қолданады.Көбінесе барий сульфаты-жоғарғы контрастты,қауіпсіз зат,сонымен қатар суда еритін контрастыланатын препараттар-верографин,урографин,трозограф кең қолданылады.Контрастты заттарды асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімдерін зерттеу кезінде ішке береді.Қансетті жағдайларда контрастты препарат түтік көмегімен енгізіледі.Тоқ ішек ауруларының диагностикасы үшін контрастты клизма жасайды. Өңешрентгенораммасы
– асқорыту жүйесі ауруларының ішінде ең көп таралған. ГЭРА жасы үлкен адамдар арасында тарауы 40%. Ерлер және әйелдер арасында бірдей таралған, бірақ эзофагит ерлерде екі есе жиі кездеседі. Жүкті әйелдерде ГЭРА ауруы дамуы жоғарылайды: жүкті әйелдердің жартысынан көбі қыжылдауға (изжога) шағым айтады. Гастроэзофагеальды рефлюкс аурулары- – өңешке асқазан және он екі елі ішек сөлдерінің кері лақтырылуынан болатын созылмалы қайталамалы көпсимптомды ауру. Мұндай лақтыруды, яғни асқазан құрамындағы астың өңешке төменгі өңештік сфинктер арқылы өтуін гастроэзофагеальды рефлюкс деп атайды. Егер рефлюкс кейде тағам қабылдағаннан кейін пайда болса және жағымсыз субъективті сезімдермен ұласпаса қалыпты физиологиялық жағдай болып табылады. Бірақ мұндай лақтырулар өте көп болса, қабыну, өңештің кілегейлі қабатын жарақаттаса және өңештік емес симптомдармен көрінсе, ауру болып саналады. ГЭРА дамуына өмір салтының ерекшеліктері де себеп болады, мысалы, стресс, семіздік, жүктілік, темекі шегу, тамақ қабылдау факторлары (майлы тағам, шоколад, кофе, алкоголь, ащы тағам).
Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруларының даму себептері:
Төменгі өңештік сфинктердің тонусының төмендеуі; Өңештің өзін-өзі тазарту қабілетінің төмендеуі; Рефлюктаттың бүліндіргіш әсерлері, яғни асқазан және он екі елі ішектен келетін заттар; Өңештің кілегей қабатының рефлюктаттың бүліндіргіш әсеріне қарсы тұра алмауы; Құрсақішілік қысымның жоғарылауы;
ГЭРА –ның екі формасын ажыратады: 1. Эндоскопиялық – негативті рефлюксті ауру (эрозивті емес рефлюксті ауру, ЭЕРА) – 55-70% 2. Эндоскопиялық – позитивті рефлюксті ауру (рефлюкс-эзофагит) – 30-45% ГЭРА –ның даму сатылары: · А сатысы: өңештің кілегей қабағының 5 мм аспайтын және бір ғана қатпарды қамтитын бір немесе бірнеше зақымдануы; · В сатысы: 5 мм асатын және бір ғана қатпарды қамтитын кілегей қабықтың бір немесе бірнеше зақымданулары; · С сатысы: бірнеше қатпарды қамтитын, бірақ өңештің 75%- дан аспайтын бір немесе бірнеше зақымданулар; · Д сатысы: өңеш қабырғасының 75% астам қамтитын зақымдану.
ГЭРА –ның асқынуы: Өңештің стриктурасы – ұзақ эрозивты-жаралы зақымданудан кейін (1 сурет); Өңеш жарасы - рефлюкс-эзофагит нәтижесінде; Баррет өңеші (2-сурет); Эрозия және жаралардан қан кету (сирек) (3-сур);
1-сурет 2-сурет 3-сурет
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.221.66.64 (0.006 с.) |