Тақырыбы: Ойын негіздері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: Ойын негіздері

Поиск

                                  №19 сабақ

    Тақырыбы:Ойын негіздері. Отаудағы құмалақтарды өрістете білу.

    Мақсаты: Оқушыларды ойын негіздерін сақтай отырып ойнауға бейімдеу.

    Керекті құрал: Ойын тақтасы, шебер ойыншылар ойындарынан көрініс – көрнекіліктер.

    Мәтіні: Ойын кезінде тартыс алғашқы жүрістерден-ақ шиелінесе түседі. Дойбы, шахмат ойындарындағы сияқты тастарды жинақтап, шабуыл, қорғанысқа даярлау деген сирек жағдай. Өйткені ақ жағының алғашқы жүрісі-ақ бірнеше құмалақтарды ұтып алуға (жеуге) жеткізеді ғой. Сондықтан ойыншы бірден ойланады. «Қай отаудан жүрсем екен ?», «ойынды қалай бастасам екен ?» «Құмалақтарды отауларда қалай орналастырсам екен ?» «Ойынның басында ғана ма, әлде ойынның соңына дейін үздіксіз есептеп отыру қажет пе ?» Міне осындай сұрақтардың тууы да заңды. Әрине, бұл жерде айтылған сөздерді қатып қалған ереже деп ұғу бұл қате. Кез-келген өте табысты жүріс деп танылған жүрісті де жеті рет өлшеп барып қана жүру қажет. Сондықтан біздің ұсынбақ негіздеріміз ойынды үйренуші талапкерге тек жол-жоба ғана болмақ.

           Бұл негіздер мыналар:

1) отауларға құмалақтарды өрістете білу немесе оң жақ отаулардан бастап ойнау;

2) тақта үстіндегі ойын күштеріне (отаудағы құмалақтарға) жауапкершілікпен қарау ;

3) жүрістерді есептеу.

  «Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі мақсат бірінші жүрістен бастап-ақ қарсы жақтың жүрістерін тарылтып, дұрыс позицияға ие болу. Бұған жетудің басты шарттарының бірі – тақта үстінен жақсы орындар «жаулап» алу, яғни құмалақтардың ойнау күшін дұрыс өрістете білу немесе оң жақтан бастап ойнау.

Бұл негіз бойынша ойынды оң жақтағы отаулардан (6, 7, 8, 9) бастап жүріп өрістету қажет те, сол жақтағы отауларға жиналған құмалақтармен қолайлы бір шабуыл жасау сәтін күту керек. Бұл әдіс әрі сол жақ отаулардағы құмалақтардың күшін сақтайды. Осы айтылғандарды төмендегі кестеден анық аңғаруға болады:

Отаулардың рет саны

Сәтті шабуыл үшін тиімді құмалақтардың саны

 Құмалақтардың мұндай саны тиімсіз болып табылады

Бірінші

10-нан 19-ға дейін

28-ден 37-ге дейін

1-ден 10- ға дейін

19-дан 28-ге дейін

Екінші

9-дан 18-ге дейін

27-ден 36-дейін

1-ден 9-ға дейін

18-ден 27-ге дейін

Үшінші

8-ден 17-ге дейін

26-дан 35-ке дейін

1-ден 8-ға дейін

17-ден 26- ға дейін

Төртінші

7-ден 16-ға дейін

25-тен 34-ке дейін

1-ден 7-ге дейін

16-дан 25-ке дейін

Бесінші

6-дан 15-ке дейін

24-тен 33-ке дейін

1-ден 6-ға дейін

15-тен 24-ке дейін

Алтыншы

5-тен 14-ке дейін

23-тен 32-ге дейін

1-ден 5-ке дейін

14-тен 24-ке дейін

Жетінші

4-тен 13-ке дейін

22-ден 31-ге дейін

1-ден 4-ке дейін

13-тен 23-ке дейін

Сегізінші

3-тен 12-ге дейін

21-ден 30-ға дейін

1-ден 3-ке дейін

12-ден 22-ге дейін

Тоғызыншы

2-ден 11-ге дейін

20-дан 29-ға дейін

11-ден 20-ға дейін

29-дан 38-ге дейін

Жамбыл облысының біріншілігінде ойналған мына бір кездесуді талдағанда жоғарыда айтылған негіздің бұзылғанын, оның қандай нәтижеге жеткізгенін көреміз.

                 Ақ жағы:                     Қара жағы:

                1.29:110                          79:611

                2.311:410                      910:912

                3.32:414                        91:112

                4.414:811?                    811:92

  Төрт жүрістен кейін тақта үстінде мынадай позиция көреміз (№24 – диаграмма):

    9     8       7        6        5       4        3      2       1

 

     1    2       3             4       5       6           7       8       9

                                                                                                                        №24 – диаграмма

      Мұндай позицияны отауларда жатқан құмалақтардың шабуылға ыңғайлы тарамдалуы яғни өрістеу қарқыны жағынан алып қарасақ, қара жағының позициялық артықшылығы бар да, ақ жағының позициясы өте қысылшаң жағдайда. Себебі, қара жағының 2, 3, 5, 6 және 9-отауларындағы құмалақтары түгелдей дерлік ақ жағының отауларына шабуыл жасап тұр да,ақ жағының сол жағындағы отауларында(1,2,3,4) құмалақтар тым аз,ал керісінше оң жақ отауларына (5, 6, 7, 8) құмалақтар көп шоғырланып, қара жағының бірді-бір отауына шабуыл жасай алмай тұр.

Cонымен ойынды қай отаулардан бастап жүру,оң жақ, сол жақ отаулардағы құмалақтардың орналасуын бақылап отыру ойын нәтижесіне тікелей қатысы бар.

Көбінесе кейбір тәжірбиелі ойыншылар да кездесудің басынан-ақ құмалақтарды көп ұтуға тырысып, немесе «тұздық» алу үшін өз құмалақтарын оңды-солды шашып (ұтқызып) ойнайды. Бұл өте қате. Егер оның қарсыласы күшті ойыншы болса, алғашқы ойыншы жеңілді дей беріңіз. Мысалы төмендегі партияның басталуын, әрі өрбуін, аяқталуын ұсынып отырмыз.

  Ақ жағы:                                Қара жағы:

  1.79:610           79:610       2.910-911          911-912   

  3.311:412         511-63x         4.413:74          92-113

  5.94:314           115-6x       6.114:54          813-217??

  7.93:218           32:44         8.215:72           15-52

   Сегіз жүрістен кейін, тақта үстінде №25 – диаграммадағыдай пазиция пайда болады.

Қара жағы «тұздық» алып алғаннан кейін қарсыласына «тұздық» бермеу мақсатын көздеп, дұрыс қорғаныс жүрістерін жасамай, 64 құмалағын ұтқызып қойыпты да, өзі қазанына не бары 18 құмалақ жинап алады. Енді ақ жағына, «тұздық» алмаған күнде де, тақта үстінде қалған құмалақтардан 18 құмалақ алу қиынға соқпайды, яғни ойынды өз пайдасына шешуге толық мүмкіншілігі бар.                                       

 

  9   8   7    6    5    4    3    2    1

 

х

 1   2    3      4    5    6   7    8    9                     №25 – диаграмма

№20 сабақ

    Тақырыбы:Ойын негіздері. Отаудағы құмалақтарды өрістете білу.

    Мақсаты: Оқушыларды ойын негіздерін сақтай отырып ойнауға бейімдеу.

    Керекті құрал: Ойын тақтасы, шебер ойыншылар ойындарынан көрініс – көрнекіліктер.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.201.101 (0.01 с.)